ЖОСПАР
1.Христиандықтың
пайда болуы
2.Діннің қалыптасуы
және әлемге таралуы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Христиандық
б.д І ғ басында Палестинада пайда болған
дін.Дін Иса пайғамбардың(Иисус Христос)
есімімен аталған.Христос сөзі грек тілінде
-құтқарушы(мессия) мағынасын білдіреді.
Қазіргі уақытта әлемде 2 млрд астам
халық христиан дінінде.
Батыс ғылымында Иисус туралы тарихи
немесе аңыздық тұлғама деген
мәселе төңірегінде екі түрлі
көзқарас қалыптасқан.Тарихи мектеп өкілдері
Иса тарихта болған адам деп тұжырымдайды,ал
екінші бағыт ол тарихта болмаған
аңыздық тұлға дейді.
Христиан сенімі бойынша (Інжілдерде
жазылған)Иисус Христос- құдайдың ұлы,құтқарушы,ал
исламда пайғамбар(Құран 43:59; 9:30-31; 5:72/76.
) деп қабылданады.Енді Исаның өмір
жолын қарастырып көрелік.
Б.д.басында Палестина римдіктердің
қол астына қараған,олар бірнеше
ұсақ иеліктерге бөлініп,саяси жағынан
Римге бағынды.Палестинада римнің
губернаторы Понти Пилат билік
жүргізіп,еврейлердің патшасы оған
бағынышты еді.Батыс пен шығыс
арасында орналасқандықтан Палестинаның
геосаяси тұрғыдан маңызыда айрықша
болатын.Израйлдің діни жағдайы
біркелкі болмай,иудейлер діни ағымдарға
бөлініп,бұл діни қозғалыстардың(сектанттық)
екі басты ерекшелігі эсхатология(грек-соңғы,ақыры)-ақырет
және мессиандық(евр-мешиах,сөзбе сөз
құтқарушы,құдай елшісі)-құтқарушыға
сенім.Иудейлер Иахве құдай өзінің
таңдаулы халқын қиыншылық кезінде
құтқарады ж/е ол –Дәуіт ұрпағынан
келеді деп сенген.Осы құтқарушы
сенімінің кең етек алуының себебі
еврейлердің мемлекеттігінен айырылып
римнің боданы болуы.
Иса өмірі туралы христиандық,исламдық
ж/е дінтанулық көзқарастардың айырмашылықтары
бар.
Христиандар да ж/е дін зерттеушілеріде
Исаның өмірі туралы мәліметтерді
ол өлген соң бірнеше жылдардан
кейін жазылған Інжілдерден(Евангелия)
алады.Ислам ғалымдары Құран аяттарына
сүйенеді.
Христиан сенімі тұрғысынан: Інжілдерде
бейкүнә Мариямның құдайдың құдіретімен
ғайыптан жүкті болып,дүниеге Исаны
әкелгені айтылады.Исаның отыз жасқа
дейінгі өмірі туралы Інжілдерде
аз мәлімет берілген.
Иса отыз жасынан жаңа дінді уағыздай
бастайды.Мұның алдын ол Иоан шоқындырушы
-пайғамбар тарапынан Иордан өзенінде
шоқындырылады.Ол судан шыға бергенде(дұға
еткенде) аспан қақ айырылып,
кептер бейнесіндегі Киелі Рух
оның үстіне қонады,осы кезде көктен
“Сен менің сүйікті ұлымсың, мен
саған шапағат сыйладым” деген
үн шығады.Осы оқиғадан кейін ол
дін уағыздау жолына түседі.Оның 12 шәкірті(апостол-елші)
үнемі қасында жүрген.Иса адамдарға
білім шырағының сәулесін түсіріп,түрлі
ғажайыптар көрсетеді.Иса үш жыл
ел аралап уағыз айтады,Иерусалимге
есек мініп келгенде оны халық
“Құдай құрметтелсін” деген үндеумен
қошеметпен қарсы алады.Бірақ Исаның
адамдарды тең көруі,әлеуметтік
әділдік орнатамын деуі,барлық адам
баласын бір құдайға сенуге шақыруы,күнәларді
кешіруге келгендігі иудей дінбасыларына
ұнамады.Олар Исаны тұтқындап,дінсіз,бүлікшіл
ретінде дін сотына(синедрион) табыстайды.Сот
болып,Иса өлім жазасына кесіледі.Рим
заңы бойынша өлім жазасын империяның
өкілі(прокуратор) бекітуі тиіс болатын.Рим
прокураторы Понти Пилат пайғамбардың
тергеу барысындағы сөздері мен
іс-әрекеттеріне таң қалады,Рим прокураторы
Исаның еш айыбын таба алмай,
оны босатып жібермек болады,өйткені
еврейлердің дәстүрі бойынша
сотталған екі адамның бірін
босатып жіберетін еді.Бірақ
еврейлердің дінбасылары оған қарсылық
жасайды.Сонымен прокуратор иудейлердің
айтқанына көніп,Исаны екі қарақшымен
қосып,Голгафа деген жерде айқыш
ағашқа керіп өлтіруге жарлық береді.Үкім
аптаның бесінші күні орындалып,Исаны
ағаштан ертесіне яғни сенбіде түсіріп,жерлеуге
рұхсат етіледі.Исаның денесін жақын
маңдағы таудың үңгіріне апарып қояды.Сенбі
еврейлердің қасиетті күні болғандықтан,ол
күні еш іс-әрекет жасамау керек,сондықтан
оны ертесіне жерлеу ұйғарылады.Ертеңгісін
шәкірт-әйелдер оны жерлеуге дайындау
үшін келгенде табыттың бос қалғанын
көреді.Бірақ, осы кезде періште
келіп,Исаның қайта тірілгенін хабарлайды.Сонымен
Иса үшінші күні қайта тіріліп,шәкірттеріне
келіп,оларға дінді таратуға өсиеттер
айтып,40-шы күні көкке кетеді. Інжілдер
Иса өмірін осылай баяндайды.
