Монғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 22:14, реферат

Краткое описание

1. Монғол империясының құрылуы. Моңғолдардың 1219-1224 жылдардағы шапқыншылық жорықтары.
2. Монғол жаулап алушылығының салдарлары.
3. Алтын Орда мемлекеті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Монғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан.doc

— 25.50 Кб (Скачать документ)

Монғол шапқыншылығы кезеңіндегі  Қазақстан

1.     Монғол империясының құрылуы. Моңғолдардың 1219-1224 жылдардағы шапқыншылық жорықтары.

2.     Монғол жаулап алушылығының салдарлары.

3.     Алтын Орда мемлекеті.

XII ғасырдың екінші онжылдығында  Қазақстан аумағы Шыңғыс хан бастаған татар - монғол шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның түпкі аудандарының орасан зор кеңістігін иеленіп жатты.

Монғол тайпалары  әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі  сатыларында тұрып, «орман» және «дала» тайпаларына бөлінді.

«Орман» тайпалары көбіне аңшылықпен шұғылданды.

«Дала» тайпалары  көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші рөл ойнады.

XII    - XIII ғасырлардың тоғысында монғол қоғамында феодалдық қатынастар қалыптаса бастады. Ол екі тапқа бөлінеді.

1        —  нояндар 

мен

2        —  қаналған араттар

XIII   ғасырдың басында татар - монғол тайпаларын саяси жағынан біріктірген монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін Темучин қалады. Бір деректер бойынша ол 1162 жылы, келесі деректерде 1155 жылы Есугай бахадүр атты бай ноянның отбасында дүниеге келген. Ол қият тайпасының борджигин руынан болды. Оның анасы Оэлун қоңырат тайпасынан еді.

Темучин тайпааралық  күрес жағдайында өз айналасына нөкерлерді жұмылдыра біліп, ер жүрек жауынгер данқын иелену үшін көрші тайпаларға сәтті шабуылдап отырды. Темучин Моңғолияның бүкіл дерлік тайпаларын өз қол астына біріктірді. Ілгеріде Моңғолияны мекен еткен тайпалардың басым көпшілігі татар атымен (ең қуатты тайпа атауы бойынша) белгілі болса, енділікке мемлекеттіліктің нығаюына орай өздерін монғолмыз деп атай бастады. Бүл термин жалпылама этно саяси мәнге ие болды


Информация о работе Монғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан