Сақ тайпалық одақтары. Сарматтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2015 в 21:55, реферат

Краткое описание

Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең – байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім.
1. Сақ тайпалық одақтары. Сарматтар.
2. Үйсін және Қаңлы тайпаларының одағы.
3. Ғұн тайпалары.

Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

САК.docx

— 30.31 Кб (Скачать документ)

Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монғолияға және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бұлардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды.

Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне тұңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань имприясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулерімен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.

Олар Тарбағатайға дейін келіп Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Бұлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, алаңдар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.

Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила (Әділ) Румыния және Венгрия елдеріндегі ғұндарды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н.А. Машкин «Ертедегі Римнің трихы» деген кітабында, 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империчсының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.

Ғұндардың басты шаруашылығы мал өсіру, соның ішінде жылқы және қой бағу. Оларда сонымен қатар отырықшылық пен егін шаруашылығы да болған, қолөнері де дамыған. Тұрмыста қажетті бұйымдарды металдан, тастан, ағаштан, сүйектен, мүйізден, балшықтан джасаған. Керамика ісі өркендеген. Олар Қытай және т.б. елдермен сауда жүргізген. Ғұндар 24 руға бөлінген. Ел басында ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы тұрған. Жылына үш рет олардың жиналыс-кеңесі өткізілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Ермұханова Х.К. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2005

2.Қазақстан тарихы (Анықтамалық құрал). Мұсабеков К.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2010.

3.Қазақстан тарихы пәніне көмекші оқу құралы (Б.з.б. 2 млн. 500 мың ж. - б.з. XVIII ғ.) Исабек Б.Қ., Әбішова Г.С., Орынбеков А.Ш. Шымкент, 2008

4.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 2-бөлім

 


Информация о работе Сақ тайпалық одақтары. Сарматтар