Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 09:16, реферат
Процессор (өңдеуші) — барлық есептеулерді, көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема. Бұл компьютедің «миы», ол компьютер жадысында орналасқан мәліметтерді өңдейді.
Процессор - арнайы технологиямен өсіріген кремний кристаллы, оның көптеген элементтері – транзисторлары бар.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
Тақырыбы: «Компьютердің ішкі құрылғылары»
Орындаған: Санай А. Төленбекұлы Ж.
Процессор (өңдеуші) — барлық есептеулерді, көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема. Бұл компьютедің «миы», ол компьютер жадысында орналасқан мәліметтерді өңдейді.
Процессор - арнайы технологиямен өсіріген кремний кристаллы, оның көптеген элементтері – транзисторлары бар.
Кез келген процессорлық кристаллда бар:
Процессордың өнімділігін анықтайтын негізгі параметрлер:
Бұған қоса процессорлар келесімен сипатталады:
Әдетте «слот» форматында әрбір жаңа буынның сыналатын модельдері шығарылады, кейін өндірушілер тұтас және арзан «сокет» форматына өтеді.
Аналық тақша
Бұл құрылғыға компьютердің барлық ішкі және перифериялық құрылғылары қосылады. Ол жеке құрылғыларды қосуға арналған бірнеше разъемдардан және шинадан (олардың барлығын байланыстыратын ақпараттық магистраль), сонымен қатар микросхемалар, чипсеттердің базалық жиынтығынан (олардың көмегімен аналық тақша жүйелік блок ішінде болып жатқанның барлығын бақылайды) тұрады.
Компьютерге түрлі құрылғылар қосу үшін кеңею разъемдары немесе слоттар (жүйелік блок ішінде орналасады) және порттар деп аталатын арнайы разъемдар (жүйелік блоктың артқы қабырғасында орналасады) қолданылады. Ақырғыларға тышқан, принтер, сонымен қатар модем және басқа да сыртқы құрылғылар қосылады. Порттар тізбекті (сатылы) және параллельды болып бөлінеді.
Жедел жады
Компьютер қосылып тұрғанда мәліметтерді уақытша сақтауға арналған. Бұл жады тікелей процессормен жұмыс істейді, оған мәліметтер жібереді және өңдеу нәтижелерін алады. Жедел жадыда әрі мәліметтер, әрі компьютер дәл осы уақытта жұмыс істейтін программалар сақталады. Көлемі жағынан аздау болғанмен (ондаған мегабайт), әрекет ету жылдамдығы жоғары. Жедел жадыға қатынау уақыты 10 наносекунд шамасында. Әдетте жедел жады микросхемалар жиынтығы түрінде орындалады. Компьютер өшірілгенде жедел жадыда орналасқан барлық ақпарат жоғалады.
Ұзақ уақытты (сыртқы) жады
Мәліметтер мен программалардың ұлкен көлемдерін ұзақ уақытқа сақтауға арналған құрылғы. Оның әрекет ету жылдамдығы аз, бірақ көлемі өте үлкен (мыңдаған мегабайт), онда сақталатын ақпарат компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Ұзақ уақытты жады дискілерде магнитті немесе оптикалық жазбасы бар электромеханикалық құрылғыларда жүзеге асырылады. Дисководтар және сәйкесінше иілгіш магнитті дискілерде (дискеттер), қатты магнитті дискілерде (винчестерлер), ауыстырмалы ақпаратты тасымалдағыштар және компакт-дискілерге арналған дисководтар (CD-ROM) болады.
Қатты диск — жұмыс істегенде үнемі қолданылатын программалар мен мәліметтерді сақтауға арналған негізгі ұзақ уақытты сақтау құрылғысы. Металлдық немесе керамикалық пластинадан орындалға диск үлкен жылдамдықпен айналады. Ақпаратты жазу және оқуды магнитті ине орындайды. Қатты дискілердің негізгі параметрлеріне көлем және өнімділік (қатынаудың орташа уақыты) жатады. Қазіргі кезде Осындай дискілердің көлемі ондаған гигабайт (мыңдаған мегабайт), ал қатынаудың орташа уақыты 10 мкс-тан аз.
Иілгіш дискілер дисководтары иілгіш магнит дискілерді (дискеттерді) қолданады, олар программалар мен мәліметтердің үлкен емес көлемдерін бір машинадан екінші машинаға тасымалдауға және оларды сақтауға арналған. Компьютерлердің көбі 3-дюймдік (89 мм) дисководтар мен 1,44 Мбайт көлемді дискеттер қолданады. Иілгіш дискілер аса сенімді емес болып есептеледі, сондықтан оларды ақпаратты сақтаудың негізгі және жалғыз құрылғысы ретінде қолдануға болмайды.
Компакт-дискілер дисководы CD-ROM — компакт-диск негізіндегі тұрақты есте сақтау құрылғысы. Жазбаны оқу оптикалық тәсілмен жүзеге асырылады. Стандартты компакт-дискінің көлемі 650 мегабайт.
Бейнекарта (Видеокарта; video card) —кез келген композит сигнал көзінен алынатын бейне мәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейне мәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.
қоректендіру блогы — бұл компьютердің ішкі құрылғыларын керекті мөлшерде электр көзімен қамтамасыз етіп отырады
кулер — бұл процессордың бетінде орналасады ол процессорды қатты ысып кетпеу ден сақтап салқындатып отырады.