Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 16:56, реферат
Орта Азиялық саяси ой-пікірлер тіпті III-Y ғасырларда алғашқы феодалдық қатынастардың дамуымен қатар қалыптаса бастады. Y ғасырдың соңы мен YI ғасырдың басында халықтық маздакизм қозғалысы өрістеп, зұлымдық пен мешеулікке қарсы игілік пен азаттықтың күресі басталды.
Орта Азиялық
саяси ой-пікірлер тіпті III-Y ғасырларда
алғашқы феодалдық
Саяси ойшыл Ибн Халдун (1332-1406) өзінің «Өсиеттер кітабында» қоғамдық өмір заңдылықтарын зерттеу ерекше ғылым саласы деп көрсетті. Ол діни көзқарастарға бейім болса да ғылымдық негіздерге де жол берген. Қоғамның дамуын екі фазаға бөлген: жер мен мал шаруашылығы дамитын «ауылдық тұрмыс», қолөнері мен сауда дамитын «қала тұрмысы». Әр фазаның өзіне тән билеушісі бар. Біріншісінде көсемдер мен билігі шектеулі старейшиндер, екіншісінде мемлекет басында шексіз билігі бар патша отырады. Мемлекеттің мәні жекеменшікті қорғауда деп тұжырымдады. Мемлекеттің құрылу, ыдырау және күйреу процесінде географиялық факторларға, әсіресе ауа райы жағдайларына көп назар аударды.
Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) «Тамаша қала тұрғындарының көз-қарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекеттің шығуы, қызметі проблемалары өзара байланыста қарастырылады. Мемлекет адамдардың өз қажеттерін мүмкіндігінше жақсы құру мақсатымен бірігуі арқылы қалыптасады дейді. Қысымға, өктемдікке негізделген, сыңаржақ адам басқарған мемлекетті айыптады.
Әл-Фарабидің еңбектерінде үлгілі қоғамның жобасын жасауға талпыныс бар. Ол мемлекетті адамдардың қажеттігін қанағаттандыру мақсатымен жасалған бірлесудің нәтижесі деп есептеді. Адамзат қоғамын Фараби мынандай жіктерге бөледі: ұлы қоғам (жер бетіндегі мекендеген барлық адамдардың, халықтардың бірлестігі), орта қоғам (белгілі бір халықтың қоғамы), кіші қоғам (адамдардың жеке қалаларға бірігуі). Ол сондай-ақ мейірімділік, зұлымдық, еңбекке көзқарас туралы моральдық категорияларды басшылыққа ала отырып, қала-мемлекеттерді игілікті, ұжымдық, жеккөрінішті деп те жіктейді.
Өзінің «Фасуль ал-мадани» («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері») деген шығармасында ол адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс, дейді. Аталған трактаттың тақырыптары әртүрлі болса да негізінен бір мақсатқа – адам мен қоғамның ара-қатынасына, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты - денелік және рухани құбылыстардың салыстырырлып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық
саясатта» қоғамдық
Ғылым жолына әбден
берілген әл-Фараби
Әлішер Науаи (1441-1501) саяси ой-пікірлерінде халықты қыспаққа алған, қанаған рухани, діни басшыларды сынады. Халыққа қызмет етуді ең жоғарғы игілік дейді. Патшалардың қаталдығын да өткір сынайды. Дін мен оның қызметшілерін жек көрген. Дамып отырған феодализм жағдайында сауатты монарх басқарған мемлекет идеясын ұсынды. Бір орталыққа бағынған монархияны жақтады. Тұтасымен алғанда саяси ой-пікірлерінің өзекті мәселелері – мәдениетті дамыту, халыққа қызмет көрсету, жемқор феодалдарды сынау, халықтар достығы идеясы болды.