«Қараш-Қараш оқиғасы» қалай туды?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 10:02, доклад

Краткое описание

М.Әуезовтің шығармашылық өмірбаянының басты ерекшелігінің бірі- кейіпкерлерінің көпшілігінің түп тұлғалары( прототиптері) бар екендігі. Оны айқындар бір мысал, «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі кейіпкерлер. Айталық, сондағы бас кейіпкер Бақтығұл-өмірдегі Рысқұл көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,дипломат, көсемсөзші РЫСҚҰЛОВ Тұрардың әкесі (189 -) . Т.Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия респ-ң шаруа-ғы мен мәд-н дам-ға үлк.үлес қосқан тарихи тұлға. Қазақты орны толмас қайғы- қасіретке ұшыратқан сталиншіл-голощекиншіл «Кіші Октябрь» саясатына қарсы шығып, ашаршылыққа ұшыраған халқына ара түскен көрнекті қоғам қайраткері Алашорда жетекшілерімен идеялас, рухтас болып бірге еңбек етті

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs-j-qarash-qarash.docx

— 31.04 Кб (Скачать документ)

Г.Ж.Пірәлі, әдебиеттанушы

 

 

 

                                       «Қараш-Қараш оқиғасы» қалай туды?

 

 

 

      М.Әуезовтің  шығармашылық өмірбаянының басты ерекшелігінің бірі-   кейіпкерлерінің көпшілігінің түп тұлғалары( прототиптері) бар екендігі. Оны айқындар бір мысал, «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі кейіпкерлер. Айталық, сондағы бас кейіпкер Бақтығұл-өмірдегі Рысқұл көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,дипломат, көсемсөзші РЫСҚҰЛОВ Тұрардың әкесі (189   -) . Т.Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия респ-ң шаруа-ғы мен мәд-н дам-ға үлк.үлес қосқан тарихи тұлға.  Қазақты орны толмас қайғы- қасіретке ұшыратқан сталиншіл-голощекиншіл «Кіші Октябрь» саясатына қарсы шығып, ашаршылыққа ұшыраған халқына ара түскен  көрнекті қоғам қайраткері Алашорда жетекшілерімен идеялас, рухтас болып бірге еңбек етті.Ұлт тағдыры тоғыстырған М.Әуезовке кезінде көмек қолын созып, Ташкент пен Қазақстанның оңт.өңіорін паналап,ғылыми,пед-қ ж/е шығ-қ жұмыспен шұғыл-на қамқ.жасады. Ә-пен 1922 ж.Ташкент қаласында танысып, Әуезовтің Орта Азия мем-к унив-не еркін тыңдаушы рет-де оқуға түскенде қамқорлық жасаған. М.Әуезовтің шығармашылығына қызығушылық танытып отырған.Т.Рысқұлов пен М.Әуезовтің қоғамдық қызметтегі қарым-қатынасы отбасылық сыйластыққа ұласып, Тұрардың бастан кешкен тағдыры,әкесі Рысқұлдың өжет бейнесі Мұхтарды қатты қызықтырып,оның өмірбаянын өзек етер шығарма жазуды жоспарлайды. Жазушының өтініші бойынша Тұрар 1923 ж.Жетісу обл-қ революциялық трибунасының төрағасына хат жазып, әкесі Р.Жылқыайдаровтың сот ісі тур. Мұрағат дерек-ін іздестіруі жөніндегі тарихи фактіні көрнекті тарихшы ғалым Кеңес Нұрпейісов «Мұхтар Әуезов энциклопедиясы» деген еңбекте толық келтіреді(521 б).

 

   Рысқұл Жылқыайдаровтың  сот ісі туралы мұрағат деректерін іздестіріп, алдырғанынан хабардар болған Әуезов мұрағат құжаттарымен танысады. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіне тақырып тауып, дерек жинауды ,көңіліне тоқып, көкейге түюі-1922 жылдан басталған жазушы Рысқұл-Бақтығұлдың бас еркіндігі жолындағы қайсар ерлігіне тәнтілік танытып, әкелі-балалының тағдырын  арқау етіп,  «Қараш-Қараш оқиғасы» туралы повесть жазады.  Бұл дерек жазушының жүрек қалауына түскен тақырыбын түпкілікті  және жүйелі түрде зерттейтінін, ол туралы мағлұматтар мен білімді байытып,үнемі іздестіріп жүретін шығармашылық әдеті бар екендігін мәлімдейді.

