Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 19:15, реферат

Краткое описание

Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетіндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Шекара бекінісі күшейтіле бастады.
Исатай Тайманұлы ханмен екі арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор әкімшілігі мен Жәңгір хан қазақтардың әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп қысқа мерзімнің ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды.

Содержание

Мазмұны
1 Көтерілістің шығу себептері
2 Көтерілістің басталуы
3 Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы
4 Тастөбе түбіндегі шайқас
5 Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті
6 Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары
7 Көтерілістің тарихи маңызы
8 Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық.docx

— 22.30 Кб (Скачать документ)

Исатай Тайманұлы  мен Махамбет Өтемісұлы басқарған  көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.

Бұл патша үкіметі  құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.


Информация о работе Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі