Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 08:11, реферат
Мифтің теориясы әлі күнге дейін толық құрылмағанымен миф туралы әр түрлі концепциялар, болжамдар XIX ғасырдың ортасынан бері қалыптаса бастаған. Солардың ішінде Э.Тейлордың, Г.Спенсордың, В.Вундттың, К.Г. Юнгтың, Р. Барттың, Дж.Фрезердің, Ф. Лосевтің және Қазақстан зерттеушілері Б.М. Тлеубердиев, Б. Ақбердиева, С.Е.Керімбаеваның да ғылыми тұспалдары бар.
Мифтік танымның тілмен сабақтастығы
Мифтің теориясы
әлі күнге дейін толық
Э.Тейлордың айтуынша
Дж.Фрезерше, миф – магиялық іс-әрекеттің мәнін ақыл–ойлық немесе сөздік түрде ұғынуы.
В.Вундттың, Л.Леви–Брюльдың, К.Г. Юнгтың пікірінше мифтің негізінде ежелгі адамдардың дүниені қабылдауда орын алатын ерекшеліктері жатыр, себебі байырғы адамдар сезім, эмоцияларды мифологиялық апперцептияның қасиеті деп санаған. Сондықтан да миф ерекше ойлау іс-әрекетінің («алғашқы ойлау түрінің») өнімі. Миф арқылы эмоциялар бейнелі түрде жүзеге асырылған дейді.Қазіргі ғалымдардың миф туралы түсініктерін мынадай түрде топтауға болады: 1)миф – адамдардың өзінің болмысын ұғыну әрекеті. Алғашқы адамдар мифтерге әбден үйір болып, солармен эмоцияналдық және логикалық ассоциациялар арқылы танысқан; 2) мифологиялық ойлау тәсілінің пайда болуы абстрактілік ұғымдардың жеткіліксіздігінен, сондықтан да әмбебаптық ұғымдарды нақты түсініктер арқылы білдіру қажеттілікке айналған; 3)миф алғашқы адамдардың сана-сезімдерінде қалыптасқан табиғаттық құбылыстардың ырғақтарын, олардың қайталанбалы кезеңдерін бейнелі түрде көрсетеді; 4)мифтердің құрылымдары адамның психикасының ерекшеліктерін бейнелейді; 5) миф ұжымдық тәжірибемен байланысты. Ұжымдық тәжірибе жеке тұлға үшін сенімнің нысаны болды, ол ата – бабалардың даналығы ретінде қаралды. Миф ата – бабалардың наным – сенімі ретінде қарастырылып, ақиқат болды, сондықтан тексеруге жатпайтын даналық түсінік ретінде саналды; 6)миф табиғаттың заңдылықтарын бейнелі түрде көрсететін тәсіл. Мифтерде абстрактілік ойлаудың әлсіздігінен табиғаттың құбылыстары дербестелген, оларды алғашқы адам саналы түрде жүзеге асырылатын ерік – жігермен байланыстырған. Сондықтан да мифтерде негізгі тұлға құдірет болған.
А.Ф.Лосев мифты метафорадан
және символдардан айыра
Көптеген теориялардың ішінен Э. Кассирердің көзқарасын атап өтуге болар еді. Ол мифологияны тіл мен өнермен қатар мәдениеттің дербес бейнелілік нысаны ретінде қарастырды. Мифтік сана кілтті қажет ететін құлып ретінде түсіндіріледі. Миф шығармашылық тәртіптің, тіпті болмысты танудың нысаны ретінде көрсетіледі. Мифологиялық танымды адамның сана-сезімінде қалыптасқан ментальды-бейнелілік схема ретінде қарастыруға болады. Оның тілге қатысы тек қана сырттану процесі үдерісінде айқындалады. Сондықтан да Р.Барт мифті мәдениеттің симфоликалық тұлғасы ретінде зерттеп, мифтік сана-сезімді белгілі кілті бар код ретінде сипаттаған. Р.Барттың пайымдауынша мифті коммуникативтік жүйе, хабарлама деп те санауға болады дейді. Өзінің анықтамасында ғалым келесі пікірін білдіреді: Миф коммуникативтік жүйе ретінде жүзеге асырылады. Ол белгілі ақпаратты жеткізу тәсілі, миф ұғым да, зат та, идея да емес, ол тұлға белгілеу тәсілі [2].
Миф «Ойдан шығарылған» емес, өткеннің қалдығы да емес, ол ежелден бері адамның өзін-өзі, қоғамды, әлемді сипаттауының және түсіндіруінің терминдері көрініс тапқан алғашқы сипаттау тілі. Миф пен сананың фетишизациясы ұғымы тығыз байланысты, ол дегеніміз объектілерге оларда жоқ қасиеттерді, адамдарға олар өздері теліген қасиеттерді тиістендіруі.
Мифтердің адам үшін маңызы өте зор. Олар арқылы адам әлемнің жан-жақтылығын қабылдауды реттейді. Олар өмірге бейімделудің ғылыми білім нысанына қатысты баламалы нысан болып табылады.
Адам мифтерді өзі ойлап табады да, соларға өзі ерікті түрде бағынады. Мифтік бейнені түсіндіруде бір нәрсені көтермелеу, құдірет тұту белгілері бар.
Мифтік ойлану жан-жақты сипатқа
ие. Ол өмірді тудырады және өзі өмірлік
тәжірибемен тығыз байланысты.
Б. Ақбердиева мифтің табиғатын дұрыс қарастырады. Оны ментальдық, мифологиялық ойлаудың тәсілі ретінде санап, байланысын көрсеткен. Тілдің танымдағы орнын ғалым өз анықтамасында: «Мифтік танымды құрылым ретінде қарастыру, оның логикалық құрылысын, филологиялық мазмұнын, психологиялық мәнін, поэтикалық өрілуін т.б жақтарының тұтасып келіп тілде сабақтасқан көрінісін кешенді түрде зерттегенде ғана тіл мен танымның байланысы анықталмақ»[4]
Мифтің тілге тікелей қатысы бар екенін қазақстандық ғалымдардың бірталайы (Б.М. Тлеубердиев, Қ. Серікбол, Б. Ақбердиева, С.Е. Керімбаева, т.б) ономастика саласындағы зерттеу барысында, тікелей мифтердің құрылымын талдағанда дәлелдеген. Сондықтан да Б. Ақбердиева тіл мен мифтің байланысын атап өтіп тілді мифологиялық дүниетанымның көзі деп қарастырады: мифологиялық таным түсініктерде сұрыптау және оны тілдік жағынан түсіндіру қазіргі кезде өте маңызды. Себебі, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, тіл – мифологиялық «дүниетанымның жинақталған бірден бір көзі».
Зерттеушілердің пайымдауынша, барлық халықтардың мифологиялық жүйесінде үш деңгейлі модельдің түрі жүзеге асырылады (жоғары, орта, төмен).. Мұнда жоғарғы – аспан, орта – жер, төмен – жер асты деп әлем деңгейлері мүшеленеді .
Үш деңгейлі модельмен қатар мифтік ғалам бейнесінде «жеті» моделі де орын алған. Н.Уалиұлының пікірінше, жеті ғалам мифологиялық түсінігінде жеті саны негізгі бағытты білдірген. Олар – дүниенің төрт бұрышы: күншығысы, күнбатыс, түстік, терістік және тігінен келген модельдегі аспан – жоғарғы ғалам, жер – орта ғалам, жер асты – төменгі ғалам [4].Ғаламның мифтің тілдік бейнесінде мифологиялық кеңістік тігінен үш әлемнен құрылса, сонымен қоса оның горизонтальдық моделі де бар. С. Қондыбай және Б.М.Тлеубердиев ғаламның горизонтальдық моделін синонимдерде қарастырып, көлденең космографиясын сипаттау барысында хантөрткуль, әзіреттің Алатауы, құндыздық қара теңізі, Нұрбұлақ, т.б мифонимдерде, мифотопонимдерге талдау жасаған.
Ғаламның мифологиялық тағы да бір моделі төрт, тоғыз санымен байланысты. Тоғыз саны әлдебір толықтықты, түгелдікті білдіреді. Мифте адам жанының саны тоғыз деп беріледі. Мифтерде қозғалысты тоғыз рет қайталау культтік нысанаға тоғыз рет тағзым ету керек екені де көрсетіледі. Мысалы монғолдың құпия шежіресі кітабында былай жазылған; белбеуін таспиқша салып, тымағын жұмарлай ұстаған қолын кеудесіне басып, нұрлы күнге қарап, Бурхан-Залды тауына тоғыз рет тағзым етіп, тілек шашу шашқан [3].Барлық нәрсені тоғыз санымен шектеу арғы-қазақтарға тән болған, мысалы рашидадриннің дерегі бойынша, Шыңғыс ханды хан етіп сайлауға қатысушылар жаңа сайланған ханның алдында тоғыз рет тізе бүккен.
Тоғыз рет жасалған қылмысты да ақтау аңыздарда кездеседі, мысалы, Шыңғыс хан Бургуджи мен Бургулға өзін құтқарғаны үшін тархан титулын береді. Тархан құқығына ие болған адам сегіз қылмыс жасаған жағдайда жауапқа тартылмайды, тек тоғызыншысын жасаған жағдайда жауапқа тартылады [5].
А.Ақбердиев, Б.М Тлеубердиев, С.Е
Керімбаева өз еңбектерінде мифологиялық
дүниетанымның тілдегі
Көк: Қазақ ұғымы мен болмысында көк сөзінің мағынасы терең, ол Тәңірдің тұрағы ретінде ұғындыралады, сондықтан да қазақтар аспанға қарай қолын көтеріп жалбарынады; Тәңір жарылқасын, Тәңір тілеуіңді берсін, көк соқыр, жаңа ай жарылқа, ескі ай есірке, көк бойлады, көк жиек, көк кәріне ұшыра, көкке жетті, көк келсін, көкке көтерді, көкке көтерілді, көк көкіретіп, жер тітіретті, көк күмбез, көк соққан [6].
Аспан: аспан (ауа әуе) айналып жерге түсердей, аспан аптап күн шыжыды, аспанға көтерді, аспанға қарады, аспанға ұшса да, жерге батса да жоқ қылады, аспандағы айға қол созды, аспанмен (көкпен) астасқан, аспаннан түскен төрт кітап, аспаннан түсті, аспаның ашық болсын.
Жер: жер ұйық малға жанға береке, құт мекен, шұрайлы жер, жер иіді, жер көктеді; күн күркіресе, жер иір, жер иісе мал иір; Жер күңіренді, у – шуға толды, айнала жаңғырықты; Жер-көкті шарлады (көп жерді аралады). Жер қайысты (өте көп құмырсқадай қаптаған, қаһар – айбарлы мол жиын жайлы айтылады). Жер қапты. Жер құшты (өлді). Жер жұтты(тез жоқ болды). Жер жастанып су сүйеніп отыр. (Сараң пейілі тар кісі туралы айтылады). Жер жұтқыр (қарғыс). Жер аударды (Еріксіз қоныс аударды). Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты. (Табан астынан бәле шықты). Жерге кіріп кете жаздады. (қатты ұялды). Жұмбақтарда; Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем (жер). Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі, қимылдар сол кісіден елдің тісі. Талқандап беті жүзін тырнасаң да, бір ауыз неге үйттің деу емес ісі. (жер) 7]. Мақал мәтелдерде; әуелі тәңір жерге береді, жерге берсе, елге береді, елге берсе, ерге береді. Жер – ырыстың кіндігі, еңбек-ырыстың тізгіні. Жер құрсағы қысырамас. Мінген атың жер – ортақ,жанған отың күн – ортақ. Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді.
Су: ағын су мифологиялық дәстүрлерде екі өлшемнің екі дүниенің, екі кеңістіктің, екі уақыттың, екі қасиеттің шектесер тұсы (нүктесі немесе сызығы), оларды бір – бірімен жалғап та, ажыратып та тұрған межесі болып табылады. Мифтік өзен (дария) фольклорлық мәтіндерде линиялық сипаттағы су нысаны болып көрінеді, бірақ олардың басты сипаты «шекаралық қызметпен» шектелінгендіктен, бастапқыда «мифте судың» шеңбер болғандығын анықтауға болады. Мифтік сипатқа ие су нысандары өзен, дария «көл», теңіз «мұһит» деп аталады. Кей жағдайда олардың нақтылаушы атаулары да аңыздарда, мифтерде кездеседі,мысалы, «Үлкен дария» «Тасты көл», «Құла су», «Елек су», «Асау өзен», «Көк дария», «Заңғар су», «Ніл дария», «Ағун дария», «Телі көл», «Сынап көл», «Қара өзен», т.б.
Су-шекаралық өзен, дария, көл, теңіз ұғымдарында да мифалогиялық мағынасы бар фразеологиялық бірліктердің қазақ тілінде бірнеше топтарын атауға болады; су аяғы құрдым (десейші) (жер түбі), суға да батты , отқа да жанды, суға кеткен тал қармайды, суға салса батпайды, отқа салса жанбайды, судың да сұрауы бар, су иесі Сүлеймен, су қараңғы, су түбіне батырады, суы басқа, т.б. Дария; дария кешті, көк дария, ніл дария, ағун дария, дария шексіз де, шетсіз, т.б. Теңіз; телегей теңіз, теңіздің ар жағында, ашық теңіз, жердің бетін телегей теңіз су қаптады,т.б.
Көл: көл иесі Қамбар (киеліге табыну ретінде айтылады), көл шайқады, көлінен құсы ұшты, көл – көсір [6].Көшпелілер Көк Құдайы-Тәңірге сенген. Түріктердің мифтік дүниетанымы бойынша – Тәңір дүниедегі жан иелерінің барлығына тіршілік лебін беруші. «Тәңірдің жаралуы туралы мифте» Тәңірдің мұхиттан жаратылуы былай деп суреттелінген. Баяғыда көк те, жер де болмаған тек бір ғана шетсіз – шексіз мұхит болған. Күндердің бір күнінде мұхиттың ортасында ақ жарық көрініп одан нұр шашқан алтын жұмыртқа шыққан, оның ішінде күллі әлемнің болашақ түп атасы Тәңір жаралған [6].
Көк тәңірі аспан туралы фразеологиялық бірліктерде Тәңірден тап, Тәңір атқыр, Тәңірге не жаздым, Тәңір жарылқасын, мұнда қандай сыр барын Тәңірім білсін, Тәңір деп, Тәңір ісі, Тәңір жазса, Тәңір жарылқап, Тәңірді тұт, Тәңірдің ісін танымай кету [6] сияқты табыну мазмұндас тіркестер де кездеседі.
Қорыта айтқанда мифтік дүниетаным қазақ халқының көзқарастық ұғымдары мифологиялық танымы, мифологиялық ойлау тәсілі арқылы адамдардың сана сезімінде бірте-бірте қалыптасады. Осындай мифологиялық елестер, схемалар тілдік бірліктер арқылы экспликацияланады, яғни сырттанады. Тіл мифологиялық елестерді жүзеге асыру көзі, негізгі құралы. Ғаламның мифологиялық бейнесі әр түрлі модельдер арқылы беріледі; үш деңгейлік (көк, жер(орта), су). Сондай-ақ Тәңір құдіреті, жеті, тоғыз, төрттік моделі арқылы берілген тілдік бірліктерді де кездестіруге болады. Сакральдық мағынасы бар лексикалық компоненттер негізінде құрылған фразеологизмдер дүниенің құрылымы, жер беті, аспан көк, жер асты, су шеңбері, өзен дария осы кеңістіктегі дүниелер туралы бейнелі ақпарат берілісі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. С.Е. Керимбаева. Ономастическая экспликация мифологической мира в кзахском языке. -Алматы, 2004.
2. К.Г. Юнг.
Об архитипах коллективного
3. Б.К.Тлеубердиев.
Қазақ ономастикасының
4. Б.К. Ақбердиева.
Лексика-фразеологиялық мифтік-