Екі соғыс аралығындағы Үндістан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 12:23, реферат

Краткое описание

Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі

Содержание

1) Кіріспе.
2) Негізігі бөлім:
I. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Үндістан.
1.1. Үндістанның жалпы жағдайы
1.2. М.К. Ганди және оның ілімі.
1.3. Екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы Үндістан.
II. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үндістанның саяси-экономикалық жағдайы.
3) Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Екі соғыс аралығындағы Үндістан.docx

— 22.51 Кб (Скачать документ)

Екі соғыс аралығындағы Үндістан

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізігі бөлім:

 

I. Бірінші дүние жүзілік  соғыс жылдарындағы Үндістан.

1.1. Үндістанның жалпы  жағдайы

1.2. М.К. Ганди және оның  ілімі.

1.3. Екінші дүниежүзілік  соғыс алдындағы Үндістан.

II. Екінші дүниежүзілік  соғыс кезіндегі Үндістанның  саяси-экономикалық жағдайы.

  1. Қорытынды.

 

 

Кіріспе.

Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

 

15 ғасырдың соңында Үндістанда  алғашқы еуропа отаршылар —  португалдар пайда болды. 16 ғасырдың 1-жартысында олар теңіз жағалауларындағы  бірқатар пункттерге (Гоа, Даман  және Диу, т.б.) бекініп, Үндістанның  теңіз саудасына бақылау орнатты  және басып алынған аумақтағы  халықты отаршылдық езгіге түсірді. Ал солтүстік Үндістанды Ұлы  Моғолдар империясы біріктірді (қ. Моғолдар әулеті, Бабыр).

 

 

 

Британдық Индия

17 ғасырдың бас кезінде  Үндістанда ағылшындық Ост-Индия  мен голландтық Біріккен Ост-Индия  компаниясы (1600, 1602 жылы құрылған) түрінде  еур. сауда капиталы пайда болды. Олар португалдардан Үндістанмен  теңіз саудасын жүргізу монополиясын  тартып алып, елде факториялар  сала бастады (Үндістандағы бірінші  ағылшын факториясы 1613 жылы Суратта  пайда болды). 17 ғасырдың 2-жартысында  француздық Ост-Индия компаниясының (1664 жылы құрылған) сауда факториялары  ашылды. Үнді көпестерінің көмегімен  ағылшындар, голландықтар мен француздар  үнді өндірісінің тауарларын  сатып алып, оларды Еуропаға ғана  емес, Иран, Индонезия, Жапония, Қытай, т.б. елдерге жеткізді. Ұлы Моғолдар  империясы билеушілерінің арасындағы  өзара үздіксіз жүргізілген тақ  таласы ағылшын және француз  Ост-Индия компанияларының Үндістанға  сауда экспансиясымен қатар әскери  экспансияға да көшуіне қолайлы  жағдайлар туғызды. Ұлыбритания  мен Франция Үндістан рыногы  үшін өзара күрес жүргізді. 1746 — 1763 жылдары үздіксіз жүргізілген  соғыстың нәтижесінде Оңтүстік  Үндістанда ағылшындар өз қарсыластарын  толық талқандап, Бенгалияны жаулап  алды, Карнатик пен Аудты тәуелділікке  түсірді. 1767 — 1799 жылдары Оңтүстік  Үндістанның елеулі бөлігі ағылшындық  Ост-Индия компаниясының иеліктеріне  қосылды. Майсур, Хайдарабад шекараларына  ығыстырылған ұсақ князьдіктер  ағылшын бодандығын мойындады. Делиден  айрылған (1803) Ұлы Моғолдар империясы  ағылшындық Ост-Индия компаниясына  бағынышты болды. 1775 — 1818 жылдары  ағылшын отаршылдары Пешва мемлекетін  жойды, 1814 — 1826 жылдары Гималай тауларының  оңтүстік баурайы мен Ассам, 1843 жылы Синд, 1845 — 1849 жылдары Пенджаб  қосылып алынды. Ағылшындардың отаршылдығы  Үндістанның экономикалық және  әлеуметтік дамуына кері әсер  етті. Үнді қолөнері бұйымдарын  төмен бағалармен сатып алу  мен оларды Еуропа рыноктарында  сату — отарлық қанаудың қайнар  көздерінің бірі болды. Ұлыбритания  билеуші топтарының арасында  Үндістанды отарлық езгіге түсіруге  ұмтылушылық жолындағы күрес  Ост-Индия компаниясын ағылшын  парламентінің бақылауына алатын  заң қабылдаумен аяқталды (1773). 1774 жылы Үндістанда ағылшын генерал-губернаторы  тағайындалды. 1813 жылы Ост-Индия  компаниясы Үндістанмен сауда  жүргізу монополиясынан айрылып, 1833 жылы сауда ұйымы ретінде  жойылды. Үндістанға ағылшын өнеркәсіптік  бұйымдары әкелініп, жергілікті  ауыл шаруашылық шикізатын метрополияға  тасу басталды.

 

Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар). Алғашқы үнді саяси ұйымдары пайда болды. Ағылшын капиталы экспорт пен импортты, ішкі сауданың бір бөлігін сауда үйлері мен банкілер жүйесі арқылы бақылап отырды. Темір жолдар және суландыру жүйелері салынып, шай плантацияларының негізі қаланды. 19 ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді. Отарлық езгіге қарсы, әсіресе, Джамна-Ганг өзен аралығы мен Бенгалияның халқы қатты қарсылық көрсетті (1857 — 1859). Ол елдің орталығын да қамтыды. Көтерілістен кейін 1858 жылы Үндістан британ тағының тікелей бақылауына көшті . 1855 жылы Бомбейде үнді ұлттық идеяларының ортылығы ретінде Үндістан ұлттық конгресі құрылды. 1909 жылы үнділіктер заң шығару кеңесі мүшелерін сайлау құқығына ие болды. Бірақ жергілікті халық үнділер және мұсылмандар болып екіге бөлінді.

1920 — 1922 жылдары Мохандас  Карамчанд Ганди Үнді ұлттық  конгресіне басшылық жасап, азаматтық  бағынбау науқанын басқарды. Бұл  науқанның негізгі мақсаты —  өзін-өзі толық басқару құқықтарын  талап ету еді. 1935 жылы “Үнді  актісі” бойынша үнділіктерге  федералдық заң шығарушы органдарды  басқару құқығы берілді, бірақ  қорғаныс пен халықар. қатынастар  мәселесі вице-король әкімшілігінің  қарауында қалдырылды. 1940 жылы Мұсылман  лигасы Үндістанды әр түрлі  діндердің өкілдері көп орналасқан  аумақтардың шекаралары бойынша  бөлшектеуді талап етті.

I бөлім

1.1.Үнді буржуазиясы Минто-Морли  реформаларына қолдау көрсетіп, осы елдің өзінде өзінің саяси  экономикалық жағдайын нығайтты. Шындығында, елде металл өнімі 30 %-ға өссе, мақтадан жасалатын  маталар 39 %-ға артты. Үндістан базарында  сақталатын тауарлардың көбі  шығаралатын болды.

Халықтың тұрмысы нашарлап кетті. Салық төлемі күрт өссе, ақша құны төмендеп, елді құнсыздану жайлайды. Өндіріс заттары, тамақ қымбаттап, қала тұрғындары мен шаруалар күйзеліске ұшырады. Миллиондаған шаруалар уақытында салық төлей алмай, жерден айырылып, қаңғырып кетті. Жұмысшылардың жұмыс күні 14 сағаттан асты. Азық-түлік тапшылығынан қалаларда да, ауылдарда да адам өлімі жиілей берді. Соғыс кезінде ашаршылықтан 5-6 млн адам қырылды.

 

Англия үкіметі әскер қатарына 1,5 млн үнділіктерді шақырып, оларды Таяу Шығыста, Парсы бұғазында, Иранда майдан шебінде пайдаланды. Көптеген шаруаларды қара жұмысқа салды.

Алдымен отаршыл үкімет Үндістанда өте катаң үкімет еңгізіп, елді қыңқ еткізбей ұстауға тырысты. Екі саяси партия – ҮҰК және МЛ өз іс-әрекеттерін сол заңдармен санаса отырып жүргізген. Соғыс кезінде ағылшын әйелі Анни Безант бастаған «Гомруль» қозғалысы өршіді. Оған қатысушылар Үндістанға өзін-өзі басқаруға құқық беруді талап еткен болатын.

Діни қозғалыстар да туындаған. 1915 жылы үндістер «Хинду махасабха» ұйымын құрды. Сол ьжылы МЛ жетекшілігіне Мохаммед Жинна келген.

1918-шы жылы Бірінші  Дүниежүзілік Соғыс аяқталғанда  әлемнің басым көпшілігі бодандық  астында болатын. Үндістан мен  Пәкістанды да қамтыған үлкен  бір құрлық оңтүстік-шығыс Азия  Османлы Империясының бір бөлшегі  еді, алайда Англия мен Франция  билігі астына алуға бекіген  Орташығыс үнемі осындай болатын. 1905-шы жылынан кейін, яғни Ресейдің  Жапониядан жеңілуімен бодандыққа  қарсы бір әрекет басталды. Бұл  әрекеттің кең қанат жайылуын  Бірінші Дүниежүзілік Соғыс барысының  өзінде байқай аламыз. Мұстафа  Кемал және Кемализммен бірге  бұл әрекет басқа елдер үшін  үлгіге айналды. Мысалы, Үндістанда  Түркияда болғандардың Үндістанда  да болуы мүмкіндігі тұрғысынан  өте үмітті саналғанын білеміз. Үндістан да бір төңкеріске, бір  қозғалысқа өте жақындады. Бірақ  әр түрлі себептен жүзеге аспай  қалды.

1.2.М.Ганди Оңтүстік Африкада  жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың  теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп атады. 1899-1902 және 1906 жылғы ағылшын-зулус  соғыстары кезінде М.Ганди сол  жақта тұрып жатқан үнділерден  ағылшындарға көмек көрсететін  санитарлық жасақтар құрады. Бурлар  мен зулустардың күресін әділ  күрес деп есептегенімен, ол үнділердің  ағылшындарға жәрдемі Үндістанға  өзін өзі басқару құқығын беруге  септігін тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында  өз халқын ағылшындық отаршылдық  езгіден аман сақтап қаламын  деп те ойлады. Ол заманда үнді  халқын аман сақтап қалудың  бірден бір жолы осы тәсіл  екені де даусыз еді.

 

1915 жылы қаңтарда Үндістанға  қайтып оралғаннан кейін М.Ганди  Үндістан ұлт-азаттық Конгресі  партиясымен жақындасып, 1916 жылы  оған мүше болып кіреді. 1917-1918 жылдардан бастап ол ұлт-азаттық  қозғалысында неғұрлым көрнекті  қызметтер атқарады. Бұл тұста  елде ағылшындарға қарсы бұқаралық  қозғалыс кеңінен етек алған  болатын. Сол жылдары М.Ганди өзі  редакторы болған «Жас Үндістан» газеті мен жетісіне бір рет шығатын «Навадживан» журналы арқылы өз идеясын насихаттап отырды.

Алайда М.Ганди күресті қару күшімен емес, бейбіт жолмен жүргізуге тырысты, ұлы мақсат жолында қандай да бір күш қолдануға жан-тәнімен қарсы болды. Кейбір солшыл топтар оның бұл көзқарасын қолдамағанымен, тұтастай Үндістан халқы Махатма жағында еді. 1919-1948 жылдары Махатма Ганди Үндістан ұлт-азаттық Конгресі партиясының идеялық жетекшісі және беделді саяси басшысы, үл көсемі бола білді.

М.Гандидей ұлы тұлғаның арқасында Ұлттық халық Конгресі партиясы Үндістан халқының зор қолдауына ие болды. Үндістанның кемеңгер ақыны Рабиндранат Тагор қойған Махатма (Ұлы адам) деген құрметті атақ — М.Гандидің елі сүйген есімі.

Ағылшын отаршыларына қарсы күресте М.Ганди талай рет айдалып (1922-1924, 1930-1931, 1942-1944 ж.ж.), неше қайтара сотталып, абақтыларға отырғызылды. Отаршылардың бұл әрекеті күрескер азаматты жасыта алмады, қайта шыңдай түсті. Ағылшындарға «Үндістаннан тайып тұрыңдар!» деп алғаш ұран тастаған да М.Ганди болатын. Бір қызығы ұлы тұлға 1946 жылғы үнді моряктарының көтерілісін айыптады. Себебі, М.Гандидің ойынша Үнді халқы тәуелсіздікке тек бейбіт жолмен ғана жете алатынынына имандай сенуінде еді және өзі осы жолды мықтап ұстанды. Шын мәніндегі ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген ол ұлы мұрат жолында титтей де солқылдақтық танытпады, таңдап алған жолына адал болды.

Ағылшындардың құйтырқы саясатының нәтижесінде 1947 жылы Үндістан-Пәкістан болып екі мемлекетке бөлінген тұста да ол үнділер мен мұсылмандарды бірлікке шақырды. 1948 жылы 30 қаңтарда Махатма Ганди Үнді реакцияшыл ұйымдарының мұшесі Натхурам Годзе дегеннің қолынан салтанатты митингі кезінде қастандықпен өлтіріледі.

Махатма Ганди ұстанған бағыт және оның өмірлік мызғымас көзқарасы. Ол қапияда қас дұшпанның қолынан көз жұмғанымен М.Гандидің соңында — ГАНДИЗМ атты діни-философиялық саяси ілім қалды. Және М.Гандидің өзі осы ілімнің негізін қалады. Ол ілімнің философиялық түпкі негізі — Құдайдың яғыни бір Жаратушының қақтығын мойындау, оны ақиқатпен қатар қою. «Мен үшін Ақиқат — ең басты принцип. Ол Ақиқат — Құдай» дейді М. Ганди өзінің «Менің өмірім» атты кітабында («Жалын» баспасы, аударған Мейрам Асылғазин, 1989 жыл).

М.Гандидің ойынша Ақиқат гносеологиядан гөрі діни адамгершілік категориясына жатады. Оған қол жеткізу — тек адамның өз бетімен жетілуі, ізденуі және Ақиқатты өзінің күнделікті қам-қаракетінде жүзеге асыра білуі арқылы мүмкін болмақ. Ақиқатты жақын білу — Құдайды танып-білу дей келіп, ол: «Құдайдың алуан түрлі анықтамасы бар, себебі оның көрінуінің өзі алуан түрлі… Мен тек Ақиқат түріндегі Құдайға бас иемін» дейді (бұл да сол кітапта).

1.3. 30-жылдардың соңында  Еуропа елдері жаңа соғысқа  жанталасып даярланды. Англия жағы  Үндістанның саяси күштерін фашистік  Гркманияға қарсы бағыттауға  тырысып, қажетті үгіттеу шараларын  бастады. ҮҰК фашизмді әшкерлеп, Англияны қолдамас бұрын талаптар  ұсынды. Олар Үндістанда құрылтай  жиналысын шақыру, тек оның алдында  жауапты барлық саяси патиялардың  қатысуымен үкімет құру; елдің  келешегін реттейтін құқықты мойындау.

II бөлім

1939 жылы Екінші дүниежүзілік  соғыс басталған күні вице-король  Линлитгоу Үндістанды соғысқа  қатысушы ел деп жариялап, британдық  үнді әскерлерін әр жақтағы майданға аттандыра бастады. Оның құрамында 1,5 млн үнділіктер болды. Бірден «Үндістанды қорғау туралы» заң бекітіліп, елде әскери тәртіп орнатылды. Осыған орай арнайы салықтар салынды, қорлар ұйымдастырылды. Ереуілдерге шерулерге жол бермейтін болды. Баспасөз бақылауға алынды. 1940 жылы қазанда Ганди жекелеген сатьяграха жүргізу туралы шешімін жария етті. Оны қалың жұрт қолдай түскенде отапршылдар жазалау әдісіне жүгініп, отансүйгіш үнділіктерді қамауға алды. 1942 жылы тамызда ҮҰК-ке итыйм салынды. М. Ганди, Дж. Неру, В. Патель, т.б. ұсталды. Бірақ елде оған қарсы жаппай ереуілдер мен толқулар басталды(Тамыз революциясы).

Үнді конгресі жетекшілерінің бірі С.Ч. Бос өзі құрған  «Форвард блокпен» Германия мен Жапонияны қолдап, солардың көмегімен ағылшын үстемдігінен құтылу мүмкіндігін іздеді. Сонымен бірге «Жаудың жауы бізге дос» ұстанымына сүйенгендерді жақтады. Ол 1941 жылы көктемде Еуропаға сапар шегіп, Берлинде қабылданды,  немістер Босты Жапонияға жеткізді. Жапония қодауымен Оңтістік- Шығыс Азияда Үнді азаматтық армисы құрылып, ағылшындарға қарсы соғысты. 1944 жылы Бос армиясы Бирмадан өтіп, Үндістанға енгенді Британ үнді әскерлері оған тойтарыс беріп қолға түсірген. Бос 1945 жылы тамызда ұшақ апатынан қаза тапты.

Үнді комунистері 1939-1941 жылдары Германияны жақтап келді. Өйткені ол саясатты КСРО және Коминтерн ұстанды. Ал Германия КСРО-ға қарсы шабуылға шыққанда, Үнді компартиясы Англияны қодай бастады. Соған орай 1942 жылы тамызда ағылшын өкіметі оған ашық қызмет атқаруға рұқсат берді.

 

Соғыс басталысымен Үндістанда ірі ереуілдер ұлғая түсті. 1939 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Бомбей, Канпур, Патна, Мадрас қалаларында жүзден аса ереуілдер ұйымдастырылды. Келесі жылы ереуілдерге қосылғандардың саны жарты миллионға жуық болып, жұмысшылар талаптары күшейе түсті.

1941 жылы жазада Еуропадағы  жағдай мүлдем өзгерді. Германияның  КСРО-ға қарсы шабуылы Үнді  солшыл күштер арасында жаңа  көзқарас туғызды: енді олар Англияны  қолдауға шақырды. Конгресс болса  өз ұстанымынан қайтпады. Ал 1941 жылдың  соңында Жапония АҚШ-қа қарсы  шабуылға шығып, Тұнық мұхит соғысы  басталды. Ол ағылшындарға да  қауып төндіріді.

Елдегі толқулар жалғаса берді. 1942 жылы оқиғалар жағдайды қиындата түсті. Азиядағы соғыс қимылдары Үндістан шекарасына жақындады. Ганди 1942 жылы сәуірде «Үндістаннан кетіңдер!» деген ұран тастады.Шілденің 6-шы жұлдызында ҮҰК елді жапондықтардан ағылшын-үнді толқулар басталуын күтпей-ақ, отаршылдар ҮҰК-ті жауып, оның мүшелерін қайтадан қамауға алды. 2 мың адам оққа ұшып, 60 мыңдай адам абақтыға қамалды.

Информация о работе Екі соғыс аралығындағы Үндістан