Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 13:44, реферат

Краткое описание

Ал біздер қалам тартып отырған Францияның кезеңі бүгіндері француздар аңсап еске алатын, ардақтайтын кезеңі деп айтуымызға болатын кезең. Бұл кезеңде тарихтың желкеніне өзінің атын жазып, мәңгілікке құлаш ұрған Наполеон Бонапарттың билік еткені бәрімізге мәлім. Бонапартты біреулер диктатор, енді біреулері антихрист атандырса, француздар үшін әлемді жаулауға талпыныс жасаған, әрі бүкіл Еуропаны өз солдаттарының табанына таптатқан Наполеон Бонапарт ұлт мақтанышы деуге болады. Оның өз мемлекеті үшін сіңірген еңбегі де ұшан теңіз десек жаңылыса қоймаймыз. Наполеон тұлғасы атақты Шыңғыс хан, Әмір Темір, Александр Македонский, Юлий Цезарь тәрізді әлемді жалғыз адам билеу керек деп ойлаған, саналы өмірлерін осы идея үшін сарп еткен тарихи тұлғалармен иық тіресіп тең тұрғанын байқаймыз.

Содержание

Кіріспе 2
1-тарау. Еуропа және Термидорлық Конвент 4
1.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары 4
1.2 Бонапарттың Италияға жорығы 5
1.3 Египет пен Сирияға жорық 6
2-тарау. Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарттың консулдық кезеңі 8
2.1 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс 8
2.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі 9
2.3 Императорлық Францияның Еуропа картасын қайта пішуі 12
2.4 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада 14
2.5 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі 15
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Прикрепленные файлы: 1 файл

765_Memlekettik_t_1257__1187_keris_zh_1241_ne_Napoleon_Bonapart.doc

— 109.50 Кб (Скачать документ)

Бірінші консул болып Наполеон тағайындалды, 1802 жылы Францияда өткен плебисцитге  халық оны өмір бойлы консул етіп сайлады. Ал 1804 жылдан бастап ол Францияның императоры ретінде таққа отырды. Наполеонның абыройы Францияда өте жоғары еді. Ол халықтың революциядан бастап он жыл бойы көрген өзгерістерден шаршағанын түсінді.

Халық төңкеріс кезінде алған жерлерін, ақшаларын, байлықтың басқа түрлерін феодалдар қайтадан тартып ала ма деген қауіпте еді. Төңкерістен шаруалар жер алып, енді оны жоғалтқысы келген жоқ. Наполеон қалыптасқан жағдайды терең түсініп жер кадастрлерін енгізді де, жер иеленушілерге сертификаттар берді.

Наполеон құрған мемлекеттік аппарат  Францияда бір ғасыр бойы сақталды. Бұл аппараттың негізгі принципі мемлекеттік аппаратты бір орталыққа  бағындыру. Наполеон Францияның әскеріне де көп ықыласын салды. Тәртіп тірегі император ең жақсы көретін гвардиясы  ветерандардан тұратын. Жарты миллион қызметкер, жарты миллион солдат осы қорқынышты организм, бүкіл Франция қоғамының денесін құшақтан, оны буындырып, оның бүкіл саңылауын бітеп тастады. Әскерге тек дворяндар ғана емес, басқа топтардың өкілдері де алынды, Наполеон солдаттарға жақсы жалақы төлегені үшін шаруалардың да әскерге барғысы келді. Басқарудың бәрі бір орталыққа бағынды, департаменттер округтерге және коммуналарға бөлінетін. Оларды префект, супрефект және мэр басқарды. Наполеон төңкеріс табыстарының бәрін сақтағандай болды. Бірақ бұл көзқарас Францияны терең танысқанда басқаша екені анық көрініп тұрды. Наполеонның басқару әдістері сыртынан демократиялық сияқты көрінеді, ал негізінде ол мықты диктатура режимі. Француздар Он алтыншы Людовикті, оның Мария Антуанетта деген әйелін гильотинаға жіберіп, өмірінен айырса, Наполеон өзін император деп жариялады да, Мария Антуанеттаның Мария Луиза деген жиеніне үйленді.

Наполеон Бонапарттың ішкі саясат саласындағы шаралары Наполеон үкіметінің буржуазия үстемдігін нығайтқанын толық айқындап  берді.

Наполеон кезінде кіргізілген  мемлекет басқару ісіндегі жаңалықтар күні бүгінге дейін сақталып қалды. Сол кезеңнен бастап орта мектептер  жүйесі – лицейлер мен жоғарғы  оқу орындары – Нормальдық және Политехникалық мектептер (университеттер деуге болады) құрылды, олар бүгінгі таңдағы Францияда ең көрнекті оқу орындары болып қалып отыр. Наполеон кезінде өте қуатты полицияның және көп тармақты құпия қызметтің негізі қаланды7.

Төңкерістен кейін көп ұзамай-ақ генерал Бонапарт жаңа конституцияның мәтінін өзі айтып жаздырды. Бұл конституция бойынша өкілдік мекемелер іс жүзінде барлық мағынасын жойды.

2.3 Императорлық Францияның  Еуропа картасын қайта пішуі

Барлық билікті қолына алған  бірінші консул өзін-өзі мәңгі  консул деп, ал 1804 жылдан бастап «француздардың императоры» деп жариялады. Францияда іс жүзінде тағы да монархия қайта орнады, бірақ енді ол феодалдық монархия емес, буржуазия билігін жүргізетін буржуазиялық монархия болды.

Наполеон Рим папасымен конкордат (келісім) жасады. Бұл конкордат бойынша католик шіркеуі Наполеон үкіметін қолдауға міндетті болды, шіркеулерде: «О тәңірім, консулдарға (1804 жылдан бастап — императорға) амандық бере гөр» дейтін ерекше дұға оқылатын болды. «Менің жандармдарым мен дін басыларымның арқасында қолымнан бәрі де келеді»,— деп мәлімдеді Наполеон.

Эмигрант дворяндарға амнистия (кешірім) берілді, олардың Францияға  қайтуына рұқсат етілді, оларға сатылып  кетпеген имениелері қайтарылды, бірақ  оларға өкімет тарапынан бақылау  қойылды. Аман қалған якобиншілдерді қатал қуғынға салды, оларды тұтқынға алды, Франциядан басқа жаққа жер аударды.

Өз басқаруының алғашқы қадамынан  бастап-ақ Наполеон буржуазияның мүддесін көздеп, өнеркәсіпті барынша қолдады. «Ұлттық өнеркәсіпті мадақтайтын  қоғам» құрылды. Бұл қоғамның ең ірі жарнашылары Бонапарттың өзі, оның чиновниктері мен генералдары болды. Өнеркәсіп көрмелері ашылып тұрды. Француз өнеркәсібінің дамуының Англиямен күресте маңызы зор болды.

1804 жылғы француздық азаматтық  кодекс (Наполеон кодексі).

1804 жылы «Азаматтық кодексті» құрастыру аяқталды. «Азаматтық кодекс» заңдардың жүйелі жинағы болды, мұның ең негізгі міндеті буржуазияның өз меншігін пайдалануды қамтамасыз ету болды.

Кодекс жобасын дайындаумен  айналысқан комиссияның құрамына Тронше, Порталис, Малльвиль, Биго-Преамке сияқты Францияның ұлы заңгерлері енді. Жоба төрт айдың ішінде жасалды. 1804 жылғы 21 наурыздағы заң барлық 36 титулды (тарауларды) біртұтас Азаматтық Кодекстің құрамына біріктірді. 1807 жылдан бастап ол Наполеон Кодексі деп аталды. Бұл акт 1789 жылғы “Адам және азамат құқықтары декларациясында” бекітілген келесі азаматтық-құқықтық қағидаларды одан әрі дамытқан: заңды теңдік, заңдылық, құқықтар мен бостандықтардың тұтастығы. Кодекстің құрылымына рим құқығы әсер еткен. Ол институциялық жүйе бойынша құрастырылған.

Кодекс кіріспелік титулдан және үш кітаптан тұрған. Кіріспелік титулда  заңдарды жариялау, қолдану және олардың  күші туралы айтылған. Бірінші кітап  тұлғаларға, екінші кітап мүліктер мен меншіктің түрлеріне, үшінші кітап меншікті иелену тәсілдеріне арналған.

Наполеон кодексінің атақты 544-статьясында  былай делінді: «Меншік дегеніміз  — мүлікті пайдалану мен оған билік жүргізудің неғұрлым шексіз правосы...».

Буржуазиялық семьяның негізін  баянды етуді көздеген кодекстің  басқа бір статьясында: «Ері өзінің зайыбын қорғауға міндетті. Әйелі өзінің еріне мүлтіксіз бағынуға міндетті. Ері мен зайыбы бірге тұруға, қайда жүрсе де ерімен бірге болуға міндетті». Бұл заңдар Францияда, сондай-ақ басқа да буржуазиялық елдерде осы күнге дейін қолданылып келеді.

Кодекс революция кезінде алынған  меншікті жаңа иелерінің меншігі  етіп бекітті және барлық азаматтың  заң алдында теңдігін жариялады. Алайда 1802 жылдың өзінде-ақ Наполеон француз отарларында якобиншілдер жойған құлдықты қайта орнатты.

Наполеон Құрылтай жиналысының жұмысшыларға қарсы шығарған заңын бекітті. Жұмысшылар одақтарына бұрынғысынша тыйым салынды, стачка жасаушылар қатаң жазаланды.

Жаулап алынған көптеген елдерде  ішкі межелер мен кедендік алымдар  жойылды, бірқатар мемлекеттерде конституция  енгізілді, өнеркәсіп пен сауда дамыды. Бірақ бұл қайта өзгерістердің бәрі бұл елдерді француз буржуазиясының қанап езуімен жүргізілді.

2.4 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық  блокада

Экономикалық саясат француздардың  өнеркәсіптік және қаржы буржуазиясының еуропалық нарықта біріншілігін қамтамасыз ету болып табылды. Бұған бірақта Англияда өткен индустриалдық революцияның жемістерін көріп отырған ағылшын капиталы кедергі жасады. Англия Францияға қарсы әртүрлі мемлекеттер коалициясын құра отырып күресуге тырысып бақты. Ол көбінесе Австрия мен Ресейді өзіне тарта отырып Франциямен арпалысты. Континентте жүріп жатқан соғыстарды қаржыландыруға ақша салып отырды.

Наполеон Англияны континенттен ығыстыру үшін континенталдық блокада жөнінде  декретке қол қойды. Осы кезден бастап Франция және оның барлық жақтастары Англиямен сауда қарым-қатынастарын тоқтатты. Еуропа Англия өнеркәсібі шығаратын тауарлардың негізгі тұтынушы нарығы болатын. Бұл континенталдық блокада ағылшын экономикасына қатты соққы болып тиді: бір жылдан соң жүн, тоқыма өнеркәсібінің дағдарысы басталды да арты фунт стерлингтің құнсыздануына ұласты. Бірақ бұл континенталдық блокаданың зардабы континенттік мемлекеттерге де соққы болып тиді. Француз өнеркәсібі еуропалық нарықта Англияны толық алмастыра алмады. Ағылшын колонияларымен байланысы бар француздық порт қалалары Ла-Рошель, Марсель және басқаларында жағдай нашарлап кетті. Халық бұрыннан тұтынып келе жатқан колониалдық тауарлардың (кофе, қант, шай …) жеткіліксіздігінен зардап шекті.

2.5 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі

1805—1807   жылдардағы   француз   әскерлерінің   жеңістері.

Еуропадағы соғыс күннен-күнге  күшейе түсті. Францияның негізгі жаулары  Англия, Австрия, Ресей болды. Ағылшын  үкіметі өзінің одақтастарын қаржымен қамтамасыз етуге, Францияда шпиондық әрекет жасауға орасан көп ақша жұмсады.

1805 жылдың күзінде Наполеон Булоньға, Ла Манш жағалауының басқа  да пункттеріне аса зор десанттық  операция жасау үшін 2300 кеме жинады.

Өнер тапқыштар оған көптеген ауа  шарларын жасауды. Англияға қарай соғатын қатты желді күтіп, сол жел соққан кезде аэростаттар жіберуді ұсынды. Сондай-ақ императорға қол двигателі бар, бір кісі жүргізетін толып жатқан кішкентай сүңгуір қайықтар жасайық деген ұсыныстар енгізілді.

Әзірлік қызу жүріп жатты. Англияға зор қауіп төнді.

Франция әскерлеріне көмектесу  үшін Жерорта теңізінен аса үлкен  француз эскадрасы жіберілді. Бұл  эскадра Гибралтардан өтіп, Атлант мұхитынан жүзіп шыққаннан кейін, Испания жағалауына жақын жерде, Трафальгар мүйісінде, адмирал Нельсон бастаған ағылшын флотына кездесті (1805 жылғы 21 октябрь). Атақты адмирал Нельсон 40 жерден жараланған еді; оның бір қолы мен бір көзі жоқ болатын. Трафальгардағы шайқас Нельсонның 140-шы және ең соңғы шайқасы болды. Нельсон бұл ұрыста қаза тапты, бірақ француз флоты жан түршігерлік жеңіліске ұшырады.

Қорытынды

 «Тарихқа көз жүгіртсек, XVII ғасырдың  басында Еуропада Отыз жылдық  соғысқа дейін және осы соғыстың  кезінде бас-көз жоқ соғыс қимылдары  ұдайы орын алып отырған. Бұл  кезең ішінде үздіксіз соғыс пен қақтығыстар лаңына Еуропаның барлық мемлекеттері түгел дерлік тікелей немесе жанама түрде тартылып отырған. Бір-бірімен соғысушы мемлекеттердің күш-қуаттарының әбден сарқылғандығы сондай, қырқысушы жақтардың қай-қайсысы үшін де мұндай соғысты одан әрі жалғастыру түкке тұрғысыз және барып тұрған апаттың өзі болатын. Сөйтіп 1648 жылы Отыз жылдық соғыстың Вестфаль бітімі дегенмен аяқталуы тұңғыш рет халықаралық қатынастар жүйесінің жаңаша халықаралық-құқықтық нысанын қалыптастырып пішіндеді. Вестфаль бітіміне қол қою арқылы халықаралық қатынастарды белгілі дәрежеде реттеуге қол жеткізілді, сол кез үшін мүлде ұлттық мүдде, мемлекеттік егемендік деген сияқты жаңа ұғымдар пайда болды. Сол сездегі заман үшін өте прогрессивті мәні бар Вестфаль халықаралық қатынастар жүйесі шын мәніндегі халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тұңғыш халықаралық-құқықтық жүйе болды. Бейбітшіліктің бұл жаңа жүйесі халықаралық аренада мемлекеттің орнын дәл анықтауға жол ашып, олардың өзара қарым-қатынасында жүйелілік болуына негіз жасады. Сол кезеңнің төл мұрасы әрі бейбіт өмір құрылысының жаңа қағидасы күні бүгінге дейін сезіледі дүние жүзі сол уақыттан қазіргі шаққа дейін Вестфаль бітімі айқындаған жағдайдан туындаған халықаралық-құқықтық жүйе заңдарымен өмір сүріп келеді.

Вестфаль бітімінен кейін қалыптасқан геосаяси құрылым Еуропаға елеулі қақтығыссыз Ұлы Француз революциясына дейін өмір сүруге мүмкіндік берді. Нақты мысал болатын бір жай, аз болсын яки көп болсын, осы бейбіт кезеңде Еуропада аймақтық қауіпсіздіктің толыққанды жүйесі орнады.

Бұл жағдай тарих аренасына "қажымас  корсикандықтың" қарасы жедел шарықтап шыққанға дейін созылды, ал оның өзімшілдік ындыны Еуропа мен әлемде қалыптасқан  шекаралар мен халықаралық құқықтық нормаларды тәрк еткен еді. Наполеонның  тақтан тайдырылуы және француз империясының күйреуі заңды түрде 1815 жылы Вена конгресінде бекітілген жаңа геосаяси құрылымның тарихи негізін салды. Вена әлемдік тәртібі Ресей империясының әскери қуатымен және басқа да  Пруссия, Австрия, Ұлыбритания сияқты жеңімпаз елдердің қолдауымен дәйектеліп, халықаралық форум Қасиетті Альянс шешімімен бекітілді. Жаңа әлемнің қатері бонапартшыл реваншизм деп жарияланды»8.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ришелье. Оливер Кромвель. Наполеон I. Князь Бисмарк: Биографические очерки. — М.: Республика, 1994.

2. Манфред А. 3., Наполеон Бонапарт, М., 1971;

3.  Стендаль Наполеон, М., 1963.

4. Тарле Е. В., Наполеон. Соч. т. 7, М., 1959;

5. Левицкий Н. А., Полководческое  искусство Наполеона, М., 1938.

6. Толстой Л.Н., Война и мир. В 4-х томах. М., 1972. (қазақша аудармасы Л.Н. Толстой  «Соғыс және бейбітшілік» Алматы, 1963-1967жж.)

7. Назарбаев Н.Ә., Сындарлы  он жыл. Алматы, Атамұра, 2001 жыл.

 

 

1 Тарле Е. В., Наполеон. Соч. т. 7, М., 1959; Манфред А. 3., Наполеон Бонапарт, М., 1971; Левицкий Н. А., Полководческое искусство Наполеона, М., 1938. Стендаль Наполеон, М., 1963.

2 Л.Н. Толстой Война и мир. В 4-х томах. М., 1972. (қазақша аудармасы Л.Н. Толстой  «Соғыс және бейбітшілік» Алматы, 1963-1967жж.)

3 Манфред А. 3., Наполеон Бонапарт, М., 1971, 78 б.

4 Левицкий Н. А., Полководческое искусство Наполеона, М., 1938. 55 б.

5 Стендаль Наполеон, М., 1963., 88 б.

6 Тарле Е. В., Наполеон. Соч. т. 7, М., 1959, 91 б.

7 Ришелье. Оливер Кромвель. Наполеон I. Князь Бисмарк: Биографические очерки. — М.: Республика, 1994, 55 б.

8 Н.Ә. Назарбаев Сындарлы он жыл. Алматы, Атамұра, 2001 жыл. 89 б.




Информация о работе Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарт