Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:52, реферат
Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді, әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Ұлтқа деген құрмет ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен болса халық халықтық қасиетінен айрылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады. Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкін емес.
Алаш идеясы - біртұтас қазақ идеясы
Ұлттық мемлекетті қалыптастыру
идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып
отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру
идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде
туындайтын білім болса, ұлттық идеяның
білімін қалыптастыратын нағыз
зиялылар. Қазақстандағы ұлттық идея
қазақтармен бірге дүниеге
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қыста қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске! - [1] деген
жыр жолдарында ұлттық мұраттың сол
дәуірдегі аңсағаны - территориялық
тұтастық, саяси еркіндік,әлеуметтік
кемелдік, табиғат пен адам арасындағы
үйлесімділік екендігі бейнелен-ген. Елдің
бірлігін, ішкі тыныштығын, ханның ынсапты
болу-ын, халықтың берекелі байлығын жырлаумен
ұлттық идеяны мемлекеттік саясат биігіне
көтергендер қатарында
Екінші: жердің астындағы, үстіндегі,аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек»болатын.
Үшінші: Ә.Бөкейхановтың жобасы
бойынша,«Қазақтың же-рінде
Төртінші: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін,діл үстемдігі болуы керек.
Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негіз-делген заңға сүйене отырып,ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.
Жер үшін, жер мен аспан
байлығы үшін, тәуелсіз экономи-ка үшін,
тіл мен діл үшін, дін үшін,қазақ
ұлтының көзқарасы мен ар-
Көзіңді аш,оян қазақ, көтер басты
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, Хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты! - десе, [4, 15-б.]
Ахмет Байтұрсынов:
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды бәле дедік аңдып баққан.
Бәленің түрін көрген мен сары маса
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан, - дейді [5, 27-б.]
Әр адам жеке басының ғана
қамын ойламай, елінің, ұлтының қамын
ойлауы керек, ұлтына жақсылық жасаған
адамның аты ұрпақтан ұрпаққа
тарайды. Міржақып Дулатов өмірінің
мәні де осында еді. «Қайтсек жұрт боламыз?»деген
мақаласында патша-ның отарлау
саясатынан құтылу үшін, елдігімізді,тілімізді,
дінімізді сақтау үшін не істеуіміз
керек дей отырып, ол үшін мемлекет,
авто-номия құруымыз керек, кім күшті
болса, сол жұрт болып дегеніне жетеді,
күш дегеніміз ол - әскер дейді.
«Бұл заманда әскері жоқ жұрт жұрт
емес,құл. Біз қазір екі жолдың
тарауында тұрмыз, қайсысына түсетін
болсақ та ерік өзімізде» [5, 2б3-264 бб.], яғни
бір жолы құлдық, екіншісі жұрттық
жолы.Автономия алу жолына кірісіп,
милициямызды жасап, алаш үкіметімізді
нығайтсақ бізді ешкім
Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық,
Отырайық жиылып, оңдалайық.
Мың жылғы өткен қумай ата заңды,
Өнерден кем қалмайық, ойланайық,
Жер қалар, біз жиылып қала салсақ,
Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ, — деп [7, 47б.], отырықшы тұрмысқа көшіп, қала салуды елді, жерді ешкімге бермей, сақтап қалудың бірден бір жолы ретінде ұсынады. Алаш зиялыларының азаматтық және саяси ұстанымына сай Ғұмар да Қазан төңкерісінің жалпы адамзаттық гуманизм-ге қарсы бағытталған саясатын қабылдаған жоқ. «Тұрымтай» жинағындағы «Неден қорқам?», «Жұртым саған не болды?» өлеңдерінде бір ғана қазаққа емес, тұтастай ұлттарға жасалып отырған қияс тәжірибенің қиямет зобалаңын, қасіретті алапат зардабын болжай білді.
Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам.
«Таң туды, мезгіл жетті» деп адасып,
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам [8].
