Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 21:18, доклад
1940-жылы Гитлер бастаған неміс әскери басқармасы Кеңес Одағын жылдам уақытта жеңіп алу жоспарын жасады. 1941-жылы Гитлер басқармасы рейхкомиссариатқа « билеуге ыңғайлы болу үшін» әлі жеңіп алынбаған Кеңес Одағының бөлшектеп бөле бастады. «Остландия», «Московия», «Украина», «Кавказ», «Түркістан».
Ұлы Отан Соғысының басталуы
1940-жылы Гитлер бастаған неміс әскери басқармасы Кеңес Одағын жылдам уақытта жеңіп алу жоспарын жасады. 1941-жылы Гитлер басқармасы рейхкомиссариатқа « билеуге ыңғайлы болу үшін» әлі жеңіп алынбаған Кеңес Одағының бөлшектеп бөле бастады. «Остландия», «Московия», «Украина», «Кавказ», «Түркістан». Сонымен бірге неміс басқармасы «Үлкен Түркістан» колониясының жобасын дайындай бастады. Оған Орта Азия және Қазақстан, Татария,Башкирия , Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым,Синь-Цзянь, Ауғанстанның бір бөлігі мен Иранның солтүстік бөліктері кіруі керек еді. «Экономикалық тұрғыдан қарағанда бұл аудандар Ұлы Германия үшін ауқымды шикізат қоры болмақ» деп жазды Гитлер.
Гитлер Кеңес Одағына қарсы соғысқа мұқият дайындалды. Соғыс басталар алдында Германияның 190-дивизиясы 5,5млн офицерлер мен солдаттар, 3,5 мың танк, 5мың әскери самолет болса, Кеңес Одағының әскери күштері әлде қайда аз болды. 170-дивизияда 2,9млн әскери адам болды. Танк, самолет сияқты әскери қарулардың көбісі азамат соғысының барысында істен шыққан еді.
Осы жағдайда Сталин соғысты болдырмауға, ең болмаса 1 жылға кешеуілдетуге тырысты. Көптеген әдебиеттерде Сталиннің соғыс боларын біле тұра, ешбір шара қолданбағаны, соғысқа дайындық болмағаны туралы көп айтылады. Әйтсе де,Сталиннің соғыс қарсаңында да, соғыс кезіндегі де стратегиясы мен тактикасы Сталинді мықты қолбасшы ретінде көрсетеді.
Сонымен 1941-жылдың 22-маусым айында таңғы сағат 4-те Германия шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзып ,соғыс жарияламастан Кеңес Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруда, бүкіл экономика мен Кеңес халқының күш жігерін майдан мүддесіне,жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. 30-маусымда Сталин басқарған мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды.Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға дайын екендіктерін білдірді. Қызыл Армия қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып,майданға аттануға тілек білдірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Кеңес Одағының халқы бір адамдай жұмыла елді жаудан қорғауға аттана бастады. Тек қана 1-шілдеге қарай Кеңес Одағының қарулы күшткрінің құрамындағы адам саны 5,3 млн-ға жетті.
Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл Оңтүстік Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И.В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238,310,314,387 және391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, 3 бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жйырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды.
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.
Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940
жылдың орта кезеңінде – ақ
Гитлер командованиесі Кеңес
Одағына басып кірудің «
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, — деді Гитлер өз сыбайластарына, — алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Республика экономикасы мен өмірінің соғыс қажетіне көшірілуі
БК(б)П ОК мен КСРО халық Комиссалары Кеңесінің 1941 жылғы 16-сәуірде бекіткен әскери-шаруашылық жопарына сәйкес, Қазақстан экономикасы соғыс жағдайына бейімделіп қайта құрылды.
Бұл жоспар бойынша қорғаныс өнеркәсіптерінің өнімдері мен стратегиялық маңызы бар шикізаттар өндіруді шұғыл арттыру көзделген болатын. Сондай-ақ өнеркәсіптік құрылыстарды кең қанат жайғызу, майдан шебіне жақын жердегі өндіріс орындарын алыс тылға көшіріп, оларды сол апарылған жерлерінде дереу іске қосу да белгіленді.
Осыған байланысты, бүкіл еліміздегі секілді, Қазаұстанда да шаруашылық жоспарын орындау, экономиканы соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу, өнеркәсіп орындарын жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде кең ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Жұмыс күні ұзартылып, демалыс айы жойылды, халықты азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен жабдықтаудың нормаланған түрі енгізілді.
Ауыр және жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өндірісі,сондай-ақ жергілікті және кооперативтік өнеркәсіп орындарының бәрі майдан қажетін өтеу үшін ғана жұмыс істеді.
Ел
экономикасын қайта құрудың құрамдас
бөлігі – көшіріліп әкелінген
өнеркәсіп орындарын дереу
Майданға кеткен маман жұмысшылардың орнын әйелдер мен жасөспірімдер басып, тылдағы негізгі жұмыс қолы солар болды. Станоктар мен забойларға мамндар әкелінді.
Ескі
зауыттардың да өндірістік қуаты
арттырылды. Көптеген өнеркәсіп орындарының
жаңадан көшіріліп әкелуіне байланысты,
кейбір ескі заттардың құрал-жабдықтары
жаңадан салынып жатқан өнеркәсіп
кешендерінде пайдаланылды. Осылайша
жаңадан салынып жатқан Ақтөбе ферроқорытпа
зауыты сонау Запорожьедегі
Арып-ашыққанына қарамастан Қазақстан еңбеккерлері жан аямай еңбек етіп, қиындықты жеңе білді. Соғыстың алғашқы жылдарында Қазақстанның мыс өндірудегі үлес салмағы айтарлықтай өсті.
Шаруашылықты қайта құру міндеттері аса күрделі болды. Сұрапыл соғыс жылдарындағы қиын кездің өзінде де ауыл еңбеккерлері алға қойған міндеттерін абыроймен атқара білді. Ол міндеттер астық жинау мен басқа дақылдарды өндіру ісін ұлғайту, мал шаруашылығы өнімдері ісін арттыру болатын. Еліміздегі егіс далаларында қарттар, әйелдер мен балалар ертеден қара кешке дейін еңбек етті.
Соның нәтижесінде соғыстың алғашқы жылдарындағы мол егінді төкрей-шашпай дер кезінде жинап алды. Соғысжылдарында Сібір мен Қазақстанның Кеңес Одағын нанмен қамтамасыз етіп тұрғанын көпшілік жұрт біледі. Сөйтіп, неміс басқыншыларынан азат етілген аудандарға жәрдем ретінде ақысыз-пұлсыз 17,5 мың бас мүйізді ірі қара, 22 мыңдай жылқы, 350 мың қой жөнелтті.
Ауыл еңбеккерлерінің күйі өте төмен еді: ет,сүт, жұмыртқа және т.б. азық-түлік өнімдерін мемлекетке өткізу мөлшерлері шамадан тыс ұлғайып әскери темір тәртіп орнатылды, жәрдемақы,демалыс айы, зейнетақы дегендер атымен жоқ болды, ауылдағы шаруаның тіпті төлқұжаты да болмады.
Соғыстың
аяғына таман өндіргіш күштердің
іргесі бұрынғыдан бетер шайқалды:
осы тұста 1940 жылмен салыстырғанда
ауыл шаруашылығы өнімдерін