Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 11:11, реферат
Краткое описание
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай өлең жазуды 10
жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...»)
бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған
өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында
жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен
шығармасы —«Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа
келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке
шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып,
сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын
түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді:
бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері;
екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара
сөздері) деп аталатын прозасы;
үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан
аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел
дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады.
Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар
портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін,
мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге
өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің,
қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері
көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс
елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы
өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды.
Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір»
деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы
философиялық көзқарастарын да өлеңмен
жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының
экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу
бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану
жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының
шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы
қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға
қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді
түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде
екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның ,
түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды.
Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір
іске кез келсеңіз» деп жазады.
Кез келген халықтың
тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген
біртектес өмір салттың ғана нәтижесі
емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын-
арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына
айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне
түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық,
күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық,
жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер
қазақ баласының кейбірінің бойындағы
туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір
сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың
нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда,
Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан
көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде
емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік
қатынастардың салдары ретінде қарастыруға
жол ашқан.
Қара сөздері
Толық мақаласы: Абайдың
қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік
және дінге көзқарастары терең білінген
еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның
сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап
көрсететін классикалық стильде жазылған
прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық
бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан
бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның
алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі
мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды
болып келеді. Абайөзінің қара сөздерінде шығарманың
ажарына ғана назар аударып қоймай, оның
тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік
пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік
сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік,
ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп,
тұтас бір қазақ халқының философиялық
концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы
адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің
бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында
жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс,қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне
аударылды.
Қара сөзде айтылған
ой
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы"
деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір
сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі
нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің
жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы
себептен де Абай:
«... құмарланып, жиған
қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның
тамағы еді,»
— деп қайыра түсінік
беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда
туа пайда болатын жан құмары арқылы өз
ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы
тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр
алған бір саласының қайнар көзі осы жақта
жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге
сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б.
өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның
тамағы туралы" ұғымды өз заманынын
тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін
қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын
толық адам болу туралы өзінің жүйелі
де қалыптасқан көзқарасының тезисін
ұсынады. Онысы:
«Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық
бол...,
Бес нәрсеге асық
бол,»
- деген жолдарда
жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы
негізгі бір тұтас тақырыпта
өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың
молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы
іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы
сөзінде" де қайталанады. Абайдыңдүние танымы бойынша сананың,
ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің
нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс.
Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы
сөзінде":
«Адам ата-анадан
туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп,
ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы,
жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені,
көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген
кісі өзі де есті болады... Сол естілерден
есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе,
жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды,
сонда адам десе болады,»
— деп жоғарыдағы өлең
үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары
кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
Абай лексикасы
Абайдың Мәскеудегі
ескерткіші.
Толық мақаласы: Абай
лексикасы
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы
халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби
тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия
қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың
төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде
араб-парсы және орыс сөздері қабатынан
құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының
саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық
күй-жағдайына орай қазақ лексикасында
болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі
айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар
ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай
ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу
үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе
Қара-сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда
қолданылады. Ал өмірге келген жаңа атауларды
жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса
жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай
шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың
ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), кене киім-кешек,
сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын
да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады.
Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген
сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына улық,
кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына
туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық
реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен
қолданады. Дегенмен, Абай тұсында бірқатар
сөздердің кенеру дәрежесі қазіргі көздегіден
әлдеқайда солғындау болғаны байқалады.
Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы
қарындас сөзі, ел, жақын және жат, алыс
семантикалы алаш, әскери мағынасындағы
қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін
және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі
қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді.
Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе,
оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі
тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады,
яғни бірқатар сөздердің мағыналары ауысады,
бірсыпырасы терминдік дәрежеге кетеріледі,
енді бір алуанының қолданылу жиілігі
артады. Бұл процеске қалам қайраткерлері
белсене қатысады. Осы ретте Абайдың еңбегі
көзге түседі.
Араб және
парсы ықпалы:
Абай тілі лирикасының
келесі қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың
жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс
сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады.
Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге,
әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты
болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым
көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты,
Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды
(ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял,
қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының
бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген
араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы.
Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде,
онда да барлығында емес, тақырыбына қарай
белгілі біреулерінде ғана шоғырланған.
Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне
арналған атақты Отыз сегізінші
сөзі мен қазақ оқырмандарына
иман деген - алла табарақа уатағаланың...
жарлығына... мойынсұнып, инанмақ» екенін
баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін
айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың
араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай,
сол күйінде пайдаланды.
Орыс сөздері:
Абай Лирикасының келесі
қабаты - орыс сөздері. Олар сан жағынан
араб-парсы қабатынан әлдеқайда кем болганымен,
әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан
басым тұседі. Бұл бағытқа себепкер, ең
алдымен, қазақ қоғамының сол кезеңдегі
және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика
күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың ұлттық
жазба тілінің демократтық сипатта дамуы
еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін
текжалпыхалықтық сейлеу тәжірибесінен
емес, тікелей орыс әдеби тілінен алды.
Абайдың жалпы халықтық қолданыс таналып
пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік,
заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат, ояз, сияз,
старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун,
закуншік, кателешке, бодан, расход, кір,
лапке, барқыт, самаурын, пәтер, сома, бақалшік,
мәліш (сауда), аршепке, барабан, зауыт,
машине.
Абайда өзіне дейінгі
және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде
көздеспейтін біртоп орыс сөздері бар.
Олар адвокат, доктор,
губернатор, началь- ник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь,
такт, номер, химия, трагедия, единица,
ноль, образование, назначение, посредник,
жеребе, прошение, дезнание, прямота, икра,
фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат
есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий,
уголовный, самородный (сары алтын), виноват
деген сын есімдер және гуляйттау, пошел,
занимайся деген етістіктер.[6]
Абай және Пушкин
Абай[7]
Аудармашыға екі қасиет
қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой
тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз
Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас
салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы
болған автормен өзі бәсекеге түскен.
Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру.
Сондықтан Абай жасаған аудармаларын
оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған
жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан
таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң
оларАлександр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша
қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен
мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық
өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай
бұлжытпай таныған және қазақ халқына
таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын
қазақтіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң
одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты,"
"Татьянаның Онегинге жазған хаты,"
"Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин
сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған
хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің
сөзінен" және "Онегиннің өлердегі
сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма
етіп аударған Неге Абай романды қазақ
тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін
дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың
егер "Евгений Онегинді" толық
аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас
еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары
махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі
Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық
ғажап туындылармен сусындап келе жатқан
қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға
шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ.
Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде
ғашықтар құрбандыққа дейін барулары
керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян
сұлу сияқты. Осыны түсінген
Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді
таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы
ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін"
"Тәңірі қосқан жар едің сен",
деп бастайды.[8]
Музыкалық мұра
Толық мақаласы: Абай
музыкалық мұрасы
Абай, ауторы Абай Омаров[9]
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта
қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл
өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп,
кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық
жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады.
Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта
музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық
музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан
Абай әндері де қазақтың басқа халықтық
ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан
заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында
жазба мәдениеттің болмауына қарамастан,
Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі
- олардың халықтың жүрегінде сақталуға
сапасы сай келетін шығармалар болғандығында,
халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық,
ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында,
идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік
алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне
бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы
да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі
болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер
үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың
халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік
болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа,
прогресшіл мәдениет күрескері болған
Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай
әндері алғашқыда оның өз айналасына -
ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына
тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден
нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып
жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ,
ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның
игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды
халықтың музыкалық салтында болмаған
жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы
да себеп болды.[6]
Абайтану
Толық мақаласы: Абайтану
Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді
дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы
сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды.
Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын
зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге
болады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас
ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін ақын
болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады.
Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп,
реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс
болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын
дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік.
Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында
ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін
қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт»
поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі
поэзиялық шығармаларының көрнектілері
түгелге жуық қамтылды.[10]