Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 23:35, реферат
Үйсін мемлекеті - Б.з.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды
1. Кіріспе
2. Үйсіндердің тарихы
3. Үйсіндердің мәдениеті
4. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері
5. Үйсіндердің шаруашылығы
6. Үйсіндердің қоғамы
7. Қорытынды
8. Қолданылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
“АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ”
АЭРОҒАРЫШТЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
Қазақстан тарихы пәні бойынша
№1 семестрлік жұмыс
24-нұсқа
Тақырып: Ежелгі Қазақстан территориясындағы үйсін мемлекеті
Тексерген: доцент Раджапов А.У.
Алматы 2015
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Үйсіндердің тарихы
3. Үйсіндердің мәдениеті
4. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері
5. Үйсіндердің шаруашылығы
6. Үйсіндердің қоғамы
7. Қорытынды
8. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Ежелгі Қазақстан территориясындағы үйсін мемлекеті
Үйсін мемлекеті - Б.з.д. 3 ғасырда Қазақстанды
мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің
алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың
этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.
Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар
көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі.
Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың
барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты
даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін,
жазудың болғандығын, тұрақты әскерді,
елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға
болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек
құралдарына және тұрмыс бұйымдарына
деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат
жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты
топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды.
Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ
өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен
қатар иерархиалық иелену түрі де дамыды (рулық,
тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде
әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі
кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай
ерекше түрінің болу себебі экономикалық
кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі
және жартылай отырықшы үйсін коғамында
өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы,
мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар
алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі
қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік
қатынастар аса ірі және шағын дәулетті
мал иелерінің жеке меншік қатынастары
түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы
барысында туындаған таптық қатынастар
құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен
ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін
пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды;
яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне
айналған жоқ, ал құл иелену классикалық
түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық
деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д.
II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың
қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды.
Қытай
Жетісу аймағында
орналасты. Шекарасы батысында Шу, Талас өзендеріне
Үйсіндер туралы
жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.
2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан
елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді.
Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті»
деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың
әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды.
Мықты ел болған. Орталық Азияаумағындағы ертедегі алғашқы
таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII
ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты«Үйсін
«Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — ұлы жүз казақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұскалары- ның бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транс- крипциясының дәстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған.
Үйсін терминінің
транскрипциясын түсіндірудің тағы бір
нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын
екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман,
яғни асман, «аспан» делініп айтылған
деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды
үйсінн гуньмосына күйеуге берілген қытай
ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені...
Аспан Еліне... күйеуге берді» деген сездер
растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда,
«көк тіреген таулар» дегенді білдіретін
тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті
атаудың аудармасы сияқты екенін атап
өту маңызды. Үйсіндердің ертедегі этникалық-саяси
тарихына байланысты оқиғалар жеткілікті
зерттелмеген. Үйсіндер туралы алғашқы
хабарлар б. з. б. II ғасырдың аяғында пайда
болады. Қытай императорының сарайындағылар
ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп,
Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік
жіберген. Чжан Цяньды сюнну-ғұндар тұтқынға
алып, олардың елінде он шақты жылдай болады.
Алайда ол кейіннен қашып шығып, Жетісуға
барады, үйсіндер туралы алғашқы хабарды
еліне сол жақтан апарған. Оның кезінде
үйсіндер арасында сэ (сақтар) «тармағы»
мен юечжилер мекендеген. Юечжилер туралы
хабарлар Чжанье ауданындағы сюннулерден
алынғандықтан, Чжан Цянь үйсіндердің
өзі де бұрын Цилянь- шань мен Дуньхуан
аралығында мекендеген деген қорытынды
жасаған. Қазіргі деректер бойынша, үйсінндер
Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ аумақты
алып жатқан. Қытай үйсіндердің сюннулерге
Ордоста соққы беруін қалады. Бұл пікір
үйсіндердің нақ сол Чжан Цянь жазып алып,
кейіннен шежіреге енгізілген генеалогиялық
аңызының редакциясында да әз көрінісін
тапқан. Оның айтуынша, үйсіндердің билеушісің
бір кезде көршілері юечжилер өлтірген
де, оның қаншық қасқыр мен қарға күзетіп
жалғыз қалгһған ұлы есейген шағына дейін
шаньюй ордасында тәрбиеленген. Ер жеткен
соң гуньмо әкесін өлтіргені үшін кек
қайтаруға шаньюйден рұқсат сұрап, юечжилерді
талқандапты. Өз кезегінде Орта Азия юечжилерінің
аман қалған бөлігі басқа тайпалармен
одақтасып, б. з. б. 140 жылы Грек-Бактрия
мемлекетін талқандаған. Үйсіндерде үштік
жүйе болса керек. Сюннулер сияқты, олар
да үш бөлікке: сол қанат, орталық және
оң қанат болып бөлінген (олардың әрқайсысында
он мыңнанжауынгерболган).
Үйсіндер бірсыпыра уақыт
бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелді
болғандықтан, соңғы этноним белгілі бір
уақыт бойы үйсіндердің өзін де тасасында
ұстап келген деп санауга болады. Мүны
грек-рим жазушыларының ертедегі гұндар
туралы хабарлары дәлелдейді. Мәселен,
ғұндар туралы хронологиялық жағынан
алғаш рет Страбонның айтқандарында Бактрия
патшалары «өз иеліктерін серлер мен фаундарға
дейін жайды» делінген. Тегінде, Грек-Бактриясының
иеліктері бір кезде Тарым ойпатының батыс
шегінен әріге созылып жатса керек, демек,
бұлайша салыстыру тарихи-географиялық
тұрғыдан даулы. Кейінгі уақыттағы үйсіндер
тарихы сақтармен және юечжилермен байланысты.
Грек-рим авторлары енді «ғұн-үйсіндар»
жайында айтады. Ғұндар атауының үйсіндерге
де таралғанына қарамастан, олардың этникалық
туыстығы туралы айтуға берік негіз жоқ,
дегенмен мұны толық, бекерге шығаруға
болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз.
Зерттеушілер қазіргі уақытта сюннулер
тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де
жақын «алтай» тобыныңтіліне жатқызуға
бейім.[2] Үйсіндер қазақ халқының қалыптасуына негіз болған
ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі
қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б.
2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп,
батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай
елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен
және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет
болды (қ. Үйсін мемлекеті).
Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың
тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық
зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді
ұшырасады. Оған себеп жазба дерек көздері.
Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай
транскрипциясы бойынша жазылған. Атап
айтқанда, 7 ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу, “Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен
Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар,
олардың көзі көк, жирен сақалды” деп
жазады (қ. Үйсін антропологиялық типі). Үйсіндердің шаруашылық жағдайы
мен мәдениеті жайындағы деректер археол.
қазбалардан анықталып отыр (қ. Үйсін дәуірінің ескерткіштері). Б.з.б. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне
ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен
ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен
қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат
жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда
Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам
(120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188
мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған.
Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген.
Б.з.б. 2 ғасырдың орта шенінде Жетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың
барлығы көшпеген деген ғыл. жорамал бар.
Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөкескерткіштеріндег
Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.
Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасырлар. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, егін шарушылығымен қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладан еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды.
Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.
Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.
Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.
Үйсін бірлестігінің
халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді
Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының жайылымдары иелікке бөлініп, байлық тайпа көсемдерінің қолы на жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын кыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген таңбалардан байқаймыз. Қазылған обалардың аумағы әр түрлі. Кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м, аумағы 40 м-ге дейін жетеді. Адам сүйегімен бірге көмілген заттардың санына, сапасына қарағанда, үлкен қорғандарға тайпа көсемдері, ақсүйектер, одан кішісіне қауымның қарапайым мүшелері жерленген. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға ауысып отырған. Оған "бек" аталған ру, тайпакөсемдері бағынған. Үйсін бірлестігінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Билеуші өзіне қарайтын жұртын балаларына бөліп, әрқайсысына он мыңнаң жасақ, көші-кон жерін еншілеген. Үйсін бірлестігінде мемлекетке тән белгілер болды. Бектер өздерінің жайылымдық жерлерін өзгелерден қарулы күшпен қорғағаны жайында деректер бар. Мұның өзі әлеуметтік топтардың қалыптаса бастағанын аңғартады.
Қорытынды
Мен осы №1 семестрлік жұмысымды жазу барысында “Ежелгі Қазақстан территориясындағы үйсін мемлекеті” тақырыбы бойынша толық ақпарат алдым. Үйсіндердің тарихын, мәдениетін, археологиялық ескерткіштерін, шаруашылығын, қоғамын ашып көрсеттім.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Қ19 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті.
2.«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59
3.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
Информация о работе Ежелгі Қазақстан территориясындағы үйсін мемлекеті