Айналым капиталының айналымдылығын сипаттайтын көрсеткіштер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2015 в 16:49, лекция

Краткое описание

Бүкіл саналы ғұмырын ұлтының азаттығы жолына бағыштаған Алашорда көсемдерінің бірі - Жаһанша Досмұхамедұлы. Ол 1887 жылы Орал облысы, Жымпиты болысының (қазіргі Сырым ауданы) Бұлдырты ауылында дүниеге келген. Әкесі Досмұхамед Жайық өңіріне аты мәлім дәулетті, көзі ашық, көшелі кісі болыпты. Ал анасы - Рабиға атақты Сырым батырдың елінен шыққан көргенді, ағайынға қолы ашық қайырымды жан екен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 38.63 Кб (Скачать документ)

Алаштың аяулы арысы Жаһанша Досмұхамедұлы

 

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 22 қараша күні сағат 19:00-де Астана қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында Алашорда көсемдерінің бірі, халқымыздың аяулы ұлы Жаһанша Досмұхамедұлының 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтеді.

Бүкіл саналы ғұмырын ұлтының азаттығы жолына бағыштаған Алашорда көсемдерінің бірі - Жаһанша Досмұхамедұлы. Ол 1887 жылы Орал облысы, Жымпиты болысының (қазіргі Сырым ауданы) Бұлдырты ауылында дүниеге келген. Әкесі Досмұхамед Жайық өңіріне аты мәлім дәулетті, көзі ашық, көшелі кісі болыпты. Ал анасы - Рабиға атақты Сырым батырдың елінен шыққан көргенді, ағайынға қолы ашық қайырымды жан екен. Осындай әулетте дүниеге келген Жаһанша жастайынан зерек, алғыр болып өсті.

Заманның беталысын ерте бағдарлап, келешектің кілті  білімде екенін жақсы сезген әкесі Жаһаншаға ауыл молдасынан сауат ашқызумен бірге оның елден ұзап оқып, жан-жақты білім алуын жөн көрген. Арнайы мұғалім жалдап, баласының орысша тілін сындырады, болыстық орыс-қазақ мектебіне оқуға береді.

Жаһаншаның балалық шағы отаршылдық саясаттың күйіп тұрған тұсында өтті. Ресей патшалық үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, екі ғасырға созылған  күштеп тартып алу саясаты жылдарында 45 млн. десятинадай шұрайлы жерді тартып алады. Өрісі тарылып, отаршылдықтың қорлығы өткен  халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға ел ішінен Сырым батыр, Исатай мен Махамбет сынды ерлер атқа қонып, оларға ерген халық дүркін-дүркін көтеріліске шыққанмен, оның барлығы аяусыз басып-жаншылып отырды. Садақ-найза асынған бірнеше мың көтерілісшілердің заманауи қарумен жабдықталған жүз шақты ғана  солдатқа төтеп бере алмайтындығын естіп те, көріп те жүрген Досмұхамед баласының әскери өнердің қыр-сырын үйренгенін қалайды. Баланы алыс сапарға шығарып салуға сол заманның белгілі меценаты Ақшолақ Сарықожаұлы, Сырым батырдың ұрпағы Омар, Қуанай қазіреттермен бірге Тайсойғанның белгілі тұлғасы Досмұхамед те шақырылады. Сол уақыттан бастап әкелері аттас Халел мен Жаһанша бір-бірімен өмір бойы достасып, білім мен күрес жолына бірге аттанады.

Бала Жаһанша 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, оны 1905 жылы алтын медальмен бітіріп шығады. Одан арғы оқуын атақты заңгер Бақытжан Қаратаевтың ақылымен Мәскеуде жалғастыруды жоспарлайды. Сөйтіп ол 1906 жылы Император атындағы Мәскеу университетінің (бүгінгі М.Ломоносов атындағы ММУ) заң факультетіне түсіп, 1910 жылы оны да алтын медальға бітіреді.

Мәскеу университеті Жаһанша Досмұхамедұлының құқықтық білімін өсіріп, саяси көзқарасын шыңдаумен бірге, оның азаматтық болмысының қалыптасуына зор ықпал етеді.

Университет қабырғасында Жаһанша шешендік өнерге барынша ден қояды. Құдай берген қабілетіне қоса, орыс тілінде ораторлыққа жаттығу арқылы ол екі тілге бірдей жүйрік шешен болып шығады. Жүйелі сөзімен, өткір тілімен елді ұйытып, көпшілікті баурап алатын. Тіпті сөз шеберлігімен орыстарды таңғалдыратын. Бұл қасиетінің алдағы қоғамдық-саяси қызметінде көп пайдасы тиген.

Ресейдегі саяси жағдай, бірінші орыс революциясы және Орал қаласындағы саяси толқулар мен Оралда өткен бес облыстың қазақ оқығандары өкілдерінің бас қосулары Жаһанша Досмұхамедұлының саяси көзқарасының тұрақты қалыптасуына, дүниетанымдық түсінігінің бағыт-бағдарын сараптауға ерекше әсер етті. Жаһаншаның бұдан кейінгі өмір жолы елдің қоғамдық-саяси өмірімен тығыз байланыста өтеді. Оқудан соң елге оралады да, Орал қаласында түрлі қызметтер атқарады.

Бағзыдан мұра болған бабалар жерінің талан-таражға түскені, жалпы отаршылдық тауқыметі ел ішіндегі зиялы қауымның қабырғасын қайыстырады. Осындай сын сағатта қазақтың көзі ашық, оқыған зиялы азаматтары бас көтеріп, халыққа көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа ауысып, қала салып, кәсіп, өнер үйренбесе, Ресейдің отарлау саясатына, дүние жүзіндегі тіршілік таласына төтеп бере алмайтынын ел ішіне насихаттауға кірісті. Осы мәселелерде баспасөздің атқарар қызметінің маңыздылығын түсінген Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Ғабдол-Ғазиз Мұсағалиев және басқа да азаматтар Ішкі Бөкейлікте  Шәңгерей сұлтанның усадьбасында кеңес құрады. Нәтижесінде 1911 жылдың 16 наурызында тұңғыш рет «Қазақстан» деп аталған газет шығарады. Ол қазақ даласындағы ерекше құбылыс еді.

Ал 1913 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен, Мұстафа Оразаевтың демеушілігімен «Қазақ» газеті жарық көреді. Алғашқы шыққан күндерінен-ақ қалың елдің қолдауына ие болған бұл басылымдардың айналасына қазақ оқығандарының, зиялы қауымның топтасып, газет арқылы халық арасында үгіт-насихат жүргізіп, үкіметтік дәрежедегі мәселелерге қозғау сала бастаған қадамынан отаршыл билік қатты сескенеді. Өзі бұрыннан үлгі тұтатын ағаларының Тәуелсіздік ұғымы басқалардың түсіне де кірмеген уақытта дербес мемлекет атауымен газет шығаруы, ел болуды көксеуі Жаһаншадай жас жігіттердің рухын оятып, ұлттық-саяси ұстанымын ұштай түседі. Отарлық құлдықтан қайткенде де құтылу, елінің оянуы, білімге ұмтылу, басқалар санасатындай ел болу ол үшін ең басты құндылықтарға айналады. Өз ұлтының бұрынғы тарихынан мемлекеттілік нышандарын іздей бастайды. Тәуке ханның «Жеті жарғысын» қазақтың тұңғыш заңдар жинағы ретінде көрсетіп, қазақтардың дәстүрлі құқық жүйесі туралы батыл пікірлі мақалалар жариялайды. «Қазақ халқында басқару жүйесі болған, ол - хандық жүйеге бағынған» деп қазақтың арғы тарихындағы бүкіл хандарды атап көрсететін көлемді ғылыми мақалалар жазады. Ол мақалалар «Несколько слов о киргизском народном праве» деген тақырыппен сол тұста Орал қаласында шығып тұрған «Уральский листок» газетінің үш бірдей санына жарияланған. Алайда бұл отаршыл өкіметке жаға қоймайды. Көп кешікпей, оны халықтан қол үздіру мақсатында Орал генерал-губернаторы Орал губерниясында тұруға тыйым салып, Том қаласына қызметке жіберді.

Жаһанша 1911-1917 жылдар аралығында әуелі адвокат, кейін Том округтік сотының Каинск уезі бойынша прокуроры болып қызмет атқарды. Осы өңірдегі және қазақ даласындағы сот істеріне қатысып, прокурор және адвокат ретінде күрделі істердің үдесінен шыға білді. Жаһаншаның сол кездегі әскери шені юстиция генералы еді. Жаһанша қазақ жұртынан шыққан тұңғыш прокурор болды.

