Қазақстан мемлекетіндегі палеографияның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 08:44, реферат

Краткое описание

Қосалқы тарихи пәндердің ерекше бір тобы жазба тарихи түп деректердің жеке түрлерінің ғылыми сын тәсілдерін тұжырымдайды. Бұған, мәселен актыларды зерттейтін дипломатика және әдеби шығармалардың тексті тарихына өзінің назарын аударатын текстология жатады.

Содержание

Кіріспе 3
1. Палеография ғылымының дамуы 4
2. Қазақстан мемлекетіндегі палеографияның дамуы..............................8
Қолданылған әдебиеттер 11

Прикрепленные файлы: 1 файл

paleografiany_1187_damuy.docx

— 49.31 Кб (Скачать документ)

Жоспар.

 

Кіріспе 3

1. Палеография ғылымының  дамуы 4

2. Қазақстан мемлекетіндегі  палеографияның дамуы..............................8

Қолданылған әдебиеттер 11

 

 

Кіріспе

Бүгінде тарихи ғылым бірқатар жалпы тарихтың сондай-ақ арнаулы және қосалқы тарихи пәндерді қамтиды. Жалпы тарихи пәндерге бүтіндей алғанда қоғам  дамуын және жеке елдер мен халықтардың тарихын зерттейді.

Қосалқы тарихи пәндердің ерекше бір тобы жазба тарихи түп деректердің жеке түрлерінің ғылыми сын тәсілдерін тұжырымдайды. Бұған, мәселен актыларды зерттейтін дипломатика және әдеби шығармалардың тексті тарихына өзінің назарын аударатын текстология жатады.

1970-1971 ж.ж. оқу жылынан  бастап педагогика институттарының  оқу жоспарына қосалқы тарихи  пәндер курсы енгзілген. Бұған  олардың ішінен тарих мұғалімінің  практикалық жұмысына ерекше  маңызы барлары: палеография, хронология, метрология, нумизматика және тарихи  география енгізілген.

 

1. Палеография  ғылымының дамуы

 

Арнаулы пәндер болса, қоғамдық өмірдің жеке жақтарының тарихын—экономикалық, саяси, әскери, материалдық, мәдениет пен құқық, қоғамдық ой тарихын қарастырады. Бірқатар тарихи пәндер тарихы зерттеудің әдістемесі мен техникасының жалпы да жеке мәселелерін тұжырымдайды. Мұндай ғылыми пәндер қосалқы пәндер деп аталады.

Қосалқы тарихи пәндердін арасында түп дерек тануға ерекше орын беріледі, мұның міндеті тарихи түп деректерді тауып анықтау, оларды ғылыми жүйеге келтіру, сын кезімен талдау, зерттеу мен пайдалану методтарын тұжырымдау, әрі, ақырында адамзаттың, өткен шағының тарихын баяндау үшін түп дерек бере алатындардың бәрін, нақтылы да жан-жақты алып анықтап шығу болып табылады.

Кейбір қосалқы тарихи пәндер өз алдына неғұрлым тар мақсаттарды қояды. Бүлардың бірі тарихи түп деректердін, жеке түрлерін зерттеумен шұғылданады. Мәселен, эпиграфика тас плиталардьщ, металдың, сүйектің, ағаштың, саз балшық бұйымдардың, үстіндегі жазуларды,папирология— папирустардағы жазу-сызуды, ал нумизматика басқа міндеттермен қатар — мәнеттердегі мәтіндерді зерттейді. Жекелеген қосалқы тарихи пәндер өзінің назарын жазба түп деректердін, сыртқы белгілерін зерттеуге аударады. Палеография, мәселен, жазу-сызу материалдары мен оньщ қүралын, жазу мен өрнектеу ерекшеліктерін, сфрагистика — баспасөздерді, оның қосымша документтерін, ал геральдика — гербтерді, орта ғасырларда кеңінен таралған ерекше айырым белгілерін зерттейді.

Қосалқы тарихи пәндердің ерекше бір тобы жазба тарихи түп деректердің жеке түрлерінің ғылыми сын тәсілдерін тұжырымдайды. Бұған, мәселен, актыларды зерттейтін дипломатика және әдеби шығармалардьщ мәтіні тарихына өзінін, назарын аударатын текстология жатады.

Тарихи түп деректерді зерттеу ушін деректерді тұжырымдауды өз алдына міндет етіп қоятын бірқатар тарихи пәндерді атаған жөн. Бұлардың қатарына, ең алдымен, белгілі бір тарихи оқиғалардың, уақытын анықтаумен шұғылданатын тарихи хронология, өлшемдер және ақша есебі системасын зерттейтін метрология жатқызылады. Түп деректердің ғылыми сыны үшін тарихи өткен шақтың географиясын қалпына келтіретінтарихи география және онымен тығыз байланысты жеке географиялық атаулардың этимологиялық құрылымын, маңызын әрі қайсыбір тілге жататындығын зерттейтін тарихи топонимика көп деректер береді. Тарихи түп деректерді зерттеу үшін рулардың, әулеттер мен жеке адамдардың шығу тегі мен тарихын зерттейтін генеология сияқты қосалқы тарихи пән де маңызды мәліметтер береді.

Палеография дегеніміз – жазба түп деректердің сыртқы жағын, соның ішінде графиканы, бұлар жазылған материалды, қағаз бетіндегі судағы белгілерді, қолжазбалардың форматы мен безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән түрі. Ол ғылыми пін ретінде ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Францияда пайда болған.

Палеография дегеніміз жазба түп деректердің сыртқы жағын, соның ішінде графиканы, бұлар жазылған материалды, қағаз бетіндегі су белгілерді, қолжазбалардың форматы мен безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Палеографияны білу қолжазбаны дұрыс оқып шығуға, оның пайда болған уақыты мен орнын, автордың аты-жөнін, оның дұрыстығын немесе жалғандығын, мәтін тарихын анықтауға көмектеседі.

Палеография - palaios – «ежелгі» және grajw - “жазамын” деген грек сөздерінен шыққан. Сондықтан бұл ғылым ежелгі қолжазбаларды зерттеумен шұғылданды.

Ғылыми пән ретінде палеография XVIII ғасырдың бірінші жартысында Францияда пайда болды, бірақ бұған дейін палеографиялық талдау тәсілдері практикалық мақсаттарда қолданылып келді. XIX ғасырдың бірінші жартысында қолжазбалардың палеографиялық ерекшеліктеріне ғалымдар ерекше көңіл аудара бастады, ал ғасырдың орта кезінде-ақ ең ежелгі славян қолжазбаларына бағалы палеографиялық байқаулары бар А. В. Горскийдің, К. Невоструевтің еңбектері пайда болды.

1885 жылы И. И. Срезневскийдің палеография жөнінде алғашқы оқу құралы жарияланды, ал содан сод бірқатар оқулықтар мен еңбектер, соның ішінде Е. Ф. Карскийдің, Н. П. Лихачевтің, И. С. Беляевтың және А. И. Соболевскийдің еңбектері жазылды.

Кеңестік ғалымдар да палеографияға әрқашан да үлкен көңіл бөліп отырды. 1918 жылы В. Н. Щепкиннің орыс палеографиясы жөніндегі оқулығы басылды, ал 1928 жылы Е. Ф. Карскийдің курсы қайта басылды. Ұлы Отан соғысынан кейін Н. С. Чаев пен Л. В. Черепниннің (1947 оқулықтары, сондай-ақ бірнеше палеографиялық альбомдар жарияланды.

1966 жылы М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьевтің жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Орыс палеографиясы» деген арнаулы құралы даярланды.

 

Тарихи зерттеулер үрдісінде палеографияны қолдану. Графиканың даму заңдарын анықтай отырып, палеография ең алдымен қолжазбаны дұрыс оқуға және алғаш қарағанда оқуға қиын болып көрінетіндей жерлерді ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл үшін қолжазбаны оқығанда графика туралы жоғарыда келтірілген материалға сүйенген жөн. Сонымен бірге жеке палеографиялық белгілер мен олардың жиынтығы тек филологиялық қана емес, сонымен бірге тарихи көзқарас тұрғысынан да маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың бірі құжаттардың шығу уақыты туралы мәселе болып табылады.

Түп деректің пайда болған уақытын оның графикасы әрдайым онша дәл көрсете бермейді. Бұл бұрын қолжазба пайда бола алмайтын межені анықтай алады.

Осы заманғы техникалық құралдардың көмегімен пергаменттің жасалған уақытын анықтау қиын емес, өйткені әдетте, ол жатып қалмаған да, шығарылған бойда пайдаланылған, сондықтан осы жолмен де оның шыққан уақытын білуге болады. Қағазда жазылған тексттер судағы таңбалар бойынша неғұрлым дәл даталанады. Бұл үшін даталанбаған қолжазбалардың судағы таңбаларын уақыты дәл көрсетілген жоғарыда аталған альбомдардың судағы таңбаларымен салыстыру керек.

Қол жазуына қарай қолжазбалардың кімдікі екендігін анықтай отырып, өте сақ болу қажет. Құжатты басқа бір кісі сақталмаған түп нұсқадан көшіруі немесе айтып жаздыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда авторын анықтау үшін қол жазу түкке тұрмай қалады. Түп нұсқа сақталғанмен қол жазу әр түрлі болып шығатын жайттар да кездеседі. Мұнда мәтіннің мазмүны мен тарихына сүйене отырып, ненің авторға, ненің канцелярист көшірмеге тиісті екендігін анықтаған жөн.

Палеографиялық деректер тарихи материалдардың арасында жиі кездесетін подделкаларды табуға мүмкіндік береді. Осы мақсатпен зерттеуші, ең алдымен құжаттың қандай материалға және немен жазылғанын зерттеуге тиіс. Егер де қолжазба төл тума саналса, бірақ бұл әлі қолданыла қоймаған материалда немесе филиграньдеріне қарағанда қолжазба даталанған уақыттан гөрі кейінірек пайда болған қағазда жазылған болса мұны жалған деп санаған жөн.

Алайда жалған құжат үшін жасалу уақытына сай материал тауып алынуы мүмкін. Онда жалғанды табу үшін құжат графикасы көмектеседі. Қандай да болсын фальсификатордың жұмысында ең алдымен графика туралы оның ұғымы өзі емір сүріп отырған уақытқа сай келуі себебінен онда қателіктер болады. Оньщ үстіне палеография саласындағы оның танымы әдетте шектеулі болып келеді. Көбіне фальсификаторлар өздерінің подделкаларын жатқызатын заманның жазуының сипаты туралы жалпы түсініктін, ғаңа болуы жеткілікті деп санайды. Тіпті бұлардың арасындағы ең маманданғаны жоғарыда көрсетілген А. И. Бардин XI—XIV ғасырлар қолжазбаларын өңін айналдыра отырып, ол кезде устав жазуы қолданылғандығын жалпы түрде ғана білді. Бірақ оған, палеографтар XIX ғасырдың екінші жартысында ғана анықтаған бұл жазудың кезендеріне қарай айырмашылығы бар екендігі мәлім емес еді. Ол XIV ғасырдың аяғында жартылай уставтың пайда болғандығын да білмеді. Ал кейбір жағдайларда XIV ғасырдан да ертедегі қолжазбаға ол, кейініректе анықталғанындай, жедел жазуға ғана тән сызықтарды пайдаланды.

Жалпы палеографияның көмегімен ескерткіштің жасалу мерзімін, қандай шеберханаларды жасалғандығын және тарихшылар үшін тағы басқа маңызды сұрақтарға жауап беруге болады.

 

2.Қазақстан мемлекетіндег палеографиянын дамуы.

Қазақстан мемлекетіндегі палеографиянын дауының түп тамыры көне түрік жазбаларынан бастау алады. Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесей жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған. Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.

Қазақ палеографиясының даумуының басты бір себебінің бірі қазақ кітаптарының пайда болуы.Қазақ кітаптары - 1807-1917 жылдар аралығында қазақ тілінде басылған кітаптар. Олардың Қазақстан тарихын, оның әдеби, мәдени өмірін зерттеуде маңызы зор. Қазақстанның біртндеп Ресейге қосылуына дейін ел арасына бірлі-жарым араб, парсы, шағатай тілдерінде шыққан кітаптар тарады. Қазақ тілінде кітап бастыру ісі Ресейге қосылғаннан кейін 19-ғасырдан басталды. Алгашқы қазақ кітаптары Санкт-Петербургте, Қазанда, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылып шықты. Көбінесе Қазан университетінің Каримовтар мен Хусайыновтар баспаларынан шығып тұрған. Қазақ кітаптарының тарихы 1807 жылы Қазан гимназиясының баспаханасында жарық көрген "Сейфілмәлік" кітабынан басталады. Шығыс сюжетінен алынған бұл дастан революцияға дейін ең көп басылған кітап. 1831 жылы Қазанда "Иғланнама",1840 жылы "Қисса-и- Шәкір-Шәкірат", падишаһ һашим балалары, 1848 жылы "Хатымтай жомарт", 1857 жылы "Мансұр - ул хал-лаж" атты кітаптар басылған.

19 ғасырдың 2-жартысынан бастап орыс ғалымдары қазақ халқынын ауыз әдебиетін, тілін, мәдениетін ғылыми тұрғыдан жүйелеп зерттеумен қатар, қазақтарға арналған оқулықтар жазды, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырды. Солардың бірі Н.И. Ильминский (1822 - 1892) болды. 1861 жылы Қазандағы университетбаспаханасында "Материалы к изучению киргизского наречия Н.И. Ильминского", "Самоучитель русской грамоты для киргизов Н.И. Ильминского" атты мәтін орыс әрпімен қазақ және орыс тілдерінде жазылған кітаптар жарық көрді. Ильминскийдің 1862 жылы Марабай ақыннан жазып алған "Ер Тарғын" жыры кітап болып шыққан қазақ халқының тұңғыш ұлттық эпосы. Кейін осы нұсқа 1861 - 83 жылдары 5 рет басылып шықты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинап бастыруға үлкен үлес қосқандардың бірі көрнекті орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918). Оның орыс әрпімен қазақ тілінде жазылған "Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в юж- ной Сибири и Джунгарской степи, собранные В.В. Радловым" атты кітабы Санкт-Петербургтен 1870 жылы жарық корген. Ғалымның 712 беттік бұл жинағында бата сөзден бастап халық поэзиясының көптеген үлгілері, ақындар айтысы, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, ертегілер, аңыз әңгімелер, қиссаларға кеңінен орын берілген. 1871 жылы Орынборда басылған Ы.Алтынсариннің (1841 - 1889) "Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку И.Алтынсарина" атты кітабы жарық көрді. Алтынсариннің осы кітабы мен 1897 жылы Орынборда шықкан орыс әрпімен қазақша жазылған "Киргизская хрестоматиясы" қазақ халқының мәдени, рухани өміріндегі маңызы зор оқиға болды. Хрестоматияның алғы сөзінен бастап, аудармасы, өзі жинап өңдеген халық нұсқалары - бәрі де Алтынсариннің қолтума туындылары. Олардың ішінде И.А. Крылов, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский, М.И. Паульсон шығармалары еркін аудармалармен берілді. 1906 жылы А.Васильев хрестоматияны толықтырып, Орынбордағы Б.А. Бреслин баспаханасынан қайта басып шығарды. Алтынсарин хрестоматиясындағы әдеби шығармалар біраз қысқартылып, араб әрпімен "Мактубат" деген атпен 1889, 1896, 1899, 1911 жылдары басылып шықты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап қазақ халқы ауыз әдебиетінің төл ту- ындылары жарияланабастады. 1876, 1894 жылдары Қазанда "Қисса-и Қыз Жібек" деген атпен Қыз Жібек жыры басылды. Жырдың "Қыз Жібек хикаясы" атты нұсқасы 1902 - 13 жылдары 4 рет Қазанда басылды. "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" дастанын алғаш рет Ш.Хұсайынов "Қисса-и Көрпеш" деген атпен 1879 жылы Қазанда Л. Домбровский баспаханасынан шығарған. Халық арасында кең тараған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркі тануға кіріспе. Алматы, 1992.

Информация о работе Қазақстан мемлекетіндегі палеографияның дамуы