Ал Құранда Исаның пайғамбар,айқышқа
керілген ол емес басқа адам екендігі,Алланың
оны өзіне алғандығы айтылады.
2.Христиандықтың қалыптасуы ж/е
әлемге таралуы.
Христиан дінінің қалыптасуы бірнеше
кезеңдерге бөлінеді:
1-ші кезең. Шағын шіркеудің
құрылуы.
Б.д алғашқы онжылдықтарында
Исаның евангелиялық уағызы дәуірі,оның
уағыз айтып,ілім таратуы нәтижесінде
Палестинада алғашқы христиан қауымдарының
шығуы,яғни діннің пайда болуы.
2-ші кезең-(б.д 30-313 жж)-епископалдық
шіркеудің құрылу кезеңі.
Бұл кезең үш үлкен оқиғаға байланысты:
1) Рим империясының аумағында христиандықтың
жаппай таралуы.2) Шашыраңқы діни қауымдардың
орталықтанған діни ұйымға бірігуі.3)
Римнің христиандықты ресми дін
ретінде тануы.
1-ші оқиға.Рим жерінде Исаның
өсиеті бойынша шәкірттері дінді
уағыздайды.Азиядағы Тарса қаласынан
иудей диаспорасынан шыққан,Паул
көп еңбек сіңіреді,ол жаңа
дінді отыз жыл үздіксіз көптеген
елдерде уағыздап,бірнеше “Елші
Паулдың хаттары ”-деген атпен
белгілі шығармалар жазды.
ІІ ғ 30-40 жылдары христиандық
иудейлік дінінен ажырап жаңа дін
ретінде қалыптаса бастайды.
Екінші оқиға.Бытыраңқы христиан
қауымдары бір орталықтанған
ұйымға бірігеді.Алғашқы христиандар
Рим тарапынан қудаланып,ғұрыптық
қауымдастық “эккелесия”(грек-жиын)-ға
бірігіп,құпия жасырын түрде көбіне
жер асты(катакомба)үйлеріне жиналатын.Басшылары
іштеріндегі білімді шешен адамдардан
сайланып,барлығы бір бауырлар секілді
тіршілік еткен.Діни рәсімдері жүйелі
түрде қалыптаспаған.Ұжымдық ғұрыптары-агапэ
деп аталып,оның кезінде дұғалар,май
жағу,сумен шоқындыру ж/е ауыз
бекіту орындалатын.Агапэні еврейлер
сенбі күні атқарған,кейін Римде
ІІғ бастап апталық “Күн мейрамы”
пайда болады да агапэні сол күнге
ауыстырады.ІVғ император Константин
бұл күнді заңдастырып “Құдай
күні” деп жариялайды.Апта күндерінде
бірінші болып осы күн тұрады.XVІ
ғасырдан Русте бұл күнді “воскресье”
деп атай бастайды,ал оған дейін
“апта” аталған.
Христиандар қатары көбейіп 165 жылы алғашқы
шіркеу салынады.Қауым мүшелерінің
күннен күнге артуы сенім,құлшылықты
реттеу,қауым кассасын бақылау,қайырымдылық
іс-шаралар ұйымдастыру ж/е т.б
мәселелерде түсінбестік пен
дау тудырады.Мұндай мәселелер қауым
арасынан шыққан басшылар тарапынан
реттеліп отырылған.Пресвитерлер ж/е
олардың көмекшілері диакондар
алғашқы діни басшылар,кейін пресвитерлер
арасынан жоғарғы діни басшы епископтар
шықты.Олардың қызметтері діни құлшылықты
басқару,пресвитор мен диакондарды
тағайындау,қауым мүшелерінің таубасын
қабыл ету ж/е шаруашылықты жүргізу
мен қауым кассасына ие болудан
тұрды.ІІ ғ соңына таман епископтар
сол аймақтағы шіркеулік ұйымдардың
толық басшысы ролін орындайды.Ол
уақыттағы христиан шіркеулері дербес
шіркеулердің конфедерациясы(епископалды
шіркеулер) болатын. Епископтар,пресвитериандар
ж/е диакондар-барлығы клира,ал қарапайым
дін адамдары(мирян) аталады.Христиан
шіркеуі қалыптасуының соңғы
кезеңі ІІІ ғ митрополиттердің(грек-бас
қала адамы) шығуымен байланысты(Бас
қаланың епископы яғни провинцияның
бас қаласының епископы).
Оның қызметі басқа қалалардың
епископтарын тағайындау.ІVғ негізгі
митрополиялалар құрылады: Иерусалим,Антиохия,Александрия,Рим
ж/е Константинопол.Олардың ішінен
рим епархиясы ең ықпалды ұйым,оның
алғашқы епископы апостол Петр болған.
үшінші оқиға.Христиандықты Рим
императоры Константиннің ресми
дін ретінде тануы.313 жылы “Милан
эдикті”-де діннің бұрын қудаланып
келгендігі,енді мемлекеттік дін
ретінде ресми танылғандығы туралы
жазылады.Сонымен үш ғасыр қудаланған
христиандық император Константин
тұсында мемлекеттік мәртебеге
ие болады.
3-ші кезең.(325-1054 жж)- жеті әлемдік соборлар
кезеңі.
Христиан шіркеулерінің әлемдік
құрылтайы,діннің күрделі мәселелерін
шешу мақсатында шақырылатын,барлығы
жеті рет құрылтай өткізілген.Бұл
кезеңнің ең басты мазмұны-христиан
сенім ілімі мен рәсімдерінің
бір ізге түсірілуі(унификация).Христиан
шіркеулерінде діннің кейбір қағидаларына
түрлі қайшылықты көзқарастар қалыптасады,осы
мәселелердің шешімін табу ж/е дінді
бір ізге түсіру мақсатында алғашқы
соборлар шақырылады.325 жылғы Никей
ж/е 381ж Константинопол соборларында
дін негіздері,рәсімдері ж/е қасиетті
кітаптары бекітіледі.
Христиандықтың әлемге таралуы.
Христиан дінінің жаппай таралуының
себебі,оның әмбебабтық идеясында:
“Эллин,иудей,сүндеттелген,сүндеттелмеген,жабайы,скиф,құл,азат
деген жоқ,барлығы және бәрінде
Христос” (Кол.3:1).Бұл барлық адамдардың
Құдай алдында тең екендігін
жариялау еді.Екіншіден христиандықтың
алғашқы дәуірлерінде орталықтанған
шіркеудің ж/е бірыңғай дінілімінің,ғұрыптарының
болмауы,басқа сенімдегі адамдардың
жаңа дінге өтуін жеңілдетті.Мәселен
алғашқы христиандар түрлі рәміздер
қолданған: қозы,балық,бақташы,жүзім
бұтағы ж/е т.б.692 жылғы 6-шы соборда
ғана “Агнц”(Иса бейнесі-діни рәміз)бекітті,ал
787 жылғы 7-ші соборда діни рәмізді
символдық-аллегориялық тұрғыда бейнелеуге
тыйым салады,яғни адам кейпіндегі
Христосты ғана салу керек.324 жылы христиандықтың
ресми дін ретінде танылуы, рим
империясының бүкіл аумағында кеңінен
таралуына ықпал етеді.Император
Константиннің 330 жылы астананы Римнен
Константинополге көшіруі,жаңа діннің
шығыс еуропаға таралуына қолайлы
жағдай жасады,395 жылы Рим империясы
батыс ж/е шығыс болып екіге
бөлінді.Осы дәуірлерден бастап еуропа елдерінде христиандық
қарқынды тарала бастайды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Ғ. Есім, А. Артемьев,С. Қанаев. Дінтану
негіздері. Алматы,2003
А.И.Артемьев. Дінтану. Алматы,2010
Интернет сайттар тізімі
www.Wikipedia.org
www.Google.com