ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: Саясаттану
Мамандық: Халықаралық қатынастар
ДОКЛАД
Тақырыбы: Саяси жүйе
Тексерген: Артықбаев Е.С
Орындаған:
МО-13К студенті
Қыстауова Т
Қарағанды 2012ж
Жоспар:
- Саяси жүйе туралы түсінік
- Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы
- Қазақстан республикасының мемлекеттік-саяси жүйесінің дамуы
- Саяси жүйе туралы түсінік Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды. Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды . Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Олар экономикалық қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді өндірді. Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығы айтады. Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс” , “шығыс” принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау.Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың
іс-әрекетін басқаруға байланысты
реттеу мүмкіндігі;
2. Өзінің қызмет етуіне
қажетті экономикалық және басқа
қорларды табуға байланысты қысымдық
мүмкіндігі;
3. Қорларды, иліліктерді,
қызметті, үздік белгілерді бөлу
және қайта бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның
талаптарына әрқашан жауап берерлік,
өзгерген жағдайларға бейімдеушілік
мүмкіндігі.
Қорыта келе саяси жүйе
үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын
аппарат болып саналады.
2.Саяси жүйедегі адам
құқығы мен бостандығы
Саяси ғылымда негізгі
орын алатын және мәні өте зор мәселелердің
бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары.
Жеке адамның құқығы деп адамның
белгілі игілік алуын қамтамасыз
ететін адамдар мен мемлекет арасындағы
ережелердің өзара қатынастарын
айтады. Жеке адамның мбостандығына
оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік
беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының
принциптері жатады.Адам өмірге келгенде
тең болып туады, мұны Аристотель
– табиғи құқық деп атаған. Феодализм
уақытында әр таптың өзгеше құқығы
болды. Ал капитализм уақытында құқық
либерализммен байланысты болды. Либералдар
монархияның билігін парламент
арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді
және саяси бостандықты өрістетуді
талап еткен болатын. Жеке адам құқығы
мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта
өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс,
Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. И.Кант,
Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады.Олар
адам құқығының негізгі қағидаларын ең
алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы:
1776 жылы 4шілдесінде АҚШ – та Тәуелсіздік
Декларациясы бекітілді. Мұнда барлық
адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке
меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы
бар, үкімет билігінің қайнары – халық,
үкімет – халықтың қызметшісі, барлық
мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне
жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді
ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз
үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң
шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну
керектігі,т.с.с.айтылған. АҚШ – тың Тәуелсіздік
Декларациясында көрсетілгендей, негізгі
баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның
адам және азаматтар құқығының Декларациясында
да бекітілді. 26 мемлекет ұлтшылдыққа
қарсы, адам өмірі, бостандығы туралы,
тәуелсіздігі оның құқықтары мен әділеттілік
үшін күресу еркіндігі жайлы Декларация
қабылдады.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ
Бас Ассамблеясы адам құқықтарының
халықаралық Декларациясын қабылдады.
Онда адам құқықтары ғана емес,
оларды қорғау шаралары да
қарастырылады. 1948 жылы геноцидтің
алдын алу және ол үшін
жаза қолдану туралы конвенция,
1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың
барлық түрін болдырмау
туралы конвенция, т.с.с. қабылданды.
БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан
жыл сайын дүние жүзінде
адам құқығының күні ретінде
атап өтіледі. Қазіргі саяси
ғылымда адам құқығына байланысты
әр түрлі көзқарастар бар:
1. Табиғи-тарихи бағыттағы
жақтаушылардың ойынша, адамның
табиғи құқықтарының пайда
болуы мемлекетке не заңға
байланысты емес. Мемлекет бұл
құқықты сыйлап, қамтамасыз етуі
немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы
мүмкін, бірақ оларды ешқашан
еш адамнан тартып ала
алмайды дейді.
2. Заңдылық-позитивтік бағытты
қолдаушылар, керісінше, азаматтардың
құқығының пайда болар,
шығар жері, көзі мемлекетте
деп санайды. Жеке адамның
құқығына тек қана мемлекет
кепіл келтіріп, шарт бола
алады.
3. Марсизм де адам құқығын
мемлекеттік құқыққа бағындырып,
тәуелді етеді.Марсизм комунистік
қоғамда мелекетте, саясат
та, құқық та болмайды дейді.
