Мемлекет нысанының түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 14:33, реферат

Краткое описание

Басқару субъектілері қызметінің мазмұны, олардың нақты әрекеттері-басқару қызметінің нысаны, яғни оның іс жүзіндегі көрінісі болып табылады. Бұл әрекеттер бәрінен бұрын басқарудың нормативтік актілерін шығару ретінде көрінеді. Заңдардың қоғам өмірінің барлық саласын қамту мүмкін емес. Заң талаптарын өмірде қолдану барысында олардың қабылдану шарттарын, жағдайларын ескере отырып нақтылау қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару нысандарына басқару субъектілерінің мінез-құлық ережелерін реттейтін жалпы нормаларды басып шығару құқығы берілген.

Содержание

1.Мемлекет нысанының түсінігі.
2 Басқару нысаны: түсінігі, түрлері мен мазмұны 2.1 Монархия 2.2 Республика 3 Мемлекет құрылымының нысаны 3.1 Унитарлық мемлекеттер 3.2 Федеративтік мемлекеттер 3.3 Конфедеративтік мемлекеттер 4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны 4.1 Демократиялық саяси режим

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық срс.doc

— 111.00 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

1.Мемлекет нысанының түсінігі.       

2 Басқару нысаны: түсінігі, түрлері мен мазмұны             2.1 Монархия                         2.2 Республика                      3 Мемлекет құрылымының нысаны                3.1 Унитарлық мемлекеттер                    3.2 Федеративтік мемлекеттер                 3.3 Конфедеративтік мемлекеттер                  4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны               4.1 Демократиялық саяси режим                                                                                                                                                                                                                                        

Басқару субъектілері  қызметінің мазмұны, олардың нақты  әрекеттері-басқару қызметінің нысаны, яғни оның іс жүзіндегі көрінісі болып табылады. Бұл әрекеттер бәрінен бұрын басқарудың нормативтік актілерін шығару ретінде көрінеді. Заңдардың қоғам өмірінің барлық саласын қамту мүмкін емес. Заң талаптарын өмірде қолдану барысында олардың қабылдану шарттарын, жағдайларын ескере отырып нақтылау қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару нысандарына басқару субъектілерінің мінез-құлық ережелерін реттейтін жалпы нормаларды басып шығару құқығы берілген.   Басқару қызметі көптеген ағымдағы мәселелерді шешуге  көмектесетін басқарудың нормативтік емес актілерін, нақты бұйрықтар ретіндегі жекеше сипаттағы актілерді шығару арқылы да көріну мүмкін. Мұндай актілер әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне ықпал жасайтын заңды фактілер ретінде пайда болады. Мысалы, лауазымды орынға нақты бір тұлғаны тағайындау немесе мәжбүр ететін ықпалды  шараларды жүзеге асыру, жаза қолдану және т.б. Бұл әрекеттер басқару қызметінің құқықтық нысандар ден аталады. Мемлекеттік басқару дегеніміз-Негізгі заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады.             Осы міндеттермен қызмет сипатынан Конституцияда баянды етілген  мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері туындайды. Оларға басқаруға жұртшылықтың қатысуы, ұлттардың тең құқықтығы, заңдылық жатады.                                                  Жұртшылықтың басқаруға қатысуы принципінің мәні мынада: мемлекеттік басқару қызметі басқаруға қоғамның жеке азаматтардың кеңінен қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Негізгі Заң халықтың мемлекеттік басқаруға кеңінен қатысуының жаңа, одан да мол мүмкіндіктерін  ашып берді. Онда мемлекеттік және қоғамдық істерге қатысуға тек қана кәсіподақтарға, еңбек ұжымдарына ғана емес, жекелеген азаматтарға да кепілдіктер берілген. Мәселен, 33-бапта «Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға ... құқығы бар» деп көрсетілген.                              Мемлекеттік басқарудың маңызды принциптері мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы  болып табылады.  Атап айтқанда, олар аса  маңызды мәселелер бойынша Үкіметтің, министірліктердің қызметіне қатыса алады.  Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңғы сәйкес актілерді қатаң да д орындаудан тұратынмаңызды принципі заңдылық болып табылады. Бұл сондай-ақ аталған органдардың тек заңға сәйкес және заңдарды орындау үшін өздеріне берілген құқықтар шеңберінде ғана актілер қабылдап кеңсешілікпен жершілдіктің кез келген  көрінісімен  күресуге тиіс екенін білдіреді. Бұл жағдайда бірлестіктер мен кәсіпорындардың шаруашылық қызметінде әкімгершілікке, болмашы қамқорсуға және жөнсіз, қисынсыз тәртіп орнатушылыққа жол берілмеуге тиіс.          Мемлекеттік қызмет-азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырылатын және мемлекеттік  басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзгеде міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет. Мұндай қызметтің сапасы тұтастай басқару аппаратында істейтін қызметтерге байланысты. Қызметкерлердің алдарында тұрған міндеттерін ойдағыдай орындалуына  мемлекеттік қызметтің өзәндәк принциптері қызмет береді. Атап айтқында, қызмет аппаратының барлық қызметкерлері мемлекет қызметінің мүддесі үшін әрекет етеді, олар аппаратты  лайықты кадрлармен қамтамасыз ету үшін ауыстырып тұруға жағдай жасайтын ауыспалы  жұмыстарда болады. Барлық қызметшілер мемлекеттік аппаратта кез келген лауазымға ие болуда тең құқықтарды пайдаланады. Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің  құқықтарын шектеуга жол берілмейді, олар азаматтардың барлық демократиялық құқықтарын және бостандықтарын пайдаланады.        Негізгі Заңда бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілеріміздің міндеттерінің аса жауапты екендігі көрініс тапқан. Онда 33-бапта Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа койылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады жіне заңмен белгіленеді деген қағидалар орнатылған. 1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң бойынша мемлекеттік қызметшілер-мемлекеттік саяси қызметшілер  және мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып бөлінеді. Негізінен мемлекеттік саяси қызметшілер жоғары лауазымды адамдарға қатысты және көбінесе сайланбалы қызметтерге тән болады, ал мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тағайындау арқылы қызмет өткеретін қызметшілерге қатысты. Жалпы алғанда мемлекеттік қызметшілер: басшылар, мамандар және техникалық орындаушылар азаматтарының құқықтары мен бостандықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі, мемлекеттің және оның орындарының беделіне қолдау көрсетуі тиіс.    Мемлекеттік қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттеріне денсаулығын сақтау , дем алу, еңбек ету құқықтары, сондай-ақ Конституция талаптарынан туындайтын, азаматтардың құқықтарымен және міндеттерімен үйлесетін заңдылықты сақтау, еңбек тәртібін сақтау, басқа да міндеттерді адал орындау және т.б. мәндеттер жатады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші басқа да:өзінің кәсіптік білімін және басқару мәдениетін және т.б. ұдайы көтеру сияқты жалпы құқықтар мен міндеттерге ие.        Арнаулы құқықтар мен міндеттерге адамның лауазымына, жұмыс орнына қоғамдық өмірдің нақты саласына байланысты болады. Мысалы, жоғарғы оқу орындары ректорларының, проректорларының, басқада лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері тиісті нормативтік актілерде баянды етілген. Әскери қызметін өткеріп жүрген әскер  қызметшілердің құқықтары мен міндеттері әскер  жарғыларда да, басқа нормативтік актілерде де көрсетілген.      Қызмет актілерін адал атқармағаны үшін, заңдылығ пен тәртіпті бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметшілер заңдық жауапкершіліктің тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық шараларына тартылуы мүмкін. Оларды тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту негіздері мен тәртібі ұйымдарда жеке еңбек шарты бойынша міндеттерін орындап жүрген жұмысшыларындікіндей. Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал негізінде мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан, мемлекеттің әрбір нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің  біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі – Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.      Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынасы қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика болып екі түрге бөлінеді.

2 Басқару нысаны                   Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі түрлері болып монархия (гректің monarchia - өзі билейді) мен республика (res – іс, publicus – қоғамдық, жалпыхалықтық) болып табылады. Билік үшінші, заңсыз жолмен келген адамдар тобының қолына тигенде диктатура орнайды. Мемлекет егеменді болғандықтан жоғары мемлекеттік билік органдарының құрылымын, оның қызмет істеу тәртібін анықтайтын басқару тұрпатын құрады. «Қазақстан Республикасының Конституциясында республикалық басқару тұрпаты баянды етілген. Оның негізгі анықтаушы белгісі – мемлекет басының сайланып қойылатындығы және алмастырылғандығы. Бұл – республикалық басқару тұрпатын монархиядан айыратын белгі.»

2.1 Монархия                    Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін (монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі). Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі. Сондықтан оның билігі – мұрагерлік билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). «Монархияның озбырлық жолымен де көшуі мүмкін: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Вильгельм Оранский, Англияда даңқты революция арқылы монархия түпкілікті патшаның орнағаны белгілі.» Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық режимдерде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атымен шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі – Елизавета ІІ мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып, ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан «Король Англияға керек пе?» деп сұрастырғанда, 66 проценті монархия да, король де сақталсын деп жауап берді.

Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген (абсолюттік) деп аталады, ал жоғарғы  билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген (конституциялық) деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) және парламентарлық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресей де (Романовтар династиясы басқарған шақта) болатын. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, ХVІІІ ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер әулеті басқарып келген Франция мемлекеттеріндегі басқару формалары осы абсолюттік монархияға мысал бола алады.  Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Шексіз монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия – Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайлармен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған. Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик ХІV, Петр І, Екатерина ІІ, Елизавета І, Фридрих ІІ, Үдемі Сүлейман монархиялары жатады. «Людовик ХІV мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның «мемлекет деген мен» сөзі бүкіл Европаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді.» Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман). Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі белгілі бір органмен немесе заңмен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония және т.б. елдерде сақталған. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын – критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды. Орта ғасырларда Европа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік монархиялар пайда болды. Европа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда – буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органдарды құрайтын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды. Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік (өкілдік) және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент -  буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король - феодалдардың. Бірақ, тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды.                          Парламенттік монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламенті тарата алады.         Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль деген (1689 ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Европа мемлекетінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх – мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет корольдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. «1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористтерден жеңіліп 18 жыл Англияда басқарғаннан кейін оппозицияға кетті.» Парламент корольдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх – мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары, тірі халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партияларда бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атымен мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.     Монархияда мемлекет басшысының мұрагерлік мәртебесі болады. Формалды тұрғыдан қарасақ, басқару тұрпатының мемлекеттік құрылысқа шешуші әсер етпейтінін байқаймыз. Мысалы, «монархиялық Жапония немесе Ұлыбритания әлдеқашаннан демократиялық, құқықтық мемлекет бола алмады. Патшалық Ресей демократиялық та, құқықтық та мемлекет болмаған еді.» Ал Франция Республикасында бұрыннан демократиялық басқарудан республикалық басқару тұрпаты демократиялық, құқықтық мемлекеттің мазмұнына көбірек сәйкес келеді.                   2.2 Республика          Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика. Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуір мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды.   Республиканың ең бірінші түрі – Греция, Афина республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Сонымен, әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатысқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін, заң шығарады. Басқа органдар 500 жүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді. Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға азаматтардың бәрі емес, тек қана ақсүйектері жіберілді. Демократия республикалық басқару тұрпатына іштей жақын. Егер барлық азаматтарға шынайы тең еркіндік беріліп, қамтамасыз етілсе, демократия республикалық басқару тұрпатын халықтың игілігіне қызмет істеуге бағыттайды. Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, көбіне ол республика-қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция).       4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны       Мемлекеттік нысанның соңғы элементі – саяси режим. Бұл режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші – саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.Саяси режим деп мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер, саяси билік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.Саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады. Ол орасан зор үйлестіру және жинақтау қызметін атқарады. Жалпы қоғамның және оның әлеуметтік топтары мен жеке адамдарының өміршең, тұрақты дамуы саяси жүйенің қаншалықты орнықты, жақсы жұмыс істеуіне байланысты. Саяси режим демократиялық және демокарияға қарсы режимдерге бөлінеді. Саяси режимнің мынадай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формалды-демократиялық, либералды-демократяилық, патерналистік, бонапаристік, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері.Саяси режим – мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі. Мемлекеттік билікті демократиялық жолмен жүзеге асырса, оны демократиялық режим деп атайды. Егер де мемлекеттік билік халыққа, оның мүддесіне үйлестірілмей, керісінше халықты басым көпшілігіне қарсы ұйымдастырылып жүргізілсе, оны демократияға қарсы режим деп атайды.

4.1 Демократиялық саяси режим            Демократия – халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы. Демокаритялы қоғамда азаматтарға шынайы құқықтар мен еркіндіктер, мемлекеттік мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктері беріледі. Демократияның мәні мен маңызды нышаны – тұлғаға еркін құқық беру, адамның жеке басын қадірлеу болып табылады. Демократия әр елде әр түрлі деңгейде қабылданған тетіктер арқылы қоғамның өзгелермен терезесі тең мүшесі болып, өз тұрғысын білдіру, өз дауысын естірту мүмкіндігін алған адамның мемлекетті басқаруға қатысу құқығы. Демократия нәсіліне, жынысына, тіліне, ұстанатын дініне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайларына, көзқарастарына қарамастан, барлық азаматтардың теңдігін қалайды. Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепіл беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.

Демократиялық режимнің белгілері:       

1)Халық мемлекеттік  билікті жүзеге асыруға тікелей  (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;      2)Шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;  3)Мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;           4)Сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;  5)Қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;   6) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;        7)Саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялық;    8)Биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.       «Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолдаған режим. Бірақ демократияның даму жолы өте ұзын, сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия), демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, Оңтүстік Корея), демократия формалдық түрінде енгізілген (СССР, ГДР) мемлекеттер де бар.» Сонымен қатар демократиялық режим мынадай ерекшеліктермен сипатталады:      1) Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса, да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалар болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, ондай сайлау жарыс арқылы өтпегені. Жүйелі түрде деп сайлаудың белгілі бір мерзімде өткізілуін айтады.          2) Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияның қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз. Мысалы, Латын Америкасында сайлау жиі болып тұрады, бірақ содан кейін көп ұзамай әскери төңкеріс жасалып, билік басына басқа біреу келіп отырып алады. Бұл дұрыс емес. Себебі өкімет басына сайлау арқылы келу керек.            3) Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғағанда ғана демократиялы бола алады.  «Конституциялық және негізгі салалық заңдардың бәрі көпшіліктің талқылауынан кейін ғана қабылданады. Халық өзінің еркін осылай - өзі қабылдаған заңдар арқылы білдіреді.» Демократиялық кемшілігі оны жүзеге асыру үрдісіне байқалмайды. Мысалы, «демократиялы сайлауда әр адам бір дауысқа ие және ол дауыстар тең». Тереңірек үңіліп қарағанда, осы еркіндік пен теңдік идеалының кемшілігі бар екенін аңғару қиын емес. Кейбір азаматтар өздерінің еркіндіктерін өз қоғамында демократиялық ұстанымдар орнату игілігіне пайдалана алмайды.

  4.2 Антидемократиялық  (демократияға қарсы) саяси режим

Демократия  болмаған елде өзге демократиялық емес режимдер орнайды.  Халық басқару  процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын режим осы  түрлерге жатады. (Фашистік режим – Болгария, Германия, Жапония, Италия). Халықтың саяси құқықтары шектеледі, жалғыз партия мемлекеттік аппаратты басқарады және онымен біртұтас болады, әскер басқа құқық қорғау органдары күшейеді, мемлекеттің экономикасы және сыртқы саясаты соғыспен байланысты болады. Әскери режим (Чили, Португалия) мемлекеттік төңкеріс өткеннен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп әскер мемлекеттің негізгі функциясын басып алады. Расистік режим осы әдістердің бәрін тек қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы қолданады. «Феодалдық мемлекеттерінің көбіне шіркеудің күшті режимі құрылады. Шіркеу мемлекетпен қатар күшті рөл атқарады, ол монархтың таққа отырғанына қатысады, мемлекеттік Кеңесте өзінің жеке орындарына ие болады, оған қарсы істелген қылмыстарды өзі өте қатты жазалайды. Бұл Араб халифатының, Еуропа феодалдық мемлекеттердің саяси режимдері.» Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:     1)Бір саяси партияның үстемдігі:        2)Бір ресми идеологияның болуы                           3)Бір меншік түрінің болуы;        4)Саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару                                          5)Қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі; 6)Халықтың төмен экономикалық деңгейі;    7)Мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;    8)Сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы әрекеттер және т.б. Антидемократиялық режимнің бірнеше түрлері болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Бірақ оларды аса көрнекті екі үлкен топқа бөлуге болады: тоталитарлық және авторитарлық режимдер.Тоталитарлық (латынның totalitas - бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) режим деп қоғам өмірінің барлық аяларына бақылау жасайтын, демократиялық ұйымдарға тыйым салатын, конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді аяққа таптап, прогресшіл күштерге қарсы қуғын-сүргін жүргізетін мемлекеттік басқару формасы. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды. Тоталитарлық билік иелері халық бақылауынан тыс болады, бұқараның алдында жауап бермейді. Атқару органдары заң шығарушы органдардың алдында жауапты болмағандықтан, заң бұзушылық тұрақты құбылысқа айналады. Тоталитарлық үкімет, әдетте, өздерінің саяси жүйесінің тоталитарлық екенін мойындамайды, өзін барынша демократиялы етіп көрсетуге тырысады. Сондықтан елде заңдар қабылданып, сайлаулар өткізіліп жатады. Бірақ олардың бәрі алдын ала дайындалған сценарий бойынша жүргізілетіндіктен, билік иелерінің қалауы үнемі орындалып отырады.   Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады. Ондай қоғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Ол барлық бұқара ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылықты өз теориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өзінің әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. «Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың (немістердің) пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың христиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.»  Авторитарлық (латынның au – дан (жалғау), toritas – билік, ықпал) режим деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады. Авторитарлық жүйеде, сырттай қарағанда, заңды ұстанымдардың бәрі сақталатын сияқты болып көрінеді. Конституция қабылданып, референдумдер өткізіліп жатады. Бірақ олардың бәрі формалды өткізіледі және билеушілердің қалаған адамдарын сайлап алуына жағдай жасалады. Көппартиялық құрылымға да заң жүзінде рұқсат етіледі, бірақ билеуші партиядан басқаларға толып жатқан жасанды кедергілер адым аштырмайды. Саясаттан тыс қоғамдық бірлестіктердің жұмысы «демократияның салтанаты» ретінде насихатталады. Авторитарлық үкімет шын мәніндегі саяси оппозицияның қызметін шектеу әрекеттерін жасайды. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық режимде тәртіпте бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ырқына бейімделеді. Авторитарлық тәртіпке, мысалы, Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Иорданияны, Индонезияны, Марокко, Кувейтті, Сауд Аравиясын және т.б. жатқызуға болады. Мұндай тәртіп, әсіресе, «Латын Америкасында жиі кездеседі. Авторитарлық режимдер бір адамның билігімен байланысты болады (Тито, Сталин, Чаушеску, Кастро, Людовик ХІV, Наполеон).» Тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіппен демократиялық тәртіпке көшу әр елдерде әр түрлі өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады. Португалия, Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық, саяси және моральдық-психологиялық қолдауының, сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты. Қазір Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады. Бірақ ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт. Сол елдердің қатарына біздің Қазақстан да қосылады. Біз үшін либералдық демократияға өту қосымша қиындықтар тудырады. Себебі, бізде нарықтық экономикаға айтарлықтай қалыптаспаған. Оның үстіне, еліміздің саяси мәдениеті әлі жеткілікті дамымаған. Сондықтан демократиялық жолға түсу ұзақ та күрделі болмақ.   Мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элементтеріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим. Мемлекетті басқару нысаны, негізінен, мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасынан, олардың құрамы мен құрылу тәртібінен көрініс табады. Басқару нысаны мемлекеттік биліктің басқарылуына қарай екіге бөлінеді – монархия және республикалық мемлекеттер.Монархиялық мемлекеттерде билік мұрагерлікпен беріліп, мемлекет басшысының қолында шексіз билік шоғырланып келеді де, мемлекетте бір адамға ғана бағынушылық жағдай қалыптасады. Бірақ оның билігі парламентпен немесе конституциямен шектелуі мүмкін. Сондай-ақ кейбір мемлекетте монарх тек қана мемлекет билігінің бірлігінің нышаны ретінде ғана сақталған. Бұл мемлекеттерде монархтың қолында билік тізгіні болмайды, биліктің аз ғана үлесі шоғырланады.  Республикалық мемлекетте мемлекет басшысы тікелей немесе жанама сайлау арқылы сайланып келіп, белгілі мерзімге ғана билік басында болады. Республикалық мемлекеттердің тарихтың дамуымен әр түрлі өзгерістерге ұшырағандықтан түрлі саралануы белгілі. Оның ең көрнектілерінің бірі парламенттік республика мен президенттік республика. Оның біріншісінде президент пен парламент қатар мемлекетті билесе, екінші түрінде президент – мемлекеттік биліктің жалғыз нышаны болып табылады. Мемлекеттік құрылымның нысаны - мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Мемлекеттік құрылым территориялық бөлінісіне қарай унитарлы, федеративті және конфедеративті болады. Унитарлы мемлекет деп тұтас, бөлінбейтін мемлекеттерді айтады. Бұл мемлекеттің құрамында өзге аумақтық құрылыс бөлімшелері немесе бөліктері болмайды. Бүкіл ел аумағында бір конституция, бір азаматтық және ортақ билік бөлінісі болады.Федеративтік мемлекеттерде, керісінше, аумақтық, территориялық және ұлттық сипатына қарай аудандық бөліністері болуы мүмкін. Бұл елдің әрбір ауданында жеке конституция, жеке-жеке заң шығарушы, заң атқарушы және сот органдары болуы мүмкін. Бұл мемлекеттердің ішкі құрылысында мемлекеттер, автономиялар мен автономиялық округтар болуы мүмкін.

Информация о работе Мемлекет нысанының түсінігі