Моңғол мемл құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 09:27, реферат

Краткое описание

Халқымыздың ежелгі тарихын білуді мақсат етсек,Шыңғысханның ізбасарлары кезіндегі түркі, моңғол(1) халықтарының тарихын аттап өте алмаймыз. Себебі моңғол халықтары ежелгі заманнан бүгінге дейін түркілермен тағдыры бір болып,қилы кезеңдерді бастарынан кешірді.

Содержание

1.Моңғол және татар рулары мен тайпалары ,олардың қоныстануы, қоғамдық саяси құрылысы (XII-XIIIғ.ғ)
2.Темучин(Шыңғысхан) басқарған моңғол мемлекетінің құрылуы мен нығаюы
3.Темучиннің көршілес феодалдық мемлекеттермен соғысының қорытындысы. Наймандарды жеңуі
4.Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы (1219-1224ж.ж)
5.Қазақстан аумағындағы Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының құрылуы және олардың арасындағы саяси қырқыстары
6.Шыңғысханнан кейінгі Моңғол империсының мемлекеттік құрылысы және оның ішкі сыртқы жағдайы
7.Моңғол империясына қарайтын ұлыстардың мемлекеттік әкімшілік құрылысы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.docx

— 100.20 Кб (Скачать документ)

   Шыңғысхан бастаған  моңғол армиясының бас легі 1220ж.  Орта Азия аймағын Әмударияға  дейін қаратты. 1220-1221ж.ж.қысында Хорезмді басып алумен олардың Орта Азияға шабылы аяқталды. Орта Азия билеушісі Хорезм шахы Мұхаммед күресті дұрыс ұйымдастыра алмады. Қарамағындағы феодалдардың  күш бірікітіруінен қауіптеніп, әскери күштерін қалаларға, қамалдарға бөлек –бөлек топтастырды. Бұл моңғолдың жаулап алуын жеңілдетті.Бұхара, Самарқан сияқты қалалар жауға қарсылық көрсете алмай, ұрыссыз-ақ берілді.

 

    Қазақстан аумағындағы Жошы, Шағатай,  Үгедей ұлыстарының құрылуы және  олардың арасындағы саяси қырқыстары 

Моңғол империясының құрамына кірген Қазақстан жері Шыңғысханның 3 ұлының ұлысына бөлініп берілді. Үлкен(далалық)бөлігі Жошы ұлысына(1243ж.ьастап Алтын Орда),Оңтүстік және Оңтүстік- Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың Солт.- Шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады. 

Отпен өртеп, қылышпен қырып,орасан зор империя құрған Шыңғысхан өзінің 4 ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді:кіші ұлы Төле  Шыңғысханның негізгі жұртын  - Моңғолияның өзін, сондай-ақ моңғолдың тұрақты 129мың  адамдық армиясының 101мыңын алды. Моңғолиядан батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аймақ үлкен ұлдарына бөлінді. Шыңғысханның 3ші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды.Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін(1228-1229-1241ж) Үгедей Орхонда, Қарақорымда тұрды.

Шыңғысханның 2ші ұлы  Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі “ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Бұхара мен Самарқандқа  дейінгі жерлерді”,яғни  Шығ. Түркістанды, Жетісу мен Мауараннхрға дейін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша, Шағатай иеліктерінің негізгі бөлігін құралған өлке аларғу д.а.: оның басты қаласы Алмалық,Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзенінің алқабындағы Құяш деген жерде.

Шыңғысханның үлкен ұлы  Жошының үлесіне Жетісудың солтүстік  бөлігін және Төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс  Дешті Қыпшақты қамтыды. Жошының  ордасы Ертісте болған,Алтын орданың  құрылуына байланысты ЖОШЫ ұлысының саяи өмірінің орталығы Төменгі Еділге ауысты.

Шыңғысханның тірі кезінде  бөлініп берілген жерлер олар үшін тек қана пайда көзі болды, бірақ  империя басшысына бағынышты  болып қала берді. Ол өлгеннен кейін де жағдай біршама өзгерді. Шыңғысхан ұрпақтарын өз әулеттерін билеп-төстеп алуға,ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға итермеледі. Ұлыс билеушілерінің қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен көшіп,империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының негізгі себептері : халық бұқарасының моңғол езгісіне қарсы күресі,көптеген елдер мен халықтады қарудың көмегімен қаратып алған империяның іргесінің берік еместігі, қырық қырау болып,үнемі жалғасқан өзара қырқыстардың бітпеуі ,экономикалық байланыстардың,мәдени тарихи  дәстүрлердің болмауы еді.

   Шыңғысхан тұсында-ақ  моңғол феодалдарының арасында  қарама-қарсы  саяси 2 бағыт  байқалған еді. 1ші жаулап алушылардың  көшпелі тұрмыс пен қырдағы  патриархаттық дәстүрлерді сақтауын,бағындырылған  елдердің халқын қырып жіберуге  дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын  жіне жаулап алынған аумақтарды  мал жайылымына айналдыруды жақтады.    2ші бағыттың өкілдері жергілікті феодалдық үстем тапқа,жаулап алынған отырықшы-егіншілікпенайналысатын елдердің  дәстүріне сүйене отырып,хан билігі күшті мемлекет құруды көздеді. 1ші бағытты неғұрлым табандылықпен жүргізушілер- Шыңғысхан, оның ұрпақтарынан- Шағатай мен Күйік(1246-1248)болды,оларды Шағатай ұлысының әміршілері, Орқына хатун, Барақ хан және басқаларды қолдады.

Құрылтай . Моңғол импертясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтарының және көшпелі моңғол шонжарларының жалпы империялық жиналысы-құрылтай зор рөл атқарды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің  жоғарғы органы болды,  құрылтайда ірі әскери істерге байланысты мәсеселер, ішкі саясат,Шыңғыс ұрпақтары арасындағы өлкелерді  бөлу  мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан сайлау және оны салтанатты түрде таққа рәсімдері жасалады. Құрылтайға империяның,  ұлыстың, басшысы немесе билік жүргізіп отырған рудың жасы жағынан үлкен  мүшесі шақырылатын. Оның шақырылу мерзімі күні бұрын белгіленіп, ұлыстарға адам жіберу арқылы жарияланатын.

Ұлыстық құрылтайлар мақсаттарының  бірі өзара қырқыстарға жол бермеу болатын.

Яса . XIIIғ.басында  Моңғол мемлекетінің құрылуы мемлекетті басқару үшін ортақ жазбаша баянды етілген құқықтық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу қажеттігін туғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін,жинақталған әрі өзгерістерге ұшыраған әдеттегі құқық осы мақсатқа орайластырылды. Заңдар мен ережелердің жиынтығы Шыңғысханның “Ұлы Яссасы” д.а.

       Яса  –қаулы,заң мағынаны деген мағынаны  білдіреді. 

 

                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Моңғол мемл құрылуы