Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 13:47, реферат

Краткое описание

Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Европаның солтүстік-батысында Британ аралдарында орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет. Территориясы — 244,1 мың. шаршы шақырым. Ұлыбритания бақылауына 6 млн. халқы бар 14 отар және тәуелді территориялар жатады. Соның ішінде Европада Гибралтар, Оңтүстік Америкада Фолкленд, Бермуд, Ангилья, Кайкос сияқты тағы басқа аралдар бар.

Содержание

Кіріспе. 2
1. Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал. 3
1.1 Экономикалық және саяси дамудың негізгі сипаттары.. 3
1.2 Жеңістің ащы дәмі және экономикалық тұрақсыздық. 4
1.3 Ллойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты.. 8
Қорытынды.. 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия дж.docx

— 28.72 Кб (Скачать документ)

Ллойд Джордж үкіметі кәсіпкерлерді  барынша қолдады. Ол соғыс кезінде  құрылған барлық мемлекеттік бақылау  органдарын жойды. Осы мекемелердің тарауымен Англияның капиталистік шаруашылығын мемлекеттік-монополистік реттеудің соғыстық механизмін бейбіт кезеңге лайықтау аяқталды. Соғыс  жылдарында мемлекеттің реттеушілік  қызметінің арқасында Англияда өндіріс  пен капиталдың шоғырлануы мен монополиялануы күрт күшейіп, мемлекеттің экономикаға  араласуын кеңейтуіне жағдай туғызды. Мемлекеттік соғыс заводтарының көпшілігінің жеке меншікке сатылғанына  қарамастан, 20-шы жылдардың басында  олардың соғысқа дейінгіден де төрт есе көбі мемлекет иелігінде қалып  қойды. 1919 жылы заңмен бекіген фунт стерлиштің алтын стандартынан бас  тарту мемлекетті қағаз ақша шығарудың  басты бақылаушысына айналдырды. Теміржолдарға бақылауды алып тастап, үкімет 1921 жылы теміржолдар компаниясын  төрт аймақтық топтарға біріктіріп, оны  ішінара қайта қалпына келтіруге  мәжбүр болды. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі де кеңейді. Ллойд Джордж үкіметі жұмыссыздарға, тұрғын үй құрылысына көмек, халыққа білім беру системасын дамыту программасын жүзеге асыруға  қатысты.

Орасан зор мемлекеттік  қарыз, мемлекеттік бюджеттің 40%-ға жуығы жыл сайын өсімді өтеуге ғана жұмсалатын, салықтың жоғары болуын сақтады. Бұл ағылшын еңбекшілерінің жағдайын төмендетті. Олардың жағдайы  экономикалық ерлеу кезеңінде де нашарлай берді. Өйткені бағаның  есуі жалақыдан жоғары болатын, соғыстан қайтқан 4 миллион әскерилер жұмыссыздардың санын өсірді, ірі буржуазияның өз капиталдарын елдің ішінде жұмсағысы  келмеуі өнеркәсіп өндірісін  бейбіт өмірге бейімдеу қарқынын баяулатты. Сірескен салықтармен басып тасталынған  халықтың сұраныс қабілеті өте төмен  болды да соғыстан кейінгі экономиканың өрлеуі ұзаққа созылмады. 1920 жылдың күзінде-ақ соғыстан кейінгі алғашқы экономикалық дағдарыс басталды. 1921 жылдың соңында  дағдарыс тоқтады. Экономикада жандану байқалмады да 1922-1923 жылдары ағылшын экономикасында тоқырау байқалды[8].

Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саясатының түйіні Англияның капиталистік дүниеде лидер ролін қалпына келтіруге ұмтылушылық еді. Ол Кеңестік Ресейдегі жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін құлатуды мақсат етті. 1919 жылдың басында Ұлыбританияның басқарушы тобы АҚШ және Франция империалистерімен бірге Кеңес еліне қарсы соғыс интервенциясын ұйымдастырды. Қызыл әскердің табыстары, Антанта әскеріндегі революциялық толқулар және капиталистік елдердің өз ішінде орын алған Кеңестік республикамен ынтымақтастық қозғалысының зор толқыны интервенттерді Ресейден өз әскерін әкетуге мәжбүр етті. 1919 жылдың соңында соғыс тұтқындары туралы, ал келесі жылдың басында Ллойд Джордждың ұсынысымен Антантаның Жоғарғы кеңесі экономикалық блокаданы алып тастау жөнінде шешім қабылданған соң, сауда мәселесі бойынша келіссөздер басталды. Алайда 1920 жылдың көктемінде Кеңестік Ресейге қарсы тағы да қарулы басып алу әрекеті жасалды, бұл жолы буржуазиялық-помещиктік Польша әскері пайдаланылды. Бұл жорық сәтсіз болған соң, ағылшын үкіметі Қызыл әскердің Польшаға шабуылын тоқтатуды қатты талап етті. Осыған қарсылық ретінде британ жұмысшыларының зор ереуілдері болды да, үкімет ойластырған соғыстық арандатушылығынан бас тартуға мәжбүр болды. Интервенцияның күйреуі кеңес-ағылшын келіссөздерін қайта жалғастырып, олардың арасында 1921 жылы 16 наурызда сауда келісіміне қол қойылды. Англия Кеңестік Ресейді де-факто деп мойындады.

Париж бейбіт конференциясында британ дипломатиясы АҚШ-тан үстем  болып қана қоймай, өзінің француз  одақтасын біраз ысырды. Алайда Вашингтон  конференциясында Англия ондай жағдайда болған жоқ. Соғыстан кейінгі дүниені  реттеу нәтижесінде Ұлыбритания  халықаралық қатынастар системасында мығым позиция сақтай алды. Британ доминиондары — Канада, Австралия  және Оңтүстік Африкан одағы 1917 жылы империя конференциясында Британ империясының құрамында автономиялық мемлекет статусына  қол жеткізді. Олар 1923 жылы шетел  мемлекеттерімен дербес келісім  жасау құқына ие болды. Отарларда  өзін-өзі басқаруға ұмтылушылық  тенденциясы белең ала берді[9].

Бірінші дүниежүзілік соғыс  аяқталысымен отаршылдар ұлт-азаттық  қозғалысты қарумен басуға кірісті. 1919 жылы сәуірде Амритсар қаласында  әскер бейбіт митингіге оқ атты. Британ өкіметінің репрессиясы жаппай сипатқа ие болды. Оған үнді халқы  ағылшын мекемелері мен товарларына  бойкот жариялаумен, митингілермен  және демонстрациялармен жауап берді. Ұлт-азаттық қозғалыс Үндістанда 1921 жылы шегіне жетсе де, басшылық болмаған соң басылып қалды.

1914 жылдан Египетте протекторат  орнатқан ағылшын үкіметі қатты  қиындықтарға кездесті. Елдің тәуелсіздігі  үшін күреске жұмысшылар және  шаруалармен қатар ұлттық буржуазия  да шықты. 1919 жылы көктемде Египетте  қарулы көтеріліс бұрқ ете  түсті. Ағылшындар оны зорға  басты. Онан кейін ұйымдастырылған  репрессия египет жұмысшыларының  сағын сындыра алмады. 1921 жылы  көтеріліс қайтадан жанданды. Ағылшын  үкіметі 1922 жылы желтоқсанда протекторатты  алып тастап, Египетті «тәуелсіз  корольдік» деп таныды. Алайда  Англия Суэц каналы зонасына  бақылауын сақтап қалды және  шетел тұрғындарының өмірін қорғаймыз  деген сылтаумен елді оккупациялауын  жалғастыра берді.

Соғыстан кейінгі жылдары  ұлт-азаттық қозғалыс Таяу және Орта Шығыс халықтарын да қамтыды. Англия 1919 жылы Ауғанстанның ішкі және сыртқы саясатына бақылауын жойды. 1921 жылы Иран үкіметі Иранға британ протекторатын  орнатуға тырысқан, 1919 жылы жасалған ағылшын-иран келісімін жойды. Кемал паша бастаған жаңа Түрік үкіметі 1922 жылдың қазанында Грециямен соғысты аяқтады. Ол соғыс Англияның арандатушылығынан туған еді. Түркия өз тәуелсіздігін сақтап қалды.

Ағылшынның ежелгі отары  — Ирландиядағы ұлт-азаттық күрестің алар орны өзгеше. 1918 жылы парламент  сайлауында ағылшын парламентінің  Қауымдар палатасында Ирландияға берілген 103 орынның 73-ін Ирландия Республикасының  тәуелсіздігі үшін күресуші шинфейнерлер партиясының кандидаттары жеңіп  алды. Сайлау кезінде оның 36 депутаты ағылшын түрмесінде, қалғандары эмиграцияда  болатын. Бостандықтағы 27 депутат Лондонға келуден бас тартып, 21 қаңтар 1919 жылы Дублинде мэріне жиналып өздерін  ирланд парламенті — Дойл деп, ал Ирландияны — тәуелсіз және егеменді республика деп жариялады. Ерікті қарулы отрядтарға — Ирландия республикалық армиясына  сүйеніп, шинфейнерлер өкіметтің жергілікті органдарын құруға кірісті. Ирландияда қоршау жағдайын енгізген Англияның  жазалау акциясына қарсы Ирландияның  республикандық армиясы партизаңдық  соғысты үдетті. Британ өкіметінің Ирландиядағы саясатына қарсы Англияның  өзінде де қозғалыс етек алды. Ұлыбритания  басқарушы тобы шегінді. 1921 жылы 6 желтоқсанда  шинфейнерлермен Ирландияның солтүстік-шығысында  өнеркәсібі дамыған 6 графтығы және Солтүстік  Ирландия Ұлыбритания Біріккен Корольдігі құрамында қалған, ал 26 графтығы доминион құқында «Ирландия ерікті мемлекетін»  жариялаған келісімге қол қойылды. Англия Ирландияда соғыс-теңіз базасын  және жаяу әскер ұстау құқына, сыртқы саясатына бақылау орнатуға ие болды. Ирландия бөлшектенді, Англия онда маңызды  экономикалық позиция сактады.

Соғыстан кейінгі үш жылда  Англияда 6,5 млн. адам экономикалық талаптармен  ереуілге шықты. 1919 жылдың басынан бастап, Англияда «Ресейден қолыңды тарт!»  деген арнайы комитеттер құрылды. Ол қозғалысқа қатысушылар Кеңестік Ресейден ағылшын әскерінің әкетілуін  талап етті. 1920 жылы 31-шілде — 1-тамыз  Лондонда Ұлыбритания компартиясының Құрылтай жиналысы болып, КПВ құрылды. 1919 жылы қазанда II Интернационал құрамынан  шыққан 10 мыңдық Британ социалистік  партиясы Коминтернге қосылды. Кейбір солшыл топтар марксизм-ленинизм позициясына  жақын тұрды: орталығы Шотландиядағы  социалистік жұмысшы партиясы, Жұмысшы  социалистік федерациясы. Британ пролетариатының  ең ірі ұйымдасқан отряды шахтерлер  еді. 1920 жылғы шахтерлердің ереуілдері басылып, кәсіпкерлер 6 млн. адамның  жалақысын қысқартты. 1922 жылдың қазанында  консерваторлар коалицияны ыдыратып, 1923 жылғы парламенттік сайлауда жеңген олар С.Болдуин бастаған үкімет құрды.

Қорытынды

XIX ғасырдың соңы мен  XX ғасырдың басындағы Англия өнеркәсіптік  монополиядан айырыла бастаған, көбінесе экстенсивті түрде дамыған  мемлекет болды. XIX ғасырдың соңы  мен XX ғасырдың басында Англияның  өнеркәсіп өндірісі 2 есе дерлік  өсті. XX ғасырдың басында ел өзінің  ең ірі отарлық империясын  кеңейте берді. Бұрынғысынша дүние  жүзіндегі барлық сауда флотының 40 процентке жуығы Англияның қолында  болды, ал оның шетелдердегі  күрделі қаржысы Франция мен  Германияның шетелдердегі күрделі  қаржысын қосып есептегендегіден  асып түсті. Бірақ өнеркәсіп  өндірісінде АҚШ пен Германия  оны басып озды, сөйтіп, Англияның  дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісіндегі  үлесі 2 еседен аса, ал дүниежүзілік  саудада — 70% дерлік кеміді. Ал  бірінші дүниежүзілік соғыста  жеңімпаздар қатарынан көрінгенімен  Ұлыбританияның экономикасы дағдарысқа  ұшырады. Біз осы кезеңді шама-шарқымызша  зерттедік.

Қорыта келе мынаны ашып айтқымыз келеді. Біріншіден біздер әлемді екі жүз жылдай аузына қаратқан ағылшындардың  отарларынан топ-тобымен айырылу  сәтіне жақындай түскенін байқадық. Өйткені  дүниежүзінде экономикалық басымдылықтан  шеттей бастаған Ұлыбритания өзінің отарларынан да көз жаза бастайтыны айқын еді.

Екіншіден жеңіске тоқмейілсу әлі де болса Ллойд Джордж тәрізді  саясаткерлерді әлемдегі ағылшын үстемдігі  сақталып қалады деген ойға жетелейді  және осы ойдың соңында кету опық та жегізеді. Тек қана ағылшынның әйгілі саясаткері, премьер-министр Уинстон  Черчилль ғана анло-сакстардың үстемдігі  үшін әрдайым АҚШ-пен бірауызды  болуды ұстанатын күн де туады. Біз  зерттеген кезең Ұлыбританияның көшбасшылықтан бірте-бірте айырыла  бастаған кезеңі болғандықтан өзіндік  ерекшеліктері де бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Виноградов К. Б., Очерки английской историографии нового и новейшего времени. Л., 1959г.

2. Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г.

3. Дәуірбаева Т. Европа  мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан, 2004.

4. Ерофеев Н. А., Очерки  по истории Англии. 1815-1918. М., 1959г.

5. Мәшімбаев С. М. Еуропа  және Америка елдерінің қазіргі  заман тарихы (1918-1945 жж.) Алматы «Қазақ  университеті» 2004

6. Ізтілеуов К., Жаңа заман  тарихы. — Алматы: Ана тілі, 2000ж.

7. Ковальский С., Ұлыбритания.  Алматы, 1947 ж.

8. Колпаков А.Д., Ирландия  — остров мятежный. М., 1965.

9. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975 ж.

 

[1] Ерофеев Н. А., Очерки  по истории Англии. 1815-1918. М., 1959г. C.15.

[2] Мәшімбаев С. М. Еуропа  және Америка елдерінің қазіргі  заман тарихы (1918-1945 жж.) Алматы «Қазақ  университеті» 2004, 185 б.

[3] Дәуірбаева Т. Европа  мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан, 2004. 185 б.

[4] Ковальский С., Ұлыбритания.  Алматы, 1947 ж. 72 б.

[5] Ізтілеуов К., Жаңа заман  тарихы. — Алматы: Ана тілі, 2000ж. 28 б.

[6] Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975 ж. 10 т. 279 б.

[7] Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г. С. 165.

[8] Волков М. Я., Промышленность Англии, М., 1965 г. С. 168.

[9] Мәшімбаев С. М. Еуропа  және Америка елдерінің қазіргі  заман тарихы (1918-1945 жж.) Алматы «Қазақ  университеті» 2004, 190 б.


Информация о работе Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия