Франктер аварларды қалай жеңді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 19:35, реферат

Краткое описание

788 жылы аварлар Франк мемлекетіне басып кіріп, ауыр авар соғысы басталды. Франктер аварларды славяндармен бірігіп әрекет жасау арқылы ғана жеңді. Ұзақ қоршау нәтижесінде аварлардың концентрлі тоғыз валдан құралған қорғаныс шебі басып алынды. Оның ортасында хан бекінісі орналасты. Соғыс нәтижесінде Ұлы Карл үлкен олжаға ие болды. Ол хан казынасына ие болып, оны шығару үшін керуен құруына тура келді. Авар қағанаты құлап, Орта Дунай бойындағы қаналған қара халық Тәуелсіздік алды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

788 жылы аварлар Франк мемлекетіне басып кіріп.docx

— 21.79 Кб (Скачать документ)

788 жылы аварлар Франк мемлекетіне басып кіріп, ауыр авар соғысы басталды. Франктер аварларды славяндармен бірігіп әрекет жасау арқылы ғана жеңді. Ұзақ қоршау нәтижесінде  аварлардың концентрлі тоғыз валдан құралған қорғаныс шебі басып алынды. Оның ортасында хан бекінісі орналасты.  Соғыс нәтижесінде Ұлы Карл үлкен олжаға ие болды. Ол хан казынасына ие болып, оны шығару үшін керуен құруына тура келді. Авар қағанаты құлап, Орта Дунай бойындағы қаналған қара халық Тәуелсіздік алды.

Ұлы Карлдың құрған «Рим Империясы»

Үлкен жерлерді жаулап алу Франк мемлекетінің шекарасын айтарлықтай үлкейтті.  Ендігі жерде оның территориясы Эбро мен Барселонадан, Эльба мен Балтық жағалауына дейін; Ла Манштан, Орта Дунай мен құрамына бүкіл Италия кіретін Адриатика аймағы кірді. Ұлы Карл құрған империяға бұрынғы Батыс Рим Империясының басым бөлігі сонымен қоса оның астанасы – Рим де кірді. Бұл римдік державалық дәстүрді оятты. Ұлы Карл «франктер королі» титулымен тұрақтағысы келмеді, ол бүкіләлемдік монарх титулы, «Рим императорлығына» үміткер еді. 800 жылы Латеран шіркеуінде Рим папасы ІІІ Лев  Ұлы Карлға император тәжін кигізіп «Рим Императоры» жариялады.

Франк королі құрған империя тек атауы жағынан Ежелгі Рим империясына ұқсады. Ол территориясы жағынан кіші, әрі әскери-әкімшілік жағынан әлдеқайда әлсіз болатын. Ұлы Карл мемлекет ішіндегі билікті және халықаралық беделін император титулын пайдалану арқылы реттеп, нығайтпақ болды. Бүкіл тұрғындар, ақсүйектерден құлдарға дейін Ұлы Карлға адалдық сертін беруі керек болатын.

Ежелгі римдік басқару үлгісі бойынша орталықтанған басқару аппаратын құру шаралы жүрді. Және де императордың рим шіркеуі мен оның басшысы Папаны да бағындыруы маңызды болды. Батыс шіркеуді бағындыруы халықаралық саясатта мықты каруға айналған болатын.

Әкімшілік-сот билігін құру

Ерте феодалдық әлеуметтік-экономиялық құрылым кезінде, қарапайым халық феодалдардан тәуелді емес кезде, Франктер мемлекетінде шекаралық басқару жүйесі болған. Халық король қызметшілеріне бағынышты болып, мемлекеттік міндеттерін орындаған. Мемлекет шекарасы графтықтарға бөлініп, басшылығында король тағайындаған графтар тұрды. Олар әкімшілік сот істерімен айналысты, әскер жинап оларға басшылық етті, салықтар жинап басқа да жиындармен айналысты. Қызметі үшін сыйақы ретінде графтар әр айыппұлдың 1\3 бөлігін және корольдан бенефициялар алып отырды. Графтықтар жүздіктерге бөлінді, ол жүздіктер басында жүзбасы немесе центенариилер тұрды. Центенариилерді король сарайы тағайындағанымен олар тікелей графтарға бағынышты болды.  Әр жүздік құрамына  өзін-өзі басқаратын бірнеше село кірді.

 

Жаулап алынған шекаралық облыстарда Ұла Карл маркалар құрды. Маркалар – көрші елдер мен қорғаныс бекетіне шабуыл жасауға арналған, әскери-әкімшілік нығайтылған округтер. Марка басында тұрған маркграфтар кеңейтілген  әкімшілік соттық және әскери билікті қолында ұстады. Олардың қолында тұрақты әскери күш болды.

Жоғарғы мемлекеттік билік король сарайында жинакталып, король қызметшілерімен іске асырылып отырды. Олардың ішіндегі басшылықта тұрғандар: Пфальцграф – сарай қызметшілерін басқарушы, сарай сотында төрағалық етуші, Референдарий – мемлекеттік канцелярияны меңгеруші, « қазына сақтаушы » Камерарий - қазына істерімен айналысушы, Бас капеллан - шіркеу істерімен айналысушы. Король жайлары мен азық-түлік  істерімен король тағайындаған адамдар айналысты, ал аңшылық істерімен король аңшылары айналысты. Сарайда одан басқа да қызметшілер мен корольден бенефеция мен колдау алғандар көр болды. Жоғарғы сарай алды ақсуйектері маңызды мемлекеттік істер қарастырылған  королдік кеңес құрамына кірді. Жасалған заңдар король атынан шығарылғанымен, оны дайындау мен талқылауға елдің байлары мен сарай басшылары қатысты. Ескі дәстүр бойынша әр жыл сайын көктем мен күзде ақсүйектер жиналысы өтетін, ол жиналыста  заң шығару істері мен әскери істер талқыланды. Көктемде қарастырылған мәселелер заңға айналып король атынан жарияланды. Каролингтер әулеті кезінде бұл жиналыстар мамыр айында өткізіліп тұрды, бұл кез әскери тексерулер уақытына сай келетін. Бұл кезде ақсуйектер корольге сый-сыяпат көрсетіп отырды. Ұлы Карлдың тұсында монархияның заң шығару күші айтарлықтай күшейіп, 250-ден астам капитуляриялар немесе заңдар шығарылды.

Франк мемлекетінде заң шығару ісінің түп негізі ретінде варварлық заңдар немесе «Сали заңдары»  қолданылды. Ол ескірген заңдарға тағы  бөлек жаңа заманға сай заңдар да косылып отырды. Ұлы Карл шығарған капитуляриилердің басым бөлігі сарай әкімшілігіне қатысты болатын. Мемлекеттің қудалау және жазалау шаралары күшетіліп, әкімшілік айыппұл мөлшері көбейтілді. Император өзінің капитулярияларында қызметшілерін қарапайым халықпен катал болуын талап етіп, оларды өз міндеттерін орындауға және оларды бағынышты етуге міндеттеді. Сонымен қоса император  король қызметіндегілердің өз бетінше көтерілуін шектеп император алдындағы міндеттерін күшейтіге тырысты. Осындай мақсатта император герцогтар билігін шектеді, себебі кейбір шет аймақтарда герцогтар тәуелсіз билік етті.  Ұлы Карл эпископтарға әкімшілік сот билігін беріп, жалпы иммунитеттік артықшылықтар берілді. Императордың мұндағы мақсаты эпсикоптарды аумақтарда өз билігінің тіреуі ету болатын.  Графтар сарай жіберген елшілерге  тәуелді болды. Король елшілерін даярлайтын институт болды, бұл уақытша билік берілген елшілер жергілікті биліктің феодализациялануын тоқтауы керек болатын. Алайда Ұлы Карл қайтыс болған соң олардың жұмыстары тоқтап қалды.

 Ұлы Карлдың  тұсында Франктер мемлекетінің  тұрақты астанасы болмады. Король  қызметшілерімен бірге өз жайларына  көшіп жүрді. Тек өзінің билік  құру кезеңінің соңына қарай  Ұлы Карл Ахендегі сарайында  ұзақ өмір сүрді. Кейінірек дәл  осы қалада Ұлы Карл жерленді.

VIII ғасырдың соңына қарай Франк мемлекетінің соттық құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды. Ескі варварлық сот, Сали заңдары түпкілікті құлдырады. Сот жиналыстарында төрағалық етуші, халық сайлаған –тунгин емес, король тағайындаған графтар мен центенариилер болды. Ендігі жерде халықтық рахинбургтер жоқ болды, олардың орнын корольдік скабиндер басты. Халық сот жиналыстарына тек көрермен ретінде қатысып шешім қабылдауға қатыспады. Бірақ ескі тәртіп бойынша сот жиналысына барлық бос халық қатысуы керек болды, ал келмеген жағдайда айыппұл салынды. Ақырында Ұлы Карл жылына тек үш қана сот жиналысына келу міндетін бекітті.

 

 

Франк мемлекетінде феодалдық қатынастардың дамуы

  VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың басында франктер мемлекетінде феодалдық шарушылықты бағындыру қарқынды түрде жүріп жатты.

Меровингтер әулеті тұсында кеңінен тараған прекариялық қатынастар, ендігі, мұрагерлік түрге ие бола бастады.

Жерінен айырылған шаруа мырзасына жер телімін беруін өтінетін ( precaria - өтініш бойынша берілген жер ), оның өтеуі ретінде шаруа келісім кезінде айтылған міндеттерді орындап отыруы тиіс болды. Келісім жазбаша түрде жасалды, жер иесі шаруадан толтырылған прекарлық қағаз алып, оған престарлық құжат берді. Құжатта  жерілген жер көлемі, пайдалануға берілген уақыты, крестьяндық оброк мөлшері белгіленіп, жер иесі шаруа құқығын бұзбауға және өз қалауы бойынша жерді тартып алмауға уәде берді. Бірақ бірнеше ұрпақ өте шаруа тек жер жағынан емес басыбайлы тәуелдіге айналады.

Прекарлық тәуелділікке тек жерінен айырылған адам ғана емес, мемлекеттік міндеттерден құтылып ірі жер иеленушілерден қамқорлық алуды мақсат еткен ұсақ жер иеленушілер де түсетін.  Прекарлық тәуелділікке түскен шаруа берілген жерге ие болу құқығынан бас тартып, керісінше тағы да қосымша өңделмеген жерді де алған. Бұл айтылған прекариялар шіркеу мен феодалдардың шаруалардың жерлерін мобилизациялауға септігін тигізді.

Осындай коммендация халықтың тәуелсіздігінен айырылуына алып келді. Бейшара, кедей халық өз өмірлерін шіркеуге немесе бай мырзаларға тапсырып, қызметші өз мырзасына қызмет еткендей қызмет жасауға уәде берді. Өтелмейтін қарыз шаруларды сервтерге, яғни, үрім-бұтағымен қоса құлдарға айналдырды.

Феодалдар тәуелсіз адамдарды крепостнойлар мен тәуелділерге айналдыруда ештеңенің алдында тоқтамады. Ол жайлы Ұлы Карлдың капитулярияларында айтылған. Олардың бірін оқитын болсақ: «егер кімде кім өз жерін немесе мүлкін епископқа, аббатқа, графқа бермеген жағдайда... олар сол бейшара шаруаны өз мүлкін сатпайынша немесе шіркеуге сыйлыққа тартпайынша қыспаққа алып, әдейі соғысқа жібереді » делінген. Сондықтан император епископтар, аббаттар мен графтарға ескерту берді, олардың қарапайым, әлсіз халықтың жерін күш қолданып тартып алу немес күштеп сатып алуын тоқтатуын талап етті.  Осы әрекеттер корольдың қамқорсыз қалған, бейшара халыққа қөмек көрсетіп, қолдау жасауына себеп болды.

Қара халықтың  крепостнойларға және тәуелділерге айналуы  мемлекеттің  саяси құрылымына үлкен әсерін тигізді. Бұрын шаруалар мемлекеттік міндеттерін орындап, әскери қызмет жасауы керек болатын, ендігі кезде олар феодалдық тәуелділікке түскен соң ең алдымен өздерінің мырзаларына қызмет жасауы керек болды.

Иммунитет

Корольдік билік феодалдардың жеке билігінің өсуіне еш қарсылық көрсетпеді, керісінше соған жағдай жасап отырды. Король шіркеу мен ақсүйек феодалдарға иммунитеттік грамоталар берді, ол грамоталар  олардың жеріне мемлекет қызметшілерінің  кірісуінен босатты . Оның үстіне иммунисттердің қолына жергілікті әкімшілік билік өтіп, бұрын мемлекет қазынасына баратын барлық мүлік пен қаражат  солардың қолына өтті.

Иммунитет феодалдық жеке меншіктік құқықты нығайтты.  Имунитеттік территорияда  вотчина иесі жалғыз мырза болып, осы территориядағы тәуелді де тәуелсіз халыққа өз билігін жүргізіп отырды. Ұлы Карл иммунитетті мемлекеттік билікті нығайту қаруы ретінде пайдаланғысы келгенімен, иммунитеттік артықшылықтарды кеңейту тек ірі феодалдарға ғана пайдалы болды. Және бұл істер мемлекеттің саяси бытыраңқылығының бастамасы болды.


Информация о работе Франктер аварларды қалай жеңді