Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 06:35, реферат
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. "Көшпелілер отырықшылардың мөдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды" деген пікірлер де жиі кездеседі.
Көне түркі руналық жазуы Қазақ- станда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзен- дерінің қойнауларында табылған. Бүл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан — Да- ния зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның рунала- рына үқсатып, бүл жазуларды да руналық, яғни "қүпия" жазу деп атап кеткен. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған қүлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау өдісімен тасқа, түрлі бүйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналык жазбада 35 өріп бар, бүдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады. Қазақстан жерінен табылғандары — Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостаған- дағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара суқоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. Бүрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор. Көне түркі жазуларында, әсіресе қүлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге каған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жүртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге каған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: "Тәңірідей төңірден жаралған Білге (дана) қаған бүл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, үлым, руым, халқым... Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі таска жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!" Білге каған түсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, өділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: "Түркі халқы үшін түнде үйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым".
Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғдыжазуы дегеніміз — орта ғасырлардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек "найман жазуы" деп атаған. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII—XII ғғ.) араб әліпбиін де қолдана бастайды. Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмүд Қашқари "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүни "Қүтты білік", Қожа Ахмет Йасауи "Диуани хикмат", Сүлеймен Бақырғани "Хикмет", Рабғузи "Қиссауыл әнбия" ("Әулиелер дастаны", "Оғызнама" (IX—X ғғ.), Әбілғазы Баһадүр "Түрік шежіресі", т.б. Көне түркі тілі, жазуы — бүгінгі өзбек, қазақ, үйғыр, түрікмен, қырғыз, карақалпақ халықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты.
Түркі тіліндегі осы
деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна
жазуы деп аталған. Ол Скандинавия
халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген
сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашкан — В.Томсен.
Одан кейін Орхон
жазуларын орыс тіліне аударған
түрколог В.Радлов
болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна
жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі
түркі тілдес халықтардың да өздеріне
тән жазуларының болғандығын көрсетті.
Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын
38 әріптен тұратындығы белгілі. Кейбір
ғылыми пікірлерге карағанда, көне түркі
жазуының пайда болуына соғда әріптері
пайдаланылған немесе әсері тиген. Бүл
екі жазудың әріптерін бір-бірімен салыстырып
қараса, екеуінің бір-біріне ұқсас еместігін
байкау онша қиын емес. Керісінше, түркі
әліпбиінің көріністері олардың ру-тайпаларының
таңбаларына үксас. Олай болса, "Түркі
жазуының пайда болу негізі олардың таңбаларында
жатқан жоқ па?" деген орынды сұрақ туады.
Түркі дәуірінен қалған атақты "Күлтегін",
"Білге қаған" сияқты тасқа жазылған
дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің
қолымызға тиіп отыр. Қазак, халқы ол дастандарды
өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды.
Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып,
салт- сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел,
батырлық жырлардың үлгілері бөрі-бөрі
халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай
ұқсас. Бұл мұралар казақ халкының ертеден
келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан
және бір байқалатыны — өздері мекен еткен
географиялық аймақтың бағыттарын барлай
білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты
мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері
ескеріліп отырған.
Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің
төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы,
мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен
көрші жаткан мемлекеттермен байланыс,
қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде
де географиялық бағдарлау жасай білген.
Пайдаланылған әдебиет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Реферат
Информация о работе Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы