Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 10:56, реферат
XI ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда қуатты мемлекет Түрік Осман империясы құрыла бастады. XI ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Салжұқ Тоғрыл-бек Хорезмді, Иранды, Әзірбайжанды, Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны жаулап алды.
Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұк түріктерінің мемлекетін құрды.
Осман империясының құрылуы
XI ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда қуатты мемлекет Түрік Осман империясы құрыла бастады. XI ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Салжұқ Тоғрыл-бек Хорезмді, Иранды, Әзірбайжанды, Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны жаулап алды.
Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұк түріктерінің мемлекетін құрды. Монғолдар шапқыншылығынан кейін ыдырап кеткен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осман сұлтан (1258-1326) қалаған еді. XIV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйымдастыра бастайды. 1352-1354 жылдары түріктер Дарданелл жағалауын, Галлиполь және бірқатар калаларын басып алады. Бұдан кейін осман түріктері Балкан түбегінде тұрып жатқан оңтүстік славян тайпаларынан құрылған Болгар патшалығы мен Серб мемлекетіне қарсы соғыс бастайды.
1363 жылы сұлтан I Мұрад Андрионопольды алады да, өз астанасын сонда көшіреді. Андрионопольды жаулап алуы Балқан түбегіндегі славян мемлекеттерін бағындырудың негізгі базасына айналады. Бұл кезде Балқан түбегіндегі Болгар және Серб феодалдық мемлекеттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді.
1389 жылы түріктер Сербияға шабуыл жасайды. Шешүші ұрыс 15 маусымда Косово даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны I Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич I Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтіріледі. Балқан түбегін бағындыру I Мұрадтың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдырым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгардың Тырнова патшалығын бағындырады. Балқан түбегіндегі славяндар айтарлықтай қарсылық көрсете алмайды. Содан соң түріктер Византия мемлекетінін; астанасы Константинопольге жорық бастайды.
1453 жылы сәуірдің басында II Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алады. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин XI Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза табады. Константинопольдің құлауы Византия империясының өмір сүруін тоқтатты. Константинополь Стамбул (Истанбул) атымен Осман империясының астанасына айналдырылды. Түркия Осман империясы болып жарияланады. Осман түріктері XIV-XVII ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды.
Түрік иелігіне қараған халықтар өз қожаларына тікелей тәуелді болды. Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін әкімшілік-басқару жағынан санжакқа (облыстарға) бөлді. Санжактарды түрік сұлтаны тағайындаған бейлер басқарды. Балқан түбегіндегі жер түрік сұлтанының иелігіне көшті. Түрік жерінен шаруаларды көшіріп әкеліп, оларға жер бөлді. Феодалдық жер иелігі – спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер – вакуф деп аталды.
Балқан түбегіндегі халықтарға өте ауыр мемлекеттік салықтар салынды. Жер салығы – харадж енгізілді. 5 - 7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиелеп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Райя» деген сөз «мал» деген мағынаны білдірді. Харадж салығы кәпірлерге (христиан дініндегі адамдарға) салынатын салық еді. Үшір салығы - өнімнің түсімінен алынатын салық (оннан бірі) түріне жатты. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады. Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіне тыйым салынды. Ислам дінін қабылдағандарға жеңілдіктер жасалды. Ежелгі славян тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балкан түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық құреске шығып отырды.
Осман империясы орта ғасырдағы әскери-феодалдык құрылымдағы мемлекет болды. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. I Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжактарға бөлінді. Уәлаяттарды бейлер басқарды. Олар санжактарға да билік жүргізді. Ол азаматтық және әскери басқару түрінде жүргізілді. Бұлар сонымен бірге өз аймақтарында ірі жер иелері болды. Феодалдық иерархиялық жүйеге кірді. Осман империясында coт жуйесі де болды. Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Сот ісін жүргізу орталықтандырылып, жоғарғы сот уәзірдің қолында болды. Діни бағыттағы сот істерін - шейх-уль-ислам жүргізді.
Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды:
1) Рухани феодалдар;
2) Әскери феодал;
3) Көпестер мен қала тұрғындары;
4) Шаруалар. Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды.
Түркияда жер мемлекет меншігі саналды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Олар сұлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір оскер шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер басшылары мен шенеуніктер неғұрлым ірі лендерді - хассаларды алып отырды. Халықтың ендігі бір бөлігі - феодалдық тәуелді шаруалар өздерінің жер үлестерін мүрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық – харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.
Империя қол астында калған халықтар түрік езгісіне қарсы құресін тоқтатпады. Болгар және серб партизандары өздерін «гайдуктер» деп атады. Олар мұсылман мекендерін өртеді, тонады, түрік әскерлеріне шабуыл жасап отырды. 1593-1598 жылдары орыс-түрік соғысы кезеңінде құрес біршама күшейді. Ресей империясы діні бір ел - болгар, сербтерді қолдап отырды. Алғаш рет ұйымдасқан көтеріліс 1598 жылы Тырново қаласында болды. XVI ғасырдың соңында, 1594 жылы серб халқы Австрия мемлекетінің көмегіне арқа сүйеп, түріктерге қарсы көтеріліске шықты. Болгар және серб халықтарының көтерілісшілері арасында бірлік болған жоқ. Осыны пайдаланған Түрік сұлтандығы Косово жеріне албан мұсылмандарын жер аударып, ондағы мұсылмандардың санын көбейтті. Күні бүгінге дейін Косовода тұратын халықтың 96%-ы албан мұсылмандары. Түрік езгісінен қашқан сербтер Воеводин жеріне орналасты. Түрік үстемдігі Балқан түбегінде 1389-1878 жылдарға дейін созылды.
Түркияда жазба әдебиеттің алғашқы үлгілері XIII ғасырда пайда болды. Тұңғыш шығармалар сопылық сарында жазылды. Көне шығармалардың қатарына Ахмед Факихтің «Тағдыр кітабы» жатады. Оның шәкірттері Шейад Хамза «Жүсіп пен Зылиха» қиссасын жазды. Түрік тіліндегі ең алғашқы шығарма - сопы Ашик паша жазған «Қуғындалушының кітабы» (поэма) болды. XIV-XV ғасырларда поэзияда Низами Гәнжауидің «Бес дастаны» («Құпия казына», «Хұсрау мен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті ару», «Ескендірнама» ) үлгісімен романтикалық сарындағы шығармалар жазған бірқатар авторлар (Ахмед, Жүсіп, Синан т. б.) дүниеге келді. Математика, астрономия ғылымдарына талдау жасаған және философия пәндері бойынша бірқатар еңбек жазған Лютфи Такади еді. Географ адмирал Пири Реис 1513 жылы Дүние жүзінің картасын, ал 1523 жылы «Бахрийе» атты теңіз атласын жасады.
Түрік эпостық дастандары катарынан «Оғызнама», «Кітаб Дәдәм Коркуд» пен «Көрұғлы» шығармалары ерекше орын алады. XV-XVII ғасырларда түрік сәулетшілері (X. Синан т. б.) сәулет өнерінің композициялық құрылымы мен көркемдігіне ерекше көңіл бөлді. Түркия қалаларында медресе, кесене, күмбезді монша, хауыздар салу кең өріс алды. XV-XVII ғасырлар аралығында сән және қолданбалы өнердің керамика, жібек жібін иіру, кілем тоқу, металл өндіру, қару-жарақ жасау сияқты салалары өрістеді. Түрік музыкасы баска да түрік халықтарының музыкасымен сабақтас. Мысалы, мани, қошма, тюркю әндері Орта Азия, Қазақстан, Әзірбайжан музыкасымен әуендес болып келеді. Музыка аспаптары: кеманча, ребаб, тамбур,уд, ковар, дюдюк, зурна, дәф, давул т.б.
Пайдаланған әдебиет