Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2015 в 16:34, реферат
Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі — ежелгі Қытай елінің түрғындары — ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді — құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы козғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір-біріне қарама-қарсы екі космостық күштердің әзара қақтығысының нәтижесінде әлем үдайы өзгерістерге үшырап отырады деп санады. Кене заманда қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Солардың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын «жоғарғы құдай» ерекше бағаланды.