«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 15:06, дипломная работа

Краткое описание

1991 жылдың желтоқсан айында қазақ халқы өзінің ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жетіскеннен кейін төл тарихымыздың қасақана бұрмаланып, мән-мағынасы шындыққа жанаспайтын тұрғыда баяндалып келген мәселелерін қайта жазып, жұртшылыққа жеткізу мүмкіндігі туды.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................2

І. тарау «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының дүниеге келуі
1.1. «Алаш» партиясының құрылуы...................................................................5
1.2. «Алаш» партиясының бағдарламасындағы саяси
құқықтық және әлеуметтік идеялар...............................................................10

ІІ. тарау. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының идеологтары
2.1 «Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі.....................16
2.2. Мұхаметжан Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі орны.........................30
2.3. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының бүгінгі
заманғы тарихнамасы....................................................................................39
ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................42
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................47

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-«Алаш»-либералдық-демократиялық-қозғалысының-дүниеге-идеологиясының-маңыздылығы.doc

— 215.50 Кб (Скачать документ)

Осы принципті мәселеде Алаш пен Алашорда жетекшілері саяси күресте де, совет өкіметіне қарсы нақтылы іс-әрекетте де негізінен ауызбірлік танытты. Алайда олардың арасында жекелеген қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде (мысалы, Қазақ автономиясын жариялау мерзімі мен "Түркістандық" қазақтарға көзқарас туралы)    кезіндс   уақытша   түсініспеушілік    пен    қарама-қайшылықтар болды. Осыған ұқсас жәйттер Әлихан Бөкейханов басқарған Алашорданың орталық үкіметі мен Жаһанша Досмұхамедов басқарған оның батыс бөлімінің арасында да  орын   алды.

Сонымен қатар Алаштың  көрнекті жетекшілерінің 
қайраткерлік іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен тарихта 
хатталып қалды. Мәселен, Әлихан Бөкейхановтың саясаткерлігі, саясат жүргізудегі "батысшылдығы" ерекше 
көзге түсті, Ахмет Байтұрсыновқа ең әуелі 
ағартушылық-ғылымдық пен саяси қимылда байсалдылық 
және ұстамдылық тән болды. Халел Досмұхамедов пен 
Мұхаметжан Тынышбаевтардың қоғамдық қайраткерлігінен ғалымдық, зерттеушілік қасиеттері басым жатты. Ал Міржақып Дулатов пен Жақып Ақбаев ең алдымен коғамдық қайраткерлер ретінде  нақтылы  іс-әрекеттің  адамдары еді. Олар халықты оятудың және оның ұлттық санасын жебеп, жігерлендірудің аса көрнекті  шеберлері  болды.

Осындай әр қырынан танылған, білімді де талантты қайраткерлер басқарған Алашорда азамат соғысы жылдарында совет өкіметіне жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен совет өкіметі Алаш пен Алашорданы тарих сахынасынан кетірді. Совет өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды.

Кезінде (1919, 1920 жылдары) Совет өкіметі Алаш қозғалысына қатынасқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнерінің, халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық инттелигенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлср, түгелге дерлік жалған жаламен "халық. жауы" аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болды.

Сонымен, Алаш пен Алашорда тарихының маңызды кезеңін зерттеген  еңбегімізді аяқтай келе, түбегейлі  іс тындырдық деуіміз көңілге  қонымды болмас, өйткені, аумалы-төкпелі  заманды басынан кешкен партия мен өкіметтің айтылмаған саясаты да, сыры да баршылық. Мұны тәмамдау болашақтың ісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы, 1995.-228 б.

2.  Нұрпейісов К.  Алаш һәм Алашорда.-Алматы, 1995.-19 б.

3. Омарбеков Т. Қос  төңкеріс және Алаш қозғалысы// Ақиқат.-1994.-№9-Пб.

4.   Субханбердина  Ч. Қазақ. Алаш.-Сарыарқа. Алматы, 1993.- 36 6.б

5.  Ахметов Ғ. Алаш  алаш болғанда.-Алматы, 1998.-42 б.

6.  Мухаметов М, Сатершинов  Б, Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы.-Алматы, 2002.-53 б.

7.  Құл-Мұхаммед  М.  Алаш  қайраткерлері:  саяси   құқықтық көзқарастарының қалыптасуы.- Алматы, 1998.-64 б.

8.  Пірманов Ә, Қопаева  А. Қазақ интеллегенциясы.-Алматы, 1997.-119 б.

9.   Өзбекұлы   С.   Арыстары   Алаштың.-Қазақстан-2030,   Алматы,-1998.-259 б.

10. Сұлтанов Қ. Алаш  өкіметіне -90 жыл//Оңтүстік таңы, 2007. 7 б. 

11.Қүл-Мұхаммед М. Алаш  ардагерлері.-Алматы, 1996.-97 б. 

12.Қазақстан ұлттық  энциклопедиясы. 1-том. 

13.Омарбеков    Т.    Алаштың    ақиқатын    кім    айтады // Қазақстан

коммунисі.-1991.-№7.-6-7 б.

14. Н.Абилтайн    М,    Кеңеспаев    Қ.     XX    ғасырдың    басындағы

Қазақстандағы      Саяси     партиялар      сипаты      және      алаш

қозғалысының тарихнамасы.-Түркістан, 2004.-132 6.

15.Рахым    Е.    Бүгінгі    билік    Алаш    көсемдерін    мойындағысы

келмейді// Жас алаш.-2007.-№44.-4 б.

16. Қойгелді М. Алаш  идеясы // Жас алаш.-2007.-№44.-4 б. 

17. Оралтай X. Алаш-Түркістан түркілерінің ұлт азаттық ұраны//

Азат.-1991.-№18.-3 б.

18. Бекмаханов Е.  Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында.-

Алматы, 1994.-232 б.

19. Бұл да сонда.

20. Бөкейхан Ә. Таңдамалы  шығармалар жинағы.-Алматы, 2003,-22 б. 

21. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар  ақиқаты.-Алматы, 1992,-125 б. 

22. Қойгелдиев М. Алаш  өткен жол // Ақиқат.-1994.-№2.-45 б. 23.Аманжолова   Д.   Партия   Алаш:   история   и   историография.-

Алматы, 1998,-23 б.

24. Бөкейхан Ә. Таңдамалы  қазақ энциклопедиясы.-Алматы, 1995.- 95 б.

25.  Сайлаубай Е.  Алашорда үкіметінің  шығыс   бөлімі.-Алматы,

2001.-14 б. 

26. Сүлейменов Д. Алашорданың  батыс бөлімінің тарихы.- Алматы, 2004.-32 б. 

27. Бұл да сонда. 

28. Асфендияров С. Қазақстан  тарихының очерктері.-Алматы.-1994.- 52 б.

29.Артықбаев Ж. Қазақстан  тарихы.- Астана-2001.-63 б. 

30. Нүрпейісов, Байжанов, Шакеев. Алаш мирас: құжаттар жинағы.

Екінші кітап.-Алматы.-1995.-84 б.

31. Есмағамбетов К.  Тәуелсіздіктің таңшолпаны // Егемен  Қазақстан.-

2007.-№5.-6 б. 

32. Бұл да сонда.

33. Сарсекеев К. Ақтаңдақтар  беттерін тәуелсіздік ашты // Саясат.-

2005.-№11.-33 б.

34. Жамбылов Д. Саясаттану  негіздері.-Алматы-2003.-79 б. 

35. Бұлұтай М. Әзіз  қазақ жұрты // Саясат.-2003.-№9.-10 б. 

36. Қойгелдиев М. Өзімізді  қайта таныдық // Егемен Қазақстан.-2006.-№220.-3 б.



Информация о работе «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы