Ежелгі Шығыс мемлекеттерімен құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 09:33, реферат

Краткое описание

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ежелгі Шығыс мемлекеттерімен құқықтары.docx

— 45.91 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, Хаммурапи  заңында еріктілер арасындағы теңсіздікті  көрсетеді: авилум («адам», «адамның ұрпағы») мен мушкенум (патшаға қызметке орналасу туралы өтініш жасайды) арасындағы теңсіздік. Мушкенум –өз қызметі үшін патша  жерінен жер бөлігіне ие болатын, тәуелді тұлға. Авилумдарды толық  құқық қабілетті және әрекет қабілетті  «жеке тұлға» деп айту қиын, өйткені  авилумдардың құқықтық жағдайы территориалдық қоғамға және үлкен патриархалды отбасыға жататынмен анықталады.

Әскери адамның құқықтық жағдайы Хаммурапи заңның нормаларының анализінен анықтауға болады, яғни тұтқындағы әскердің өз мүлкін, әйелі  мен баланың сатып алуы (выкуп) құқығы.

Міндеттемелер. Хаммурапи  заңдарында сол кезде маңызды  рөл атқарған жер қатынастарын реттейтін  бірқатар баптар болған. Жалға алушы  өнімнің үштен бір бөлігін  төледі. Жалға беру қысқа мерзімді болды (бір немесе екі жылға). Жалға  тек қана жер, бақшалар берілмеді, сонымен  қатар Хаммурапи заңдарында көрсетілгендей бөлмелер, үй жануарлары, құлдарды жалға  берілді.

Неке және мұрагерлік құқық. Хаммурапи заңдарының маңызды бөлігі (шамамен 70) неке-отбасы қатынастарын реттейді. Бұл кездейсоқтық емес. Отбасы, отағасы  арқылы мемлекетпен және қауыммен байланысқа түсетін маңызды әлеуметтік ұяшық (144-147 баптар). Күйеу жігіт некелесу кезінде қыздың әкесіне жұмысшы  қолын жоғалтқаны үшін белгілі бір  мөлшерде қалың мал төлеген (176-184 баптар). Егер қыздың әкесі оны күйеуге  бермесе, төленген қалың малды екі  есе етіп қайтарды. Қалындықтың әкесі  қызына төсек орын және жасауын берген, оның ерекше құқықтық ережесі бар, бірақ  бұл мүлікті күйеу жігіт билеп  төстеген.

Қылмыс және жаза. Хаммурапи  заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс жасамағанын  байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш  ескерткіште толық көлемде және жүйелі түрде берілмеген.

Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік басындағыларға қарсы  бағытталған қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай  қылмыскерлерді патша өкіметіне  ұстап беру міндетті болған сияқты.

Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын заңның белгілі баптарынан байкауға болады.

Жинақтың мазмұнына көңіл  аудара отырып, қылмыс әрекеттерін  үш түрге бөлуге болады: жеке тұлғаға  қарсы бағытталған, мүлікке қарсы  бағытталған және отбасына қарсы  бағытталған.

c)Үнді құқығына жалпы сипаттама.

Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману Заңдары (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. ІІ ғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д. І ғ. – б.э. І ғ.) сақталған.  Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмады. Үнділердің күнделікті өмірі өзіндік сипатымен құқықтық емес, эстетикалық сипатты нормалармен бекітілген ережелерге бағынды. Берілген нормалары ашық бейнеленген діни мінездемесіне ие болды.  Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) – дхармашастралар жинағында қалыптасты. Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз. Бірақ,  б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. жазылды деп жобаланады.

Ману Заңы 2685 баптардан  тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен  ҮІІІ және ІХ бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде  діни ілім бойынша әр варнаның пайда  болу туралы; варнаның әскери-кәсіптік мінездемесі көрсетіледі; әр варнаның тағайындалуы туралы; жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған.

Заң негізгі жеке меншіктің  түрін жер деп таниды. Мемлекеттің  жер қорын патшаның, қауымның, жеке адамның жерлері құрайды. Мемлекеттің  бүкіл жері патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману Заңы бойынша, егер патша салықты  жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол тозаққа  барады дейді.

Міндеттемелер. Ману заңында  көрсетілген сотта қарастыратын істердің 18 жуығы міндеттемеге, жалға  беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т.б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына  тиімді тәсіл ретінде – залог  институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді.

Ежелгі Үндістанда жерді  жалға (аренда) беру шарты  белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған.

Ману Заңында сату-сатып  алу шарты да кеңінен тараған. Ману Заңында сыйға беру шарты  қарастырылған.

Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген  залалдан туындайтын міндеттемелер  туралы айтылған.

Неке және отбасы құқығы.  Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән.  Күйеуі-отагасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және оның жеке меншігі болып саналды.

Отбасы мүлкі толығымен  отағасының билігінде болған. 299 бапқа сәйкес «бұзақы қылық жасаған әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар».

Ману заңы жоғарғы дхармаға сай ерлі-зайыптылар арасында «өлер  өлгенге дейін толық сенімділік»  болады деп жариялай отырып, күйеу  жігітке бірнеше әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді.

Барлық мүлік олардың  ортақ игілігі, бірақ күйеуі иелігін  жүргізген.  Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда  мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған.  Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді.

Қылмыс пен жаза.  Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары  танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған.  

d)Ежелгі Қытай құқығына жалпы сипаттама.

Ежелгі Қытай заңнамаларының түп нұсқалары бізге жетпеген. Тарихи деректерге жүгінсек, алғашқы жазылған заңдар және заңдар жинағы Шань мемлекеті кезінде пайда болған дейді. Қытайда заң шығармашылық б.э.д. ҮІ-ІІІ ғасырларда, яғни саяси аренада патриархалдық дәстүрге және тарихи әдет-ғұрыпқа  тірек жасаған конфуцияндар мен мемлекеттік заңның мазыздылығын, ролін уағыздаушы легист мектебінің арасында қарама-қайшылық туындаған кезде жылдам дами бастаған.

Б.э.д. Ү-ІІ ғасырларда «Заңдар  кітабы» атты заңдар жинағы дайындалған. Авторы Вэй Ли Куй (б.э.д. 427-387жж.) . Бұл  кітапта сол кездегі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу  заңнамалары жинақталған.

Меншік құқығы. Инь мемлекет дәуірінен бастап малға, құлға, еңбек  құралына, құнды әшекейлерге және т.б. заттарға деген жеке меншік құқығы бекітілген. Бірақ жерге деген  мемлекеттік меншік және қауымдық қатынас  ежелгіқытай қоғамындағы мүліктік жіктелудің және тауарлық өндірістің дамуына кері әсерін тигізді.

Отбасы және неке құқығы. Инь мемлекет дәуірінде Қытайда  матриархаттың элементтері барын  байқауға болады, яғни қандас туыстардың арасында неке құру мүмкіндігі болған. Ал, Чжоу мемлекеті дәуірінен бастап отағасы әйелі мен балаларына басшылық жүргізген, яғни толық патриархалдық  дамыған.

Қытай әдет-ғұрпы бойынша  мұралыққа бәйбішіден тұған ұл ғана ие болады. Ұлы болмаса еркектің тұған-туыстары мұралыққа ие болады.

Қылмыс пен жаза. Ежелгі қытай құқығы бойынша қылмыс ұғымы  мен қылмыстың түрлері және жаза тағайындалу өте ерекше сомдалған. Қылмыстық заңнамада қылмыстың  түрлері көрсетілген: мемлекеттік  қылмыстар. Бұлардың қатарына ұлы патшаға  тіл тигізу,үкіметке бағынбау және т.б. Жазаның бес түрі қолданылған: денесіне таңба салу, мұрнын кесу, аяғын  кесу, әтектеу және өлім жазасы.

Жоспар: 

1. Ежелгі Шығыс  мемлекеттерінің пайда болуы.

а) Ежелгі Египетте мемлекеті, құқығы тарихының, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.

b) Вавилон мемлекеті, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.

c) Ежелгі Үнді мемлекеті, қоғамдық құрылысы.

d) Ежелгі Қытай мемлекеті, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.

2. Ежелгі Шығыста құқықтың пайда болуы және дамуы.

      a)Ежелгі  Египет (Мысыр) құқығына жалпы  сипаттама.

      b) Ежелгі Вавилон құқығына жалпы сипаттама.

      c) Үнді құқығына жалпы сипаттама.

      d) Ежелгі Қытай құқығына жалпы сипаттама.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.     Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.

2.     Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

3.     Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

4.     Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

5. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

Ќосымша єдебиеттер:

1.  Дандамаев М.А. Древный Шумер. СПБ., 2001.

2.  История государства и права зарубежных стран / Под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1.

3.  Клочков И.С.Древняя культура Вавилона (человек, судьба, время). М., 1983.

4.  Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М., 1990.

5.  Гусева Н.Е. Индуизм. История Формитования, культовая практика. М., 1977.

6.  Ильин Г.Ф. Основные проблемы рабства в Древней Индии // История и культур Древней Индий. М., 1963. 

 

 

 


Информация о работе Ежелгі Шығыс мемлекеттерімен құқықтары