Жоспары:
I Кіріспе…………………………………………………………………………...3
II Негізгі бөлім……………………………………………………………………6
1 Туған жері……………………………………………………………………….6
2 Шығармашылық жолы………………………………………………………….6
3 Медицинаға қосқан үлесі……………………………………………………...15
4 Ғалым мұралары жету кезеңдері……………………………………………...16
III Қорытынды………………………………………………………………….17
Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………18
Кіріспе
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан
ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгіліойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде
нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен
таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан
да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық
әдеби-мемориалдықмузейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың
Фараби еңбектерімен таныс болғандығын
анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани
бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта:
«Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа
үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең
сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы
пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің
түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі
ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе
Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық»
жөніндегі көзқарасына айрықша назар
аудару қажет.[4]
Адамзат тарихында ғылыми ойдың
үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың»
немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу
жолдарын танып білу күрделі мәселеге
айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы
көзқарастардың өріс алуына түрткі болды.
Адамның өзін танымақтық жөніндегі
ілімнің алғашқы қадамы көне дүние
философтарынан басталса да, оны өз
заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған
Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.
Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық»
жайлы күрделі ой сарасына қазақ
топырағында арғы заманда Фараби,
соңғы дәуірде Абайға терең барлап
барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі
жан қуаты жайлы ой толғануында
«жан құмары», «жанның жибили қуаты»,
«жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы
іспеттес филос. сарындағы ойларын
таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек
көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға
уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша
ескертуінің өзіндік себептері
бар. Бұл тұжырымынан ақынның
«өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің
тарихымен толық таныстығы анық
байқалып, өз тарапынан ойларын кең
түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе
алмаған өкініші де сезіледі. Жан
қуаты жөнінде Фараби қолданған
филос. терминдер Абайдың өлеңдері
мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші,
Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде
сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы
ұғымға сай балама сөздермен беріледі.
Ақынның Он төртінші, Он жетінші
қарасөзі мен «Әуелде бір суық
мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа
ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ
малдан басқа...», «Алла деген сөз
жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі
асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз
болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау
алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.[5]
Фараби «Ізгі қала тұрғындарының
көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде
адамның өзін танымақтығы жөнінде
айтылатын ойларын«өсімдік жаны»,
«хайуан жаны», «адам жаны» деп
жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне(хауас)
талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші
мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады.
Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай
қарау мешаиын (перепатетиктер)
мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде
Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас,
өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек -
басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді.
Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше,
бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес»
(әл - Фараби. Философиялық трактаттар.
-А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере
қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды
қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда
билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға
келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек
жөніндегі танымдарының негізі бір екені,
тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді.
Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші
мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік,
рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар
мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл
бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген.
Абай туындыларының өн бойына таралып
отыратын адамгершілік, имандылық ойларының
бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның
«хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік»,
«әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының
желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар.
Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған еңбегіндегі
адамның жеке басының ең кемелденген (камили
инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының
негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің
жалғасы Абайдың«толық адам»жөніндегі
ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі
сөз болатын «толық адам», «жарым адам»,
«адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы»,
«бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат»,
«адамшылық», «адамның адамдығы», «адам
болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер
тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі
Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды.
Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері»
(космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе,
оның хауаси хамса заһири деп аталатын
сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар
аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының
сырын тануда басты орын алатын сезім
мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары
Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші
қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде
сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның
«Жансыз жаратқандарынан пайда алатын
жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан
пайдаланатын ақылды инсанды (адамды)
жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы
жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені,
есімдіктерді, жан-жануарларды, содан
соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін
сатылы танымынан туындайды. Бұл таным
Фараби көзқарасының әлсіз жері болса,
Абай танымының да осал жағы болып табылады.
Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен
хауаси хамса заһириге ерекше мән береді.
Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының
сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның
жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен
пайда болатын рухани құбылыс деп таниды.
Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы
туралы дүниетанымының негізі Фарабидің
«Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе
де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар,
295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді.
Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат
және танып білетін қуат деп екіге бөліп,
адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі
және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады.
Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында
сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы
ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде
адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім
мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде
түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы-көбінесе,
бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан,
Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан
қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен
іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды
танымақтық» деп өз алдына сараланатын
ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің
адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат
алмутехаййла) ерекше мән бере қараған,
негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз
болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан
көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде
өзіндік соны ойлар желісін таратқанда,
оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам
жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам
жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады.
Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он
тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші,
Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші
сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала
келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді
ұзартып құмарланып жиған қазынамызды
көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді»,
- деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім
тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші
сөзінде хайуан мен адамарасындағы ерекшелікті олардың дүние
тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма
мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды
бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын
бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп
пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін
де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын,
осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын
тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің
адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын
атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары,
жан қуаты деген қасиеттер тек адамға
ғана тән нәрселер деп таныған.[6]
Туған жері
Әбу Наср Әл-Фараби Әбу Наср Мұхаммад
ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қаласы[1] — 950, Сирия, Шам[1]) — ұлы ғалым, ойшыл философ,
математик, астролог, музыка теоретигі.
Әскербасының отбасында дүниеге келген.
Шығармашылық
жолы
Әбу Наср Әл-Фараби — түркі
ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі,
“Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы
“Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның
ішіндеОтырардың экономикасы мен мәдениетінің
дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби
Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік
сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде
көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен,
қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты.
Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл
білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген
ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат
жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек
оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің
еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің
“Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне
түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты
ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда
өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Наср Әл-Фарабидің
арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген.
Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде
өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында
керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниеге
келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің
үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы
бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған
болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға
ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз
еткен. Осы кезден бастап Әбу Наср Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы
ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің
құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап
болғандықтан, Әбу Наср Әл-Фараби бүкіл исламғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету
үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәріммен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына
негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес
өкіметі тұсында атеистік идеологиканың
ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым
ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам
бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы
мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып
табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмірислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу
Наср Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың
жеңілгеніне қуанған Әбу Наср Әл-Фараби
іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының
саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде
ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар
арасын жақындастыру керек деген ой айтып,
өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері
арасындағы алауыздықтарды жоюға күш
салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы
әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы
мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп
отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын
құрметпен қысады.
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай екі сыры бар.
Біріншіден, сол кездегі Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері
негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдад шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға
қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған.
Бағдадта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі
ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде
Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі
грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу
арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен
шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы
ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық
христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы
мен араб ғылымының арасын қосқан осылар
еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы —
екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар
өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының
нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының
әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық
(философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика,химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең
меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды
ғылыми жаңалықтар ашты.
Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт
анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін
мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін
растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.
Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын
құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың
мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен,
түр мен материяарақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына
жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан
түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық
көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен
байланысты қарағанда ғана терең түсінуге
болады. Орта ғасырларда философиялық
ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді.
Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің
діни түсініктері тұрғысынан қарастырған
лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық
тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын
көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын
әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл —
тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес,
өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы
— жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік
санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы,
яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса
дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның
мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін
бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар
мен философияның арасындағы күреске
тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға
үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды
оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты
әділетті қоғамға жеткізетін негізгі
бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени
сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын
құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің
шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын
әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып,
оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын
оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы
мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті,
жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол
жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі
танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән
берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық,
педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен
саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта
қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын
адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан
— жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен,
қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді.
“Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарасы”[7], “Мемлекет қайраткерлерінің
қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік
трактаттарында қайрымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды.
Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік,
бақыт және теңдік идеяларын құптаған
ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған
жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес
әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа
икемді екенін ескертті.
Әль-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру
мәселесіне қайта айналып соғып отырған.
Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің
абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені
тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани
салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын
түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға
қолы жетпейді деп ескертеді.
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік
және жаңа платоншылдық көзқарастарға
сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол
өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті
шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің
философиясын меңгеруге қажет болатын
тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға
салып, бұл туралы былай дейді:
- Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
- философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
- оның шыққан қаласы;
- философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
- философиялық ағымды тудырған басты себеп;
- философиялық талдауға түскен мәселелер;
- философияның алға қойған мақсаты туралы;
- философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет
философиялық бағыттың алғаш негізін
салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі.
Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық
мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін
ортаға салады.
- Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
- Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
- Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
- Бесенші шарт— Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
- Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
- Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
- Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
- Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.