Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 19:47, реферат
Он алтыншы жылғы көтеріліс, 1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтеріліс – патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. 1914 жылы басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпы дағдарысты шырқау шегіне жеткізді. Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерге тікелей байланысты болды. Ол отаршылдық езгінің күшеюінен, Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарының жерін тартып алудың қарқынмен жалғасуынан, салықтар мен басқа да алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан, патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясатының кең өріс алуы мен қалың бұқараның әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуінен көрініс тапты