Қазақ хандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 14:32, реферат

Краткое описание

Қазақ елінің пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеyi 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Керей хан
2. Жәнібек хан
3. Қасым хан
4. Хақназар
5. Тәуекел хан
6. Есім хан
7. Салқам Жәңгір
8. Тәуке хан
9. Әбілқайыр
10. Абылай хан
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

СӨЖ Абенова Аяулым 113 группа ОМФ.docx

— 37.95 Кб (Скачать документ)

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕСИТЕТІ 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЛАТЫН ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

СӨЖ

«Қазақ хандары»

 

 

 

 

 

Орындаган: Әбенова А.Ж

113 топ ЖМФ

Тексерген: Ахметжанова А.К.

 

Семей 2014 ж.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    1. Керей хан
    2. Жәнібек хан
    3. Қасым хан
    4. Хақназар
    5. Тәуекел хан
    6. Есім хан
    7. Салқам Жәңгір
    8. Тәуке хан
    9. Әбілқайыр
    10. Абылай хан
  3. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақ елінің пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеyi 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

1456 жылы Керей  мен Жәнібек ханның Әбілқайыр  хан үстемдігіне қарсы күрескен  қазақ тайпаларын бастап Шығыс  Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу  жеріне қоңыс аударуы қазақ  хандығының құрылуына мұрындық  болған маңызды тарихи оқиға  болған еді.

Хан - қазақ қоғамның  жоғарғы мемлекет басшысы болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен  ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды.

 

 

 

 

 

 

 

Керей хан

 
Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) - Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. Керей хан - Орыс хан немересі Болат ханның ұлы.

XV ғасырдың 50-жылдарға дейінгі  тарихи мәліметтерінде Керей  хан туралы деректер жоқ. "Тарихи  Рашиди" еңбегіндегі деректерге  сай, XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында  Керей хан Жәнібек ханмен бірге  Өзбек хандығы тайпаларының бір  бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс  аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432-1464) Шу өзенінің бойынан жер  бөліп берген. Сонымен бірге, Есенбұға  Әбілқайыр хан билеп отырған "Көшпенді  өзбектер мемлекеті" тұрғындарының  біраз бөлігінің Керей мен  Жәнібектің қол астына өтуіне  қарсы болмады.

Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Моғол ханы Жүністің ордасына Бұрыш оғлан сұлтан шабуыл жасаған кезде айтылады.

Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры, қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.

                                               Жәнібек хан

Жәнібек хан, Әбу Сайд (15 ғасырдың басы - 1470) – Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі, Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы. XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. 1457-1458 жылы туысы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған. Керей ханнан соң 1465-1466 жылдан 1470 жылдардың басына дейін қазақ хандығының екінші ханы болған. Тарихи жазба деректерде Жәнібек ханның есімі «Хандар шежіресінде» және Қазақ хандығының құрылуына байланысты кездеседі.

Қасым хан

Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты.

 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді.

«Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Хақназар

Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Баба сұлтанның астыртын жіберген адамы 1580-жылы Хақназар ханды өлтірді.

Тәуекел хан

Тәуекел хан — (1583-1598 жылдары билік құрған) Шығай хандың ұлы 1586-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.

                                                 Есім хан

Есім хан, «Еңсегей бойлы ер Есім»-қазақтың ұлы хандарының бірі. Туған жылы белгісіз, 1628 жылы қайтыс болды. Шығай ханның баласы. Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ Ор-дасын 1598–1628 жылдары басқарды. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосты. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, Тәуекел хан 80 мыңдай әскермен Бұқараға ат-танады, бірақ жеңіске жете алмайды.

Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. "Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523). Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді.

Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.

«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.

Салқам Жәңгір

Салқам Жәңгір - 1645 жылы туылып, 1652 жылы қайтыс болған. Есім ханның ұлы. Салқам Жәңгір хан тағына Есім хан өлген соң отырады. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан да халық оны «Салқам Жәңір» атап кеткен. Оның тұсында Батұр қонтайшы басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды. Жәңгір хан­ның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерлерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келді.

Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас-1635 жылы, екіншісі-1643–1644 жылдары, үшіншісі-1652 жылы.

1652 жылы қазақтар  мен жоңғарлар арасындағы үшінші  ірі шайқаста қазақ әскерлері  жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан  қаза табады.

 

 

 

 

Тәуке хан

Тәуке хан, әз-Тәуке Мұхаммед Баһадүр (т. ж. б. -1718) Қазақ хандығының билеушісі, Жәңгір ханның баласы. Ол билік еткен кезең Қазақ хандығының «алтын ғасыры» саналады. Орыстың белгілі тарихшысы А. Левшин Тәуке ханды көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке хан дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегіне сүйене отырып, ортақ билікке жікшілдік пиғылда болған төрелерге қарсы күрес жүргізді. Мемлекеттік мәселелерді шешетін хан кеңесін құрды.

Оған барлық қазақ руларының билері мен әскербасыларын тартты. Кеңесті Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласы маңындағы Мәртөбеде және Күлтөбеде өткізіп тұрды. Ұлы жүзді Төле биге, Орта жүзді Қазыбек биге, Кіші жүзді Әйтеке биге, қарақалпақтарды Сасық биге, қырғыздарды Қоқым биге басқару тұтқасын берді. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдетғұрып заңдарын және «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасады.

Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар,Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды.

Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.

 

 

Әбілқайыр

Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.

Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы.

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды

 

 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.

1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.

Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 жылы күзінде елші жібереді.

1745 Әбілқайырдың  өзі де Барақ сұлтанның қолынан  қаза табады.

 

 

 

Абылай хан

АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) "ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған "Сабалақ" деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. 
Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданында ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға "Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің" деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 - 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансүр жекпе-жекке шығып, қалмақгың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.  
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансүр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сүлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. 1732 ж. жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті 30 - 40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бүқар жырау "Калданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп..." деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Каракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақгың белгілі батырлары тізе қоса катысады. Бұл да Абылайдың жауға карсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан (ол да Салқам Жәңгірдің әулеті) өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас үрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып калып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.  
18 ғ-дың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен катар аталады. Орыс тарихшысы А.И. Левшин: "1739 ж. Орта жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларлы билсді) ханның орнына хан сайлаудан бүрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдіей хандық билік жүргізген", — деп жазды. Ш. Уәлиханон та осы пікірді қолдайды. 1738 - 41 ж. Абылай бастаған казак, қолы жонгар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай түтқиылдан шабуьл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күресетін ең белеснді үйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау колына түсуі қазақ, қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен тағы да баска 120 ақсақалдармен Орынборға келіп, орыс өкіметінің "камқорына" кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде.қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де карым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды (1757-77 ж. Пекинге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен Кытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Калдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бүрынғы әскери куатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түрікстанмен іргелес өңірдегі ойратгардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нүқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.  
1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың калмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты түтқынға алып келген.  
1756 ж. Абылайдың бастауымен казақтар кытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп (Абылай жаралы болады), екіншісінде жеңіске жетеді.  
1757 ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады.  
1753 - 54 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен катысады. Абылай бірде Калдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеуріңді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының үлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының| нәтижесінде Абылай әскері 1771 ж, Мойынты өз. бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста| жаңа жеңіске жетті.  
 
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен ымырасыз күрес жүргізді. 1754 — 55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ| пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу| және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765І жылдары Қырғыз ұлысына карсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады (қ. Жайыл ,қырғыны пен қырғыздың Ңарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. Абылай қолының Қокан билеушісі Ерденбекпен | соғысының нәтижесіңде Түркістан Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан казақтар иелігіне өтті,| Ташкент алым төлеп болды.  
Екі жүз жылға созылған халкының жоңгар шапқыншылығына қарсы азатгық күрессінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасыңда "Шанды жорық" деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ калмақтарының (170 - 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы калмақтарды қоршауга алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді.Кіріптар үсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып-жоюдың кажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады.Еділден ауған калмакпен келіссөзге келіп, тым кұрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақ тағы қарым-катынасты ойлау жатар. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының терендігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіңдігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды.Билікке таласкан Барақ сұлтан Әбілкайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел бірлігін ойлап қынжыльш, Төле бимен Іізе қоса кимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағыңда болады. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде катаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жүрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықгарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні катгы болған. Абылай сан жағынан әлдекдйда басым жаумен шайкасудан еш тайынбасган және көбіне үстем шығып отырган. Абылай казақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан куатты мемлекетке айнылдырды.  
1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбетгің інілерінің бірі, не үлкен үлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз калауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының (хандығының) үлы ханы болды. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың Үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры, Жонғария хаңдығы, Орта Азия мемл-тері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен, Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина II Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Казақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Кытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мүсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен катынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж. қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен "Қасірет белдеуі" ("Горькая линия") бойындағы орыс бекіністерін шапты. Ш. Уәлиханов: "1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің үлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті", - деп жазды. 1779 ж. 4 казанда Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығыңда: "Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу" шаралары да қарастырылады.  
Абылай каһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани касиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі.Ол — "Ақтолқын", "Алабайрақ", "Бүланжігіт", "Дүние қалды", "Жетімторы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржынқақпай", "Майда жел", "Садаққаққан", "Сары бура", "Шандыжорық", т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өз. жағасыңда қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 үл, 40 қызы қалды (қ. Абылай хан әулеті). Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемл. қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік үранға айналды.

Информация о работе Қазақ хандары