Ресей империясының жасауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2015 в 10:55, реферат

Краткое описание

Таптық қайшылықтардың шиеленiсуi орталықтағы және жергiлiктi самодержавиелiк аппаратты нығайта түсудi, соғыс жүргiзе алатын тұрақты армия құруды талап еттi. Реформалардың алғышарттары XVII ғасырдың өзiнде-ақ қалыптасты. Бұл уақытта мемлекет Романовтар әулетiнiң алғашқы өкiлдерiнiң мемлекеттiк қызметiнiң нәтижесiнде Аласапыран жылдардың салдарынан туындаған әлеуметтiк-экономикалық және саяси дағдарыстан шыққан едi. Iшкi нарықтың қалыптасуы сауда ережелерiн реттеу қажеттiгiн туындатты. Осыған байланысты 1653 жылы “Жарғылық кедендiк грамота” қабылданды. Қаржылық және салықтық жүйелер жетiлдiрiлдi. Монархияның сословиелiк-өкiлдiк формасының саяси құрылысы бұрынғыдан да абсолюттiлiкке ұмтыла түстi: бiртiндеп земстволық соборлардың қызметi тоқтатылды, патша атақтарының iшiнен шексiз билеушi дегендi қолдану жиiледi.

Прикрепленные файлы: 1 файл