Мао Цзэдун

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 18:14, реферат

Краткое описание

Мао Цзэдун (1893-1976) - Қытай жаңа дәуірі төңкерісінің көсемі, 1930- 1970-жылдар аралығындағы ҚХР компартиясының жетекшісі. Мао Цзэдун идеяларыҚытай төңкерісі мәселелерін қайта қарастырумен байланысты болды. Мао Цзэдун жаңа дәуірдің әлемдік ауқымында Қытай төңкерісінің мәнін байыптауға тырысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мао Цзэдун.doc

— 36.00 Кб (Скачать документ)

                                               Мао Цзэдун 

 

Мао Цзэдун (1893-1976) - Қытай жаңа дәуірі төңкерісінің көсемі, 1930- 1970-жылдар аралығындағы ҚХР компартиясының жетекшісі. Мао Цзэдун идеяларыҚытай төңкерісі мәселелерін қайта қарастырумен байланысты болды. Мао Цзэдун жаңа дәуірдің әлемдік ауқымында Қытай төңкерісінің мәнін байыптауға тырысты. Ол империализм кезеңіне өткеннен кейін "әлемдік оқиғалар тығыз байланысты және енді қайтып ажырамайды" деді. Сондықтан да, "Қытай төңкерісі әлемдік төңкерістің бір бөлігі болып табылады". "Әлемдік төңкерістің" дамуы Қытай төңкерісінің жеңісінің маңызды алғышарты болады. ҚХР құрылғаннан кейін Мао Цзэдун әлемдік мәселелерге аса көңіл бөлді. Ол "қазіргі дәуір - төңкерістер мен соғыстар уақыты" деді. Солай бола тұра, ол әлемдік ауқымда FTP мәнін, дамудың негізгі үрдістерін,II дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық жаһандану ықпалын түсінбейді. Сонымен қатар әлемдік дамуға кең көзқарас танытады. Мао Цзэдун ұсынған "Үш элем" туралы теорияда "бірінші әлем" - дамыған империалистік елдер, "екінші" -Азия, Африка және Латын Америкасының дамушы елдері, "үшінші" - дамыған және дамушы елдердің ортасындағы елдер. Оның "Үш элем" туралы теориясы "империализмге қарсы бірден-бір ауқымды майданды біріктіру" саяси мақсатына қызмет еткенімен, ол қазіргі әлемнің даму жағдайлары мен ережелерін көрсетті. Мао Цзэдунды саясатта қызықтырған негізгі сұрақ - "капиталистік төңкерістің алдын алу". Қытай экономикасын қалыптастыруда Мао Цзэдун "тәуелсіздік пен дербестік, өз күшіне ғана сүйенуге" шақырды. Осы бағыт бойын-ша ұлттық экономиканың дамуы басқа елдерден тәуелді болмауы керек, тек өз күшіне сенуі қажет. Жүзеге асырылуы барысында бұл бағыт "жабық есік" саясатына ұласты. Халықаралық саудадан, айырбастан және әлеммен өзара байланыстан бас тарту, түптеп келгенде, Қытай экономикасының дамуын тежеді.

Кезінде дүниежүзілік саясаттағы ең маңызды тұлғалардың бірі болып  есептелген ол[1], Мау қазір де, қайтыс болғанынан кейін отыз жылдан астам уақыт өтсе де талас-тартыстар туғызатын тұлға болып табылады. Қытайдың өзінде ол қазірге дейін ұлы төңкерісші, Қытай Азамат соғысында Чияң Кайшиді жеңген дарынды қолбасшы және жүргізген саясаты арқылы Қытайды қуатты мемлекеттер қатарына қосқан кемеңгер саясатшы ретінде құрметтеледі. Сонымен бірге Қытайдың өзіндегі және шетелдегі сыншылар Маудың әлеуметтік-саяси жоспарларының кейбіреулерінің, мысалы Үлкен секіріс және Мәдени төңкеріс сияқтылардың Қытайдың мәдениеті, экономикасы, сыртқы қарым-қатынастарына келтірген зияны үшін және бейбітшілік кездің өзінде миллиондаған адам шығынына алып келгені үшін айыптайды.[2]

Мау Зыдоң ақын және хұснихатшы ретінде де белгілі.


Информация о работе Мао Цзэдун