Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 21:04, доклад
Қазақ халқының тарихында XVIII ғасырдың басы аса бір ауыр кезең болды.Тәуке хан 1718 ж. Қайтыс болған соң қазақ жүздері арасындағы саяси және шаруашылық байланыстар әлсіреп,билеуші топтар арасындағы алауыздақтар барған сайын үдей түсті.Тәуке хан тұсында бір орталыққа бағынған Қазақ хандығы саяси бытыраңқылыққа ұшырады.Белгілі орыс тарихшыс-ғалым А.СЛевшин «өзінің Описаниекиргиз-казачьих или киргиз-кайсцких орд и степей» деген еңбегінде Қазақ хандығын Тәуке хан билеген кезеңді былай сипаттайды: «Тәукенің атын атасақ,бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп,мақтанышын билейді
Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын
қабылдауы және оның салдары
Қазақ халқының тарихында XVIII ғасырдың басы аса бір ауыр кезең болды.Тәуке хан 1718 ж. Қайтыс болған соң қазақ жүздері арасындағы саяси және шаруашылық байланыстар әлсіреп,билеуші топтар арасындағы алауыздақтар барған сайын үдей түсті.Тәуке хан тұсында бір орталыққа бағынған Қазақ хандығы саяси бытыраңқылыққа ұшырады.Белгілі орыс тарихшыс-ғалым А.СЛевшин «өзінің Описаниекиргиз-казачьих или киргиз-кайсцких орд и степей» деген еңбегінде Қазақ хандығын Тәуке хан билеген кезеңді былай сипаттайды: «Тәукенің атын атасақ,бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп,мақтанышын билейді.Қазақ ордасының Ликургы,Драконты-сол адам.Тәуке ала ауыз болып,қырғынға бөккен елді сабағ,а түсіріп, ру мен рудың арасындағы талай жылғы қантөгістті тоқтатты,ақылы мен әділдігінің арқасында жұрттың бәрін өзіне мойынсұндұра білді,әлсіз рулардың басын қосып,әулетті дұшпанға қарсы алды,күштілерді тізеге салып, тәубесіне келтірді,баршаға ортақ заң жасап,сол бойынша билік айтты».
Тәукеден кейін
Қазақ хандығы іс жүзінде жеке-
Орта жүздің, Әбілхайыр (1718-1748жж).Кіші
жүздің хандары болды.Тәукенің тағына
отырған оның баласы Болаттың (1718-1726жж.)
Ұлы хан дегенатағы ғана болды.Саяси тұтастығынан
айырылған мемлекеттін экономикасы да
әлсірей бастады.Жүздердің арасындағы
шаруашылық байланыстар және сыртқы сауда-саттық
үзіліп қалды.Қолөнер мен сауданың орталығы
болған Оңтүстік Қазақстандағы қалалар
құлдырады.Көшпелі және аймақтармен отырықшы
халықтың арасындағы байланыстың әлсіреуі
халықтың әлеуметтік,мәдени,
Осы кезеңде Қазақ хандығының сыртқы жағдайы да шиеленісе түсті.Жоңғар шапқыншылығы күшейді. 1690-1697 жж.болған Қытай-Жоңғар соғысы кезінде ойраттар (жоңғарлар) біраз жерінен, адамынан (50 мың),малынан айырылды.Қытайға қарсы күресуге күші жетпеген Жоңғар мемлекеті соғыста айырылған байлықтарын (адам,жер,мал) Қазақ хандығының есебінен қайтаруға тырысты.Ал орыс мемлекеті болса Кіші жүз қазақтарының көш-қоныс жерлеріне жақындады.Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының жеріне Орта Азия хандықтары,Еділ бойындағы қалмақтар,башқұрттармен Сібір казактары да үздіксіз шабуыл жасап отырды.
ХYIII ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басындағы жеңістердің нәтижесінде жоңғарлар қазақтың біраз жерін босатуға мәжбүр болады.Әрине,қазақтың барлық жері түгел азат етілмесе де, бұл үлкен жетістік еді.Қазақтар осы шайқастарда біріксе ғана біртұтас күш ретінде елі мен жерін қорғауға шамасы жететінін көрсетті.Алайда,Ұлы хандық билік үшін күрес қазақтарды тағы бөлшектеді.Ұлы хандықтан үміткер Кіші жүзден-Әбілхайыр,Орта жүзден-Сәмеке өзднрін елеусіз қалдырды деп Аңырақайдағы жеңістен соң шайқас алаңын тастап кетіп қалды.Осы ішкі алауыздықтарды,қырқысуларды пайдаланған жоңғарлар қазақ жерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды.Осындай қиын-қыстау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті сияқты одақтас іздеуге мәжбүр етті.
1730 жылы жазда Әбілхайыр Уфа наместнигі арқылы Петербургке Сейітқұл Құндағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын елші етіп жіберіп,Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді.Тұтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының обьективті негіздерін жоққа шығармай,Әбілқайырдың алысты көдейтін жеке басының менмендігін,оның барған сайын айқын көріне түскен қарабасын ойлаған мүдделерін естен шығармау керек екенін атап өтеміз.Хатында Әбілқайыр хан Орта және Кіші жүз қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтын атап көрсетті.
Еділ қалмақтарын,Қабарда княздігін,Грузин билеушілерінің жерлерн Ресей құрамына қабылдау Сыртқы істер алқасы дипломатиялық қызметінің өрісін едәуір кеңейтті.Бұл жолы да Әбілқайыр ханның елшілігіне барынша құрмет көрсетілді.Оның Құтлымбет Қоштайұлы бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрметпен қабылданып,бағалы сыйлықтар тартылды.И.Д.Бухгольцтің қырдағы жүрісінен ойраттар қауіптенбеу үшін қонтайшы Цеван-Рабтанға алдын ала Сібір губернаторының арнаулы өкілдер жіберілді.1715 жылы 1 қазанда экспедиция Ямышев көлінің жағаына жетіп, сол жерде бекініс салды.1716 жылы Омбы бекінісі іргесі қаланады.1717 жылы полковник П.Ступин экспедициясы Ямышевск бекінісінің іргесін одан әрі бекітеді.
1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің
патшасы Анна Иоановна
Империяның ішкі губернияларына неғұрлым жақын орналасқан Кіші жүзге дипломат жібергенде үкіметте ол жөнінде жеткілікті ақпарат болған жоқ,тек Қазақстанның солтүстік-батыс аудандары туралы Сыртқы істер алқасының кеңсесінде бәрі алдын ала алынған,шолақ сипаттағы мәлімет болды.Белгілі тарихшы Н.Маев 420 жыл өткен соң,өзі жинаған деректер негізінд даладағы істің жайы туралы да,халықтың салты туралы да тіпті оның тілектері туралы да, сенімді мәліметтері болмай,жорамалмен әрекет еткен үкіметтін көзқарасын сын көзбен бағалады.1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді.Атақты мейманды бастап жүруді Әбілқайыр хан үлкен баласы,тәжірибелі жауынгер,әкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед Әли Баһадүрге(Нұралыға) тапсырды.
Алайда Ұлы даланың тілі де әдет-ғұрпы да жақын, түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялық мансабының алғашқы қадамдарының өзі көрнекті ақсақалдардың,сұлтандардың зор қарсылығына ұшырады.Олар орысқа бодандық туралы естігілері де келмеді, «ханды соқыр тиын сияқты да көрмеді» тіпті оны өлтіруге тырысқаны туралы деректер бар.
1731 жылы Кіші жүз бен
орыс мемлекетінің арасындағы
қарым-қатынас осы жылы Ресей
империясының протекторатын
Әбілқайыр хан Ресеймен татулыққа жету арқылы таққа талас мәселесін шешудіойлады,яғни өзінің биліккке жетуінің бірден бір жол деп үміттенді.Екіншіден,халықтың ұзақ соғыстан шаршағанын, экономиканың қансырағанын,орыс бекіністерінің қаптауын орыс-казак станицаларының салынуын және жоңғарлар мен Еділ қалмақтарынан,Орта Азия хандықтарынан,Қытайдан келетін қауіп-қатерлерді ескере отырып,ол Ресейден бодандықты сұрауға мәжбүр болды.1740 жылы Қытаймен бейбіт бітім жасасқан жоңғарлар 1741 ж. Орта жүз қазақтарының жеріне басып кірді.Күтпеген соққыны қазақтар қайтара алмай,Кіші жүз жеріне қарай шегінуге жәжбүр болады.Әбілқайыр хан дереу Ресейден әскери көмек келмейді,өз азаматтары(подданныйы) ретінде санап,сыртқы жаудан қорғамайды.Бұл жерде Ресейдің екіжүзді саясаты көрінеді және де Орта жүздің Ресей протекторатын қабылдауы жай ғана сөз жүзніде қалып,ешқандай саяси мағынасы болмаған деп айтуға болады.Патша үкіметінің Кіші жүздегі өз ықпалын күшейтуге бағытталған шаралары Әбілқайыр ханды қарсылыққа мәжбүрледі.1744 жылы ол қарақалпақтарды шауып,Астрахань Хиуа мен Бұқараға тауар алып бара жатқан көпестерді тонайды.1746 жылы Ресей қарамағындағы қалмақтарға,сосын орыс шекараларына шабуыл жасайды.Жоңғар хандығы әлсіреген кезеңде қазақ жеріне орыстар билігінің таралуына орай бұл мәселелер Әбілқайырдың Орынбор әкімшілерімен жиі өткізген қиын келіссөздердің нысананасына айналып егес,күтпеген түсініспеушілктер туғызды.
Осы жағдай
Әбілқайыр ханның Ресей жағына
қатысты бұрынғв адал және
ізгі ниетті көзқарасының
XYIII ғасырдың 30-40 жылдары-ақ
Кіші жүзбен Орта жүз
Ресей империясы қазақ жерін
отарлау саясатын барған сайын
күшейтті.Шекаралық өкімет
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қ.С.Қаражан,Ж.Әбсеметова,Ф.А.
С.Смағұлов,Ш.Б.Тілеубаев.