Діни экстремизм мен терроризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 19:42, реферат

Краткое описание

Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу, байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т. осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер. Ислам жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек болғандар үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалы-шағалы болуды, жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды. Тек, адамның жаратылысымен пайда болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табуды, қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат қылықтарды лағынеттейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ.docx

— 19.98 Кб (Скачать документ)

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

 

Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім келеді.

Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу, байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т. осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер. Ислам жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек болғандар үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалы-шағалы болуды, жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды. Тек, адамның жаратылысымен пайда болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табуды, қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат қылықтарды лағынеттейді.

Түркілер кіріп-шыққан манихейшілдік, бұддашылдық, маздак сықылды діндерде ет жеуге, мал союға мүлдем тыйым салынғаны белгілі. Кейін қабылданған христиандықта болса монахтардың (еркек яки әйел) үйленуіне, бала қызығын көруіне тыйым салынған. Кейбір діндер дүниелікті жауыз, күнәкарлық деп санаған да дүние-мүлік жинауды жексұрын ғып көрсеткен. Пайғамбарымыз жомарт байларды мадақтап, мұсылмандарды саудамен шұғылдануға, саудада адал болуға және қайырымдылық жасауға шақырған. Исламият дүниелік байлықты харам деп санамайды. Әбу Бәкір, Осман сықылды сахабалар өз уақытында дәулетті адамдар еді. Бірақ, дүниелік жинау өмірдің, жаратылыстың басты мақсаты болмауы керек. Аллаһ Тағалаға жақындататын жолдың бәрі халал, ал Оның разылығынан алшақтататын әр нәрсе жағымсыз, харам болып саналады, міне, критериямыз осы болмақ.

Маркстік фәлсәфә жеке меншікті (мүлкият) жамандық атаулының қайнар көзі деп санаған; сондықтан, меншікті құрытсақ, қоғамдағы барлық жамандықты жоямыз деп ойлаған. Бірақ, тәжрибе мұның солай болмағанын көрсетті. Үйткені, меншік сезімі адамның жаратылысында (фитрат) бар нәрсе, меншікті жою жаратылыс заңдарына қайшы келеді. Адам болмысындағы нәпсі, меншік хұқұғы болмаса да өзінің арманына жету үшін басқа қайла-шарғыларды іздейді, табады. Бұл болса қоғамда жаман қылықтардың көбеюіне, ахлақсыздыққа, құлдыраушылыққа (коррупция) апарып соқтырады. Сондықтан, Исламияттың нағыз орта жол екені, қайталап айтқанда машрұғ (шарғи, заңды) талаптардың харам саналмағаны анық болады.

Исламиятта фұндаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, үйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар,

Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.

Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу «мұсылман террористтер» дей салады. Ал, басқа діндегі террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтылады. Мәселен, Испаниядағы «ЭТА-БАСК» тобы туралы ешқашанда «Христиан террорист Баск тобы» деп айтпайды олар. Солтүстік Ирландиядағы «ИРА» ұйымы туралы «христиан/католик террористік ұйымы ИРА» деп ешкім айтқан емес! Токйодағы метрода улы газ шашып көптеген адамдардың өлуіне себеп болған Жапониядағы бұддист «Аум Синрике» сектасы туралы «Буддист террористтер» деп ешкім айтқан емес. Сондықтан, мұның негізінде Исламды көре алмаушылық және Исламды жағымсыз етіп көрсету секілді жауыз пиғылдар болғанын айта кетуіміз керек.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 16.03.2000 күні Құрбан Айт мерекесіне байланысты жұбайымен Астана орталық мешітіне барғанында баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында былай деді: «Исламның ішіндегі эктремистер деп айтылып жатқан сөз жөн емес. Ислам деген дүние жүзілік дін. Екі миллиардқа жақын халық мұсылман дініне бағынады. Сондықтан, әлгі бандиттер мен экстремистер әр дінде болып жататын жағдай. Ол екеуін біз ажыратып айтуымыз керек. Ал енді, Мұхаммед Пайғамбарымыздан қалған, діннен қалған мәселелер ондай емес, еш уақытта мұсылманның діні соғыспен, қолына қару-жарақ алып біреуді өлтіріп, заңсыздыққа барып, мемлекетке қарсы жүру деген мәселелер болмайды мұсылманда. Сондықтан, осындай нағыз таза мұсылманның, Құранның жолыменен халық жүретін болса, ол елге жақсылық әкеледі, әр адамның өзіне де жақсылық әкеледі деген сөз».

Ең алдымен, мұсылмандарға пәле болып жабысқан осы фундаментализмнің сөздiк һәм энциклопедиялық мағыналарын түсiнiп алғанымыз жөн. Бұл сөздiң түбiрi, көне латын тiлiндегi fundare (фундаре) деген етiстiк. Фундаре – жерге төсеу деген мағынаны бiлдiредi. Осы етiстiктен fundamentum (фундаментум) зат есiмі пайда болған. Оның мағынасы – төсегiш, iрге. Кейiн келе мағынасы толығып, жер тағаны немесе iрге тасы деген түсiнiктердi беретiн болған. Жә, жоғарыдағы фундаментум, яғни осы күнгi батыс Еуропа тiлдерiндегi fundament (фундамент) пен онымен бір түбiрден өндiрiлген фундаментализм сөзiнің мағыналары тым алшақ.


Информация о работе Діни экстремизм мен терроризм