Мемлекетпен құқықтын пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 11:56, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр. Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

АҒРЫС ИГП курстық жұмысы2014-2015.docx

— 65.60 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады. 
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып жатады. 
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз. 
Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекітуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар болды. Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып кетуі керек болды. 
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан «шығыстық» нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық, сұлтанат) еді. Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік, рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады. Сондықтан да мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу өте маңызды.

Зерттеу пәні: мемлекет пен құқықтың даму процесі

Зерттеу мақсаты: Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу

Зерттеу нысаны: мемлекет пен құқықтың пайда болуын қарастыру 
Зерттеу міндеттері: алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттарына шолу жасау, әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктерін қарастыру және қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілерін қарастыру. Курстық жұмыстың құрылысы: бұл курстық жұмыс кіріспе бөлімнен және де мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы сипаттамасына бағытталған бірінші бөлімнен, Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуына бағытталған екінші бөлімнен, кейін қорытынды бөліммен қолданылған әдебиеттер тізімінен тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бөлім Мемлекеттің пайда  болуын қарастыратын негізгі  теориялар

 

1.1 Мемлекеттің пайда болуын  қарастыратын негізгі теориялар 

   Мемлекеттің пайда  болуы қоғамның ішкі дамуымен  тығыз байланыстағы құбылыс болғандықтан, ондағы заң, философия және саясаттану  ғылымдарының өмір сүру барысында  әр түрлі теориялар пайда болған. Сонда да болса мемлекет пен  құқық табиғатын, олардың пайда  болу себептері мен бастаулары  туралы тартыстар әлі де болса  жалғасын табуда. Осы сұрақтар  төңірегінде адамдар ерте кезден  бастап ойлана бастаған. Осындай  теориялардың көптігін олардың  ізін салушылардың өмір сүрген  тарихи жағдайларының ерекшелігімен  және өздерінің ұстанған идеологиялық  және философиялық бағыттарының  әр түрлілігімен түсіндіруге  болады.

Мемлекет  деген - күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы бір-біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әртүрлі плюралистік мағынада түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан. Мемлекет  пен құқықтың шығуы туралы түрлі  теориялар осы құбылыстардын пайда болуын түрліше түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болды. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жадай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай, үстем таптың игілігіне көздеп, мүддесін корғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол саны жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін корғайды. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория ежелгі замандарда пайда болған. Ежелгі Египет пен Вавилонияда мемлекеттің пайда болуының басты идеалары қалыптаса бастаған. Бұл уақыттағы теологиялық теорияның ең мықты және нақты позициялары феодализмнің орнығу және даму кезеңін қамтиды. Бұл теория мемлекеттің пайда болуын жаратушының әмірімен болатын құбылыс деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Ф.Аквинский, Ж.Маритен, Жозеф де Местр, Дабен, О.Бисмарк. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидаларға негізделіп құрылып, қызмет атқарады. Бұл қағидаларға сүйене отырып діни теориктер мемлекет пен құқық құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді.

Патриархалдық теория. (Платон, Аристотель, Р.Фильмер, Н.Михайловский, Шоқан Уәлиханов, Борнганк, Вольтман). Бұл теорияның мәні бойынша мемлекет отбасының өсіп-дамуынан ұлғайтып біртіндеп мемлекетке айналады, ал монархтың билігі әке билігінің жалғасы болып табылады. Мысалы, Аристотельдің түсінігі бойынша мемлекет бірнеше отбасы қыстақтарынан құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің жалғасы болып табылды. Негізінде мұндай тұжырым ғылымның жетістіктеріне сәйкес келмейді. Тарихта дәлелденгендей отбасы жеке меншікті одан әрі қарай нығайту үшін мемлекетпен бірге пайда болып, алғашқы қауымдық құрылысты ыдыратуына ықпалын тигізеді.

Патроманальдық теория (латынның - мұрагерлікке қалған жер, меншік деген түсінігін береді). Швейцарлық К.Галлердің түсінігі бойынша мемлекет меншік иесінің  жерге  иелену құқынан  пайда болады. Жерге ие болған меншік иесінің билігі сол аумақта өмір сүрген адамдардың бәріне жүреді. Халық жерді  меншік иесінен мердігерлікке ғана алады. К.Галлер XIX  ғасырда Еуропаның кейбір мемлекеттеріндегі  феодалдардың жерге деген меншігінің саяси билікпен ұласқандығын алға тартады.

Күштеу (зорлау) теориясы - XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е..Дюринг т.б. мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күшпен, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындарып, бакылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсіндіреді. Озбырлық теориясына баға бере келіп, озбырлық, мәжбүрлеу мемлекеттің пайда болуы үрдістеріне қатысқанымен, аталған теорияда олардың абсолюттендіріліп, шектен тыс өсіңкіреп кеткендігін айта кету керек. Ал бұл, шындыққа жанаспайды.

Шарт теориясының негізін қалаушылыр Б.Спиноза, Д. Локк, Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо, Д. Дидро, Ш.Л. Монтескье, П.А. Гольбах, А. Радищев. Бұл теория ХҮІІ-ХVIII ғасырларда феодалдық мемлекеттік-құқықтык институттар мен жүйеге қарсы күрес кезеңінде қалыптасып дами келе көптеген елдерде кеңінен тарады. Теорияның тұжырымы бойынша адамдар ерте кезде қақтығыстар мен шиеленістерден көздерін ашпаған. Оларды болдырмай, өздерін сақтап қалу мақсатында саналы, әділетті түрде басқару үшін адамдар бір-бірімен шарт жасап, билікті өздері қалаған адамдарына берген. Келісім шарттық теория мемлекет пен құқықтың шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім - шартпен байланыстырады.

Психологиялық теория - XIX ғасырда дамыған, оны уағыздағандар: Фрезер, Г.Тард, Р. Пампериен, Л.Петражицкий, З.Фрейд, М.Ковалевский, Н.Коркунов. Аталмыш теорияны жақтаушылар мемлекет пен жалпы билік жүргізуді адамдардың ерекше психикалық қабілеттерімен байланыстарып карайды. Олардың пікірінше, билік жүргізетін адам ерекше сыйқырлы күшпен психикалық энергияға ие. Алғашқы адамдар ру көсемдері мен бақсыларға сенімдік білдіріп, табынған болса, мемлекеттік билік тұлғалары алдында да адамдар өздерінің бағыныш қылығын танытады, бағынуға құлшыныс білдіреді. Бағындыру,бағындырушының ерекше психикалық қабілеттеріне байланысты. Мемлекеттік билік осы жолмен қалыптасады.

Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. IV -ҮІ ғ.). бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты, өкілдері: А.Шеффле, Р.Вормс, Д.Фортескью, Г.Спенсер. Теорияның мазмұны мемлекетті біртұтас организмге теңейді. Кайсыбір тірі организмнің қалыптасуын Г.Спенсер эволюциялық дамудың жемісі ретінде бағалайды. Ағзада әр түрлі функциялар атқаратын жасушалар мен органдар болады. Олардың барлығы біртұтастықты құрап, тіршілік етуді қамтамасыз етеді.

Инцесттік теория (К.Леви-Стросс). Тұңғыш рет бұл теорияны француздың зерттеушісі К.Леви-Стросс ашылған ғылыми жаңалық ретіңде ұсынды. Бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуы адамдардың алғашқы қауымдық құрылыс кезінен қалыптасқан эндогамия орнына экзогамиялық табудың енуі қоғамда мемлекеттің нышандарын калыптастырады. Оның ойынша ру ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу адамзаттың жабайылықтан жоғарғы сатыға көтерілуіне мүмкіндіктер жасады. Қан араласудан сақгады, соның нәтижесінде салауатты, ақылды адамдар өмірге келді, басқа ру, тайпалармен қатынас жасап, айырбас жасауларына, тіпті соғысуға жол ашады. Қатынастар күрделене түскен сайын басқару қажеттігі туды.Ал  қазіргі генетика ғылымы және медицина қандас туыстар арасында неке қиюдың нәтижесінде сәбидің жалпы денсаулығы, ой-өрісімен дене бітімінің кемтар, әлсіз, дәрмені жоқ болып қалыптасатынын дәлелдеп отыр. Кейбір зерттеулердің нәтижесіне көз салсақ, қандас адамдардың бір-бірімен некеге тұруы тұкым қуалайтын аурудың - жүз есе ұлғайтуына себепкер болатынын аңғартады».