 

       Осы орайда көрнекті ғалым Рымғали Нүрғали жазушының Оңтүстікке сапарының тарихы ілгеріде-ақ басталғанын, оның Ташкентте жүргенде  тарихи тұлға Тұрар Рысқұловпен бірге жүріп, идеялас, рухтас,сырлас серік болғанын,оның арты Т.Рысқұловтың өмірі, әкесінің тағдыры туралы көп томды шығарма жазу идеясына ұласқаны, соның нәтижесінде «Қараш-Қараш оқиғасы» атты тамаша туындының өмірге келу тарихы  туралы тағлымды ойлар айтады: «...«Қараш-Қараш оқиғасы» оқиғасы ойдан алынбаған.Бұл жағынан М.Әуезов оқшау жазушы.Ол жер, кейіпкер атын өзгертпейді.Әдебиетшілер повестке арқау болған Т.Рысқұловтың әкесінің басынан өткен оқиға екенін дұрыс айтады. Географиялық атаулар сәл өзгерген, адам аттарында өзгеріс бар.Мұнда күрескер бар.Мұндағы атылған оқ Ғазизалардың кегі.Бақтығұл санасындағы психологиялық құбылыстарды, сапалық эволюцияны көреміз» /195/. Ұлы қаламгердің шығармасына өзек болған оқиғаға оның Т.Рысқұловпен достығы дәнекер болғандығы жөнінде белгілі ғалым,тұрартанушы Молдияр Серікбаев «Түркістан» газетінің 2012 жылдың 6 қыркүйегіндегі санында  мынадай қызықты бір факті жариялайды.(Зейнеткер М.Серікбаевтың сөзін қағазға түсіріп, «мүсіреповтің тапсырмасы» деген тақырыппен жариялаған журналист Көлбай Адырбекұлы Г.П).  Өткен ғасырдың жетпісінші жылдардың басында мемлекет және қоғам қайраткері Бекей Байғанаевтан естіген әңгімеден сыр шертеді. Бекей Байғанаев 1932 жылы Мәскеуде қоғамдық институттардың бірінде оқып жүргенінде  Мәскеудегі  РСФСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарыТұрар Рысқұловтың үйінде болғанын, сол кезде көнетоздау киімі бар реңді жігіттің келгенін, оны Тұрар:Бұл Мұхтар Әуезов деген жазушы» деп таныстырғанын,оның әңгіме арасында : «Сіз туралы трилогия жазуға жинаған деректерім жетеді. Енді тек столға алаңсыз отыру ғана қалды»,-дегенін, қайтар кезде Рысқұлов көмекшісі Левковичке телефон шалып: «Петр Филипович, қазір саған қазақстандық жазушы Мұхтар Әуезов барады. Кавказ шипажайларының біріне «путевка» дайында. Материалдық көмек жағын да қарастырып, мені хабардар етерсің»,-деп тапсырма бергенін айтады. Тап осы мазмұндағы тарихи мәліметті Молдияр Серікбаев 1970 жылдардың басында академик-жазушы Ғабит мүсірепов пен Шерхан Мұртазадан естігенін айтады: «Мүсірепов: «Шерхан , сенің Тұрар Рысқұлов жайында ізденістер жасап жүргеніңді білемін.кезінде Мұхтар Әуезов ол туралы жазбақшы болып, көп ізленістер жасаған еді.Бірақ 1937 жылдың репрессиясында Тұрар «халық жауы» ретінде атылды ғой.Бұл жағдай Мұхтардың жазуына үлкен қолбайлау болды. Елуінші жылдары да өз басына күн туып, жан сауғалап елден шеттеп кетті емес пе.Бір жолы маған:»Ғабит, менің Рысқұлов туралы жазуға еш мүмкіндігім болмады.менің қолымдағы материалды алып, осыны сен жазсаң деймін» деп қолқа салған соң мен меселін қайтармай келісім берген едім.Алайда,менің де жазуға мүмкіндігім болмады. Рысқұлов туралы сен жаз.Оның көркемдік бейнесін алып шығу сенің қолыңнан келеді»,-деп айтқанын өз құлағыммен естідім». Кейін Ш.Мұртаза Тұрар Рысқұлов туралы 5 томдық кітап шығарып, асыл ағаларының аманатын абыроймен орындады. Бұл тарихи  және ғылыми фактілер жазушының келешектегі жазылмақ шығармаларын кең ауқымды етіп жоспарлайтынын, соның бірі-«Қараш-Қараш оқиғасы» повесі де трилогияның, яғни тағы бір  тарихи циклінің алғашқы кітабы екендігі және жазушы жоғарыда меңзелген түрлі себептермен  бұл мақсатын жүзеге асыра  алмағанын аңғартады.Кең құлашты эпикалық стилді ұнататын жазушы  суреткерлік өсу сатыларын үнемі ізденісте болатын  дүние танымымен, ғылыми ойының кемелденуімен өзінің кәсіби шеберлігін диалектикалық байланыста дамытып, байытып отыратын ойлы тұлға. 

 

Әдеби фактілер, тарихи деректерді терең білетін эрудит М.Әуезовтің шығармашылық өнерінің өзіндік өрнегі  дарындық даналығында, кәсіби шеберлігінде,т.б болса керек.  

 

              Мәселен, 1959 жылғы тамыз айының 23-30,қыркүйек айының 1-3 күндеріндегі «Социалистік Қазақстан» газетінің сандарында 25 жылдан бері шек қойылып келген «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі / алғаш-1927, сонсын -1936/ жарияланады. Көрнекті мемлекет қайраткері  Тұрар Рысқұловтың саяси жағынан ақталған соң ғана жарыққа шығаруға рұхсат берілген повесті  жазушы ерінбей-жалықпай қайта қарап, сол кезеңнің саяси талабына сай етіп  өңдейді.

 

 Бұл шығарманың қайта өңделу себебі мен жазушының 1950-60 жылдардағы шығармашылық өмірбаянына тікелей қатысы болғандықтан мұхтартанушы ғалым Т.Жұртбайдың «Мұхтар Әуезов энциклопедия » деген еңбектегі түсіндірмесіне толығырақ тоқталуды жөн көрдік: « ... Рысқұловтың қолындағы мұрағат деректермен Ә.танысып шыққаннан кейін,1927 ж.шілде айында Алматыға келіп, Қарқара жәрмеңкесіне барады. Қайтар жолда Қараш-Қараш асуына соғып, оқиғаның өткен жерін, жер жағдайын көреді. Жазушы Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербуг) қайтып оралысымен Біләл Сүлеев пен Фатима Ғабитоваға жолдаған хатында студенттік каникулдың тағы бір айға созылуына байланысты өзінің жаңа шығарма жазуға кіріскені туралы айтады.Шындығында да «Қ.-Қ.о-ның» 1936 жылғы басылымының соңына: «Ленинград.1927 жыл.сентябрь» деп қол қойылған.»Қ.-Қ.о.» жарияланғаннан кейін, әсіресе солшыл әдебиет сыншылары: « шындық үшін күрескен Бақтығұлды өзінің ортасынан бөліп алып, жеке көрсеттің. Оқиғаның таптық сипатын ашпадың. Анархиялық кекшіл рухты суреттедің» деп, жазушыға орынсыз мін тақты.Ал Рұсқұлов атылып кеткеннен кейін «халық жауының әкесі туралы шығарма жазды, Рысқұловпен астыртын байланысың болды» деп жала жапты.Шындығына келсек,онда ешқандай идеологиялық нышан жоқ еді.Жазушы осы повест арқылы жеке адамның бас еркі мен жан дүниесінің тәуелсіздігі, үшін күрескен жанталасын, намысшыл рухын,тағдырын суреттеуге ұмтылды.Отаршыл жүйеге құрылған жүйенің жеке адамды  қалай тағдыр тезіне салып, қорлайтынын көркем шығарма тілімен жеткізуді мақсат тұтты.Сол үшін өмірде болған нақты оқиғаны туындыға арқау етті.Шығарманың 1-нұсқасындағы оқиға өзегі мен Жылқайдаровтың басынан кешкен  жайдың арасында  ешқандай айырмашылық жоқ.Тек кейіпкерлердің атын өзгертті:Рысқұлды-Бақтығұл,Саймасайды-Жарасбай, Тұрарды-Құрал деп өзгертті.Мұның өзі жазушының тарихи шындықпен көркем шындықты көркемдікпен ұштастыра білгендігін байқатады.Өкінішке қарай жазушы «Қ.Қ.о»ның1-нұсқасын өзгертуге мәжбүр болды.Ол 1958 жылдың аяғы мен1959 жылдың басында шығармасын қайтадан өңдеп, жаңа тарау қосып, кей тұстарын мүлдем алып тастады.Бақтығұлдың кегі –таптық жаңа оқиғаны негізгі желі етіп алды.Бүкіл шығармадағы ішкі сюжет соның айналасына құрылды. Бақтығұл мен Саймасайдың арасындағы  кек пен тартыс-кедей мен байдың арасындағы таптық қақтығыс ретінде баяндалды. Жазушы идеясы, автор көзқарасы,  көркемдік шешім тұрғысынан алғанда  ,повестің бұл екі басылымын бір шығарманың екі нұсқасы деп қабылдауға болады. Сондай-ақ әуелгідегі Құрал деп суреттелген баланың есімі Сейіт болып өзгерді. Шығарманың түйініне де революциялық сипат берілді. Алайда мұның барлығы жазушының қуатты суреткерлік қасиеті мен шеберлігіне шешушіә нұқсан келтіре алмады. Бұл повесть-ұлы жазушының әлем тілдеріне ең көп аударылған шығармасы»/Т.Жұртбай.376/. 1935 жылы А.Гомовтың /Литературный Казахстан» журн.5-6 сандарында/,»Дружба народов» журн.1961 .№7санында А.Пантиелевтің аудармасымен жарық көрген  «Выстрел на перевале» Мәскеу мен Алматыда шыққан әр түрлі жинақтарының ішінде 10 рет басылды , бұл ,әрине үлкен жетістік еді.

 

           1959 жылғы тамыз айының 23-30, қыркүйек айының 1-3 күндеріндегі «Социалистік Қазақстан» газетінің сандарында 25 жылдан бері шек қойылып келген «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі/1927,сонсын 1936/  Т.Рысқұловтың саяси жағынан ақталған соң ғана рұхсат берілгені белгілі.

 

       Академик  Тарленнің «...кітапты жазып болып, ақырғы бетін жапқаныңда, сондай тағы бір кітап жазарлық мүмкіншілігің болуы керек»,- деген ұлағатты сөзін өзінің шығармашылық  ұстамына айналдырған жазушы «Қараш-Қараш оқиғасын» жазуд да негізге алып отырғаны анық.     Әр жазушының шығармашылығына дерек жинаудағы өзінің қалыптасқан машығы болары сөзсіз. Мұхтар  Әуезовке тән тәсіл-оқиғаның өткен жерін көзімен көріп, көңіліне тоқу, өз кейіпкерінің бастан кешкен тағдырын сол табиғатпен, ортамен, тұтастырып, жүректен өткізіп, жүрекке жеткізу. Сөйтіп, тарихи өмірлік фактіні тірілтіп, көркемдік шындыққа шебер сабақтастырып, сөз өнерінде ешкімге ұқсамайтын рухани  құбылысқа қол жеткізу.

 

   1929 жылы « Қараш- Қараш оқиғасына» қажетті матеиалдар жинау үшін оқиға өткен жерді өз көзімен көру үшін кейіпкері-Бақтығұлдың қоныстанған, қашқында жүрген, Саймасайды атып өлтірген тарихи  тау, асулардың бәрін көрген.

 

Бұл  жердің ,судың, табиғаттың атауларынан бастап, әрбір өскен шөптерінің түрлерін, емдік қасиеттерін де ,бәрін- бәрін терең білген. Тіпті, тарихи деректерге сүйенсек: 1903 жылы  белгілі географ ғалым Дмитриевтің «Рысқұл алқабы» деп атау беріп,  картаға түсірген Талғардағы ең биік тау-асулар ұлы жазушының кейіпкері Бақтығұл, яғни Тұрардың әкесі Рысқұл бағындырған биіктік екен. 1923 жылы Ташкентте шыққан «Талғар-Іле Алатаудың ең биік шыңы»деген ірі ғылыми зерттеуде Рысқұл бағындырған бұл асуларға осылай баға да беріліпті. Бұл дерек белгілі географ ғалым Молдияр Серікбаевтың еңбектерінде ғылыми тұрғыдан негізделген.

 

        М.Әуезовтің  әр шығармасына ұзақ уақыт бойы өте ұқыпты әрі жан-жақты дайындалатынын жөнінде аңызға бергісіз әңгімелер көп-ақ.  Мысалға, 30-жылдардағы кезеңнен тек 1928 ж.жазылған жалғыз блокнот жетсе, ол қырғыздың батырлық эпосы «Манас»жырына деректер жиналған дәптер болса, екіншісі «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің кейіпкерлері-Бақтығұл мен оның ұлы Сейіттің туған жерлері  Оңт.Қаз-ң Жуалы, Түлкібас аудандарын аралағанда жазылған екен.

 

  «Жолдан» деген қойын дәптерінде (№476-п.1-44 б) орысша, қазақша жазылған мол деректер көзін кездестіруге болады.1933 жылы жазында Жуалы ауданына( ол кезде Жуалы, Сайрам,Түлкібас аудандары  бір болған).Осы орайда, көрнекті ғалым, абайтанушы, мұхтартанушы М.Мырзахметұлы («Әуезов және Абай» А.»Қазақстан»,1996,-272 б.) «Түлкібастықтар-М.Әуезов кейіпкерлері» атты мақаласында : «Мұхтар Әуезов творчестволық қалыптасу жолында қай туындысы болса да, оны жазуға кіріспес бұрын көркем шығарма негізіне өмірдегі нақтылы шындықты алу,ол үшін шарқ ұрып іздену,зерттеу,көрген-білгендерін ой сарабына салып, көңілге ұялатып,қойын дәптеріне жазып алу жағына ерекше зейін қойған қаламгер. Қазіргі кезде жазушы архивінде сақталып қалған көптеген қойын дәптерлер тобы осының айғағы іспетті.

 

       Ұлы қаламгер  ойға оралған пікірін, оны тудырған нақтылы өмір шындығын дер кезінде хатқа түсіріп, ұқыпты түрде жазып отырған. Қойын дәптерлері жазушы шығармасының жазылу тарихын дүниеге келу жолындағы творчестволық сыры мен көркемдік кілтін ашуға айғақты тарихи деректер көзі болып табылады.Мұхтар Әуезовтің «Білекке білек» әңгімесі үлгі-өнеге тұтарлықтай мәнге ие» ,-деген пікірі жазушының шығармашылық өмірбаянының өзіндік өрнегі мен қалыптасқан мәнері барлығын мәлімдейді  /158 б/. Ғалымның бұл пікірін сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінде жарияланған редакциялық «Қызыл кітап» деген мақаладағы: «Мына жолдастар 24 октябрьде колхоздарға жүріп кетті...Әуезұлы Жуалы ауданы «Красный Восток колхозына барады» деген дерек дәйектей түседі.  Жазушының «Жуалы колхозшысы» деген очеркінің 1933 жылы  «Социалды Қазақстан» газетінде жариялануы қоғамның өзгеруіне байланысты адамзат санасының да өзгеруі, оның қаламгерлердің шығармалары арқылы танылуы табиғи заңдылық екендігін көрсетеді. Әр дәуірдің талабына сай тақырыбы, көтеретін мәселесі, идеал тұтар тұлғасы, ұлттың санасын оятарлық ой-өсиеті болмаққа керек.Сөйтіп, М.Әуезов 1933 жылы Тұрар Рысқұловтың ауылы-  Түлкібасқа сапар шегіп,еңбекшілермен етене танысып,аудан өмірін зерттейді.Жазушы мұражайының қорында сақтаулы тұрған №476 папкідегі «Жолдан» деген тақырып қойған арнайы қойын дәптері мен №457 папкідегі «Қызыл Шығыс» колхозы жайлы асығыс түскен деректер «Білекке білек», «Іздер» әңгімелерінің жазылу тарихы мен жазушы лабораториясының біраз сыр шертеді, колхоздастыру кезеңіндегі оқиғалар шындығын мол қамтыған. М.Мырзахметұлы осы мақаласында: «...Қойын дәптерге жазушы аралап, тікелей қатысқан 33 колхоз,14 жер,су атаулары, жүзбе-жүз кездесіп, әңгімелескен 40-тан астам әрқилы тағдырдағы адамдар өмірі, тіпті Түлкібас ауданының әдемі табиғат көріністерінің нақтылы пейзажы да түсірілген.Бірде орысша, бірде қазақша жазылған осы табиғат көріністерін соңыра «Білекке білек», «Іздер» әңгімелерінде шебер пайдаланғаны көрініп тұр»,-деп ғылыми фактілерді нақтылай түседі /158/.

 

Осы сапар туралы берген сұхбатында  зерттеуші М.Мырзахметұлы жазушының Түлкібас ауданында болған сапарында жүздесіп, сұхбаттасқан еңбек адамдарының –кейіпкерлерінің аты-жөндерін анықтайды. Олар:  Түлкібас ауданының «Азатлық» колхо

 

зының «Шұқырбұлақ» учаскесінің тұрғындары, Данияр руының адамдары-Сартай, Қалдыбай, Жақып (яғни Жұмағұл Жұмаділов), Досымбет келіні Күлсім, Қ.Тасболатов, Сапар Арықова, политотдел Рамазандар т.б екендігін ескертеді.

 

       М.Әуезовтің  «Күндей жылы, нұрдай жарқын дәурен» (1936) мақаласындағы (49 томда): «Дүниеде адамның ойы мен қолынан құралып туған ұлы көркем қазынаның барлығында адамның  екі үлкен ерекше қасиет бар. Бірі ірі, терең даналығында, екіншісі бұлдырсыз айқын ашықтығында,мөлдірлігінде.Ең ұлы көркемдік-ең ұғымды, ең қонымды көркемдік еді.»,-деген даналығын өзі де өмірі мен өнеріне ұлы өзек ете білгенін әлгіндегі әдеби фактілер растайды (5 б).

 

      Көкейінде  қордаланған мол білімі , көзі көріп, куә болған , үзбей ізденіп, жазып жүрген тарихи фактілері мен қазына-қоры бай мұрасы бар Мұхтар Әуезовтің соңғы жылдары жарық көрген 50 томдық толық шығармалар жинағынан өзге де мұражайындағы   араб, латын, орыс графикасымен, түрлі сиямен, карындашпен жазылған қолжазбалары әлі де қоңды.Осы қолжазба, жолжазбалар мен алғашқы жылдары ақ қағазға өз қолтаңбасымен түскен түпнұсқаларындағы аптығы басылмаған асығыс-ой ағымдары арнасынан асып-төгіліп жатқан мұхиттай тереңдікті танытады.Ойда әбден пісіріліп,  толғағы жеткен тақырыптарын кейін тәжірибесі молайып, тұрмысы түзелген мезетте  машинисткаға, стенографисткаға айтып жаздыруды дағдыға айналдырса да айтылмай қалған сырлары, жазылмай қалған қаншама құнды ойлары,жоспарда болған, бірақ қағазға түспеген қаншама трилогиялар мен 7 кітаптан да асып жығылатын шығармалар шоғыры елес беретіндей. Алайда, Мұхтар Әуезов халыққа адал қызмет етудің өшпес үлгі-өнегесін көрсетіп кетті.Ол өмір –оның өлмейтін  көркем әдеби мұралары.

 

        Біз жазушының «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің  шығармашылық тарихын қарастыру арқылы  солшыл сыншылардың себепсіз соққыларына сыр алдырмай, ұлы туындыларын толығымен тәмәмдап, ақырында үлкен абыройға бөленген, ірі жетістіктерге жеткен суреткердің күрескерлік ерлігіне куә боламыз.

 

   Біз М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің жазылу тарихы барысындағы шығармашылық шеберханасының сырына үңілуге тырыстық.

http://www.rusnauka.com/9_NND_2013/Economics/7_132626.doc.htm

 


Информация о работе «Қараш-Қараш оқиғасы» қалай туды?