Ақсақ Темір 1366 жылдың көктемінде
30 жасында Балықтың әмірі Хусейнмен
бірлесіп, Кан-Гиль аумағында болады.
Екі әмірдің арасында сербедарларға
қатысты түсінбестік туындайды,
онда Хусейн Темірдің сыбайластарының
біріне оған «қарыз» деген
желеумен ақша талап етеді.
Олар «батпақты шайқас» кезінде
өз мүліктерінен айрылып, қиын
жағдайда болады, ал Темір оларға
көмек көрсету мақсатында өзі
келеді. Бұл Самарқан мен Мауреннахрды
азат етіп, ондағы Моғолстан билеушілерін
қуып шыққан және бас билік
Хусейннің қолына өтіп, Темір
Кеш пен Қарши билеушісі болып
тағайындалады. Осы кезеңде Темір
мен Хусейннің бір-біріне бөгет
болғандықтары байқала бастайды.
Екеуінің арасында Кебек хан
мен көшпелі шағатай бектері
арасындағы секілді ашық теке-тірестер
болмағанымен, Темір Хусейнге қарағанда
қала халқы мен діндарлар арасындағы
талапты жақсы түсінді .
60-жылдардың соңында Хусейн
Балық қаласын нығайтуға кіріседі.
Ол Хиндуван – цитаделді қайта
салып, қабырғаларын қалпына келтіреді.
Темір бұл әрекеттердің барлығы
оған қарсы бағытталғанын жақсы
түсінеді. Ол Хусейнге Балықта
жаңа қамалдарды салмауды сұрайды,
бірақ Хусейн оның сөзіне құлақ
аспайды. Сонымен қатар Темірдің
жұбайы Улджай Туркан-аганың өлімінен
кейін екеуінің арасы мүлдем үзілді
.Осы кезеңде Темір Хусейнге қарсы шығуға
бел буады. Темір 1370 жылы Балыққа қарулы
қолмен шабуыл жасап, қаланы алады. Ал
бойын қорқыныш билеген Хусейн цитадельде
жасырынып қалады. Өзінің тығырыққа тірелгенін
сезген Хусейн өзі берілген жағдайда Темір
оған қандай кепілдік беретінін сұрайды.
Темір оған тек өмірін сақтайтындығын
айтады. Сондан кейін Хусейн бірнеше нөкерімен
кеш батқанда Балықтың қақпасынан шығуға
бет алады, бірақ ол қайта бұрылып, тығылып
қалады. Бірақ оны Темірдің адамдарының
бірі көріп қалып өлтіреді, Темір өз сөзінде
тұрмайды, ол өз одақтасы Хутталянның
иесі, Кейқұсрауға – Хусейнді өлтіруіне
бөгет болмайды.
Темір мен Хусейннің арасындағы
соңғы кездесу зерттеулердің
бірінде былай баяндалады: Билікке
көңілі толмаған Темір өз барластарын
соңынан ертіп 1370 жылы Самарқанда
төңкеріс жасап, Хусейнді өлтіріп,
өзін Мауреннахр елінің билеушісі
деп жариялайды. Осы кезден бастап
Мауреннахр «Темір мемлекеті»
атанады.
Темір Шыңғыс ханның тікелей
ұрпағы болмағандықтан хан сайлануға
құқы жоқ еді. Сондықтан ол
Шыңғыс ханның ұрпағы Қазан
ханның қызы, Хусейннің жесіріне
үйленгендігін пайдаланып, өзін
«Құтбуд-дин Темір гурген Саһиб
қыран Ағзам Жаннат Макан»
деп лауазымдайды. Бұл іс жүзінде
елінің бас әміршісі, бас билік
иесі деген мағына береді, солай
болды да. Бірақ ол ел-жұртын
өз қолынан тағайындалған хан
ұрпақтары атынан басқарды. Алғаш
Сурғатмышты (1370-1388), одан соң оның
ұлы Султан-Махмудты (1388-1402) хандыққа
тағайындады. Бірақ ресми деректерде
ханның қолы Темірден кейінгі
қатарда тұрды.
1370 жылы Темір осылайша Мәуреннахрдағы
билікті басып алады, Темірдің
жеке дара билік құрған 35 жылы
(1370-1405 жж.) көрші аймақтар мен
елді-мекендерге басқыншылық жорықтарға
толы болады. Ол дүниежүзілік
империя құруға осы кезеңнен
бастап кірісті. Темір бұл соғыстарды
Мәуреннахрдың билік етуші үстем
тобының арасында өз билігін
нығайту үшін көшпелі ақсүйектерге
жаулап алынған елдердің халқын талап-тонау
есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды
бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю
үшін жүргізді .
Ақ Орданың әскери-саяси күшінің
әлсіреуін зерттеушілер Ақсақ
Темірдің жорықтарымен байланыстырады.
Бұл тарихи шындық және де
осы кезеңде билікке ұмтылған
Тоқтамыс пен Едігенің өзара
тартыстары да Ақ Орданың құлдырауына
елеулі ықпал еткені сөзсіз. Тоқтамыстың
1382 жылғы Мәскеуге жорығынан соң
Куликово шайқасы ұмытылды. Орыс
княздіктерінің Алтын Ордаға
бұрынғыдай салық төлеп тұруына
тура келді, ал орыс тарихында
аты аңызға айналған, атақты Дмитрий
Донской болса 1384 жылы өзінің
ізбасары, баласы князь ІІ Василийді
Тоқтамысқа кепілдікке берді.
Мұнымен ғана шектелмей, Алтын
Орда ханы 8 мың сом алтын ақша
алып, оны да кепілдік ретінде
ұстап отырды. Осылай болып ұзақ
кете беруі әбден мүмкін еді,
Ақсақ Темірдің Алтын Ордаға
қарсы жүргізілген жорықтары
бұған бөгесін жасады. Бұл жөнінде
Ю.В. Мизун: «Казалось, что русские
обречены на вечное рабство.
Но им помог Бог руками (мечами)
Тамерлана. Тамерлан разгромил
Орду, и Россия получила передышку,
поскольку Орда была занята
своими внутренними проблемами.
В такой ситуации московский
князь в 1405 г. отказался платить
дань Орде», – деп жазады. Тар
кезеңде халқын тастап, әйелін
алып қашқан Дмитрий князь
орыс халқының мақтанышы болып
қала берді. Әлі де ұлттық
мақтанышы. Сол князьді тізе
бүктіріп, баласын кепілдікке алып
кіріптар қылған, Алтын Орданың
айбарын қайта асырған Тоқтамыс
өз елінде, өз жерінде қазір
жаман аталады.
ХІҮ ғасырдың 90-шы жылдарының
соңына қарай Темір орасан
зор мемлекет құрды. Оған Мәуреннахр,
Хорезм, Каспий өңірі ғана емес,
сонымен бірге Ауғаныстанның,
Иранның территориялары, Үндістанның,
Ирактың, Закавказьенің және басқа
елдердің бір бөлігі енді.Қазақстан жерлері,
Сырдария өңірі және Батыс Жетісуды қоспағанда,
формальды түрде Темір мемлекетіне енген
жоқ; Ақ Орда мен Моғолстан шын мәнінде
өз дербестігін сақтап қалды, дегенмен
Темір мұнда жергілікті Шыңғыс әулетінен
өз қолшоқпарларын хан етіп тағайындар
құқын өзіне алды.
Темірдің Қазақстан мен Қырғызстан
аумағына жорықтары жергілікті
халыққа қисапсыз қасірет әкелді.
Жалпы алғанда Темірдің іс-әрекеті
Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының
тарихында жайсыз роль атқарды.
Тонаушылық жорықтар Шығыс Дешті
Қыпшақтың, әсіресе Оңтүстік Шығыс
Қазақстанның демографиялық және
экономикалық жағдайына теріс
әсер етті: Халықтың бір бөлігі
тұтқынға алынып, айдап әкетілді,
бір бөлігі қаза тауып, халық
саны едәуір азайып кетті; бұған
дейін де моңғолдар үстемдігінің
орнауының нәтижесінде зардап
шеккен Жетісудың отырықшы егіншілік
мәдениетінің қалдықтары құлдырап
кетті; мал шаруашылығы аса
ауыр шығынға ұшырады .
Темір өз заманының аса
зұлым жаулаушысы, елдер мен қалаларды
қиратушы әлемге қорқыныш ұялататын
қолбасшы ретінде танылса, бір
қырынан ол аса талғампаз сәулетші
де болды. Осы кезеңде Әмір
Темірдің басшылығымен зәулім
бақты сарайлар мен қалалар,
елді мекендер, көпірлер тұрғызылған.
Ол жердің бос жатуына жол
бермеген. Темірдің жасампаздық
өнерінің туындылары қалалар,
медреселер, мешіттерге тіпті сол
кезеңде еропалықтардың өзі таңдана
қараған (Клавихо). Ол өзіне дейінгі
басшылар секілді парсы немесе
араб құрылыстарын кайталамай, өзіндік
ерекше мұсылман сәулет өнері
тарихында бұрын жасалмаған дүниелерді
тұрғызған .
Темір жаратылыстану-математика,
астрономия ғалымдары мен тарихшы,
ақын, лингвист, теология саласындағы
ғалымдармен өз мемлекетіндегі
Мауреннахр мен Хорезмнен басқа
Алтын Орда Ақ Орда, Хорасан,
Үндістан, Ирак, Иран, Түркия және
Батыс Магрибті қосқандағы иелігіндегі
өзекті мәселелерді талқылаумен
өткізген .Али Йезди тағы қызықты мәліметті
келтіреді: жуырда ғана негізі қаланған
Баилқан қаласында 806 ж. Темір атақты теолог
ғалымдарды жинап: «Ғылым мен дін білгірлері
патшаларға өз әрекетінде түрлі кеңес
беру арқылы көмек көрсетіп тұрған, сендер
бұл қызметті атқармайсыңдар. Менің мақсатым
- әділетті шешім шығаруға жәрдем көрсетіп,
менің бағыныштыларым бейбітшілікте өмір
сүруіне жағдай жасап, мемлекеттің дамуына
жағдайды жақсарту».
Темір сарайында Абдужаппар
Хорезми, Шамсутдин Мунши, Абдулла
Лисон, Бадриддин Ахмед, Нигманиддин
Хорезми, Ходжа Афзал, Алаутдин
Каши, Джалал Хаки және басқа
да ғалымдар қызмет жасайды.
Темір математика - риезнет, геометрия
- хандас, архитектура - миморлик, астрономия
- ханат, әдебиет, поэзия, тарих,
музыка – мусики ғылым салаларының
дамуына ерекше көңіл бөледі.
Ол үлкен қызығушылықпен сахиб
хунар (ғалымдармен) әңгіме дүкен
құратын. Тарихи деректер оның
қол астындағы аймақтардағы түркі,
парсы, араб мәдениетімен өнерінің
өкілдері, ғалым ойшылдары Әмір
Темір тарапынан үлкен қолдау
тапқандығын растайды.
Темір Самарқанда Сарай мен
мешіт, медресе Бибі-ханым; мавзолей
Шахи-Зиндті тұрғызады, ал қаланың
айналасына бақтар мен сарайлар
Шинар-Бағы, Шамал-Бағы, Дилкуш-Бағы, Бехишт-Бағын
тұрғызады. Бибі ханымның салынуы
жөнінде Клавихоның «Күнделігінде»
атап өтіледі: «Дүйсенбі күні
Темір Самарқанға аттанып, қалаға
кіретін жердегі бір үйге тоқтады.
Сол үйді өзінің қайын енесінің
құрметіне (Бейбі-ханым) салдырады»
.
Кухак пен Заравшан өзендері
арқылы жолдар мен көпірлер
салынады, ал кейін Әмудария мен
Сырдария арқылы көпір жүргізеді,
Сырдария мен Ахангаран арқылы
канал жүргізіледі. Суландыру
жүйесі мен керуен сарайлардың
құрылысы Бұхара, Лахрисабзда, Ферғанада,
Түркістанда жасалады. Өте үлкен
көлемде қалалар, ауылдар, монша,
медресе мен мавзолейлер салынады.
Құрылыс жұмыстарына жергілікті
сәулетшілерден - созиби хунарлармен
қатар Темір жаулап алған мемлекеттердің
сәулетшілері мен құрылысшылары
әкелінеді (Якубовский). Темірлан
басып алынған елдерден 150 мыңға
жуық қолөнерші шеберді өз
астанасы Самарқанға алып келді,
оның бұйрығы бойынша қалада
және қаланың сыртында көптеген
әсем сарайлар салынды. Сарайларда
Темірланның жеңісті жорықтары
бейнеленді. Ол Самарқанда салынып
жатқан құрылыстың өзіне дейінгі
салынған ғимараттардан әлдеқайда
кең көлемде болғанын талап
етті.
Клавихоның «Күнделігінде»
Самарқан қаласының құрылыс жұмыстары
жөнінде қызықты жайттар кездеседі:
«Бізді жұма күні патшаның
бұйрығы бойынша салынып жатқан
үлкен сарайды аралатуға алып
келді, бұнда шеберлер 20 жыл бойы
күні-түні еңбек етіп келеді. Сарайда
өте кең дәліз бен үлкен
қақпа бар, оның екі жағында
әртүрлі бедерлермен сәнделген
екі арка бар. Бұл аркалардың
астында шағын бөлмелер орналасқан...
сарайдың ортасында ені үш
жүз қадам болатын суат бар,
оның артында алтынмен лазурьмен
ерекше безендірілген ең үлкен
есік орналасқан. Есіктің ортасында
күн бейнесінің ортасында арыстан
бейнеленген, оның жан-жағы да
солай көмкерілген. Бұл Самарқан
билеушісінің гербі болған. Сарай
Темірдің бұйрығы бойынша салынған
дегенмен, менің ойымша сарайды
бұрынғы әмірші сала бастаған,
себебі бұл герб күнде бейнеленген
арыстан Самарқанның бұрынғы
әміршісінің таңбасы, ал Темірдің
таңбасы – үш дөңгелек» .
Клавихоның дерегіне сүйенсек,
Самарқан қаласының құрылысы
оған дейін-ақ басталған. Ал
оны өз мемлекетінің астанасы
етіп таңдаған Темір қаланың
құрылысын жалғастырғанын білдірсе
керек. Темірдің астананы ретінде
Самарқан қаласын таңдап алуы
турасында бірнеше пікірлер бар:
бірі Самарқан алғаш Темір
бағындырған қалалардың ішіндегі
үлкені десе, енді бірі оған
табиғаты қатты ұнады, ал үшіншілері
ерте кезеңнен бері бұл аймақты
Тұранды атақты Афрасиб билегендіктен
қызықтырған деп есептейді. Аталғандардың
барлығы шындыққа жанасады, бірақ
объективті себебі ол Мәуреннахрдың
орталығында орналасып, географиялық
жағдайы қолайлы болғандығында.
Қала бай су жүйесі мен жан-жағынан
үш қаламен байланысты, мұнда
тау, өзен және ормандар қатар орналасқан.
Сонымен қатар Самарқанда сирек кездесетін
түсті металдар мен құрылыс материалдарының
мол қоры шоғырланған. Осының барлығы
Темір мемлекетінің астанасы Самарқанды
таңдауына әсер еткендігі сөзсіз.
Темір салдырған қалалардың
ерекшелігі олар қалың дуалмен
қоршалмады. Мысалы Самарқандағы
Көк сарайда Темір жиі болмаған,
бұл қазына орны ретінде жұмыс
жасаған. Ақсақ Темір өзінің
қала сыртындағы тамаша бақтарымен
қоршалған сарайында болуды ұнатқан,
ал ол жоқ кезде бұл аймақ
қаланың бай және кедей тұрғындарының
серуендейтін орны болған.
В.В. Бартольд, атап өткендей
мұсылмандардың ең басты қаласы
Самаркан, Темірдің ойынша, әлемдегі
бірінші қалаға айналуы тиіс
болатын. Темір өз кезегінде
шаруашылыққа, жер жырту мен мал
шаруашылығына, сауданың дамуына
ерекше көңіл бөлді. Али-Йезди
«Зарфарнамеде» Темір «Мауреннахрды
үш жылға салықтан босатты», сол
арқылы кәсіпшілер мен жер
шаруашылығымен айналысушылардың
экономикалық жағдайын жеңілдеткендігін
айтады. Самарқанда бейнеленген
Темірдің және оның ұрпақтарының
жеңістерін салуда тақырыптық
кескіндеме арқылы жасалған. Темір
мен оның ұрпақтары кезеңіндегі
(ХІҮ-ХҮ ғғ.) қабырға суреттері
көлемі мен қатардағы миниатюрасы
бойынша «Үлкен француз хроникасынан»
(ХҮІ ғ.) асып түскен. Осы кезеңде
Орта Азияда жергілікті және
шет аймақтардан келген сәулетші
безендірушілердің мектептері де
ашылады.
Қазақстан аумағындағы Темірдің
ең үздік салдырған туындысы
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Ол
Қазақстан мен Орта Азия халықтары
арасында сопылықтың кеңінен
және табыспен таралуына жағдай
жасаған. Ахмет Яссауи тек насихатшысы
емес, XII ғасырда өмір сүрген философ,
ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл
ойшыл акын ретінде түркі жұртына
танымал болды. Ахмет Яссауи
халқымыздың рухани жебеушісі,
кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті
әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің
мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.
Бұл құрылысты салу себебі,
1390-95 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда
Темір Алтын Орданың өктемдігін
жойып астанасы - Сарай Беркені
өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің
құрметіне Ахмет Иасауидің ескі
мазарының орнына жаңа зор
мемориалды ескерткіш орнатуды
ұйғарды. Осы тұрғыда мұсылманшыл
Темір тек діни мақсат мүддені
ғана көздеген еді деу қиын.
Бұл оның беделін көтеруге
үстемдігінің мызғымас берік
екендігін көрсетуге және дала
жақ сыртының сенімді болуы
үшін де қажет еді. Сонымен
қатар қазіргі күні бұл кесене
тек қазақ халқы ғана емес
барша түрік-мұсылман әлемінің
мақтанышына айналып отыр. Кесене
қазақтың Ақ Орда мемлекетінің
оңтүстік бөлігі, Сыр бойы қалаларын
Темір жаулап алған жеңісінің
белгісі ретінде тұрғызылды.