Қазіргі кезде
әлеуметтік саяси ғылымда
адам құқығына табиғи-тарихи
тұрғыдан қарап, соған орай
түсіну басым. ”Адам құқығы”
тар және кең мағынада
қолданылады. Кең мағынасына
жеке адамның құқығы мен
бостандықтарының өте бай
барлық түрдегі жиынтығы
кіреді. Тар мағынада мемлекет
тарапынан берілмеген, ол тек
конститутциялық түрде жеке
мемлекеттік шеңберде бекітілген
құқықты білдіреді.
3.Қазақстан республикасының
мемлекеттік-саяси жүйесінің қалыптасуы
Жас егеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси
жүйесі тоқсаныншы жылдардың бірінші
жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған
Конституция бойынша мемлекеттік өкімет
билік заңдық, атқару және сот билігі болып
бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас
жүйесін басқаратын мемлекет басшысы
ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан
Республикасы-демократиялық, зиялы және
біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын
алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік
республика құру бағытында дамуы басты
стратегиялық мақсатқа айналды. Президенттік
билікке көшу объективтік заңдылық. Саяси
жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент
қоғамнан, партиялардан, парламенттен
және барлық билік институттарынан жоғары
тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап
отырады. Қоғам өмірінің өткелең, төтенше
кезеңдерінде ол конституцияның бірден-бір
кепіліне және мемлекеттік егемендіктің
нақты көрінісіне айналды. Дүние жүзіндегі
көптеген демоктариялы елдердің тарихи
тәжірбиесі көрсеткендей бұл ел басқару
түрінің бірден-бір пәрменді түр екендігі
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде
ерекше дәлелденді. Осы тоқсаныншы жылдардың
басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында
саяси тұрақтылық бұзылып, азаматтық және
ұлттық тартыс-қақтығыстар бел алған тұста
Қазақстан экономикалық құз шатқалға
құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті
осы апттан жедел алып шығу президенттік
биліктің басты мәселесі болды. Бұл үшін
экономикалық реформаны саяси тұрғыдан
қорғау, ел ішінде саяси тұрақтылықты
сақтау, жас мемлекеттің қорғаныс және
қауіпсіздік жүйесін құру, Қазақстанның
геосаяси жағдайына сәйкес дербес сыртқы
саясат жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге
айналды. Осымен қатар Қазақстанды дүние
жүзіне танытып, әлемдік қоғамдастық құрметтейтін
дәрежеге көтеру, ядролық қарусыздану
процесінде тарихи мәселелерді жедел
шешу керек болды .
Президенттік билік
институтын еңгізу арқылы республикада
ең бір қиын өткелең жағдайда
өкімет билігі орнықты ұсталып,
қоғамдық-саяси жүйе жедел түрде
дамыды. Мысалы, бір ғана 1992 жылдың
өзінде мемлекеттің төл күш-құрылымдары-әскери
күштер, Республикалық ұлан, ішкі
және шекара әскерлері құрылды.
1993 жылдың сәуір айында тарихта
тұңғыш рет Қазақстанның Теңіз
күштерін құру істері басталды.
Осылай жас мемлекеттің қорғаныс
және қауіпсіздік жүйесін құру
ісі қысқа мерзімде аяқталды.
Осы жылдары сыртқы істер министрлігі
шын мәніндегі сыртқы саясат
мекемесіне айналды. Шет елдермен
және халықаралық ұйымдармен
барлығы 800-ден астам құжат
жасалды. Тоқсаныншы жылдардың бірінші
жартысындағы Қазақстанның қоғамдық,мемлекеттік-саяси
өмірлік барлық жағынан да күрделі өзгерістерге
толы. Қазақстанның тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев 1990 жылғы 24 сәуірде ҚазССР
Жоғарғы Советінің сессиясында жасырын
дауыс берудің нәтижесінде сайланып, ал
1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық
сайлау арқылы билікке келген болатын.
Бұл Қазақстанда саяси бір жүйеден екінші
жүйеге көшудің алғашқы жылдары еді. Қоғам
өмірінде, елді басқару саласында президенттік
билік комунистік партия және кеңестер
билігімен қатар өмір сүруі. 1991 жылғы
қыркүйекте Қазақстан Компартиясы мүшелері
Социалистік партияға айналу туралы шешім
қабылдады да бүкіл қызметінің мән-мағынасын
түбегейлі жаңартуға тиісті болды. Социалистік
партия мемлекет басындағы билеуші партияның
сипатынан айрылып, сол кезеңнен бастап,
халық арасында өз күшімен бедел жинауға
тиіс болды. Социалистік партия съезінің
шешімімен келіспейтіндер өз партияларын
құрып, ресми тіркеуден өткізуге мүмкіндік
алды.
1992 жылы «Қазақстан Халық
Конгресі» партиясы құрылды. 1993 жылдың
басында «Қазақстанның Халық
бірлігі» одағы құрылып, бұл
кейін партияға айналды.1994 жылы
наурызда Әділет Министрлігі
Қазақстан коммунистік партиясын
тіркеді. 1995 жылы Қазақстанның демократиялық
партиясы дүниеге келді. Саяси партиялар
мен қозғалыстардың саны жылдан-жылға
көбейе бастады, солардың қатарында 1997
жылы Қазақстан либералдық қозғалысы
қосылды. Ең бір қиын күндерде шын мәніндегі
халық өкілеттілігінің, ұлттық демократияның
органы ретінде «Қазақстан халықтары
Ассамблеясы» дүниеге келді. Бұндай ерекше
маңызды, күшті қоғамдық ұйым ТМД елдерінің
ешбірінде жоқ. Қазақстанда тұратын барлық
ұлттардың, ұлттық топтардың азаматтарын
саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың
жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ
органы- Қазақстан халықтары Ассамблеясын
құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда
өткен қазақстан халықтары құрылтайында
қабылданды. Ассамблеяға мемлекет басшысының
жанындағыконсультативті-кеңесші орган
дәрежесі берілді. Ол ұлт саясатына байланысты
көптеген ұсыныстар енгізумен бірге, халық
арасында күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізуде.
Мысалы, 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында
Ассамблея квотасы бойынша түскен аз ұлттардың
өкілдері оқи бастады. Егеменді Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Бұл негізгі Заңның жобасын талқылауға
үш миллионнан астам азаматтар қатысты.
Олар 1993 жылғы Конституцияға 30 мыңнан
астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді.
Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген респуебликалық
референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық зиялы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы,
оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның
өмірі, құқықтары мен босьандықтары болатынын
заңдандырды. Осымен қатар Қазақстан Республикасы
президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет ретінде заңдандырылды. Қазақстанда
мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып бекітілді.
Конституцияның кіріспесінде Қазақстанныың
егемендігімен оның болашақ ұлттық өркениетке
бағытталған саяси стратегиясы айқын
көрсетілген. Онда: « Біз, ортақ тарихи
тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы
қазақ жерінде мемлекеттік құрастырып,
өзімізді еркіндік, теңдік және татулық
мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік
қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей
отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар
алдындағы жоғары жаупкершілігімізді
сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз»-деліінген.
Осы Ата Заң қабылданар алдында, 1995 жылдың
29-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің
өкілеттілігін ұзарту туралы референдум
өткізілді. Мұнда қатысушылар тізіміне
іліккен 8.309637-сі немесе 91,21 пайызы дауыс
беріп, олардың 95,46 пайызы президент өкілеттілігін
ұзартуды жақтады. Бұл ақиқат, біріншіден,
Конституцияның президенттік басқару
нысаны туралы қағидасының заңдылығын,
өміршеңдігін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда
қоғамдық-саяси тұрақтылықтың орныққандығын
көрсетеді. Үшіншіден, қазақстандықтар
Президенттің ішкі, сыртқы саясатын толығынан
қолдайтынын танытты. Жаңа Конституцмяны
қабылдау мен Президенттің өкілеттігін
ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум
арқылы демократиялық егеменді мемлекеттіктіңнегізі
қаланды. Жаңа президенттік билік түрімен
ескі кеңестік жүйе арасындағы үйлеспестік,
қайшылық жойылды.. Президентті сайлау
жүйесі нақтылы белгіленді. Оның мемлекеттік
міндеттері мен құқықтары, импичмент туралы
ереже-бәрі де Негізгі Заңда түйінделеді.
Тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан
тұратын Парламент заң шығару қызметін
атқаратын, республиканың ең жоғарғы өкілді
органына айналды. Заңнын 52-бабы бойынша
Парламент депутаттары қандай да болсын
аманатты мандатпен байланысты емес болды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін
тек сот қана жүзеге асыратын жаңа түрде
сот билігі заңдастырылды. Осы жүйеде
дүниеге келген Конституциялық кеңес
мемлекеттік биліктердің арасында дау
туған жағдайда Республика Президентінің,
Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің
дұрыстығын және референдум өткізу туралы,
басқа да осы сияқты саяси мәселелерді
шешетін болды.