Патшалық Ресейдің Қазақстанды әскери-әкімшілік отарлау саясатының барысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 22:01, реферат

Краткое описание

XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.
Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.

Содержание

І. Әскери отаршылдық әрекеттердің басталуы
1.Әскери шептер мен бекіністердің салынуы
ІІ. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы
ІІІ. Әскери-әкімшілік реформалардың енгізілуі
1.1822-1824 жж әкімшілік реформалар
а)1822 ж “Сібір қырғыздары туралы Жарғы” және Орта
жүзде хан билігінің жойылуы
б)1824 ж “Орынбор қырғыздары жөніндегі Жарғы”
2. ХІХ ғ 60-жылдардағы әкімшілік реформалар
3. ХІХ ғ 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар
4.Қазақстан аумағындағы казак әскерлері
IV. Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Патшалық Ресейдің Қазақстанды әскери.docx

— 41.45 Кб (Скачать документ)

Патшалық  Ресейдің Қазақстанды әскери-әкімшілік  отарлау саясатының барысы

 

І.    Әскери  отаршылдық әрекеттердің басталуы

       1.Әскери шептер  мен бекіністердің салынуы

ІІ.   Кіші жүз бен Орта жүз  қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы

ІІІ. Әскери-әкімшілік реформалардың  енгізілуі

       1.1822-1824 жж әкімшілік  реформалар

           а)1822 ж “Сібір қырғыздары туралы  Жарғы” және Орта 

              жүзде хан билігінің жойылуы

           б)1824 ж “Орынбор қырғыздары жөніндегі  Жарғы”

       2. ХІХ ғ 60-жылдардағы  әкімшілік реформалар

       3. ХІХ ғ 80-90-жылдарындағы  әкімшілік реформалар

       4.Қазақстан аумағындағы  казак әскерлері

IV. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Патша  өкіметінің Қазақстандағы әскери  – отаршылдық әрекеттерінің басталуы.

Әскери бекіністер мен  шептердің салынуы.

XVIIІ ғасырдың басында патшалық  Россия қазақ даласында әскери  бекіністерді салу арқылы өзінің  әскери – отаршылдық әрекеттерін  бастады. Қазақ даласы Россияны  шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын  көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.

Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.

Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.

1715 жылғы бірінші қазанда И.Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.

Жоңғарлар қоршау кезінде (3-ай) қиратып  тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухцольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда  Омбы бекінісінің негізін қалады.

Бухгольц Петербурге кеткеннен  кейін толық қожайын болып  алып, енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М.П. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жібереді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды – Железинск, В. Чередовтың отряды – Қолбасин бекіністерін салды. В.Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс- Семипалатинск (Семей) бекінісін 1718 жылы салды.

Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И.М.Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді (Зайсан) толығырақ зерттеу, сондай-ақ оған И.Д.Бухгольңтің экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егыжей-тегжейін білу тапсырылды.

Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар  И.М.Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге, мәжбүр етті, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған И.М.Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, 3 әскери- саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады.

Абакан Острогімен (1707 ж.), Бикатун  бекінісімен (1709 ж.) қатар, жақсы машықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ертіс өзендерінің аралығын Россия иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті.

XVIII ғасырдың орта шенінде патша  үкіметі бүкіл елде, оның ішінде  Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды.

1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің  негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары  Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск  қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін құру аяқталды.

1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан  тұратын әскери бекіністердің  Ново-Ишим шебін салу аяқталды. Бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен жалғастырды. Ново-Ишим шебінде 2518 башқұрт, 2 драгун полкі, 800 казак, тұрақты әскерлердің, эскадроны болды.

XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей,  Омбы, Железинск, Петропавл, Өскемен,  Ямышев қалалары) салу аяқталды.

Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.

 

 

2. Кіші жүз  бен Орта жүз қазақтарының  Россия бодандығын қабылдау.

Экономикалық мешеулікпен, феодалдық  бытыраңқылықпен қатар Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамуын тежеген  факторлардың бірі сыртқы саяси қауіп  болды.

Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақ  хандықтары билеушілерінің алдында  маңызды да күрделі міндет қазақ  жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету  және елде күшейе түскен феодалдық  бытыраңқылық үрдісін жою міндеті  тұрды.

Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық  және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым  көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ  жүздерінің билеушілері Россия империясы  сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды.

Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан  партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ  хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы  басқа топтардан гөрі дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзде Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның  көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан  бұрынырақ түсіне білді.

XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін  султан болып жүрген кезінде  Әбілқайыр орыстың дипломатиялық  топтарына едәуір белгілі болатын.  «Ақылы жеткілікті және қулықтан  да ада емес адам» - деп ол  жөнінде А.И.Тевкелев осындай  пікір айтқан. Ол ең алдымен  қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық  мүдделерін басшылыққа алып, екінші  жағынан Россия әкімшілігіне  сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен  жоғары болуға, оларды саяси аренадан  ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты  Тәуке ханның заманында болғанындай,  өзі билеген хандықтың жеке-дара  басшысы болу мақсатымен, халыққа  қасіретті зардабын тигізетін  жоңғар басқыншылығына жол бермеу  үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге  тырысты. Осы міндеттерді іс  жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр  1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі  арқылы Петербургке елші жібереді.

1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың  Сейтқұл Қойдағұлов пен Құлымбет  Қоштаев бастаған елшілігі келіп  жетті. Олар әйел патша Анна  Иоанновнаға Кіші жүзді Россия  империясының құрамына қосу жөнінде  өтініш жасады. «Біз Әбілқайыр  хан,- деп көрсетілді жолдамада,- маған карасты Орта жүз бен  Кіші жүздің көптеген ...халқымен  сіздің алдыңызға күлліміз бас  иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда  болсақ дейміз». Әбілқайыр өз  жолдамасында қазақтар мен башқұрттар  арасында қалыптасқан тым шиеленіскен  қарым – қатынасты баса айтты.  Хан Кіші жүзді Россия құрамына қосу бұл қарама қайшылықтарды жояды деп есептеді.

1731 жылғы 19 февральда императрица  Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Олармен бірге Петроградка жіберілген қазақ елшілері де оралды.

Кіші жүз қазақтарының Россия қоластына  қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі роль атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздіңРоссияға өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды.

Орта жүздің Россия бодандығын қабылдау 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен  келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Россия империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп, «өзінің мөрін басты».

Россия патшасының Кіші жүзді қоластына  алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоанновнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Россия құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды.

1734 жылы 10 тамызда Россия патшасы  Ұлы жүзді Россия құрамына  қабылдау жөніндегі құжатқа қол  қойып, Ұлы жүз хандығына “  Сіздерді қоластымызға Әбілқайырды  алған шарттар бойынша аламыз”.  –деген қағаз жіберді. Алайда Ұлы жүздің Россиядан шалғайлығы сондай-ақ оның Жоңғариямен мейлінше күрделі әрі шиелініскен қарым – қатынас қазақ жерлерінің Россия құрамына енуін іс жүзінде асыруға кедергі келтірді. Оның үстіне Ұлы жүздің Россияға қосылуын белсене жақтаушылардың бірі Жолбарыс хан 1740 жылдың 5 сәуірінде опасыздықпен өлтірілді.

1740 жылы Орынбор экспедициясынің  бастығы генерал – лейтенант  князь В.А.Урусов Орынборға елшілік  тапсырмамен келіп, 19 мамыр және қыркүйек аралығында Нуралы, Ералы султандармен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлар кейінрек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султанмен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздердің барысында 22 тамызда  Нуралы, Ералы султандармен Жәнібек батырға ере келген 106 ру басы Россияға қарайтыны туралы ант берді, ал 28 тамызда 1740 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султан Россияға қарайтыны жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1740 жылғы тамыздың аяғында Кіші жүздің барлығы 399 өкілі Россияға қарайтыны туралы шарттың міндеттемелер қабылдады.

Патша үкіметінің қазақ жүздеріндегі саясаты олардың қосылуы басталғаннан кейінгі алғашқы жылда әжептәуір икемді саясат болды. Жерді пайдалану саласындағы шектеу шараларымен, әскери барлаулар, ұлттар арасындағы қақтығыстар, қазақ феодалдарын бір-біріне қарсы қою практикасымен қатар келіссөздер де жүргізіліп, сауда қатынастары көтермеленіп отырды.

Сонымен Кіші және Орта жүздерінің бір топ султандары мен ру басыларының 1740 жылы ант беруі Россияға Орта жүздің тек 1 бөлігінің ғана қосылуын қамтамасыз етті. Ал Солтүстік – шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек XIX ғасырдың20-40 жылдыры ғана патша өкіметінің әскери-саяси акциялары салдарынан қосылды.

 

3. XVIII ғ. екінші  жартысындағы Қазақстан. Абылай хан (1771-1781 жж.).

XVIII ғасырдың екінші жартысындағы  Қазақстан.

XVIII ғасырдың ортасында Орталық  Азияда маңызды өзгерістер болып  өтті. Жоңғарлардың қазақтарға қарсы  жауластық әрекеттері 1745 жылы Калдан-Церен  қайтыс болғаннан кейін Жоңғар  хандығының өз ішінде орын  алған оқиғаларға байланысты  әлсірей түсті. Жоңғарияның әлсіреуімен  оның қазақ жерлерін жаулап  алу қауіпі жойылды. 1748 жылы Әбілқайыр ханды Барақ султанның өлтіруі Россия өкіметін мазаламай қалмады. Әбілқайыр тұсында қалыптасқан саясатты жалғастыруға мүдделі Петербург сарайы Россияға бейімделушілік бағытын устаған феодалдық топтарға үміт артты. 1749 жылы Нуралы Кіші жүздің ханы болып тағайындалды. Алайда патша үкіметінің отарлау бағытындағы саясатының күшеюі жүздегі старшиндардың ханға бағынбауының әртүрлі формасында көрінген ішкі саяси жағдайы шиеленістіріп жіберді. Бұл Орал мағайын ашық отарлау жолына түскен Орынбор әкімшілігіне және Россияның саясатын қолдаған Нуралы ханға қарсы күрес еді.

1756 жылы қазақтардың қысқы уақыттарында  малдарын Жайықтың оң жағалауына  өткізуіне тыйым салған патша  (Елизавета Петровна) жарлығы шықты.  Жайық қазақтарының мүддесі үшін  қабылданған үкімет шешімі оған  қарсы көңіл-күйді күшейте түсті.  Орыс селендерін көшпелілер шапқыншылығынан  қорғауға бағыштап, патша үкіметі әсіресе Жаық өзені бойымен жылдамдата салған бекіністер мен басқада әскери құрылыстар қазақ жерлерін отарлау орталықтарына айналды.

Қазақ мемлекеттілігінің қалдықтарымен  күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкеп соғатын Россиялық басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды. Алайда, Орынбор губернаторы барон Игельстромның әуел баста II Екатирина мақұлдаған бұл реформасының жобасы сәтсіздікке ұшырап, іске аспай қалды. Көп кешікпей Россия саясатын жүргізуді қамтамасыз етпеген және батыр Сырым Датұлы көтерілісінің қыспағында ұшыраған Нуралы хан биліктен шеттетілді.

Шығысында Цан империясымен тікелей  жанасатын, сондықтан Россия империясы  билеуші топтарының ерекше қам жасауын  тұғызған Орта жүздегі жағдай бұдан біршама басқаша қалыптасты. Көбінесе Жоңғарияның циндер жаулап алған иеліктерін құрайтын жерлерден Циньцзян имперлік уәлилігінің құрылуы қазақ-орыс және қазақ- қытай қарым – қатынастарына көптеген өзгерістер енгізді. Сөйтіп, патша өкіметінің осы аймақта әскери - әкімшілік әрекеттер жүргізуін едәуір дәрежеде тездете түсті.

Информация о работе Патшалық Ресейдің Қазақстанды әскери-әкімшілік отарлау саясатының барысы