Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 19:11, реферат
Ғұндар - көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.ғұндардың(хунну)қоныстануы
2.2.ғұндардың(хунну)қоғамдық құрылысы
2.3.ғұндардың(хунну)этносаяси тарихы
3.Қорытынд
4.Пайдаланылған әдебиет
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатныстар және
Әлем тілдері Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Орта ғасырдың этносаяси тарихындағы қыпшақтардың ролі »
Орындаған: Белқожа Л.
Тобы:ПФИЯ, 103 гр
Алматы 2013
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.ғұндардың(хунну)қоныстануы
2.2.ғұндардың(хунну)қоғамдық құрылысы
2.3.ғұндардың(хунну)этносаяси тарихы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиет
Мақсаты : Ежелілгі ғұндардың(хунну) мемлекеттің қоныстануы, қоғамдық құрылысы ,этносаяси тарихын зерітеу , ғұндардың туралы мәліметтер беру
Өзектілігі: осы зерітеулер арқылы ғұн дардың шарушылығы,мәдинетін, Діни нанымын жөнінде мәлімет беру және .ғұндардың тархидағы орнын анытау кеиінігі қазақ халқының қалыптасуына ықпалын ұғынуды көздейды .
Міндеті : Ежелігі ғүн мемлекетін танып білу және оның жалпы таихын түсіндіру .
Кіріспе
Ғұндар - көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады
ғұндардың(хунну)қоныстануы
Б з б ІV-III ғасырлада Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекенлеген тайпалық екі одақ сюнну және Дунху бірлестіктері еді .Қытай тілінде сюнну немесе хунну (ғұндар )деген атау солтүстікдегілер деген мағынаны білдіреді және әртүрлі тайпаларды біріктірген олар тынық мұхиты мен солтүстік Қытай Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта ал кейіннен одан әрі батысқа да таралып отырған саяси құрылым болып табылады ғұндар бастапқы кезде Орталық Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы түрік халқтарының арғы тегі Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қосылып қазақ халқын қалыптастыруға клкулі үлус қосты
Ғұндардың қоғамдық құрылысы
Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған.
Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі
б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар
мемлекеттілігін толық
Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ. Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды.
Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар.
Мөде тәңірқұтынан бастап мемлекет
толығымен бір орталыққа
Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люань ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды.
Ғұндардың мемлекеттік
басқару аппараты өте үлкен және
күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі
мемлекеттік лауазым елдің
Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды.
Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді.
Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Кешпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғұндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді.
Ғұндардың(хунну)этносаяси тарихы
Біздің заманымызға
дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап
Еуразияның этникалық-саяси тарихында
Орталық Азияның көшпелі
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.
Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.
Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді
Қорытынды
Қорыта келгенде, ғұндар- бастапқы кезде Орталық Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі.. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халықының құрамына қосылып ,қазақ халқын қалыптастыруғаелеулі үлес қосты. сонымен қатар ,ғұнтайпасы қоғамдық құрылымы мемлекетті деңгейге өскен жәнеөзіндік материалдық мәдениеті мен өнері бар, айрықша бірөркениетті жасау ісінде жоғары дәрежеге жетеді .міне, тап сол кездері Қазақстан жерінде ежелгі түрік тілінде сөйлейтін халықтар пайда болады .
Пайдаланылған әдебиет
1. Қазақстан тарихы: Жалпы
білім беретін мектептің
2.«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59
3.Қазақстан Тарихы< NURPRESS.> баспасы 25-бет
4.Қазақстан Тарихы жоғары оқу орына арналған оқулық Мусин Чапай 38-бет
Информация о работе Орта ғасырдың этносаяси тарихындағы қыпшақтардың ролі