Сақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:45, реферат

Краткое описание

Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.
Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен.

Прикрепленные файлы: 1 файл