Халқының тағдырын ойлаған
Алаш әдебиеті өкілдері таптың емес,тұтас
қазақтың қамын жеп, ұлтқа қызмет
етудің өшпес те өлмес үлгі-өнегесін
көрсеткен айрықша құбылыс. Ол біріншіден,
тарих тағылымына үңілдірсе,екіншіден,
Алаш арыс-тарының діттеген мұрат-мақсаттарына
деген адалдық пен саяси
Аждаһа алты басты жаудан қорқам,
Бүлдірген ел арасын даудан қорқам:
Күлімдеп кіріп, ішкі сырыңды алып,
Құрылған аяқ асты аудан қорқам:
Асығыс істей салған істен қорқам,
Қандары тасқан қара күштен қорқам,
Дос болып бірге жүріп қастық етіп,
Тысына қайшы келген іштен қорқам» деген ақын үрейі жаңа саясаттағы талай қиянаттар мен зобалаңдарды ұғына түсуімізге мүмкіндік береді.Сондықтан да ақын қан төгіс арқылы кел-ген биліктің әлеуметке теңдік пен бостандық орнатуындағы қадамдары қоғамдық даму заңдылығына қайшы болып табыла-тынын және де өзгенің күштеп таңған азаттығы мәңгілік болмай-тынын, сол себепті өзіңнің сара жолыңды ізде деген мұратын алға тартады.
Алаш туының асқақ, елдік қасиеттердің баянды болуы үшін әр азамат халқына еңбек етуде имандылық пен құрандай киелі ұғымдарды санасында тоқуы шарт деген талап қояды. Мұның бәрі Ғұмардың ұлтжанды тұлғасының, ақындық қуатының қашан да ұлт мұратымен сабақтасып отырғанын, өмірлік мақсаты болғанын дәлелдей түседі. «Көреміз бе?» өлеңі жалпы Алаш партиясының, Алаш автономиясының нысаналы өмірлік мұрат-мақсатын анық танытатын және де осы жолдағы ерен істерді Ғұмардың әрдайым қолдаушы тұлға, қозғаушы ақын болғанын ұғындырады. Ұлттық бірлік, мемлекеттігімізді нығайту өткір қойылып отырған қазіргі тұста аталған өлеңде көтерілген саяси-идеологиялық мәселелер қашанда санаға тоқылар ұлағат деп білеміз. Тәуелсіздіктің басты сипаты - мемлекеттік істердің ұлттық мүдде тұрғысынан шешілуі, өз жерінің қазба байлығын халық игілігіне жаратуы десек, осынау кемелділікке жетудің жолдары-на қатысты ғасыр басында-ақ Ғұмар келелі ойлар түйеді.
Өз жерінен шыққан кенді өзі алғанын,
Әдемілеп айқұш - ұйқұш жол салғанын,
Еуропаның өнерінен үлгі алғанын,
Тірілікте көзімізбен көреміз бе?
«Алаш» атты орда құрып шалқығанын, Бақ дәулеті туып өсіп балқығанын, Әрбір істе қазақ исі аңқығанын, Тірілікте көзімізбен көреміз бе?!. [8]
Ұлттық идеяға әлемдік ақыл-ой мен оны қажет еткен ұлттың даналығы, бүгінгі есті ұлдарының көрегендігі мен біліктілігі, мемлекеттің саяси қуаты керек. Біздің алдымызда мемлекеттік тілді ұлттық идея дәрежесіне көтеру міндеті тұр. Өйткені мемле-кеттік тіл - ұлттың ұйытқысы. Бүкіл Қазақстан азаматы осы мемлекеттік тілдің төңірегіне топтаса алады. Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы да - мемлекеттік тіл. Өз еліңнің патриотизмін көрші елдің мемлекеттік тілімен жасау мүмкін емес. Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Ұлтты сақтайтын - ұлттық идея болуы керек. Ол ұлттың өмір сүруі,тілегі, ниеті, ойы дегенге саяды. Сондықтан да ұлттық идеяныұлт мұраты деп қабылдағанымыз дұрыс. Алаш идеясы ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы.Ханкелді Әбжанов былайша ой түйіндейді. «Осылайша, ұлттық идеяны кемеңгерлікпен түзу Алаш қозғалысын аспандат-ты, дұрыс ұлттық идеяға табан тіреген Алаш қозғалысы қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Ұлттық мақсат-мұратқа, яғни, ұлттық идеяға адалдық, жанкештілік, интеллектуалдық биік өремен ағымдағы, кезек күттірмейтін қазіргі және болашақтағы міндеттерді айқындай білу - бүгінге жеткен Алаш аманатының ең құндылары» [9]. Ұлттық идеяны көтерген қазақ зиялылары Қазақстандағы жердің де, мемлекеттің де иесі - қазақ халқы, ал қалғандары диаспоралар екенін айтумен болды. Қазіргі кезде тарихи ота-нында жүрген қазақтар мен диаспора санатында шетте жүрген қазақтардың ұлттық мұраты бірдей емес.Отанында жүрген қазақтар үшін Қазақстанның бүгіні мен ертеңі басты мәселе, ал шетте жүрген қазақтар жүрген ортасында қазақ болып қалу қамын көбірек жейді.Уақыт өткен сайын ұлт мұратындағы осы-нау айырмашылық ұлғаймаса, қабыспайтыны ақиқат. Қытайдағы қазақтардың кейінгі толқыны қытайланып, Түркиядағылар түрік-теніп бара жатқаны белгілі. Еуропа қазақтары арасында қазақ тілінің жағдайының жыл өткен сайын нашарлап бара жатқанын, әсіресе жас буынның ана тілін мүлдем білмей ұмыта бастағанын мойындауға мәжбүрміз. Сондықтан мың өліп, мың тірілумен азаттыққа жеткен қазақ-тың тағдырын анықтағыш ұлттық идеясы Қазақстанда ғана өз жемісін бере алады. Жаһандану үрдісінде қазақ тек өз рухын,жаңғырту, асқақтату арқылы ғана ұлттық болмысын, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлан-ғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алады. Олай бол-са, бүгінгі қазақты зұлымдыққа емес, адамгершілікке бейімдеу ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі мәселе болуы тиіс. Бүгінгі қоғам да осы негізде дамуы керек. Олай болмайынша, қазақтың рухы өзінің ішкі бірлігі мен тұтастығынан айырылуы мүмкін. Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді, яғни, ұлттық мүдде-лер негізінде жүргізуді талап етеді. Қазақ рухын жүзеге асырудың бір жолы қазақ идеясын жаңғырту болып табылады. Оның алғы үлгілері кешегі Алаш ұсынған жолдарда, қанымызда ұйықтап жатқан ұжымдық санадағы архетиптерде жатыр.Бұлардың барлығы оянып, жаңғырып бүгінгі қазақтың рухын көтеруге жұмыс істеуі керек. Олар әсіресе, тілдік саясатта, мәдениетте, жалпы руханиятта, қоғамдық өмірде көрінуі тиіс. Сонда ғана бөтенге ұқсамайтын, өзіндік жүру жолы бар қайсар рухты қазаққа айналамыз.
Әдебиеттер
1.Бес ғасыр жырлайды: ХҮ
ғасырдан ХХ ғасырдың бас
2.Назарбаев Н.Ә.Тарих
3.Қойгелдиев М.«Алаш
4.Дулатұлы М.Оян қазақ!. - Алматы: Алтын орда, 1991.- 15-16бб.
5.Байтұрсынов А.Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992.448 б.
6.Дулатұлы М.Шығармалары, 2 томдық. ІІ-том. -Алматы: Ғылым, 1997. - 343 б.
7.Жұмабаев М.Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1989.448 б.
8.Қараш Ғұмар.Замана. - Алматы: Ғылым, 1994. - 240б.
9.Әбжанов Х.Алаш