Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:59, лекция
Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1947 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1947). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі.
Кенесары Қасымұлы
Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1947 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1947). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі.
Балалық шағы
Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
К. қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. К-ның өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары – Наурызбай» дастаны
(19 ғ.) 1875 ж. сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде
жарияланды. 20 ғ-дың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым салынған), 60-жылдары И.Есенберлин
«Қаһар» романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 ж. «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дерек көзі ретіндегі маңызы зор. 1888 ж. Ташкентте «Кенесары
мен Садық» деген атпен шыққан К-ның баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында К-ның күрес жолына іргелі ғыл. зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов («ХІХ ғасырдың 20 – 40-жылдарындағы Қазақстан», 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. К. тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін ғана қолға алынды. Тарихшылар (Ж.Қасымбаев, т.б.) өз зерттеулерін жариялады. 2002
ж. К-ның туғанына 200 жыл толуына орай халықар. ғыл. конференция өтті. Астана қ-нда К-ға ескерткіш қойылған және оның есімімен аталатын көше бар. Б. Орынбекұлы
Кене хан (Кенесары Қасымұлы, Кенесары Қасымов, Кенесары хан, хан Кене)
— Қазақ хандығының ең соңғы ханы. 1841—47 жж. билік құрған. Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы.
Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғысханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген ноянының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы
1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас
тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.
Көтеріліс
1841 жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.
Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20 000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.
Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол 18 ғ. соңы мен 19 ғ. басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843 жылы шілденің 27 І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843—44 жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.