Том қаласында Шымкент оязы болған отставкадағы генерал Константин Колосовскийдің қызы Ольгамен үйленеді. Апалы-сіңлілі Ольга және Надежда Колосовскаялармен жақын қарым-қатынаста болған В. Лениннің болашақ зайыбы Надежда Крупскаямен де таныс болып, араласып тұрған.

Жаһанша 1917 жылы Оралдағы Уақытша Қазақ комитетінің арнайы шақыруымен елге келіп, саяси-қоғамдық қызметтерге белсене араласты.  І Қазақ Орал облыстық съезі Жаһаншаны Мәскеуде өтетін І Бүкілресейлік мұсылман съезіне делегат етіп сайлады. Бұл тұстағы саяси тұғыры - Уақытша үкіметті қолдай отырып, Ресей құрамында қазақ елін автономиялы ел ету және осы мұрат жолында елдің ықпалды, белгілі адамдарының қолдауына сүйену болды. Ол Мұсылмандар съезінде ерекше белсенділігімен көзге түсті. Сөйтіп мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады.

1917 жылы жазда және  желтоқсанда өткен І және ІІ  жалпықазақ съездеріне Орал қазақтары  атынан делегат болып қатысып, соңғы съезде Алашорда үкіметіне  мүше, «Шуро-и-исламға» ІІ жалпықазақ  съезі атынан өкіл болып сайланды. Өмірінің Петроград кезеңінде  болашақ «Алаш» партиясының бағдарламасын  түзу ісін қолға алды, Бас жер  комитетіндегі, Ішкі істер министрлігіндегі, Сот министрлігінің Халық соттарына  өзгеріс енгізу кеңсесіндегі, Оқу  министрі жанындағы Халық комитетіндегі  қазаққа қатысты істермен айналысты. Петроградтағы Қазан төңкерісін  көзімен көрді. Кеңес өкіметінің  алғашқы айларында В.И.Ленинге  Петроград Көпшілік кітапханасында  сақтаулы тұрған ислам дүниесінің  асыл жәдігері - Осман халиф жиғызған  Құран Кәрім нұсқасын қайтару  жөніндегі «Шуро-и-ислам» комитетінің  тілегін жеткізіп, бұған рұқсат  алды. Қасиетті Құран-кәрім  алдымен Уфаға, кейін Ташкентке жеткізілді.

1918 жылдың наурыз айында  Жаһанша Досмұхамедұлы мен Халел  Досмұхамедұлы Мәскеуге келіп, Ленинмен  және Сталинмен келіссөз жүргізеді.

Ж.Досмұхамедұлы - өз көзқарастарын қоғамдық саяси іс әрекетінде нақты қолданысқа енгізе білген кәнігі саясаткер. Ол өзінің ең басты ұстанымдары ретінде екі нәрсені: қазақ халқының өзін-өзі билеу құқы, автономия және екі жақтың  теке-тіресінің ортасында қалған қазақ халқын зорлық-зомбылық пен талан-тараждан аман сақтау болып табылады деп шегелеп көрсететін. Сонымен қатар Жаһаншах Досмұхамедұлы  ешбір елде, еш уақытта елден ерікті түрде жиналатын көмекпен ғана  елді көркейту мүмкін еместігін, ол үшін жұртты жаппай жұмылдырып, тәртіпке бағындыратын мемлекеттік машина керектігі жөнінде үнемі айтатын. Сол себептен де Орынборда өткен Жалпықазақтық съезде Жаһанша пен Халел  бастаған топтың Қазақ автономиясы яғни дербес мемлекет  «дереу» жариялансын деген ұстанымда болған. Сондай - ақ, революциядан кейін орталықтан, орталық биліктен қол үзіп қалған, ешкімге бағынбайтын, ешкім қаржыландырмайтын түрлі әскери құрамалар мен 10 - 15 адамнан тұратын түрлі бандылық топтардың, біресе жеңіп, біресе  жеңіліп шегінген әскерлердің елге салған лаңы, қарақшылық шабуылдары да елді қан-қақсатып отыр еді. Осынау аласапыран заманда Алаш арыстарының ішінде дербес мемлекет құру ісін барынша жедел қолға алып, қалған мәселелер сол мемлекет шеңберінде шешілуі тез болады деген пікір ұстанған азамат кәсіби заңгер - Жаһанша Досмұхамедұлы еді.  1918 жылы мамырда Жымпитыда өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде «Ойыл уәлаяты» деп аталған мемлекеттік құрылым құрылды.  Ешкімге бағынышты болмаған  сол тұңғыш Қазақ Үкіметінің төрағасы - Жаһаншах Досмұхамедұлы, Премьер-министр және  әскери істер министрі қызметін қоса атқарды. Ал  Халел Досмұхамедұлы - төрағаның орынбасары, Дәулетше Күсепқалиев - Үкімет кеңесінің басшысы, Жанқожа Мергенов - Ішкі істер министрі, Салық Омарұлы (Сырым батырдың ұрпағы) - жер шаруашылығы министрі, Хазірет Сағидолла Ізтілеуов - Рухани істер министрі, Иса Қанжасаров - Қаржы министрі қызметін атқарды.

Басқа да азаматтар түрлі лауазымды қызметтер атқарып ұлт мүддесі үшін аянбай еңбек етті. Жаһанша мемлекеттік құрылымдарды жасақтап, түрлі министрліктер құрды, банк пен телеграф ашып, бірнеше мың тұрақты әскер ұстады, ішкі тәртіп үшін милиция жасақтады, әскери оқу орнын ашты. Сөйтіп іс жүзінде ол кісі заманауи тұңғыш қазақ мемлекеттілігінің негізін қалады.

Алаш жолындағы бүкіл қызметі алғаш рет заңды түрде осылайша рәсімделген Жаһанша сыртқы күштермен ымыраға келу, ішкі күштермен ұлттық бірлікті сақтау саясатын шебер жүргізеді. 1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінің шешімімен Алаш автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» орнына Алашорданың батыс бөлімшесі құрылады. Төрағасы болып Ж. Досмұхамедұлы сайланады. Ол құрылым екі жылдай өмір сүрді. Одан кейін кеңес басшылығының Алашорда мүшелеріне сенімсіздік танытатыны анық болды. Сөйтіп Фрунзенің ұсынысымен Батыс Алашорда басшылары халықтан оқшауландырылып, Жаһанша бастаған бес адамнан тұратын топ Мәскеуге жөнелтілді. Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жаһанша 1920 жылы жаз айларында Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жібе-ріліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. РСФСР Қылмыстық Кодексін 1924 жылы «РСФСР-дың жауыздық низамнамасы» деген атпен қазақ тіліне аударды. 1926 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген РСФСР Қылмыстық Кодексі оның басшылық етуімен «РСФСР-дың Қылмыстық заңы» және «РСФСР-дың Қылмыс тексеру заңы» деп аталып, қазақ тіліне аударылды. Ондағы көптеген баптар қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің нормаларына сәйкес келеді. Кейіннен ол Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, есіл ер үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі. Көзі тірісінде өзі жанындай жақсы көрген туған халқының еңсесі көтерілгенін көре алмай асыл азамат арманда кетті. «Біздің мақсатымыз - ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты - елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», - деп армандаған Алаштың ақиығы - Жаһанша Досмұхамедұлының маңдайына осындай тағдыр бұйырыпты. Алаш арыстарының арманы, Жаһанша атамыздың арманы - 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекеттің егемендік алуымен, Отанымыздың көк туының көкке көтерілуімен орындалды.

Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы 

Басты сөздер: Қазақстан тарихы , Қоғам

 
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз 

   

Нравится

   

Сондай-ақ... оқыңыз

 

Елбасы азаматтық қорғау туралы заңға қол қойды 
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы заңнамаларды жетілдіруге

Бүгін Алматыда бірнеше ғалым төсбелгілермен марапатталды

Қазгидромет: 12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қостанайлық өрен бүкілресейлік байқауда гран-при жүлдесін иеленді

Елордада бір күнде мыңнан аса ағаш отырғызылады

Көлік полицейлері Атырау тұрғынын 4 келі есірткімен ұстады

Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына мүмкіндігі шектеулі адамдар да тартылуда

 


Информация о работе Айналым капиталының айналымдылығын сипаттайтын көрсеткіштер