Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 18:34, практическая работа
Мақсаты: Балаларды Абай өмірімен таныстырып, өлеңдеріне деген қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Көркемдік сөздік қорларын молайту, Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінің мазмұнына үңілу арқылы табиғи құбылыстарды түсініп, бір-бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу, эстетикалық тәрбие беру мақсаты көзделіп, балаларды саяхатқа шығару, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап алу.
Мақсаты: Балаларды Абай өмірімен таныстырып,
өлеңдеріне деген қызығушылық, сүйіспеншілік
сезімдерін ояту.Көркемдік сөздік қорларын
молайту, Абайдың жыл мезгілдеріне арналған
өлеңдерінің мазмұнына үңілу арқылы табиғи
құбылыстарды түсініп, бір-бірінен ерекшеліктерін
айыра білуге баулу, эстетикалық тәрбие
беру мақсаты көзделіп, балаларды саяхатқа
шығару, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап
алу.
Көрнекіліктер: Әсем бейнеленген ауыл көрінісі,
киіз үй жартылай, үй іші құралдары: көрпе
-көпшік, ыдыс-аяқ, сандық т.с.с.
Сабақ барысы: Балалар , біз бүгін өзімізді Абай ауылының азаматтары деп санап, бір күнгі өмір тіршілігіне енеміз. Абай өз жанына дарынды шеберлер мен әнші-ақындарды жинаған. Біз қазір сол ауылдың жастары болуымыз үшін әнші-биші, он саусағынан өнері тамған өнерлі жастар болуымыз керек.
- Сіздер, Абай ауылының жастары болғыларың келе ме?
- Ия, болғымыз келеді.
- Біз қол өнер бұйымдарын жасай аламыз ба?
- Жасай аламыз.
Ендеше, балалар, Абай аулына сапарға аттанамыз.
Міне, Абай ауылына да келіп жеттік.
Тәрбиеші: Кәне, балалар, Абайдың аналарымен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, Аналар!
Аналар: Амансыздар ма, балалар! Қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Біз Абай ауылын іздеп жүрміз.
Зере әже: Қош келдіңіздер! Абай ауылы осы. Мен Абайдың әжесі Зеремін.
Тәрбиеші: Кәне, балалар біз ұстаханаға барайық. Әжелерге өз өнерлерімізді
көрсетейік. (Балалар жұмыс жасайды.)
Зере әже: Балалар қолдарың істе, құлақтарың менде болсын, мен сіздерге ұлағатты сөздер айтамын, ұғып алыңдар.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрседен қашу керек. Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық – деп білерсіздер.
Тәрбиеші: Балалар, өз жұмыстарыңызды орнына қоя тұрыңдар. Шаршаған шығарсындар, сергіп алайық.
Сыңғыр, сыңғыр сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда білезік.
Сол қолымда сақина.
Санап көрші, канекей 1,2,3,
Дем аламыз жинап күш.
Кәне, кімдер, жыл мезгіліне байланысты Абайдың өлеңдерін жатқа біледі екен.
Ролан: Жазғытұрым қалмайды қыстың қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Дильназ: Жаздыгүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек.
Ұзарып , өсіп толғанда,
Күңгірт тартқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда.
Перизат: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаным ба, тоңғаным ба?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Диас: Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Тәрбиеші: Кәне, бәріміз қосылып, «Желсіз түнде жарық ай» әнін айтайық.
Аналар біздің балалар Абайдың өсиеттерінде жақсы біледі:
Әсем: Өлеңі ақын – өзі аңыз,
Абай біздің атамыз.
Өсиетін сондықтан,
Санамызға жазамыз.
Өтемұрат: Шен-шекпенге жасыңнан,
Құмар болма! –депті Абай.
Милары жоқ масылға,
Сыңар болма! – депті Абай.
Аружан: Бүкіл абзал адамның,
Баласы бол ! – депті Абай.
Атаң менен анаңның,
Панасы бол! – депті Абай.
Данил: Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол!
Деген жырын Абайдың,
Жиі – жиі оқып жүр.
Марат: Өтірікпен, өсекпен,
Өмірлері бос өткен.
Адамдарды ұлы Абай,
Шығарыпты есептен.
Әлішер: Еңбекпенен, талаппен,
Әрбір күнін ән еткен.
Балалардан ұлы Абай ,
Адамшылық дәметкен.
Әділ: Қызық қуған жаманға,
Қас бол! – депті атамыз.
Бір-біріңе қашанда,
Дос бол! – депті атамыз.
Жандос: Абырой да, атақ та,
Дүние түгел табылар.
Артық ғылыми – кітапта,
Деген сөзі тағы бар.
Тәрбиеші: Жасаған жұмыстарын көрмеге қойып, «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындайды.
Абай атамыздың аналарымен қоштасып, балабақшамызға қайтайық.