Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2015 в 21:29, доклад
VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі Исфиджаб қазіргі Сайрам болды.
Отырар апаты.1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы
билеушісі Қайырханның әмірімен
1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы
ірі қалалар қатарында атайды. Отырар
дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық
рөл атқарды.
Қала туралы 1320 жылы Флоренция көпесі Пеголотт
14 ғасырда Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, м
14 ғасырдың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирасқорлары мен Мұхаммед Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.
16 ғасырдың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғасырдың басына дейін болған.
Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды.
Отырардың сипаты
Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.
7 см) жалпағынан және еңістеу
етіліп қырынан қаланған. Қысы қатаң жерлерде
кірпішті бұлайша қырынан қалау төбесі
қалың топырақпен жабылған үйлерге тән
тәсіл. Мұндай тәсіл61 см, 279201971-74 жылы аралығында
Отырар аумағының бестен бір бөлігі (4
га) аршылды. Бойлық және ендік бағытымен
салынған көшелердің болғаны анықталды.
Көшелердің ені 2-3,5 м. Көшелер аралығында
салынып бітпеген алаңдар немесе аулалар
бар. Мұндағы тұрғын үйлер біртектес, біріне-бірі
өте жақын салынған бір, екі немесе үш
бөлмелі, ал көп бөлмелі үйлер сирек кездеседі.
Жалғыз немесе орталық бөлменің көлемі
20-35 м2. Қабырғалары шикі кірпіштен (30 Қазақстанның оңтүстігіндег
Отырар ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1935 жылы құрылған. Жер аумағы 18,1 мың км2 (облыстың 15,4%-ын қамтиды).
Аудан тұрғындарының негізін осы өңірдің байырғы халқы – қазақтар (99,7%) құрайды. Халық негізінен Сыр бойы және ауданның шығысындағы Арыс өзені аңғарында қоныстанған. Тұрғын халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,0 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шәуілдір (8,8 мың адам), Темір (4,3), Көксарай (4,2), Арыс (3,0), Балтакөл (2,9), Маяқұм (2,6) т.б. Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған. 1996 жылға дейін етті-сүтті бағыттағы 8 кеңшар, 1 асыл тұқымды мал зауыты болған. Бұрынғы кеңшарлар негізінде аудандағы барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 3420-ға жетті (2003). Оның ішінде заңды тұлғалар саны 487, жеке тұлғалар 2933, шаруа қожалықтары 2569, жеке кәсіпкерлер 364. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1692 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 15,8 мың га, көп жылдық ағаштар 256 га, шабындық 15,5 мың га, жайылым 16,48 мың га болды (2003). Ауданда өнеркәсіп өндірісінде 13, ауыл шаруашылығында 590, құрылыста 1, көлік және байланыс саласында 3, саудада 180 және басқа кәсіпкерлікпен айналысатын 16 шаруашылық субъектілер тіркелген (2003). Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2003 жылы егіс аумағы 15,8 мың га болды; оның басым бөлігін мақта (7905 га) мен жүгері (3269 га) құрайды. Ауданда 2004 жылдың 1-қаңтарында 19,1 мың бас ірі қара, 163,5 мың қой мен ешкі, 5,4 мың жылқы, 1264 түйе болды. Халыққа білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салалары бойынша ауданда 1 кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін 45 мектеп, 11 клуб, 1 мәдениет сарайы, 1 музей, 1 мектеп-интернат, 15 кітапхана, 9 аурухана, 28 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 ауылдық амбулатория болды (2003). Аудан аумағында көне қалалар мен қорған орындары көптеп кездеседі. Әйгілі “Арыстанбаб” кешені осы Отырар ауданының аумағында орналасқан.
Отырар-Қаратау мәдениеті – Оңтүстік Қазақстан өлкелерін мекендеген
қаңлы тайпаларының көне мәдениеті (б.з.б.
1-мыңжылдықтың соңы). Ескерткіштердің
негізгі тараған аумағы Сырдарияның орта ағысын қамтиды. Қалалар мен қоныстар,
зираттар жақсы зерттелген. Олардың аса
ірі шоғырлану орт. Отырар шұраты; Арыс өз-нің солт. жағасында Мардан, Мардан-Күйік
Тарихы.1940 ж. А.Н. Бернштам жетекшілік еткен
археол. экспед. барысында алғашқы деректер
алынып, ол кангюй-қаратау мәдениеті болып аталды. Кейінірек бұл өңірді Е.И. Аргеева, Г.И. Пацевич, К.Ақышев, К.Байпақов,
Отырар медресесі – Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны. 8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді. Оларға бесінге дейін сабақ берілсе, бесіннен кейін медресе жұмысына салынды (аула сыпыру, ас пісіру, бау-бақша суару, т.б.). Ал екіндіден кейін шәкірттер өз жұмыстарымен айналысты. О. м-нде алғашқы 5 жылда сол заманғы әлемдік үш тіл: түркі-қыпшақ, парсы, араб тілдері оқытылды. 5 жылдан кейін шәкірттерге діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия, музыка, т.б. ілімдер бойынша жан-жақты білім берілді. Тіпті бұрнағы заманда жойылып кеткен әліппелер (мыс., Финикия әліппесі) үйретілді. О. м-нде ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби оқыған.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі, 1967 ж. Оңт. Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір станциясында ашылған. Алғашқыда мектеп музейі, 1973 жылдан бастап аудандық музей қызметін атқарса, 1979 ж. О. м. а. қ. м. болып құрылды. Музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археол., архит. ескерткіштерді қорғау, ғыл.-зерттеу, мәдени-ағартушылық жұмыстармен айналысу. О. м. а. қ. м. құрамына Отырар қ., Арыстан баб кесенесі және осы өңірдегі барлық ежелгі қала орындары, қорғандар, суландыру жүйелері, шеберханалар енеді және бұлар көрермендерге экспозиц. қызмет атқарады. Музейде бірнеше бөлімдер және кітапхана жұмыс істейді. 1993 ж. музей қарамағына 110 тарихи ескерткіш бекітіліп берілді, қорғау аймағы 11547 га болып ұлғайды. Қазіргі кезде Отырар өңірінде 160-тан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Суяб, Суйаб (түрікше Су – су, соғдыша Йаб – канал, арық деген мағына береді) – Шу алабындағы ортағасырлық қала. Тарихи, археологиялық және нумизматикалық зерттеулер бойынша ғалымдар Суяб қаласының орны Қырғызстанның Тоқмақ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жердегі Шу (Суйаб) өзенінің оңтүстік жағасындағы көне Ақбешім қала жұрты екенін дәлелдеді. Суяб қаласының іргесі 5 ғасырда қаланып, 10 – 12 ғасырларға дейін өмір сүрген. Суяб 7 ғасырда Батыс Түрік қағандығының, 8 ғасырда Түркеш қағандығының, 8 ғасырдың 2-жартысынан 10 ғасырдың 1-жартысына дейін Қарлұқ қағандығының астанасы болды. Оның атақ даңқы да дәл осы ғасырларда бүкіл батыс пен шығысқа мәшїүр болды. Көне қытай жазба деректемелерінде Суяб қаласы Су-е-чэн, Су-е-шуй чэн (Суйаб өзені бойындағы қала) деп аталған. Ол туралы алғашқы мәліметті 627 – 629 жылдары Үндістанға жасаған сапары кезінде Суябқа соғып, Батыс Түрік қағандығының қағаны Түн жабғудың қабылдауында болған Қытайдың жиїанкез діндар-монахы Сюань Цзан жазып қалдырған. Суяб туралы бұдан өзге де қытайдың “Тундиянь” (авторы Ду Ю), “Синь таншу”, т.б. тарихи жылнамалары мен араб географтары ибн Хордадбектің “Китап әл-масалик уә-л-мамалик”, Қудама ибн Жафардың “Китап әл-Харадж”, т.б. еңбектерінде мол мағлұматтар кездеседі. Алғаш 1894 жылыВ.В. Бартольд тексеріп зерттеді. 1950 жылы Л.Р. Кызласов, 1959 жылы П.Н. Кожемяко және кеңестік археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп зерттеді. Ал Ақбешімді ежелгі Суяб қаласының орны деген пікірді бірінші рет 1961 жылы ағылшын ғалымы Т.Клаусон ұсынды. Ұлы Жібек жолының “оазистік тармағы“ мен “далалық тармағының” тоғысар тұсында орналасқан көне Суяб қаласы өз дәуірінде Батыс Түрік қағандарының көреген саясатының арқасында әрі қағандықтың астанасы ретінде батыста Византия, шығыста Қытай арасындағы халықаралық саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізуде өте маңызды рөл атқарды; қысқышы Ақбешім.
Ортағасырлар кезінде Сырдария өзенінің ортаңғы ағысындағы аймақты Түркістан өлкесі деп атаған. Сол өлкенің аса гүлденген қалаларының бірі Сауран еді. Ертеректегі деректерде Сауранның жеті қатар қорғаныс қабырғасы бар деп айтады. Дешті-Қыпшақ даласы мен егіншілікпен айналысқан өлкенің қақ ортасында орналасқан шаһар дала халқы мен қала тұрғындарын байланыстырған, сауда-саттық орталығы болған. Арабтың географы әл-Магдиси: «Сауран (Савран) – үлкен шаһар, ол бірінен соң бірі салынған жеті қабырғамен қоршалған. Рабаты бар, мешіті ішкі шаһарда орналасқан. Ол оғыздар мен қыпшақтардан қорғауға арналған шекаралық шаһар» деп жазған. Ұзақ уақыт аралығында шаһар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда мен қолөнерінің ірі орталығы болып, мәдени дамудың бесігіне айналды.
Шыңғысханның шапқыншылығы жайлы жазылған деректерде Сауранның аты аталмайды. Бірақ ХІІІ ғасырда Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум қаланы Савран деп, Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харачук), Иасы (Асон) қалаларымен бірге атап жазған. Ғалымдардың пайымдауынша, моңғол шапқыншылығынан кейін қала орнын ауыстырып, басқа жерден салынған. ХІІІ ғасырға дейінгі Сауранның орны қазіргі Қаратөбе қала жұрты. Онда жүргізілген зерттеу жұмыстары қалашық бірнеше қорғаныс қабырғасымен қоршалғанын анықтаған. Қазба материалдары қаланың тіршілігі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқтағанын көрсетеді. Оның есесіне жаңа қаланың орны Қаратөбеден солтүстікке қарай үш шақырым жердегі кең жазықтан бой көтерген.Сауран қаласы ХІV ғасырда Ақ Орданың құрамына кіріп, бір кездері оның астанасы да болған. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленді. Оның ұлы Ерзен Сауран, Отырар, Жент және Баршынкент қалаларында медресе, мешіт, ханака секілді қайырымдылық мекемелерін салдырды. Шаһар саяси және экономикалық орталық ретінде өзінің маңызын кейінгі жүзжылдықта да жоғалтқан жоқ. Сауран үшін өзбектер мен Қазақ хандары арасында қаншама қанды шайқастар өткен. Қазақ хандығының құрамына шаһар толығымен ХVІ ғасырдың соңында өтіп, оның басты қалаларының біріне айналды. Дегенмен Сауран бұған дейін де белгілі бір уақыт аралығында қазақтардың билеуіне өтіп тұрды. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі, Жәнібектің ұлы Жиренше хан ХV ғасырдың 80 жылдарында шаһарда бірнеше жыл билік құрған. Деректерде Сығанақ пен Сауранның маңында тонаушылықпен айналысып жүрген Мұхаммед Шайбанидің әскери тобын Сауранның билеушісі Жиренше ханның жасақтары талқандағаны жайлы айтылады. Ашық даладағы жазық жерге салынған осы шаһардың тамаша табиғаты мен жаныңды жадыратар тұнық ауасы, оны айнала қоршай салынған алып қорғаныс қабырғалары жайлы көптеген жылнамашылар жазған. Сол кездегі жаугершілік жағдайға лайықтап тұрғызылған қалың қорғаныс дуалдары осы күнге дейін жақсы сақталған. Шаһар Қазақ хандығының құрамына толықтай өткеннен кейін ерекше көркейіп, ірі рухани орталыққа айналады. Сол кезде қаншама мешіт, медреселер салынған. Сондай керемет құрылыстардың бірі қос мұнаралы медресе мен жұма мешіті жайлы ХVІ ғасырда бір жылға жуық Сауранда тұрған ақын-жазушы Уәсифи қызыға жазған. Шаһарды сумен қамтамасыз ету әлемде сирек кездесетін суландыру тәсілі «кәріздер» арқылы жүргізілген. Уәсифидің айтуынша осы суландыру жүйесін шаһарға мұсылман әулиелерінің бірі Мір Араб сыйға тартқан. Басын шаһардан 7 шақырым жерден алатын осы кәрізді каналды салуға 200 үнді құлдары пайдаланылған. Сол әулиенің есімі осы күнгі Саураннан солтүстікке қарай 6-7 шақырым жердегі Міртөбе бекінісінің қираған орнында қалған. Әлгі кәріздердің басы да сол маңнан басталады.