Конфуций ілімінің теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 08:20, реферат

Краткое описание

«Аспан асты елі» атанған Қытайдың өз даму тарихында қытай философиясының алатын орны ерекше екенін баршамыз білеміз. Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. Сондай-ақ, қытай философиясы екі мектеп түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), тағы да басқалар қалыптасты. Осылардың ішінде конфуцийшілдіктің қытай философиясының дамуына, қоғамдық ой-сананың қалыптасуына қосқан үлесі ерекше.

Содержание

II. Негізгі бөлім.
Дана философ - Конфуций.
Конфуций ілімінің негізгі принциптері.
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

srs.docx

— 38.24 Кб (Скачать документ)

Конфуцийдің өзінің «мен жаңадан ештеңе ойлап шығарғам жоқ, мен небәрі ескіні бүгінге жалғастырушымын» деген пікірі бар. Әлбетте, Конфуций — жаңаны негіздеуші. Бірақ бұл жаңа — көненің жаңғыруы, өңделіп, жетіліп, жүйеленіп, өзгеше қалыпқа түсуі. Сыпайы сөз — өзін кеміту емес, көтермелеу, бар үлгісі ежелгі дәстүрден, ұлттық арнадан бастау алатынын қадап айту. Шынында да, көнеден, яғни елдің ғасырлар бойы қалыптасқан салт, санасынан, танымы мен рәсімінен тамыр тартпаса, Конфуций ілімі де кеңінен өркен жайып, соншама қуатқа жетпес еді. Әрине, Конфуций көнені жалғастырушы ғана емес, жаңаның бастаушысы болды. Конфуцийдың көзінің тірісінде негізгі тұрғылары, болмыс, бітісі мен мұрат бағдары айқындалып, берік бекіген жаңа ілім оның шәкірттерінің риясыз, тынымсыз еңбегі арқасында өзгеше тыныс алып, кең өріс табады. Конфуцийшылар ханзу жұртының рухани әлемін жаулап алуды ғана емес, қоғамдық өмірге ықпал ету, ел билігіне тікелей араласу бағдарында да белсенді әрекетке көшеді. Сондықтан да м.д. III ғасырда ежелгі қытай жұртын қайта біріктірген әуелгі еженхан Син Шихуанди Конфуций ілімін қатты қудалайды; бірақ ақыр түбінде әулетінің қиылуына да осы ретсіз қаталдығы, нақтылап айтсақ, қалыптасқан, дайын тұрған үлттық идеологиядан бас тартуы себеп болған. Төменнен көтеріліп, берік әрі түбегейлі билікке жеткен Хән әулеті Конфуций ілімін ресми түрде қабылдап, оған мемлекеттік мәртебе беріпті. Бұл жағдай адамзат тарихында болмаған аса үзақ мерзім — екі мың жылдан астам уақытқа созылып, еженхандар билігі кесілген 1912 жылға дейін сақталып келді. Алайда кұңфудзышылдық ханзу жүртының рухани өміріндегі жетекші жағдайынан айрыла қойған жоқ. Бүгінгі коммунистік Қытайдың өзінде Конфуций ханзу жұртының көне замандағы ұлы ойшылы ретінде айрықша қастерленеді.

Дәстүрлi көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттiң патриархалды- патерналистiк концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя. Патшаның қол астындағыларға билiгi әкенiң балаға билiгi ретiнде көрсетiледi. Патшаның билiгi отбасындағы жасы кiшiлердiң ересектерге бағыныштылығымен теңестiрiледi. Конфуций суреттеген әлеуметтiк-саяси жүйедегi адамдар теңсiздiгi, «қараңғы адамдар», «төменгi адамдар», «құрметтi адамдар», «жоғары шендi адамдар», «лауазымды адамдар» ретiнде көрсетiледi.

Әлеуметтiк теңсiздiктi қалыпты жағдай ретiнде қарастырған  Конфуций аристократиялық билiк  концепциясын, яғни ақсүйектер тобының  билiгiн жақтады. Билiктiң зорлықсыз тәсiлiн жақтаған Конфуций билеушiлердi өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеушi қайырымды болса, төменгi адам да қайырымды болады. Билiктiң осы ережесiн жақтаған Конфуцийден «Шөп жел соққан жаққа қисаяды» деген нақыл сөз қалған. Iшкi және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерiнен алыс тұратын басқа халықтарды бiлiмдiлiкпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуций барлық нәрсе үнемi өзгерiсте болады, уақыт  тоқтамайды, әрбiр нәрсенiң басталуы мен аяқталуы болады дейдi. «Адамның iсi де солай, бас-аяғынсыз бiрде-бiр iс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық түсiнген адам ақиқатқа жақын тұрады».

Конфуцийдiң этикалық-құқықтық және мiнез-құлық нормалары мен  принциптерi адам өмiрi мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.

Конфуций iлiмiн одан әрi жалғастырған Сянь-цзы “әлем  өзiнiң табиғи заңдылықтарымен өмiр  сүредi, сондықтан да оны тiршiлiк  қажетiне жарату үшiн оны зерттеу, құпия сырларын бiлу қажет” деп ой түйедi. Яғни адамдардың табиғаттан өз үлесiн алуы немесе бай және кедей болып өмiр сүруi олардың өздерiне байланысты. Сянь-цзының пiкiрiнше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, ашкөз болып келедi. Сондықтан да адамдардың мiнезiн жақсы тәрбие берiп қана табиғи қалпынан өзгертуге болады. Ол үшiн адамдардың өзi де өзiн-өзi тәрбиелеуге және бiр-бiрiнiң қателiгiн бетке басып айтуы тиiс. Бұл туралы ол былай дейдi: «Менiң қателiгiмдi дұрыс көрсеткен адам – менiң ұстазым, менiң игi iсiмдi дұрыс байқаған кiсi – менiң досым, ал маған жағынып, жарамсақтанушылар – менiң жауым».

Конфуцизм iлiмi, сонымен  бiрге, ел билеушiлерi мен әкiмдерге де қол астындағыларға туған баласындай қарауға кеңес берiлдi. Конфуций бойынша «ақылды билеушi ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табандылықпен, ең алдымен өзi үлгi-өнеге көрсетiп жақсылыққа тәрбиелейдi». Конфуцизм iлiмi мемлекеттiк дiн ролiн атқара бастады.

 

 

 

Қорытынды

Қарап отырсақ, Конфуций ілімі талай ғасырлар бұрын пайда болғанына қарамастан әлі күнге дейін өз маңызын жоймай келеді. Ол бүкіл дүниежүзі елдері оқитын және Қытай халқы пір тұтатын ілім ретінде сақталып келеді. Мұның өзі бұл ілімнің аса терең даналыққа, ақыл-ойға негізделгендігінің белгісі. Тіпті, оның ұлылығы соншалық – бұл ілім қағидалары, талай заман өткеніне, талай қоғам ауысқанына қарамастан, өзінің маңызын, мәнін жоймаған. Керісінше, дәл бүгінгі таңда моральдық, рухани құндылықтар тапшылығын  көріп отырған қоғамда одан сайын актуальды бола түскен сияқты. Егер әрбір адам осы идеяларды мұқият зерделеп, өз өмірінің басшылығына алса, онда қоғамның тура жолға түсетіні, онда гармония мен үйлесімділік орнаған идеалды мемлекеттің қалыптасатындығы күмәнсіз.

Өз жұмысымды  қорытындылай келе, Конфуций ілімінің Қытай қоғамына әсерінің зор болғанын айтқым келеді. Өзара бір тәртіпке бағынған біртұтас Қытайдың әлемдік  қуатты елдермен иық тіресе қатар  тұруына, сонау ерте заманнан қалыптасқан  конфуцийшілдікті бірден-бір басты фактор болды дей аламын. Ежелгі, орта, сондай-ақ қазіргі Қытай қоғамында бұл ілімнің алар орны ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.  Әбсаттаров Р., Адамға деген шексіз махаббат немесе Конфуцийшылдық саяси дүниетанымнан өрбіген ой.// Ана тілі 2002. – 1 мамыр, №19 – 6б.

2.  Конфуций даналығы/ даналық дәрістері/ авт. Мырзагелді Кемел – Астана, Аударма 2002, -56б., 16Х11см.

3. Конфуцийдың саясм-этикалық  ілімі//ҚазМУ хабаршысы, Романова  А.,  Шығыстану сериясы – 1999-№ 7, 143-148б.

4. Каннети Э. «Конфуций  өзінің сұхбаттарында»// Азия Транзит – 2004 №11 – 60-70б.

5.  Ғаламтор желісі.


Информация о работе Конфуций ілімінің теориясы