Бірақ, экзогамиялық табу мемлекеттің шығуына  тікелей себепші бола алмайды Ол қоғамның жалпы моральдық деңгейінің, ар-ожданының биік сатыға көтергенін айқындайды. Ал мемлекеттің шығуы негізінде өндірістік экономиканың пайда болуымен тікелей байланыста.

Табиғи  құқықтық теория - ХҮІІ-ХҮШ ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радишев т,б, Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму үрдісінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталады. Сондықтан, қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

Ирригациялық (гидравликалық)  теорияның пайда болуы шығыс елдерінің ежелгі тарихын зерттеумен тікелей байланысты. Оны уағыздаушы К.Виттфогель тұңғыш рет өткен ғасырдың соңында жазған «Шығыс деспотизмі: тотальдық билікті салыстырмалық зерттеу» деген еңбегінде осы теорияны ұсынды. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекеттің пайда болуы үлкен өзендердің суларын пайдаланудан жөне оны игеруден туындайды.

Дифузиялық теория (Гребнер). Бұл теория мемлекеттің пайда болуын, қалыптасуын халықтардың бір-бірімен жасаған қарым-қатынастарынан болатын құбылыс ретінде бағаланады. Соның тікелей әсерінен бір халық басқа халықтың тәжірибесін алады, басқарудың жетістіктерін өз орталарына енгізеді. Гребнер теориясының негізінде кезінде П.Сорокин, Д.Гэлбрейт, О.Флейтхейм сияқты зерттеушілер ұсынған «Конвергенция теориясы» бар. Адамдар мен халықтардың бір-бірімен жасаған байланыстары мемлекетті қалыптастырмайды, тек озық тәжірибелері мен басқарудың тиімді әдістерін ғана еңгізеді.

Нәсілдік  теория. Өкілдері: Шыңғыс хан, Наполеон, Ф.Ницше, А.Гитлер, Ж.Габино. Бұл теорияның концепцуальдық мазмұны бойынша күшті мемлекет құру тек жоғарғы нәсілдерге ғана тән қасиет. Олар ғана басқа төменгі (екінші, үшінші сорттағы) нәсілдермен ұлттарға билік жүргізуге құқылы. Жаратылысынан төменгі санатта тұрған этнос өкілдері жоғарғы нәсілдер ұйымдастырған, құрған мемлекеттік билікке тырп етпей бағынулары тиіс және олар орнаткан тәртіп бәріне міндетті.

Материалистік теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның карама - қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде - мақсатты корғауы.

Таптық  теория мемлекет қоғамның экономикалық дамуының объективтік үрдістері  әрекеттерінің нәтижесі деп есептейді. Бұл теорияны негіздеген теоретиктер К.Маркс (1818-1883 жж), Ф.Энгельс (1820-1895жж) М. Морган (1818-1881жж) болды. Олар мемлекеттің пайда болуын таптардың,бай, кедейлердің пайда болуымен тікелей байланыстырады. Мемлекет таптар шиеленістері өршігеңде қаналушы тапты басып-жаншуға арналған машина ретінде ғана бағаланады.   Диалектикалық теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен - өндіріс  қаржысына жеке меншіктің пайда  болуымен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың  теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың  ымырасыздығымен түсіндіреді. Экономикада шешуші позицияда отырған тап, өзінің экономикалық билігін сақтап қалуға тырысады. Осы мақсатпен ол саяси билікті қолға алып, соның көмегімен өзінің еркін бүкіл қоғамға таңады. Сөйтіп ол қоғамда өзінің диктатурасын, яғни саяси билігін орнатады. Бұл көзқарас Ф.Энгельстің "Жанұяның, жеке меншігі және мемлекеттің пайда болуы"  деген   еңбегінде  және   В.И.Лениннің  "Мемлекет  туралы"  деген лекциясында кең түрде негізделеді. Оларда, сондай-ақ К.Маркстің кейбір еңбектерінде мемлекеттің пайда болуынын күрделі үрдісінің көптеген сипаттары дұрыс көрсетілген [8,390бет].

Информация о работе Мемлекетпен құқықтын пайда болуы