Қожа Ахмед Ясауи

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 21:23, реферат

Краткое описание

Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ахмет Ясауи реферат.doc

— 188.00 Кб (Скачать документ)

Күннен-күнге келбеттеніп, күннен-күнге сән құрып 

Нән ескерткіш бой  көтерді жұртты өзінше таң қылып.

 

Сан мыңдаған құл-құтандар ертелі-кеш тынбастан,

Сар даланың кеудесіне  жазып жатты бір дастан.

Мерейі асқақ, зарлы  дастан секілді еді ол дегенмен,

Иран, үнді елдерінен  жеткізілді шеберлер.

Жалынынан темір балқып, илеуіне тас көнер,

Хас шеберлер арасында болатын  бір жас шебер.

 

Ол туралы жұрт айтатын: «өнерінің өрті бар»,

Тәңір қалай жарылқайын десе, әрине, еркі бар.

Саусағының салымы бар, сосын, әттең, бөркі бар...

Ал әйтпесе, қызда сирек  кездесетін көркі бар».

 

Қайран шебер калбаң қағып, еркін алып тынысын,

Басқарып жүр ескерткіштің ою-өрнек жұмысын.

Қор бейнеттен жұрт кешкісін дем алғанда болдырып,

Түркістанды түрлендіріп  ән бастайтын сол жігіт.

 

Ол ән салса, қапас, тұйық  кеудесінде жел тұрып,

Бірде жарын, бірде анасын кез алдына келтіріп,

Басыбайлы батпан мұңы сәл  де болса кертіліп,

Құл-құтандар жадырасып, қалатын бір серпіліп.

 

Ол ән салса, ұзақ түнді  кірпік ілмей атырған,

Сәукелелі қыз шығатын  шеттегі алтын шатырдан.

Тілек сайын тізгіндескен неткен іңкәр өмір бұл?

Сол бойжеткен балдызы  еді, қаһарлы Ақсақ Темірдің.

 

Міндет ауыр. Хан бұйрығы  мәмілеге қарай ма?

Ғимаратты енді аз күнде  бітірген жөн қалай да.

Шеберлерді ықыластап, ынталамақ ниетпен,

Хан оларға балдызының қызметін сый еткен.

 

Хан балдызы – Мәрзия ару ішке бүгіп мұратын,

Күнде түсте шеберлерге сусын әкеп тұратын.

Сырт көздерді қалдырмайын  дейді ме өрттің өтіне,

Паң бойжеткен жұқа ғана перде ұстайтын бетіне.

 

Гужбан тағдыр иығына нені артса да көнердей

Шебер жіпт Мәрзияға ғашык, еді өлердей.

Ғашығының айдай жүзін  бір көруге тамсанды,

Бірде сусын әкелгенде  пердесіне қол салды.

 

Қыз қымсынып тұрып қалды, тұрып қалды күлімдеп,

Алма беті гүл-гүл толқып, оймақ ерні дірілдеп.

Сосын, ләм деп тіл  қатпастан, еркін басып шеткері,

Өзіне арнап орнатылған ақ шатырға беттеді.

 

Мосқал шебер күйіп-пісті: «Қарағым-ау, мұның не?

Көпсінгенің осы нұрсыз шабаталы күнің бе?

Сезіміңнің төзім жібін  албырттығың қиды ма?

Енді қайттің? Әлде басың  өкпелі ме иығыңа?

 

Пітінелі болмак, енді саған мына атар таң,

Ертең ерте Ақсақ Темір оралады сапардан.

Болған жайды балдызы  оған айтпай, сірә, түрмайды

Айтты, бітті. Жаның онда жаһаннамға зырлайды.

 

Солай, ұлым. Әміршіден  енді рақым іздеме,

Бірақ, сенің кесепатың  соқпай кетпес бізге де».

Жігіт боп-боз. Қаны қашып, сөзін зорға бастады,

(Бедерсізін бұрын  қалай сезбей келген достары).

 

- Туысқандар,

Қамданайық, амал-айла жасайық,

Біреу айтты:

- Бүгін түнде ұйымдасып  қашайық. 

Келісілді. Бірақ, бірақ,... жөн болды ма қашқаны?

Хан әскері қуып, ұстап, зынданға әкеп тастады.

 

Енді ненің мәні қалды. (Мұңдан, мейлі мұңданба?

Ертеңгілік Мәрзиядан  хат кеп түсті зынданға.

Жігіт жылдам оқып шыңты  дір-дір етіп қолдары,

Кыздың хаты мынау  еді сондағы:

 

«Бір күнде ашып мінезіңнің бар қырын,

Тез сөндірдің жігеріңің  жарқылын.

Ұнап еді батылдығың алғашқы,

Тырағайлап қашқаның не, жарқыным?

 

Жарылардай сондай құштар сезімнен,

Өзімді-өзім тұсаулаушы ем төзіммен.

Өлімнен де қаймықпаған  тілекті,

Қалай оқи алмағансың көзімнен?

Өнерің бар қараган  жұрт қанбаған,

Әның анау аспанымда самғаған.

Құдай саған бәрін  беріп, Тек қана

Ерлік бермей қойғанына  таң калам 

Енді бәрі өшті, бәрі сөнді. Далбаса.

Амал қанша өз сенімің алдаса?

Сен өлді деп өкінбеймін. Әттең-ай,

Бітпей қалған мына ескерткіш болмаса...

 

Бұлақ өмір сүргенімен, құрақсыз

Сезім өмір сүре ала ма мұратсыз?

Жүрегенінде ерлігі жоқ адамның,

Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.


Информация о работе Қожа Ахмед Ясауи