Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 16:42, реферат

Краткое описание

ІІІ-ші Ура династиясының құлдырауынан кейін Қосөзеннің оңтүстігінде аморейлер тұрақтанды. Бұл жерде екі аморейлік мемлекет құрылды, яғни Исин және Ларс орталықтары. Исиннің патшалық әкімшілік қызметін көрсететін мүсіні Исин Лапиташтра патшасының шумер тілінде құрылған заңын білдіреді. Солтүстікке қарай Мари және Эшнуына патшалығы орналасты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

вавилон.docx

— 14.46 Кб (Скачать документ)

Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы

 ІІІ-ші Ура династиясының құлдырауынан кейін Қосөзеннің оңтүстігінде аморейлер тұрақтанды. Бұл жерде екі аморейлік мемлекет құрылды, яғни Исин және Ларс орталықтары. Исиннің патшалық әкімшілік қызметін көрсететін мүсіні Исин Лапиташтра патшасының шумер тілінде құрылған заңын білдіреді. Солтүстікке қарай Мари және Эшнуына патшалығы орналасты. Бұл барлық мемлекеттер Оңтүстік және Орталық Қосөзенде өздерінің үстемдігін көрсету үшін өз араларында күрес тартыстар болды. Бірақ, бұлардың ешқайсысы өздерінің мақсаттарына жете алмады – өйткені Қосөзеннің едәуір бөлігінің бірігуі кезеңінде б.э.д ХІХ ғасырдың басында негізделген Вавилонды аморей патшалығының патшалары билік жүргізді. Вавилон патшалары Тигр мен Ефратқа жақын орналасқан, географиялық жағдайы тиімді қалаларды пайдаланды, яғни алдыңғы Азиямен қиылысатын негізгі сауда жолдары, сонымен қатар саяси жағдай вавилон патшаларына тиімді болды. Өйткені Мари және Эшнура күшейген Ашшурмен күресте әлсіреді, ал Аарса Эламиттердің қысымына шыдауға мәжбүр болды. Қосөзен тарихында ерте Вавилон патшалығының (1894-1595 б.э.д.) өмір сүруі елеулі дәуірді құрайды. 300 жыл аралығында оңтүстік бөлігі өздерінің шаруашылығын даму мен саяси әсер ету жағынан биік шыңдарға жетті. Ол Қосөзенің барлық алдыңғы мәдени нәтижелерді өзіне сіңірді. Вавилон, бірінші аморейлік патшалық тұсындағы елеусіз қалашық, Вавилондық династия кезінде ол эллистік дәуірге дейін өзінің  басқару мәнін жоғалтпаған ірі сауда, саяси және мәдени орталыққа айналды. Жүз жылдық күрес нәтижесінде вавилон билігі тұсында Қосөзеннің бірігуі Хаммурапи патшалығының (1792-1750ж. б.э.д.) кезінде аяқталды. Вавилонның бірінші патшаларының басты мәселесі болып Аккадтың ірі орталықтарын жаулап алу және басқа да ұсақ аморейлік княздармен күресу еді. Б.э.д. ХVІІІ ғ. ортасында бірігу Хаммурапи патшаның тұсында аяқталды. Ең алдымен Урук және Исин қалалары Вавилонға қосылып, Шумер жаулап алынды. Бірақ Шумердің оңтүстік эламиттерді  басқарған Рамсин билігінде болды. Хаммурапидің одақтастығы Мари Зимрилим патшасы болғанымен солтүстікте Вавилон билігі мықты болмады. Саяси жағдай Хаммурапи үшін тиімді болмады. Ол 30 жылы Эшпунды жеңіп солтүстік шекараны нығайта түсті және келесі жылы Хаммурапи Рамсинді бағындырып, барлық оңтүстікті біріктірді. Зимрилим Вавилонның күшейуінен ескеріп Хаммурапиге күресте көмектеспейді. Сонда Хаммурапи Мари қаласын бұзып Зимрилимге қарсы шықты. Мариді жаулап алғаннан соң Хаммурапи солтүстікке қарай беттеп Ашшур патшалығын бағындырды. Ежелгі Вавилон патшалығының ішкі тұрақтылығы мен бірлігіне жаңа жағдайлар арқасында жетті. Жергілікті Шумер және Аккад әулеті Ур патшалығы тұсында әлсіреген болатын, аморей және эламит жаулап алушылармен  жойылды. Содан кейінгі Вавилон патшалары тек қана аморей тайпалары мен шумер – аккадтың қалалық және ауылдық қоғамдастықтары ісіне кірісті. Сөйтіп, Аккад оңтүстік Шумерге қарағанда аз зиян шекті. Өйткені Аккад аморейлерге бөтен болмады, яғни Аккад тұрғындарының тілдері түсінікті, құдайлары бір және салт дәстүрлері аморейлерге ұқсас болды. Ал Шумер экономикалық қатынаста Аккад тәуелді болды. Вавилонның саяси мәнінің күшейуі оның гүлденуіне себеп болды, өйткені қала географиялық және табиғи жағдайы жағынан жақсы орналасқан. Сондай-ақ вавилон патшалары Ур, Исин және Ларса патшаларының әкімшілік және саяси біліктілігіне сүйенді. Оны Хаммурапидің заңдарында бірнеше баптарында Липиташтара заңдарын көруге болады, және сату–сатып алу құжаттарда Шумерлік терминдер мен формулалар қолданылады. Сонымен қатар Хаммурапи заңдарымен бірге бірнеше жаңа институттардың туындауына әкелді. Бұл уақытта деспоттық мемлекетті қолдау үшін жаңа идеология құрылады. Барлық мемлекет үшін Мардук атты патша құдайы ортақ болды. Мардук Вавилон қаласының да құдайы болды. Сонымен, Мардук атты жергілікті Вавилон құдайы жоғарғы құдайға айналды.


Информация о работе Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы