Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 19:04, реферат
Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды.
1 Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
2 Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң жақ бетіне жаппай өтуі
3 Жәңгірдің билік басына келуі
4 Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси даму барысындағы өзгерістер
5 Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі
6 Жәңгір ханның қайтыс болуы
7 Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны.
Жоспар:
1 Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
2 Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң жақ бетіне жаппай өтуі
3 Жәңгірдің билік басына келуі
4 Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси даму барысындағы өзгерістер
5 Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі
6 Жәңгір ханның қайтыс болуы
7 Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны.
Бөкей хандығының құрылуы
Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.
Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері:
XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.
Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды.
Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771 жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды.
Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті.
Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі
«бөліп ал да, билей бер»
деген империялық пиғыл принципі
бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге
тырысып бақты, Әбілқайыр ханның
ұрпақтары болып табылатын
Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді.
Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң жақ бетіне жаппай өтуі
1799 жылы Бөкей сұлтан
Ресей императорының атына хат
жазып, өзінің қол астыңдағы
қазақтардың бір бөлігінің
Бөкейдің өзіне Ресей
императорының суреті бар алтын
медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың
қоныстанған аумағы 70 мың шаршы
шақырым шамасында болды. Бөкей
сұлтанның қол астындағы
Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. 1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Олардың басым көпшілігі таяуда ғана болып өткен көтеріліске қатысқандар еді және қазақ қоғамының ең кедей бөлігі болып табылатын. Сырым Датұлы қазақтардың Жайықтың оң жағалауына қоныс аударуына қатты қолдау көрсетті.
Ол тіпті халық арасында ата қонысқа көшу жөнінде ықпалды үгіт жүргізді. Жайықтың оң жағына көшіп барғандардың 15 мыңға жуығы кейінірек оның жақтастары болып шықты. Жайықтың оң жағалауына көшіп барушылардың саны бірте-бірте арта түсті.
Мәселен, 1897 жылғы Ресей
империясының Жалпыға бірдей алғашқы
халық санағының көрсеткен
1812 жылы Бөкей сұлтанға
хан лауазымы берілді.
Жәңгір хан
Жәңгірдің билік басына келуі
Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылғы 12 мамырда қайтыс болды. Ол өзінің көзі тірсінде хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлікпен иелену құқығын белгілеп, бекітіп қойған еді. Оның өсиеті бойынша, хан тағы оның ұлы Жәңгірге қалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығатай сұлтан билеп тұрды.
Жас мұрагерді тәрбиелеуді патша шенеуніктері өз қолдарына алды. Жәңгір ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тұрды, сол кездегі үлгілі саналатын білім мен тәрбие алды. Ол хан тағына тағайындалар кезге дейін жан-жақты толық әзірліктен өткен билеуші болып та үлгерген еді. Жәңгір қазақ тілімен қатар орыс, араб және парсы тілдерін білді. Ол Қазан университетінде жиі болып тұратын. Жәңгірдің университетте болған сапарларының бірінен кейін ондағы жергілікті ғалымдар «Қазақ ханы Жәңгірдің Қазанда болуы» деген кітап жазды. Жәңгір Қазан үниверситетінің кітапханасына араб, парсы және түркі тілдерінде жазылған ежелгі 6 құнды қолжазба тапсырды.
Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы — Хан ордасының негізін қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады.
Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бүрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең болды.
Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі
Хан өзінің қол астындағы
халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениеті
мен білімін енгізу саласында
қыруар көп жұмыстар атқарды. 1835 жылы
Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша
мұсылман мешіті ашылды. Хан қазақ
ауылдарындағы молдалардың
1841 жылы Жәңгірдің өз
бастамасы бойынша алғашқы
Жәңгір хан барлық жерде іс қағаздарын жургізу тәртібін енгізді, жеке өзінің мурағат қызметін құрды. Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгізді. Оның күш-жігер жұмсауы арқасында Ішкі Ордада аурухана және дәріхана ашылды.
Ол далалық жағдайда бірінші
болып Ішкі Орданың топонимикалық
және географиялық картасын жасатты. Жәңгір
хан аң аулауды өте жақсы көрді.
Ол қару-жарақ палатасын ашу
Қару-жарақ палатасында
Жәңгір хан өзі бас болып, экскурсиялар
өткізіп тұрды, тіпті Хан ордасы
жанындағы мектептің
Ресейдің еуропалық бөлігінен ауыл шаруашылық құрал-саймандарын көптеп жеткізуге нұсқау берді. Жәңгір ағаш отырғызу ісіне көп көңіл бөлді. Оның тікелей нұсқауы бойынша 50 мың гектар жерге ағаш отырғызылып, көгалдандырылды. Ағашты кескен, сындырып бүлдірген айыпты адамға 25 рет дүре соғылған. Сөйтіп бір кездегі құм басқан шөл дала гүлденген алқапқа айналды.
Жәңгір ханның прогресшіл мемлекет қайраткер ретінде сіңірген еңбектері елеусіз қалмады. Ол Бөкей хандығын басқару ісіндегі жетістіктері үшін 1-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Жәңгір хан 42 жасында генерал-майор шеніне ие болды, ал 43 жасында Қазан университеті Ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі болып сайланды.
Жәңгір ханның қайтыс болуы
Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс
болды. Оның отбасында екі әйелі,
алты ұлы, үш қызы қалды. Жәңгірдің төрт
ұлы Ресей императорының
Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Еділ мен Жайық арасына хан тағайындау тоқтатылды. Патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылдық басқару жүйесіне енгізу саясатын жүргізе бастады. 1846 жылы Ішкі Орданы басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып тағайындалған Уақытша Кеңес құрылды. Оның құрамына сұлтандар тобынан екі өкіл және мемлекеттік мүлік министрлігінен бip кеңесші енді. Кейіннен Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеунігі тағайындалды. Сөйтіп патша үкіметі бұл аймақтағы отаршылдық әкімшіліктің жағдайын нығайта түсті. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына берілді.
Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны
Ішкі Орданың немесе Бөкей
хандығының құрылуы қазақ халқының
тарихында орасан зор рөл атқарды.
Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің
күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық
өзенінің оң жақ бетіндегі бдерінің
бұрынғы атамекеніне қайта
Информация о работе Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны