Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 16:13, реферат
1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
3.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.
Қазақ халқының жоңғар шапқынышылығына қарсы күресі.
1.Жоңғар мемлекетінің
құрылуы және оның қазақ
2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына
қарсы күресі.
3.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.
XVII ғасырдың аяғы мен
XVIII ғасырдың басында Қазақ
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін
(Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы
келген мақсаттары жүзеге аспай қалды.
Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады,
елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек
алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің
орнына отырған баласы Болат ханның тек
атағы ғана болды.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына
дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан
бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы
жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр
хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар
дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны
пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы:
“XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ
халқының өмірінде қасіретті кезең болды.
Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары
мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын
ойрандады» - дейді.
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ
көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі
шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы
екі иелікке бөлінеді.
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс
Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының
бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар”
деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы
кезеңінде ойраттар қашанда армиясының
“сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор”
деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор”
– жоңғар деп аталып кеткен.
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау
XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді
өзбек хандығына күйрете соққы берген
1456 жылы).
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы
мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына
қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ
жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван
Рабдан (1697-1727) тұсында болды.
Цэван Рабданның жаулап алу программасының
ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан
көрінді.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір
сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші
жүзді - Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке
(Шахмұхамед), Ұлы Жүзде – Жолбарыс хандық
етті. Түркістан қаласын астана еткен
Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде
орталықтанған мемлекет болмауын көршілері
өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан
Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы
башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз
шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары
тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен
хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі
болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар
еді.
16 ғасырдың соңында ойраттар (қалмақтар)
төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар
Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді
алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары
ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі
Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар,
Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар
еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым
жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды.
16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі
қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы
Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды.
Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы
(1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті.
Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан)
Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары
өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болған
кезде, қалмақтардың қазақ жеріне жорығы
күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына
шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав
Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава
түбінде орыстардың қолына түскен Ренат
Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің
бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында
Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға
тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың
қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек
құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар
1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс
жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені
жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады.
Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген,
Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ
жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо
деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі
бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт
Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне
шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы
беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл
жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті
топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының
етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт
өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың
ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың
адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені
бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына,
Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен
тауы баурайына орналасты.
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы
болған еді. Осы жылдың көктемгі төл алу
кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен
айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан,
күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы
шапқыншы жоңғарлардың саны осылайша
70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ
еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан
қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай»,
сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші
болып табылады.
Бейғам отырған қазақтар аяусыз қырылды.
Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып,
Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық
басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен
Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен Ходжентке
қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен
Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы
Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты.
Халық бұл кезеңді "Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама" деп атады. "Елім-ай"
деген ән туды.
Халық және батырлар ең соңында бірігудің
қажеттігін түсінді. Дәл осындай ауыр
кездерде халықтың ішінен суырылып алға
шығып, халықтың қамын ойлаған атақты
Хандарымыз бен билеріміз және халықтан
шыққан батырларымыз да болды.
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында қазақ
батырларының аттарын атайды. Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты
Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Албан Райымбек,
Бәсентин Малайсары, Уақ Баян т.б. батырлар.
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің
есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз
жасын тиғызған атақты билеріміз болды.
Халықты алқалы жиынға шақырған да сол
бабаларымыз болды.
1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының
басын қосқан ұлы жиын болды. Осында үш
жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға
қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы
етіп Әбілхайырды сайлайды.
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын
архив құжаттары былай суреттейді: «Сол
кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара
патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз
бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық
көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады.
Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен
тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ
елінің шығыс және оңтүстік жағындағы
біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың
кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді»
– дейді.
1728 жылы Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары,
Тайлақ батыр, Саурық батыр бастаған әскерлер
Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі
Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр"
деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
Бұл Ақтабан шұбырынды жалдарының алғашқы
жеңісі еді. Бұл шайқас кейін тарихта «Қалмақ
қырылған» соғысы деп аталды. «Қалмақ
қырылған» шайқасы қазақ жүздері арасында
Әбілқайыр ханның беделін көтерді және
жеңіске жігерлердірді. Барлық жүздегі
қазақ батырлары енді соғыстың шын, шебер
қолбасшысына айналған Әбілқайыр ханның
төңірегіне топтаса түсті.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында
тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай,
Наурызбай сияқты батырлар бастаған қазақ
жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді.
Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып
кетті. «Аңырақай» шайқасы соғыстың тағдырын
шешіп бергендей болды, басымдық қазақ
жасақатры жағына ауысты. Шуно Дабо бастаған
қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай
қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат
ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау
үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу
Ордабасы деген жерге жиналды. Қазақ әскерінің
бас қолбасшысы болып Әбілхайыр хан мен
Бөгенбай батыр сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда
иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас
басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің
ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан негізгі
үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда
үлкен ерлік танытқан және аса зор бедел
жинаған Кіші жүз ханы Әбілхайыр да тақтан
дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың
үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр
бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін
алып кетті. Ал сайлауға қатысқандар Әбілқайыр
ханның беделі мен ерлігіне еш күдік келтірмесе
де тектілігі бойынша келіп, оны Қазақ
даласының Ханы етіп сайлауға өткізбеу
үшін тоқалдан туғанын сөз қылған еді.
Хандықтың Заңды мұрагері болуға лайық
Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай
өз әскерін алып кетті. Бұл реніштердің
салдарынан жоңғарларға қарсы майдан
шебі әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы
Жолбарыс амалсыз жоңғарлармен мәмілеге
баруға, өзін оған бағынышты санауға мәжбүр
болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың
бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары
Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы)
өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде
Күшік пен Барақ сұлтандардың да өз иеліктері
болды. Қазақ хандығының Бұхара, Хиуамен
қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында
қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің
жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.
Нұралы хан оларды үнемі тойтарумен болды.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей,
жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші,
Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан
келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі
қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа
байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ
жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс
қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына
жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты
мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар
өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы
идеяны орнықтыруға қазақтың жас Абылай
ханы зор күш жұмсады.
Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті,
жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды.
Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің
күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің
басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне
көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда
Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауылының
адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы
шайқасқа қатысып, атасының атымен «Абылайлап»
жауға шауып, көзсіз ерлігімен, батылдығымен
көзге түседі. 1711 жылы дүниеге келген Абылай
Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр
болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен
шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы
өліп, оның мұрагерлері таққа таласты.
Осы кезде оған шығысынан Қытайлардың
Манчжурлік (Шүршіттер) Цинь империясы
тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды.
Ол алдымен Сыр бойындағы қалаларды азат
етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін
үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы
Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды.
Бөгенбай басқарған 10 мың әскер алдымен
шығып, Түркістанның солтүстік жағына,
Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Шақшақ Жәнібек батыр басқарды.
Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың
төменгі ағасына қарай кетті.
Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды.
Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған
бойымен Түркістанның күнбатыс жағына
қарай жылжыды. Бұл топта әйгілі батырлардан
Қаракерей Қабанбай, Батыр Баян, Сырымбет,
Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің
ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін
үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға
қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе
үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ
жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай
әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға
бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін
алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті
оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ
қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың
қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың
әскерін топтастырды.
Бұл Сыр бойындағы, оңтүситік Қазақстандағы
соғыстар екі айға созылды. Нәтижесәінде
Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті
жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті.
Ал Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ
пен Сайрамды жаудан босатты. Батыр Баян
жауды өкшелеп Талас өзеніне дейін барды.
Жәнібек батырдың әскерлері Қызылқұмдағы
Қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды
Сырдың жоғарғы саласына шегіндірді. Жан-жағынан
қусырылып, амалы таусылған Цевен Доржи
Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент,
Шымкент қалалары сол кездегі қазақ ханы
Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан
туралы мәселе кейінірек шешілетін болды.
Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының
күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745
жылғы соғыс осымен бітті. Жоңғарлар қазақ
жерінен біртіндеп шегіне бастады. Алайда
Абылай хан жауды бұл даладан мүлде қуып
шықпай тыным таппады.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту
мақсатымен Абылай бастаған қазақ жасақтары
1750 жылы жауды Тарбағатай, Жоңғар Алатауы
жерімен өкшелеп, Жоңғар қақпасы маңында
оңдырмай соққы берді. Жау Жоңғар Алатауынан
әрі асып қашып кетті. Бұл ірі шайқастардың
ішіндегі ақырғысы болатын.
1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік
үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң)
туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасқандықтан,
Жоңғар елі әлсірей бастаған еді. Содан
жалғасып бұл көшпенді мемлекетті 1758 жылы
Қытай империясы түбегейлі жеңді. 1755 жылы
жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп
кеткен еді. Осыдан кейінгі 1758 жылы Жоңғар
мемлекеті құлады.
1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы
қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Сөйтіп
енді Цинь империясының батыс шекарасы
қазақ жерімен шектесті. Сөйтіп енді қазақ
жеріне Цин империясы шабуылын бастады.
Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі,
сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде
Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, Қытаймен
соғысты соза беруге болмайтынын, көп
соғыстан халықтың азып-тозып кеткенін
айтып, Қытаймен елшілік қатынас орнату
мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп,
олармен сауда, экономикалық байланыс
орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен
қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін
екі алып елдің қаупінен қорғап қалуда
үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен
тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат
жүргізді.
Қытайлар (Шүршіттер) да дүркін-дүркін
шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді.
Олардың кейбір шабуылдары Қазақ жеріне,
Жетісу мен Сарыарқа өңіріне сұғына енді.
Қазақ әскерлері олардың қаптаған, жақсы
қаруланған қолымен бірнеше рет бетпе-бет
келіп, Абылайдың басқаруымен бірде жеңіп,
бірде жеңіліп жүрді. Абылай келісімге
келу туралы Пекинге адамдар жіберді.
Сөйтіп, бейбіт келісімдер арқылы Қытаймен
сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын
бар мүмкіндігін сала іздестірді. 1760 жылдары
Қытаймен арада бітімгершілік жасаудың
(Аягөз бітімі) сәті түсті. Қазақтар Алтай-Қара
Ертіс және Тарбағатай, Жоңғар Алатауының
шығыс жақ беткейлерінде, Іле бойынша
көшіп-қонып жүруге мүмкіндік алды. Ол
Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін,
Түркістанда хандар мен сұлтандар бас
қосып, Абылайды Орта жүздің ханы етіп
сайлады. Ал іс жүзінде өлшеусіз еңбегі
арқылы Қазақтың ханы болып танылған еді.
Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер
М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға
арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге
ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр
айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды.
Орнына Уәли хан сайланды.
Негізгі әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы. Очерк.
184-194-бб.
2.Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім.
1,2,3,6,7,8-тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының
тарихы, 5-бөлім
4.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи
XVII-XVIII вв. А., 1991.
5.Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская
битва. А., 1998.
Информация о работе Қазақ халқының жоңғар шапқынышылығына қарсы күресі