Моңғолдардың Қазақстан жерін басып алуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 12:35, творческая работа

Краткое описание

Работа содержит презентацию по дисциплине "История"

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Моңғолдардың Қазақстан жеріне басып кіруі. Отырар апаты.
Ұлыстардың құрылуы
Қазақ халқының қалыптасуына моңғол шапқыншылығының тигізген зардаптары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарих.pptx

— 238.37 Кб (Скачать документ)

               АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

                             ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

 

                      Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар

                     Тақырыбы: Моңғолдардың Қазақстан жерін басып алуы және 

                                            ұлыстардың құрылуы

 

 

    

 

 

 

 

         Орындаған: Дубасова А.Х. 105 топ, ПФИЯ

           Тексерген: Жүзтаева Б.Н.

 

 

  Алматы 2013

 

        Жобалық жұмыс

                            Жоспар:

 

  • Кіріспе
  •  Негізгі бөлім
  • Моңғолдардың Қазақстан жеріне басып кіруі. Отырар апаты.
  • Ұлыстардың құрылуы
  • Қазақ халқының қалыптасуына моңғол шапқыншылығының тигізген зардаптары
  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер

 

                                       Өзектілігі: Моңғолдардың Қазақстан жерін басып алуы. Ұлыстардың құрылуы. Моңғол шапқыншылығының тигізген зардаптары.

 

 

  •                               

                                       Мақсаты:

  • Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру.

 

 

 

 

  •                                Міндеті:
  • Тақырыптың мәнін аша білу.

 

        Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының бәрін жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы – моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің құлқынын тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.

            Өте қатал тәртібі, мұқият құрылымы бар әскербасына моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері – нояндар, багадурлар, мергендер, сечендер тұрды. Шыңғысханға бұлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешігі /ұланы/ қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғысхан нояндар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

 

 

  • Моңғолдардың Қазақстан жеріне басып кіруі. Отырар апаты.
  • Қытай мемлекетін алғаннан кейін Шыңғыс хан Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады.
  • Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.

 

  •        Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мұсылмандарды қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған жергілікті халық Шыңғысханға мойынсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахырға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Көп кешікпей оған сылтау да табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенде моңғол жансыздарын қосып есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырады. Шыңғысхан Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бұл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді өлтіруге әмір берді. «Отырар апаты» деп аталатын бұл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті. 1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғысхан әскерлері бүкіл Орта Азия мен Қазақстанға ойран салып өтті. Хорезм шахы Мұхаммед Иранға қашып кетті. Ол кейін Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-21 жылдардағы қысқы жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Иран мемлекеттерінің жеріне ауысты.
  •        Моңғол әскер басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алып, 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғол әскерлері аландарды, қыпшақтарды және Қалқа өзенінде орныққан орыстарды тас-талқан етіп жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Қазақ /Дешті Қыпшақ/ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайта оралды.

 

 

  •                                             Ұлыстардың құрылуы

            Сонымен, 1219-1221 жылдардағы шапқыншылықтың  салдарынан Қазақстан мен орта  Азия Шыңғысхан империясының  құрамына енді. Өзінің атты әскерлерімен  жерін таптап, қайқы қылыштарымен  халқын бағындырған орасан зор  аумақты Шыңғысхан өлер алдында  ұлдарына үлес етіп береді. Шыңғысхан  Ертістегі Орал тауларына дейінгі,  одан ары батысқа қарай «моңғол  атының тұяғы жететін» аймақты  үлкен ұлы Жошының билігіне  берді. Орта Азиядағы иеліктерінен  Жошы ұлысына – Әмударияның  төменгі жағындағы аудандар /Солтүстік  Хорезм/ мен Сырдария кірді. Жошының  ордасы Ертіс алқабында болды. 

  • Шыңғысханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуеренахр, Жетісу және Қашқар тиді. Оның ордасы Іле алқабында орналасты.
  • Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында болды.
  • Кіші ұлы Төлей – Шыңғысханның негізгі жұрты – Моңғолияның өзін мұраланды.
  • Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен /далалық/ бөлігі –Жошы ұлысының, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік – шығыс бөлігі – Үгедей ұлысының құрамына кірді.

 

  •        Шыңғысханның көзі тірісінде-ақ оның ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға ұмтылады. 1227 жылы Шыңғысхан және оның үлкен ұлы Жошы өлгеннен кейін олардың дербестікке ұмтылу әрекеттері одан әрі күшейе түседі.
  •       Қазақ халқының қалыптасуына моңғол шапқыншылығының тигізген зардаптары.
  •       Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде моңғолдардың жаңа жерлерге қоныс аударды. Қазақстан жеріне, оның батыс және солтүстік аудандарына олардың шамалы бір бөлігі, ал оңтүстік аймаққа көптеген бөлігі келді. Олар біраз уақыттан кейін жергілікті түркі тілдес халыққа түгел сіңісіп кетті.
  •       Моңғол үстемдігі Қазақстанның қоғамдық дамуына ауыр және кеселді зардабын тигізді. Әсіресе, ол қазақ қауымының экономикалық, мемлекеттік, әлеуметтік дамуына әсер етті. Елдің саяси және мәдени байланыстарын үзіп, шаруашылығын күйретті. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы отырықшы аудандардың халқы қатты күйзелді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен болған бұл аймақта ХІІІ–ХІV ғасырларда жиырмадан аспайтын шағын қоныстар ғана қалды.
  •       Шыңғысханның және моңғол феодалдарының жаулап алу саясаты басып алған халықтар үшін ғана емес, сондай-ақ моңғолдардың өздері үшін де кесапат болды. Таусылмайтын соғыстар моңғол араттары бұқарасына шалғай жерлерге жорықтар кезіндегі қасіреттер мен жат жерде өлуден басқа ештеңе берген жоқ. Шыңғысханның және оның ізбасарларының соғыстары жаулап алынған елдердің ғана емес, сондай-ақ, Моңғолияның өзінің де өндіргіш күштерін құлдыратты.

 

 

                         Қорытынды:

 

  •     1219-1224 жылдардағы моңғол әскерлерінің жорықтары нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия аумағы Шыңғысхан империясының құрамына енді.
  •      Қорыта айтқанда , Шыңғысхан бастаған моңғол басқыншылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақытқа тоқтатты.
  •      Моңғолдар үстемдігінің орнауына байланысты Қазақстан аумағында оның әлеуметтік-экономикалық зардаптарының өте-мөте қолайсыз болуы себепті жергілікті халықтың этникалық-саяси дамуы үшін ерекше қиын жағдайлар қалыптасты. Қалыптасқан экономикалық күйзелістің салдарынан моңғолдар дәуірінде қалалық және егіншілік мәдениет өрісінің тарылуы, шаруашылықтың көшпелі мал шаруашылығы секторы үлес салмағының күшеюі, қоғамдық ұйымның күні өткен нысандарының орнығуы негізгі көріністердің бірі болған әлеуметтік дамудың баяулауы – соның бәрі Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағындағы этникалық даму барысына теріс әсер етті.
  •       Қазақстан халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын едуәір өзгерте отырып, моңғолдардың үстемдігі Еуразия аймағындағы этникалық процестердің дамуын да жаңа арнаға түсірді, бұл аумақтағы тұрақты этникалық құрылымдардың – соңғы ғасырлар халықтарының қалыптасуын тездетуге ықпал жасады.

 

                 Қолданылған әдебиеттер:

 

  • Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк), Алматы – 1994 «Дәуір», 100-108 бб.
  • Қазақстан тарихы, Ч.Мусин, Алматы – 2005, 95-110 бб.
  • Қазақстан соңғы орта ғасырлар дәуірінде (ІІ том), бас ред-лық: Асылбеков М.Х., Алдажұманов Қ.С., 287-296 бб.
  • Қазақстан тарихы М.Б. Мұхамедов, Б. Сырымбетұлы, Алматы – 2007, «Қарасай», 66-70 бб.

Информация о работе Моңғолдардың Қазақстан жерін басып алуы