Франк мемлекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 09:09, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Франктер - герман «варвар» тайпаларынан шығып, ұлы Рим империясына қарсы тұрып,империя дәрежесіне дейін жеткен тайпалар. Олардың өз тұрақтарын тастап ,Галлияға бет бұруына шығыстан келген тайпалар себепші еді.Франктердің жаулап алу жорықтары нәтижесінде орта ғасырлардағы ең күшті державалардың бірі қалыптасты.

Содержание

1 КІРІСПЕ................................................................................................ 3
2 ФРАНК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ......................................... 5
2.1 Герман тайпалары ................................................................................... 5
2.2 Франк мемлекетінің құрылуы................................................................. 6
2.3 Франк мемлекетінің заңдары,Сали ақиқаты....................................... 8
3 ФРАНК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЫДЫРАУЫ.............................................. 10
3.1 Мойордомдар билігі............................................................................... 10
3.2 Ұлы Карл билігі.................................................................................... 13
3.3 Империяның ыдырауы................................................................................. 15
4 ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................... 16
5 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................... 18

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.docx

— 86.69 Кб (Скачать документ)
  • Басты қызметкердің лауазымы – майордом болды. 
         
  • Пфальцграф-корольдің сарайындағы сотты басқаратын лауазым иесі. Тезаурарий - дөулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке иеболып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің жәнемемлекеттің қаражаты бірге сақталатын. 
     
  • Маршал-корольдің атты өскерін басқаратын адам. 
  • Архикапеллан-корольдің діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу қызметкерлерінің ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде королькеңесінің мүшесі болды. 
  • Камерарий-король қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы биліктердің бөлінуі өлі де зертгей түсуді қажет етеді. Себебіқызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған. 
  • Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін. 
  • Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға бөлінді, қауымда жергілікті өзін-өзі басқару принциптері сақталды. 
  • Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Герцогтер басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне үқсас. 
  • Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін ақсүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын. 
  • Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін жетік білетін адамдар сайланды. 
       Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды. 
            

          

          3.2   Ұлы Карл билігі

             Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа әулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартелдің атымен Каролингтер (Карлдың латынша аты Каролус болатын) әулеті деп аталды.Пипин өлімінен кейін 768 ж карольдік оның екі ұлы Карл мен Карломан арасында бөлінді.Ағайынды екеуі  аналары Бертраданың соншалық тырысқанына қарамастан өз ара тіл табыспайтын.Олардың араларындағы татулықтары үлкен күшпен сақталып отырды,себебі Карломан  маңындағылардың барлығы да оларды араздастыруға,тіпті соғысқа дейін жеткізуге тырысқан. 769 жылы  оңтүстік – батыстағы Гунольд атты сеньор батыс аквитандықтар мен гаскондық басктарды  көтеріліске алып шығарады,сол кезде Карл көтерілісті басу үшін жалғыз баруға мәжбүр болады,себебі Карломан оған өз әскерімен қосылудан бас тартады.  Бұған қарамастан Карл  өз жорығын жалғастыру туралы нық шешім қабылдады және ол өз қалағанына жетті де.Ол Гунольдты Гасконьға қашуға мәжбүр етті.Оны  қуып,Гаронна өзенінен өтіп,герцог Лупа Гаскондықтан қашқынды беруді талап етті.                                ьььььКарломан мен лангобардтар королі Дезидери арасындағы келісімнен қорқып, Карл олардын алдын алды.Ол өзінің туысы әрі лангобард королінің күйеубаласы  Бавария герцогы Тассилмен жақындасып қана қоймай,анасы Бертраданың кеңесімен   770 жылы Дезидеридің қызы Дезидератені әйелдікке алып өзінің заңды әйелі Химильтруданы  екінші рөлге ысырып қойды. 771  ж Карломан қайтыс болады да,бүкіл билік Карлдың қолында жинақталады.Ағасының мұрасын басып алғаннан кейін Карломанның әйелі Герберга мен ұлы Пипин Дезидери қол астында пана тапты. Ол 768-814 жылдары билік кұрды. Карл ұзын бойлы, алып денелі, батыл адам болған делінеді.Биограф Карл Эйнхардтың еңбегі бойынша Карл «зор әрі күшті дене иегері болған.Оның бойы өте ұзын болған» делінеді.Карлдың түрін  ашық түсті шаш,ұзын мұрын,тірі жарығы бар көздер ерекшелейтін.Қартайған шағында Карл ақсай бастады.Сүретшілер Карлды өздерінің фантазиясына қарай әр түрлі қылып салған. Көптеген адамдар Карлдың алып дене бітімін суретшілер жағынан тым әсерлеп жіберген деп санаған,бірақ Карл мәйітін эсгумациялау оның шынымен де 192см. екендігі анықталды.                                  ллльл Оның ерліктері мен тапқырлығы жөнінде көп аңыздар мен өлеңдер жазылды. Тіпті «король» деген сөздің өзі соныңмсатынанбббшыққан.                                                                                            мммм  772 ж бастап Ұлы Карл сакстары жаулап алып,жерлерін франк мемлекетіне қосты.Шамамен сол уақыттарда Карл  лангобардтарды бағындырып,солтүстік Италияны өзіне қаратты.Папалықтарға өз қамқолығын берді.  Осы кезеңнің өзінде  франк шекарасы үлкен аумақты алып жатты.Ол  Эбро және Барселона өзендерінің ортанғы ағысынан оңтүстік-батыста Эльба,Салы,Богем таулары мен Вендік орманға дейін созылып жатса,солтүстігінде Ютландия шекарасы мен орталық Италияға дейін аралықты қамтыған.Карл тіпті Франк мемлекетін Рим империясымен теңестіріп,императорлық атақты армандайды.Папа Лев III өзі жек көретін рим ақсүиектерінен тығылу үшін франк  корольдігінің сарайына барды.Карл Римге папаны қорғау мақсатымен барады.Осы ісіне риза папа Ұлы Карлды 800 жылы Римдағы Әулие Петр храмында императолық тәж кигізеді.Осылай Батыста жаңа империя пайда болды.Бұл Карл  мен Византия арасындағ өшпенділікті өршітті.                   Всс                                                                                ааасҰлы Карлдың билік кұрған жылдарының бәрі соғыспен өтті. 53 әскери жорықтың 27-сін Карлдың өзі басқарды. Оның жорықтары Испанияға, герман тайпаларына және Италияға бағытталды. Франктер Рим папасына көмектесу үшін Италияға екі рет жорық жасап, лангобардтарды талқандады, Италияның көпшілік бөлігін өз иелігіне қосып алды.778 жылы Карлдың Испанияға жасаған жорығы сәтсіздікке ұшырады. Тек 801 жылы арабтарға қарсы соғыста жеңіске жетіп, Испанияның шағын аймағын жаулап алды. 772-804 жылдары Карл сакстарға қарсы сегіз рет қанды жорық жасап, әрең дегенде олардың аксүйектерін өз дегеніне көндірді. Саксония бірнеше графтықтарға бөлінді. Графтықтар басшылығына король ақсүйек франктер мен сакстарды тағайындады. Сакстар Карлдың күштеуімен христиан дінін қабылдады. 788-803 жылдары франктер славян тайпаларымен одақтаса отырып, VI ғасырда қалыптасқан аварлар қағанатын Паннонияда (қазіргі Венгрия аумағы) талқандады.                                                                                                         аааааҰлы Карл билігінің соңына қарай Франк корольдігі өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. Карл империясының астанасы Аахен қаласы болды. Карлдың дәрежесінің өскендігі соншалық, Шотландия мен Аустрий корольдері,ирландық княздер,тайпа көсемдері оның қолдауын өте қажет етті,тіпті 812 жылы Византия императоры болып мойындалды.               Ииии                                                                                       ссссссөӨзінің табысты жорықтарымен Карл Франк мемлекетінің көлемін үлкен қашықтыққа кеңейтті.Дәл осындай талпыныспен Карл мемлекеттік құрылымға,мәдениеттің дамуына зер салды. Ол әскери істерін реттестіріп,шекараларды маркграфтар деп аталатын  әскери ұйыммен күшейтті.Ол корольге қатері бар деген герцогтардың көзін жоғалтып отырды.Жеке аймақтарды графтар басқарған.Жылына екі рет – көктемде және күзде император айналасында жиналыстар болып отырған. Көктемдегі жиындарға еркін адамдар келіп,қатыса алған.Ал күздегі жиынға тек король «кеңесшілерімен» , дін басылары және  мемлекеттік маңызы бар  адамдар жиылған.Күздік жиында көбіне мемлекет өміріндегі қиындықтар мен проблемалар қаралған және соларға шешім қабылданған,бұл негізінен капитуляри атауын алған.                                                        М                                                                                       и      Карл ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлген. Оның бұйрықтарымен болоталар кептірілген,ормандар шабылған,шіркеулер мен қалалар салынған,әрі неше түрлі әсем сарайлар салынды.                                           Христиандықтың таралуына қызу кірісіп,дінге қолдау көрсетіп,оған жер үлестерін бөліп,папамен жақсы қарым-қатынаста бола отырып,Карл  шіркеуде толық билігін сақтап қала алды,ол епископтар мен аббаттарды тағайындап,жиындарда шіркеу ісіне қатысты мәселелерді шешіп отырған.   ввввКарл бұйрығымен сарай  биографтары халық әндерін жинаған.Ол өзі ғалымдармен араласып,олардың кеңестері арқылы дін басылар мен халықтың сауатын ашуға тырысты.Негізінен ол шіркеулер ішіндегі мектептердің дұрыс жұмыс атқаруына көп көңіл бөлді.Сарай ішінде өз балалары , сарайдағылар мен олардың ұлдары білім алу үшін академия ашты.                                           794 жылы Ахенедегі кельттер мен римдіктердің  термальдік курортының орнына Карл үлкен сарай  комплексінің  құрылысын бастап,ол  798 жылы аяқталады. Ең алғашында Ахен Карлдың қыстық ордасы болады да,уақыт өте келе тұрақты ордасына айналды. 807 жылдан бастап  Ахен елдің астанасына айналды.Карл 1,7 грамм салмағы бар ақшаны бекітті.                                        806  жылы ақпанда Карл империяны өзінің үш ұлының арасында бөлуді өсиеттеді.Людовикке - Аквитания мен Бургундия,Пипинға - Италия мен Дунайдың оңтүстігіндегі Германия,Жас Карлға Нейстрия,Австразия мен Дунайдың солтүгіндегі Германия берілуі керек еді.Алайда 810  жылы Пипин, 811 жылы Жас Карл қайтыс болды.Өзі қайтыс болардың алдында Карл  өзіне Людовикті,тірі қалған жалғыз ұлын , сол уақыттағы Аквитания  корольін,шақыртып алып,сол арада жиын жинап, 11 қыркүйектен бастап Людовикті өз мұрагері ретінде жариялап,басына тәж кигізіп,енді бұдан былай Людовикті император және август деп атауға бұйық берді де  екеуі мемлекетті бірге басқара бастады. Осыдан кейін қатты лихорадкадан ауырғаннан кейін ол төсек тартып жатып қалды.Қаңтардың басында лихорадкаға плеврит қосылып,28 қаңтарда 814 жылы император қайтыс болды.Өзі салдырған Ахенедегі сарай шіркеуіне жерленді.                                  ттттт Карл империясы замандастарына мәңгілік, мықты империя болып көрінді.Сол себепті Карл бейнесі көптеген аңыздарға енген.                      Ертедегі орта ғасырлардағы Еуропа мәдениетінің дамуына IV ғасырда мемлекеттік дін деңгейіне көтерілген христиан діні елеулі үлес қосты. Жаңа дін сауатты қызметшілерге мұқтаж болды. Сол себепті монастырьлық мектептер көптеп ашылды. Халықтың сауатын ашып, білімін көтеруге Ұлы Карл қамқорлық жасап отырды. Ол өзінің білімі аз болса да, ұлан-ғайыр мемлекетті дұрыс басқару үшін сауатты адамдар керек екендігін жақсы түсінді. Император өз сарайына Италиядан Павел Диакон, Испаниядан гот Теодульф сияқты көрнекті оқымыстыларды жинады.Білім беру саласында, әсіресе ағылшын-сакс Алкуин көрнекті рөл атқарды. Ол тек оқыту ісін үйымдастырумен шектеліп қоймай, оқулықтар жазумен де айналысты. VI ғасырдағы ойшылдар Боэций мен Кассиодор антикалық мектептегі білімнің негізін құраған «жеті ерікті өнерді» тривиум (грамматика, тіл өнері, диалектика) және квадривиум (геометрия, арифметика, астрономия және музыка) деп екіге бөлді.Карлдың сарайында да мектеп болды. Ол мектепте императордың жан-жақтан жинаған окымыстылары сабақ берді. Сондай-ак сарайда Академия деп аталған үйірме құрылды. Аңыз кейіпкері Академнің атымен аталған бұл философиялық мектептің негізін б.з.б. IV ғасырда Платон қалаған еді. Оның мүшелері өлеңдер жазды, философиялық мәселелерді талқылады, ежелгі авторлар мен шіркеу басшыларының еңбектерін оқып үйренді.Ертедегі орта ғасырлардағы еуропалық мәдениеттің жетістіктері жинақталып, кітаптарға жазылды. Ол кітаптардың сапасын жақсартуға Ұлы Карл көп көңіл бөлді. Осы кезде кітаптардың сапасы да жақсара бастады. Кітаптар арнаулы өңделген бұзаудың немесе қойдың терісі - пергаментке жазылатын.Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.                                                       V ғасырда Рим империясын жаулап алған варварлар ежелгі мәдениетті құлдыратып жіберген еді. Ұлы Карл ол мәдениетті, әсіресе ежелгі Рим мәдениетін қалпына келтіруге, одан әрі жетілдіріп, дамытуға үлес қосты. Сондықтан да Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта «Каролингтердің қайта өрлеуі» деп аталып кетті.

 

  3.3   Империяның ыдырауы

             Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ұлы Карл өлгеннен кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады.Федализмнің дамуынан  ірі жер иеленуші феодалдар өз аймақтарының сеьорларына айнала бастады.Ал шаруалар және басқа тұрғындар вассалдарға айналды.                                                                      ПпппррКаролингтер басшылығымен жиналып,бір орталыққа бағынып отырған әр түрлі тайпалар мен ұлттар  өз араларында не экономикалық,не діни бірлік болмаған  кезде араларындағы бірлік тек ұсақ және орташа феодал-вассалдар король билігін қолдап отырған кезде ғана мүмкін еді. XMNXI ғасырдың аяғында  феодалдық құрылымның негіздері салына бастаған кезінде ірі жер иеленушілердің орталық билік жөніндегі ойлары өзгерді.                                                                                                                         ы       Ірі феодалдар тәуелсіз болды,ал ұсақ және орташа жер иеленушілер олардың вассалдарына  айналды.Шаруалар негізінен көбі тәуелді болды.Шаруа көтерілістері мен  қозғалыстарын  феодалдар  өз күштерімен басып отырды.                                                                                                         ьььььКарлдың ұлы Людовик 817жылда ақ империяны өз ұлдарының арасында бөліп тастайды да ,өзіне тек жоғарғы билікті қалдырады.Осыдан кейін тағы бөліністер болды,тек олар түсініспеушілікке алып келді.Ақырында 843 жылы Людовиктің өлімінен кейін Карл немерелері Верден қаласында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Кіші ұлы Карлға Франк империясының батысы,яғни Шельд,Маас,Рона өзендерінен батысқа қарай қазіргі Франция территориясы берілді;ортаншысы Людовик Неміс – Рейннен шығысқа қарай,Альпылардан солтүстікке қарай жерлерді иемденді.Бұл корольдік   Шығыс Франк ,кейіннен Неміс деп аталып кетті. ал ең үлкен немересіне Италия және Рейн бойындағы аймақтар берілді.Осымен қатар императорлық атақты иеленіп қалды.Сөйтіп Ұлы Карлдың империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4   Қорытынды

          Негізінен тарих құрылу  мен құлдыраудан тұрады.Талай ғасырлар бойы көптеген ұлы империялар құрылып,жоғалып жатты.Франк мемлекеті осының дәлелі.486жылы Галлияны жаулап алғаннан кейін құралған да,ең алғашқы корольі Хлодвиг болады.Франк мемлекетінің пайда болуы көптеген мемлекеттер мен тайпалардың тағдырында  үлкен өзгерістерге алып келді.               вввввФранк мемлекетінің ыдырауы ол қайтпасс процесс еді. Бірақ, дегенмен тарихшы болған соң өткен тарихты оқып білу, онымен танысып зерттеу біздің міндетіміз бен мақсатымыз болғандықтан оқиғаның барысын, нәтижелерін қортындыламай қоя алмаймыз.                                                              чччччЖоғарғыда негізгі бөлімдегі материалдарды қортындылай келсек Франк мемлекеті варвар тайпаларының ішіндегі ең мықтысы, өз мемлекетін құрып,шекарасын кеңейтіп,гулденген,империя дәрежесіне жеткен держава. Хлодвигтің саясаты бойынша мемлекет құрылып, Ұлы Карл жүргізген саясат бойынша Византия империясына дейін мойындаған алып империя құрылды.Ұлы Карл кезінде білім жан жақты дамыды. Халықтың сауатын ашып, білімін көтеруге Ұлы Карл қамқорлық жасап отырды. Ол өзінің білімі аз болса да, ұлан-ғайыр мемлекетті дұрыс басқару үшін сауатты адамдар керек екендігін жақсы түсінді. Император өз сарайына Италиядан Павел Диакон, Испаниядан гот Теодульф сияқты көрнекті оқымыстыларды жинады.Білім беру саласында, әсіресе ағылшын-сакс Алкуин көрнекті рөл атқарды. Ол тек оқыту ісін үйымдастырумен шектеліп қоймай, оқулықтар жазумен де айналысты. VI ғасырдағы ойшылдар Боэций мен Кассиодор антикалық мектептегі білімнің негізін құраған «жеті ерікті өнерді» тривиум (грамматика, тіл өнері, диалектика) және квадривиум (геометрия, арифметика, астрономия және музыка) деп екіге бөлді.Карлдың сарайында да мектеп болды. Ол мектепте императордың жан-жақтан жинаған окымыстылары сабақ берді. Сондай-ак сарайда Академия деп аталған үйірме құрылды. Аңыз кейіпкері Академнің атымен аталған бұл философиялық мектептің негізін б.з.б. IV ғасырда Платон қалаған еді. Оның мүшелері өлеңдер жазды, философиялық мәселелерді талқылады, ежелгі авторлар мен шіркеу басшыларының еңбектерін оқып үйренді.Ертедегі орта ғасырлардағы еуропалық мәдениеттің жетістіктері жинақталып, кітаптарға жазылды. Ол кітаптардың сапасын жақсартуға Ұлы Карл көп көңіл бөлді. Осы кезде кітаптардың сапасы да жақсара бастады. Кітаптар арнаулы өңделген бұзаудың немесе қойдың терісі - пергаментке жазылатын.Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.                                                                                                                                     чччч V ғасырда Рим империясын жаулап алған варварлар ежелгі мәдениетті құлдыратып жіберген еді. Ұлы Карл  мәдениетті, әсіресе ежелгі Рим мәдениетін қалпына келтіруге, одан әрі жетілдіріп, дамытуға үлес қосты. Сондықтан да Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта «Каролингтердің қайта өрлеуі» деп аталып кетті.Ұлы Карлдың тек Рим империясына ғана емес дүние жүзі мәдениетіне қосқан үлесі зор.                                                                         Карл империясы ыдырағаннан кейін сол территроияда үш корольдік құрылды.Олар :Франция,Германия және Италия.Осылардың негізінде француз,неміс және итальян   ұлттары қалыптасты.Осылай Франк мемлекеті дүние жүзінде өшпес із қалдырып кетті..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

Абеляр М.Р.История моих бедствий/М.,1959.

Вязягин А.С. Идеалы божьего  мира Карла Великого/М.,1963.

Гаврилов П.Ю.Правление  Каролингов/М.,1975.

Григорий Турский.История  франков/М.,1987 .

Данилова Г.М. К  вопросу  о происхождении франкской империй/М.,1955.

Диль Ш.Карл Великий/М.,1949.

Диль Ш.Основные проблемы правления  Мойордомов//

Иоанн Киннам.Средние века/М.,1931.

Карпова С.П. История средних  веков/М.,2003.

Керов С.А.Феодализация  франкских  крестян/М.,1953.

Курбатов С.Л.Социальная структура раннефранкского общества/М.,1964.

Кустьева  Р.В. Культура франков  в средние века/М.,1983.

Лебедева Л.Основные черты  феодализма в Франкском поселений/ М.,1947.

Лебек С.Происхожднеие франков .V-IX века.М.,1993.

Липшиц Е.Э.Право,законы и  суд Франкского государство/М.,1993.

Осокин Н.А.История правления  Каролингов/М.,1985.

Романенко П.С. Феодализация франков/М.,1995.

Ронин П.С.   Крестьяни  франкского государства/М.,1955.

Салическая правда/Пер.Н.П.Гецианского.М.,1950

Семененка Ф.Р.О строениях  в древней Франций/ М.,1956.

 Удальцов А.Д.Истори  я франков/М.,1917.

Удальцов А.Д.Свободная  деревня в Неистрии в эпоху  Меровингов и Каролингов/М.,1912.

Фюстель де Куланж.История  общественного строя древней  Франции/М.,1956

Черниловский З. М., История  рабовладельческого государства и права/ 2 изд., М., 1960.

Черниловский З. М., Хрестоматия  памятников феодального государства и права стран Европы/ М., 1961.

Шевеленко А.Я.Торжество  феодальной собственности в Бретании  IX столетия//Французский ежегодник.1971.М.,1973

Шевеленко А.Я.Торжество  феодальной собственности в Бретании IX столетия/Л.,1994.

Эйнгард.Жизнь Карла Великого/М.,1977

 

 


Информация о работе Франк мемлекеті