Әліби Жангелдин - көтеріліс басшысы ретінде тарихта алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:08, реферат

Краткое описание

Әліби Жангелдин (1884–1953 ж.) мемлекет қайраткері. Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1903 жылы Орынбордағы діни училищені бітіріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясында екі жыл окыған соң, 1905 жылғы революцияға қатысты деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Мәскеудегі діни академияға оқуға түсіп, 1906 жылы «сенімсіз студент» деп танылып, академиядан қуылған.

Содержание

Әліби Жангелдин – қоғам қайраткері
Ұлт – азаттық көтеріліс сипаты.
Әліби Жангелдин – ұлт – азаттық көтеріліс басшысы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 39.23 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Әліби Жангелдин – қоғам қайраткері
  2. Ұлт – азаттық көтеріліс сипаты.
  3. Әліби Жангелдин – ұлт – азаттық көтеріліс басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘЛІБИ ЖАНГЕЛДИН

 

 

 

 

 

Әліби Жангелдин

Әліби Жангелдин (1884–1953 ж.) мемлекет қайраткері. Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1903 жылы Орынбордағы діни училищені бітіріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясында екі жыл окыған соң, 1905 жылғы революцияға қатысты деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Мәскеудегі діни академияға оқуға түсіп, 1906 жылы  «сенімсіз студент» деп танылып, академиядан қуылған. 1909–1912 жылдары шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен Әліби Жангелдин Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 жылы Жапониядан туған еліне оралады. Ел аралап, киноаппаратпен шет ел халықтарының өмірі мен тұрмысына байланысты фильмдер көрсетіп, жергілікті халықтың саяси сауатын көтеруге ықпал етті. 1915 жылы Ресей большевиктер партиясының қатарына өтіп, Қырымда астыртын революциялық қызмет атқарды. Әліби Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты. 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін 7 наурызда Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесіне «Торғай облысында ескі үкіметтің жазалау отрядтары осы уақытқа  дейін өзінің зорлық-зомбылығын және қырып-жою сияқты сұрқия әрекеттерін әлі де жүргізіп отырғанын» баяндап, бұл жүгенсіздікті тыюды талап етті. РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен Торғай облысының төтенше соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 жылы       21 наурыз — 3 сәуірде Орынборда өткен Торғай облыстық кеңестерінің бірінші съезінде облыс атқару комитетінің төрағасы болып сайланды.

Жангелдиннің ұсыныстары мен Торғай облысы атқару комитеті ұлт істері жөніндегі комиссариат  кұрылды және Ұлттар халық комиссариаты жанынан тұңғыш ұлттық бөлім ұйымдастырылды. РКФСР Халық комиссарлар кеңесі Қазақстанда ақ гвардияшыларға түпкілікті соққы беріп, Кеңес өкіметін қалпына келтіру мақсатымен қару-жарақ, азық-түлік, әскери көмек беру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Әліби Жангелдин Далалық өлкенің төтенше комиссары болып тағайындалды да, өлкеде алғашқы Ұлттық әскери отрядтар құрып, ақ гвардияшыларға қарсы күресті. Ресейдің орталық аудандарында арнаулы қарулы отрядтар жасақтап, бірнеше қалада Кеңес өкіметін қалпына келтірді. 1918 жылы тамыз-қазан айларында Актөбе майданының әскерлеріне қару-жарақ, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізген арнаулы отрядты басқарды. 1920 жылы қазанда өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезінде алғаш құрылған үкімет мүшесі болып сайланды.

Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті президиумы төрағасының орынбасары және Қазақстан Қамсыздандыру халық комиссары болды. Съезден кейін Қазақ Орталық атқару комитеті Әліби Жангелдинді Шығыс халықтарының насихат және іс-қимыл кеңесіндегі қазақ халқының өкілі етіп тағайындады. 1922 жылы  20 мамырда Орынбордан шығып, 9 тамызға дейін Жаманқала, Торғай, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей бағытында үш мың шақырымдай жол жүріп өткен Әліби Жангелдин басқарған қызыл керуен Азамат соғысынан зардап шеккен халық шын калпына келтіру, ауылдарда мәдени ошақтар ашу, мектеп, аурухана жұмыстарын жандандыру ісінде бірқатар шаралар атқарды. Әліби Жангелдин 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында халықты күреске жұмылдыру, соғыс жүріп жатқан аймақтардан көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырып, іске қосу, соғыс аяқталған соң зардап шеккен аймақтарға материалдық көмек көрсету, мал-мүлік жеткізу жұмыстарына белсене араласты.

Әліби Жангелдин 1920 жылдан РКП (б) Қырғыз (қазақ) облысы комитетінің  және Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің  мүшесі, 1938 жылдан ҚазКСР Жоғары Кеңесінің  депутаты болды. Қостанай облысының  бір ауданы, Қарағанды облысында  көшелерге, елді мекен мен мектептерге Әліби Жангелдин есімі берілді. Ол туралы бірнеше көркем шығарма жарық көріп,  кинофильм түсірілген. Алматы, Ақтөбе, Торғай қалаларында ескерткіштер орнатылған.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы  ақтаңдақ беттердің бірі – ХІХ  ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы  ширегінде Торғай өңірінде қалыптасқан  ақындық мектеп. Өзіндік дәстүр ерекшеліктері  бар бұл ақындық мектеп өкілдерінің  шығармашылығы жөнінде кеңес  заманында сөз қозғау өте қиын болды. Олардың шығармалары ел арасында жасырын түрде ғана айтылып жүрді. Мұның себебі – бұл ақындық  мектептің ұстаздары Уақ Жұмабай  Шалабайұлы, Есенжол Жанұзақұлы, Сейдахмет  Бейсенұлы, Әбіқай Нұртазаұлы сияқты ақындар  Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың ақындық жолындағы алғашқы  ұстаздары еді. Сонымен бірге  бұл ақындардың шығармалары да идеялық  жағынан кеңестік қоғамға жат  болатын. Торғай ақындық мектебінің тағы бір топ өкілдері – Құбаша Шалбайұлы, Файзолла Сатыбалдыұлы, Әлмұхаммед Оспанұлы сияқты ақындар Ахмет Байтұрсынұлымен, Міржақып Дулатұлымен, Ахметсапа Юсуповпен  «Алаш» қозғалысының басқа да мүшелерімен  аралас-құралас, ниеттес, пікірлес болған. Сол себепті де «халық жауы» атанып сотталған, жер аударылған. Тәуелсіздігімізді алып, 1937 жылдары жазықсыз атылған, қуғын-сүргін көрген арыстарымыз ақталғаннан кейін жоғарыда аталған ақындық мектеп өкілдерінің есімдері қайта оралып, олардың әдеби мұрасымен қайта қауыша бастадық. 1916 жылы 25 маусымда Николай патша Орта Азия, Қазақстан және тағы бірқатар өлкеден 19 бен 43 жас араларындағыларды «қорғаныс бекіністерін және әскери шептерін» жасауға жұмысқа алу туралы жарлыққа қол қойды. Осы жылдың 28 маусым күні ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрінің «бұратана халықтарды» тыл жұмыстарына «реквизициялау» (мүлікті мемлекет қарамағына еріксіз алу) туралы бұйрығы Қазақстанға телеграф арқылы жетіп үлгерді [1].

 

Қазіргі кезде тарихшыларымыз бен ғалымдарымыздың ашық айтқанындай, 1916 жылғы көтерілісті зерттеуде  әдейі бүркемеленген оқиғалар көп  екені рас. Ол әсіресе торғайлықтарға аян. Шынына келсек сол көтерілістің ең пәрменді әрі берік ұйымдасқан жері Торғай даласы еді. Көтерілісті  бастап шыққан арғындардан Оспан  Шолақұлы, қыпшақтан Әліби Жангелдин болатын. Көтерілісшілер оларды хан сайлады. Осы атау кейін аталған екі адамды да тарихтан сызып тастауға себепші болды. Бұл қиямет әлі де түзетілген жоқ. Алайда алғашқы тарихты жасаушылар М.Тынышбайұлы, С.Асфендияров, Ә.Бөкейханов сынды зиялылар шындықты айтпай кеткен жоқ. Ә.Бөкейханов пен Шестаковтың «1916 жыл» еңбегінде [2] «Қысқа қарсы Торғай елі Әбдіғапарды хан сайлап, патшаға қарсы соғыс ашады» деп әділін ашық жазады [3].

Кеңес заманында ақиқаты  ашылмай, жалған жазылған 1916 жылғы Ұлт-азаттық  көтеріліс туралы тарихшы ғалымдардың  пікірі осындай. Қазақстан жеріндегі  бұл көтерілістің негізгі екі  ошағы болды. Олар: Жетісу және Торғай. Торғайдағы көтеріліс ошағы туралы сөз болғанда Амангелді Иманов пен  Әліби Жангелдиннің есімі ғана айтылып  келді. Ал, көтерілістің ұйымдастырушылары  Оспан Шолақұлы мен Әбдіғапар  Жанбосынұлы, Кейкі Көкембайұлы  сияқты батырлар тарихтың тасасында  қалып қойды. Тіпті кеңес заманында  жазылған кейбір шығармаларда жағымсыз кейіпкерлер ретінде көрсетілді. Тек қана жазушы Ақан Нұрмановтың  «Құланның ажалы» романында Кейкі  батырдың нағыз шынайы бейнесі көрсетілді. Кеңес заманында 1916 жылғы көтерілісті  шаруалар көтерілісі етіп көрсетіп, Ресейдегі  Азамат соғысымен, қазан төңкерісімен сабақтастыру көзделді. Ал, шын мәнінде  бұл көтеріліс патша өкіметіне  қарсы Ұлтты азат ету жолындағы  көтеріліс болатын. Тарихшылар арасында Торғайдағы көтерілістің көсемдері Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин мен Әбдіғапар Жанбосынұлы арасындағы жағдайлар туралы әртүрлі пікірлер бар.

Егер Амангелді шапшаң, өткір, ұшқыр жан болса, Әбдіғапар  байсалды, ойшыл жан еді. Амангелді  қалың топтың алдында ешбір жаннан сескенбейтін жүрек жұтқан қас батыр  болса, Әбдіғапар мәселені тереңнен ойлап, алыстан толғап, ел азаматтарымен  ақылдасып шешуді қалайтын кемеңгерлігі басым. Ресей мемлекетінің астанасынан  келген Әліби болса, қозғалысқа идеялық  сарын, болашаққа көз салар болжамдық  дарытты. Қалай болғанда да бұл үш тарихи тұлғаның одағы Торғай өңіріндегі Ұлт-азаттық көтерілістің төңкерістік  дәрежеге көтерілуіне әкелді [1].


Информация о работе Әліби Жангелдин - көтеріліс басшысы ретінде тарихта алатын орны