Қазақстан Ресейге қосылу және оның саяси-құқықтық салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ халқының тағдырында аса күрделі бетбұрыс оқиғалар болды. Біртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атты қазақ хандықтарына бөлінді.Бытыраңқы мемлекетте жоңғарлар шапқыншылық жасап, халық Ақтабан шұбырынды, алқакөл сулама атты қасіретке ұрынды. Осы соғыста қазақ халқының жарымына жуығы қырылды.Билердің біріктірушілік рөлінің арқасында қзақтар ірі жетістіктерге жеткенімен оның түбі баянды болмады. Хан, сұлтандардың бір тобы бытыраңқылық факторына айналды.

Содержание

1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері.
2. Абылай ханның реформалары
3. Бөкей хандығының құрылуы. Бөкей хандығының Орыс мемлекеті саясатында алатын орны.
4. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы,1822 жылғы "Сібір қырғыздары туралы жарлық".
5. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарлық
6. Кенесары Қасымұлы хандығының саяси-құқықтық құрылысы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Ресейге қосылу және оның саяси - копия.docx

— 33.62 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Ресейге  қосылу және оның саяси-құқықтық салдары.

1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері.

2.                     Абылай ханның реформалары

3.                     Бөкей хандығының құрылуы. Бөкей хандығының Орыс мемлекеті саясатында алатын орны.

4.                     Орта жүзде хандық биліктің жойылуы,1822 жылғы "Сібір қырғыздары туралы жарлық".

5.                     Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарлық

6.                     Кенесары Қасымұлы хандығының саяси-құқықтық құрылысы

1.XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ халқының тағдырында аса күрделі бетбұрыс оқиғалар болды. Біртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атты қазақ хандықтарына бөлінді.Бытыраңқы мемлекетте жоңғарлар шапқыншылық жасап, халық Ақтабан шұбырынды, алқакөл сулама атты қасіретке ұрынды. Осы соғыста қазақ халқының жарымына жуығы қырылды.Билердің біріктірушілік рөлінің арқасында қзақтар ірі жетістіктерге жеткенімен оның түбі баянды болмады. Хан, сұлтандардың бір тобы бытыраңқылық факторына айналды.

Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726 жылы Ордабасыдағы бүкілқазақтық жиында қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланды. Бірақ ол барлық қазақтардың ханы болғысы келді. 1729 жылғы қазақтар шешуші жеңіске жеткен соң да, сол жылғы Орта жүздің ханы Болат қайтыс болған соң да бүкілқазақтың ханы бола алмады. Әбілхайыр хан енді Ресейге арқа сүйеп, өз позициясын нығайтпақ болды. Осылай Әбілхайыр хан ресей патшасы анна Ионовнаға Ресейдің қол астына алу туралы жасырын хат жазды. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары да Әбілхайырдың әрекетіне түрткі болды.

1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Ионовна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Онан соң қазақ даласына А.И.Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732 жылы 10 қазанда Әбілхайыр хан және 27 рубасы сұлтан, батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді.

Қосылудың алғашқы жылдарында Кіші жүз бен Орта жүз Ресеймен протекторлық қарым-қатынаста болды.Бұл қарым-қатынас бойынша Қазақстан сыртқы саясаттан өзге мәселеде егемендігін сақтауы тиіс болды. Ресей қол астындағы елдің ішкі саясатына араласпауы қажет болды. Шынында Ресей қазақтардың ішкі ісіне бірден-ақ араласа бастады. Сыртқы саясатта соғысып жатқан қазақтарға әскер және қару-жарақ жағынан жәрдем бермеді. Жоңғарларға қазақтар өзінің қол астында деген мәлімдемеден ары аспады.

Қазақтардың ішкі өмірде өзін-өзі  басқаруы да бұзыла берді. Қазақтың жерлеріне айналдыра әскери қамалдар орнатылып, оларға әскерәкеліп қойылды. Қазақтар ресейдің келісімінсіз хан сайлай алмады. Қазақ хандары балаларын аманатқа беруі тиіс болды. Жайылымдар тартып лынып қазақтар ішкі жаққа ығыстырыла түсті.

Осылай қазақтардың Ресейдің қол астына кіруі пртекторлық қатынастардың шеңберінен асып, Ресей тарапынан таза отырықшылық сипат алды.

Қазақстанның XVIII ғасырының 30-40 жылдарғы Ресеймен қатынасын вассалдық тәуелді қатынастар деп те бағалауға болады. Қазақ басшылары үнемі өздерінің Ресейге тәуелділігі 

Туралы ант берумен болды. Құқықтық жағынан қазақ хандықтарының вассалдық тәуелдіктері хан институтын жойғанға дейін созылды.

Кіші жүздің Ресейге юридикалық қосылуынан (1731) XIX ғасырдың 60-жылдарындағы нақты қосылуға дейін немесе Кіші жүздің қосылуының басталуынан Орта жүздің (1740) және Ұлы жүздің қосылуының аяқталуына дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды Рессейдің Қазақстанға вассалдық элементтері араласқан пртекторлығы деп анықтауға болады.

"Игельстром реформасы" деген атпен енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстормның әрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты тұрғысында пайдалану еді. Нұралы хан Кіші жүзден қашқан соң Игельсторм хан сайлауға рұқсат етпеді. Сырым бастаған старшын, би, батырлардың съезін шақырды. Олар Игельстромды қолдады. Бірақ бұл шара сұлтандардың қатты наразылығын тудырды.

Кіші жүзді тайпалық құрамына қарай үшке бөлу ұсынылды. Әр бөлікті басқару үшін расправолар құру көзделді. Расправолар Орынбордағы 1786 жылы құрылған шекаралық сотқа бағынуы тиіс болды.

Реформа бойынша билік рубасы старшындарға өтті. Бірақ расправолар да, шекаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықпалы мықты сұлтандық топтың әсері болды.

Сөйтіп Екатерина II патша қайта хан сайлауға келісім берді. Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы қадамы жүзеге аспады.  

 

7.                       Абылай хан (1711-1781) қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған соң 1771 жылы хан болып сайланды.

Абылай ханның қазақ халқына сіңірген екі үлесін атап өткен жөн. Біріншіден ол жоңғарларды талқандап Қазақ елінің тұтастығын қалпына келтірілді немесе еліміздің жерлерін түгел азат етуге басшылық етті. Екіншіден Абылай Қазақ хандығының тәуелсіздігін қайта қалпына келтіріп, бытыраңқылығын уақытша болса да жойды. Абылай ханның үлкен саясаткелігі, қолбасшылығы, батырлығы мен көрегендігі, дипломатиялық шеберлігі осындай жағдайға жетуге себеп болды.

Абылай орталық хан билігін күшейтті. Рубасы сұлтандар мен билердің билігіне шек қойып, өзіне бағындырды. Бағынбаған билер мен сұлтан, старшындарды абылайдың төлеңгіттері талқандап отырды.

Ол ескі әдеп бойынша ханға кеңес беруші оның билігіне шектеу қоюшы сұлтан, билер кеңесіне ашық қарсы болды. Сұлтандарды ешкіммен санаспай орнынан алып тағайындады. Өзінің билігін нығайту үшін Абылай хандықты ұлыстарға бөліп, ұлыстардың басына өз ұлдарын тағайындады.Абылай өз билігінде батырларға, елдің шіндегі беделді билер мен жырауларға арқа сүйеді. Төле  би мен Қазбек би Абылайға елдің бірлігін сақтауда көп жәрдем етті. Бұқар жырау Қалқаманұлы Абылайдың жеке кеңесшісі ретінде оның артықшылық, кемшіліктерін дер кезінде айтып отырды. Сондай-ақ Үмбетей, Тәтіқара жыраулар Абылайға қызмет етті.

Абылай өз бетімен басқарудың деспотялық әдістеріне де барып отырды. 1772 жылы қол астынан көшіп кетпек болған қыпшақтардың рубасылрын күшпен басты. Абылайдың заманы қазақтар үшін бейбіт және тыныштық, өркендеу заманы болды.  

 

3.Кіші жүздегі XVIII ғасырдың  соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен тобы Орал мен Жайық  аралығының төменгі бойына өшіп барып 1801 жылы Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел I келісім берді.

Бөкей ордасы шығыстан батысқа 300 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырым аумақты алып жатқан шағын хандық болды.

Ордадағы билік негізінен ханның қолына шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Хан кеңесі мүшелері хан ордасында тұрақты тұрып, хан аппаратының шылауына айналды.

Ханның арнаулы тапсырмалрын орындайтын 12 жасауылы болды. Баж салығын, сауда мәселелерімен "базар сұлтандары" айналысты Хандықта ескі сұлтандар, билер басқару жүйесі тұрақты мемлекеттік аппаратпен ауыстырылды. Ханның қолын-да мемлекеттік істермен шұғылданатын арнайы кеңес құрлды.

Жергілікті басшылық рубасы старшындардың қолына өтті. Старшындарды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады. 1827 жыл үш: байбақты, ноғай және беріш руларында 34 старшынның тек үшеумен хан өкіметі тағайындаса, 1845 жылы осы рулардың барлық дерлік бөлімдерін "указдық" старшындар басқарды.

Рубасы сұлтандар мен старшындардың есеп беріп отыру тәртібі енгізілді. Олар салық жинау, тәртіп мәселсімен де айналысты. Олардың жанында есепші және тұрақты молда қызмет етті. 

 

4.Батыс Сібір губернаторы М.М. Сперанский "Сібір қырғыздары туралы Устав" атты құжат жасады. Осы Устав негізінде Орта жүзде хандық билік жойылды. Бұрын рулық принцип бойынша бөлінетін территория әкімшілік-территориялық прициппен окруктерге бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Әр округте 15-20 болыстар, әр болыста 10-12 ауылдар, әр ауылда 50-70 үйлер болды.

Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Округті коллегиялық орган округтік прказ басқарды. Округтік приказға аға сұлтан-төраға және төрт заседатель (оның екеуі ресейліктерден тағайындалды, екеуі құрметті қазақтардан сайланды) кірді. Округті аға сұлтан басқарды. Бірақ приказ құрамындағы ресей өкілдері билік жасады.

"Устав" бойынша қазақтардың сот ісіне, әдет-ғұрып құқығына өзгерістер енді. Билер сотының, адаттың билігі шектелді. Сот әкімшіліктен бөлінбеді.

Барлық сот істер үшке бөлінді: а) қылмыстық істер; б) даулы істер; в) 

басқару үстінен берілетін шағымдар.

Қылмысты істер империя заңдармен тергеліп қаралады.

Билер сотына бақылау орнады. Ол соттың шешімі жоғарыға шағым болмағанда ғана күшіне енді. Билер соты: рулық, төменгі рулық және ауылдық сот деп аталтын буындарға бөлінді.

Билер сотының 2 мыңға дейін сомды құрайтын істің шешімдері округтік приказда, 5 мыңнан жоғары істер жөніндегі шешімдер Үкіметтік Сенатта бекітілетін болды.

Билерге тұтқында ұстау, Сібірге айдау, дүре соғу, рудан аластау сияқты құқықтар берілді. Билер соты біртіндеп ресми империялық соттармен жақындаса түсті. 

 

5.Орынбор генерал-губернаторы  П.Эссен "Орынбор қырғыздары туралы уставын" жасады. "Устав" 1824 жылы азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан өкіметі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке: Шығыс, Орта және Батыс бөліктерге бөлінді. Былай бөлу тайпалық құрылымды еске алды. Әр бөлікті билеуші-сұлтандар басқарды. Билеуші-сұлтандар патша өкіметінің шенеунігі болды. Олардың қасында 100-200 адамнан әскер болды. Билеуші-сұлтанның ставкасы қазақ бекіністерінің біріне орналасты. Билеуші-сұлтан қызметіне тек сұлтандар тағайындалды.

1831 жылға дейін аталған үш бөліктің қазақтары шептік және далалық болып бөлінді. Шептк қазақтар шептік дистанцияның командирлері арқылы басқарылды. Дистанциялардың саны артып 1854 жылы 54-ке жетті. Дистанциялар деп екі бекіністің аралығындағы учаскелер аталды. Бұл территориялық құрылым болатын.

Кіші жүзге жоғары басшылықты Сыртқы істер министрлігі жүргізді. Бұл 1844 жылғы Ережеде көрсетілді. Тікелей басшылық Орынбор генерал-губернаторының қолында болды. Кіші жүзді және шептік бекіністерді басқару үшін ерекше шекаралық басқарма құрылды. Тағы да шептік және далалық басқармалар құрылды. Шептік басқрмаға шептік бекіністердің басшылары кіріп, ол әскери оргндарға және генерал-губернатор бағынды. Шекаралық басқарма шептерде тұратын орыстар мен далада тұратын қазақтардың қатынасын реттеп, қадағалап отырды.

Сот ісінде де империялық заңдар көптеп қолдана бастады. 1822 және 1824 жлғы Уставтар бойынша Орта және Кіші жүзде хандық жойылып, басқару мен сот жүйесініңжаңа түрлері  енді. Рулық құрылым орнына территориялық құрылым енді. Қазақтардың хандық арқылы өзін-өзі басқаруының орнына отаршылықты нығайтатын патша өкіметі тағайындаған басқару жүйесі енді. Сұлтандардың аз ғана тобы басшылықта қалып, қалғандары артықшылығынан айрылды. Біртіндеп аға-сұлтандар мен болыстық сұлтандардың орнына да қатардағы қазақтар сайлана бастады. Реформа бойынша байлар мен билердің рөлі арта түсті. Төлеңгіттер мен батырлардың саны азайып, олардың әлеуметтік рөлі төмендеуге бағыт алды.  

 

6.Патша өкіметінің қазақ  жеріне тереңдеп еніп ондаған әскери бекіністер салуы, Орта және Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа басқару жүйесін ендіруі, орыс әскерлерінің озбырлықтары қазақ халқының отарлыққа қарсы күреске шығуына себеп болды. Қазақтардың ондаған ірі ұлт-азаттық көтерілістері болды. Солардың ішіндегі ерекше маңызға ие болып, терең тарихи із қалдырғаны Кенесары Қасымұлы бастаған (1837-1847) көтеріліс болды.

Көтеріліске шыққан халық  Кенесарыны 1841 жылы хан көтерді. Кенесары бір орталыққа бағынған, қатаң тәртіпке негізделген хандық құрды. Ол Қазақстан жеріне атасы Абылай ханнан қалған мұра ретінде қарады. Хандықтың территориясы көтерілістің барысына қарай үнемі өзгеріп тұрды. Қазақ халқының бір бөлігі патша өкіметін жақтап Кенесарыға қарсы күресті.

Кенесары хандығының әлеуметтік негізікөтеріліске шыққан қазақ шаруалары, билер мен батырлардың үлкен тобы болды. Оған қазақ феодалдарының да үлкен тобы қатысты. Әсіресе батырлардың рөлі үлкен болды.Олар мемлекет құру ісіне де белсене араласты. Көтеріліске қазақтың үш жүзінде де өкілдері қатысты.

Мемлекет басшылығы Кенесары  ханның қолына жинақталды. Батырлар, билер және ханның туыстары кірген кеңесші орган-хан кеңесі жұмыс істеді.

Кенесары мемлекетінде басқару ісін, сот, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды.

Сот реформасын жасауда Кенесары бұрынғы қазақ хандарының үлгісіне сүйенді, қазақтың әдет-ғұрып құқығын одан әрі дамытты. Кенесары ру билерін жойды. Сот билігін өзі тағайындаған билер мен жасауылдарға берді.

Кенесары отаршылдарға қарсы соғыста 20 мыңға дейін жігіттерден тұратын әскер құрды. Оның негізін батырлар мен төлеңгіттер құрады. Сонымен қатар уақытша жасақтар да құрылды. Бас қолбасшы ханның өзі болды. Атақты батырлар мен қолбасшылардан тұратын ханның жанындаәскери кеңес жұмыс істеді. Әскерді ескі тәртіп бойынша онбасы, жүзбасы, мыңбасылар басқарды.

Күшті басым птша әскерімен 10 жылдан аса күрескен Кенесары бастаған ұлт-азаттық күресі қазақ тарихының ерекше кезеңдерінің бірі. 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.                  История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней) в 5-ти томах. – Алма-Ата, 1977-1980.

2.                  Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30 – х гг. XVIII века. – Алма-Ата, 1948.

3.                  Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. – М., 1957.

4.                  Вяткин М.Г. Политический кризис и хозяйственный упадок в Малой орде в конце XVIII - нач. XIX вв. // Материалы по истории Казахской ССР (1785-1826). – Т. 4. –Изд. М - Л, 1940.

Информация о работе Қазақстан Ресейге қосылу және оның саяси-құқықтық салдары